Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулау
ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.02.00 ж. N 158; 05.05.03 ж.
N 427 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 29 қарашадағы N 1204 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомстары, 1993 ж., N 18, 439-бап) 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасында балық және басқа су жануарларын аулаудың қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Ә. Қажегельдин
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 4
желтоқсандағы N 1480 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасында балық
және басқа су жануарларын аулау Ережесi
ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. N 427 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа су жануарларын аулау ережесiмен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, балық қорларын және басқа су жануарларын қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк басқару органдарының (бұдан әрi - арнайы уәкiлетті орган) және табиғат пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) қатынастары реттеледi.
2. Осы Ереженiң күшi арнайы, мақсаттағы су қоймаларынан басқа (ағын суларды жинақтау орындары және балық питомниктерiнiң су қоймалар, уылдырық өсiру, тоған, тауарлы көлдер және басқа балық шаруашылықтары), балық шаруашылығы мақсатындағы барлық су қоймаларына (аумақтық сулар және iшкi теңiздердiң, өзендердiң, көлдердiң, тоғандардың, су бөгендерiнiң және олардың қосымша суларының экономикалық аймақтары) және ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына қолданылады.
ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. N 427 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы Ереже, жүзеге асырылуы су қоймаларының балық қорларын ұтымды пайдалану мақсатында нақты су қоймаларының экожүйесiнiң жай-күйiне қарай балық аулауды жедел басқару мен реттеудi қамтамасыз ететiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтетiн нормативтермен жүргiзiлетiн су қоймаларындағы биоресурстарды қорғау мен ұдайы өсiру саласындағы мемлекеттiк саясатты белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. N 427 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Кәсiпшiлiк балық және басқа су жануарларын аулауға құқық беру және су қоймалары мен олардың жекелеген учаскелерiн бекiтiп беру туралы шешiмдi облыстық атқарушы өкiмет органы конкурстық (тендерлiк) негiзде қабылдайды.
Табиғат пайдаланушылар арасында лимиттер мен квоталарды бөлудi конкурстық (тендер) комиссия шешiмiнiң негiзiнде арнайы уәкiлеттi орган жүргiзедi.
Арнайы уәкiлеттi органдар осы шешiмдердi қабылдаған соң, балық шаруашылығы су қоймаларын (учаскелерiн) пайдалануға, олардан балық және басқа су жануарларын аулауға табиғатты пайдаланушылармен шарт жасалады.
ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. N 427 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының биологиялық биология негiздемесi негiзiнде анықталатын түрлер құрамын көрсете отырып әрбiр су қоймасы бойынша балық және басқа су жануарларын аулаудың оңтайлы рұқсат етiлген көлемiн (лимиттер, квоталар) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың дұрыс қорытындысынан кейiн арнаулы уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады.
Балық және басқа су жануарларын аулаудың бекiтiлген лимиттерi мен квоталары балық өндiру ұйымдарының тапсырыстарына сәйкес конкурстық (тендерлiк) негiзде арнайы уәкiлеттi және облыстық атқарушы органдардың бiрлескен шешiмдерiмен табиғатты пайдаланушылар арасында бөлiнедi.
Арнайы уәкiлеттi орган конкурстық (тендер) комиссия шешiмiнiң негiзiнде балық ресурстарын және басқа су жануарларын пайдалануға және су айдындарын (телiмдерiн) бекiтiп беруге шарттар жасасады, балық аулауға және басқа су жануарларын аулауға рұқсат береді.
Екi және одан да көп облыстардың аумағында орналасқан су айдындары бойынша конкурстық (тендер) комиссияның төрағасы арнайы уәкiлеттi органның өкiлi болып табылады.
ҚР Үкіметінің 03.02.00 ж. N 158; 05.05.03 ж. N 427 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ толықтырылды
6. Конкурстар (тендерлер) өткiзудiң тәртiбi облыстық атқарушы органдар мен облыстық арнайы уәкiлеттi органдардың бiрлескен шешiмдерiмен бекiтiледi.
Жекелеген жағдайларда конкурстар (тендерлер) өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді.
Бұл орайда су қоймаларының экологиялық жай-күйiн, гидробионттар тiршiлiк етуi жағдайын және балық қорларын ұдайы өсiрудi жақсартуға бағытталған балық мелиорациялық шараларын өткiзуге белсендi түрде қатысқан ұйымдарға басымдық берiледi.
ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. N 427 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Балық шаруашылығы су қоймаларында:
Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесiмен рұқсат етiлмеген қызметтерге жол берiлмейдi;
рұқсат етiлмейдi:
елдi мекендерге, балық қабылдау пункттерiне, бакендер орнатуға және өте қажет жағдайларда (шторм, апат және басқа) тоқтаудан басқа, балық аулауға тыйым салынған жерлер шегiне балық кәсiпшiлiгi, көлiктiк және басқа кемелерге тоқтатуға;
арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз азықтық және тағамдық омыртқасыздарды, басқа гидробионттарды дайындауға, балықтар мен басқа да су жануарларының жаңа түрлерiн жерсiндiруге және көбейтуге;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң арнайы рұқсатынсыз балықтар мен басқа да су жануарларының жаңадан жерсiндiрiлген түрлерiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына және Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының Қызыл кiтабына енгiзiлген балықтар мен басқа да гидробионттар түрлерiн аулауға.
Ескерту. Аулау кезiнде осы балықтар түскен жағдайда олар тiрi күйiнде дереу суға жiберiлуi тиiс, ал оны аулау фактiсi кәсiпшiлiк немесе биологиялық журналдарға тiркелуi керек;
әртүрлi аулау құралдарын бiр су қоймасынан екiншiсiне арнайы тазартудан өткiзбей көшiруге;
арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз жаңа аулау құралдары мен әдiстерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi бекiткен нормативтерде көзделгендегiден ұясы кем мөлшердегi аулау құралдарын қолдануға.
Ескерту. Аулау құралдарындағы ұяның көлемi ширатылған жiптердiң 11 түйiнi арасындағы қашықтықты өлшеу, алынған санды 10-ға бөлу жолымен белгiленедi. Өсiмдiк талшығынан әзiрленген аулау құралын ылғал түрде өлшеу кезiнде белгiленген мөлшерде 5 процентке азайтуға рұқсат етiледi;
қыстайтын орлар шекараларынан 1 шақырым жақын және барлық арналары немесе тармақшаларын санай отырып бiр-бiрiнен 1 шақырым жақын қашықтықтағы өзендерде бөгеулердi, қондырғылар мен қалқымаларды, сондай-ақ жаңа қарама-қарсы бөгеулердi ашуға;
су қоймаларында немесе оған тiкелей жақын жерлерде аталған уақытта осы ауданда қолдану осы Ережеде тыйым салынған аулау құралдарымен, сондай-ақ жарылғыш және улағыш заттармен, осы құралдарды қолдануға байланысты жұмыстарды арнайы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша су қоймаларында жүргiзу жағдайларынан басқа, болуға;
өзендер, тармақтар енiнiң 2/3-тен астамын балық аулау үшiн аулау құралдарымен және басқа құрылғылармен алуға, сондай-ақ бiр мезгiлде сүзу (жауып тастау) жүргiзуге.
Ескерту. Аумен сүзу алдыңғы ауды жағалауға толық шығарған соң ғана басталады;
балық кәсiпшiлiгi учаскелерiне, бөгеулерге жекеменшiк су және жерде жүретiн көлiктердi, сондай-ақ балық аулауға қатысы жоқ кәсiпорындар мен ұйымдардың кемелерiн, автомашиналарын, мотоциклдерiн қоюға.
Ескерту. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңiнде, сондай-ақ тыйым салынған су айдындарында (телiмдерiнде) су көлiгiнiң қозғалыс тәртiбiн арнайы уәкiлетті орган белгiлейдi.
арнайы уәкiлеттi органдардың ерекше жарлығына дейiн жаңадан құрылған су қоймаларынан түрлi балық аулауға, сондай-ақ қыстайтын орлардан балық аулауға;
500 метрден жақын қашықтықтағы бөгеттерден, қақпалардан, көпiрлерден өнеркәсiптiк балық аулауға;
тiркелмеген және белгiленген тәртiппен тiркеу номерлерi iлiнбеген жүзу құралдарымен өнеркәсiптiк балық аулауға;
аулау құқығының рұқсатына сәйкес ұйымның атауы аулау құралдарының параметрлерi көрсетiлген таңбасынсыз су қоймаларында аулау құралдарын пайдалануға;
теңiз бен өзендерде бекiре аулауға арнаулы қойылатын аулау құралдарын қолдануға;
белгiленген лимиттен артық балық аулауға;
балықтарды кукандарда сақтауға, өлген және ауру балықтарды аулау құралдарының көздерiнен және жағалауға жақын жерлерге тастауға;
балықтарды белгiленген кәсiпшiлiк шамадан кем аулауға, қабылдауға, сатуға және сақтауға;
балықтардың бiр түрiн басқа түрiне ауыстырып немесе әдейi "бүлiнген" және "майда" ретiнде қабылдауға;
балық шаруашылығы су қоймаларында суда жүзетiн құстарды өсiруге және арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiнсiз ондатр кәсiпшiлiгi мақсаты үшiн мелиорациялық жұмыстар жүргiзуге;
қыстайтын орлардың балық аулау учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекарасын бiлдiретiн, жүзiп жүретiн таным белгiлерiн, бағаларды бүлдiру мен жоюға;
көлдердi өзара және негiзгi өзендермен қосатын сағалар мен саяздардан, каналдардың жалғастарынан және суландыру жүйелерiнiң бұрылыстарынан, көлдердiң және каналдардың сағалары алдынан олардың құятын тұсының екi жағынан 500 м арақашықтықта және су қоймасының 500 м тереңдiгiнен, сондай-ақ 1500 м арақашықтықта көл мен өзеннiң жоғарғы жағынан кәсiпшiлiк балық аулауға.
Ескерту. Жайық - Каспий бассейндерiнiң су қоймаларына жүрмейдi;
Каналдарға құятын бастаулар мен көлдердiң сағасынан 500 м радиусте вентерлер мен секреттер орнатуға.
Ескерту. Аулау құралдарының бұл түрлерiн орнатуға қадам сызығы бойынша аулау құралдарының арасы 1,5 км аз болмағанда және орнату сызықтарының арасы теңiзге 1 км аз болмағанда және де көлдер мен басқа да су қоймаларынан кемiнде 50 м қашықтықта болған да ғана рұқсат етiледi. Теңiзде әр қанатта үштен көп емес кiндiк темiрлi вентерлердi орнатуға рұқсат етiледi, вентерлiк қондырғы қанатының ұзындығы 40 метрден аспауы тиiс;
шахматтық тәртiппен аулаудың құралын орнатуға;
арнайы уәкiлеттi органдардың келiсiмiнсiз Қазақстан Республикасы қорықтық аймақтардың шегiнде Каспий теңiзi сағасының кеңiстiгi мен солтүстiк шығыс бөлiгiнде, Жайық өзенiнiң бойында мұз қатқан шақта автомобиль және басқа көлiктiң қозғалысына тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. N 427 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Табиғатты пайдаланушы:
Аулау орнын қорғауды қамтамасыз ету, пайдаланушыға берiлген балық аулау учаскелерiнде бөгде тұлғалар мен ұйымдардың балық аулауын болдырмауға;
жағалау учаскелерiн, аулау орындары мен бекiтiлген су қоймаларын тиiстi санитарлық қалпында ұстауға;
арнайы уәкiлеттi органдардың мемлекеттiк инспекторларын балық аулау орындарына және басқа да жүзушi құралдарға, өндiрiстiк орындар мен қоймаларға, аулау тәсiлi мен аулау құралын тексеретiн және ауланған балықты қарайтын қабылдау пункттерiне кедергiсiз жiберуге, оларға балық өндiру мен өндiрiстiң пайдаланылған қаржысы жөнiндегi есепке алу материалдарын беруге сондай-ақ қызмет бабындағы сапар кезiнде жол үстi кемелерi мен басқа да көлiк түрлерiн ақысыз пайдалануына мүмкiндiк беруге;
өз күшiмен және дербес қаржы есебiнен мiндеттi түрде табиғат қорғау органдары және ғылыми-зерттеу ұйымдарының келiсiмiмен өздерiне берiлген тосқауылдарда, салдар мен басқа аулау орындарына тазалау, балық өсiру және суландыру жұмыстарын жүргiзуге (ұдайы өндiру, балықтың өсуi жағдайын жақсарту, су өсiмдiктерiнiң, шабындарымен күрес, кәсiпшiлiк аулаудан шабақтарды құтқару, өлiп қалған балықтарды жинау мен көму және т.б.);
арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз балық кәсiпшiлiгi учаскелерiнде су қоймасындағы табиғи жағдайды өзгертетiн жұмыстарды жүргiзбеуге; балық кәсiпшiлiгi учаскелерiнiң шекарасын арнайы өкiлеттi орган бекiткен үлгi бойынша белгiлермен белгiлеуге;
әрбiр балық кәсiпшiлiгi учаскесiнде, немесе бригадада және звенода арнайы өкiлеттi органның мөрiмен расталған, белгiленген нысандағы кәсiпшiлiк журналын жүргiзу және оны талап еткенде көрсетуге;
балық өсiру кәсiпорындары мен өндiрушiлердiң бақылау-қадағалау ихтиологиялық пунктiне балықты шарттық негiзде беруге;
осы балық аулау Ережесiмен тыйым салынған барлық ауланған балықты тор мен жем салынған қармақтан басқа, барлық аулау құралдарынан босатып, тiрi күйiнде дереу суға жiберуге;
балық өндiрумен айналысатын барлық кемелерге (олардың көлемi мен мақсатына қарамастан) тiркеу нөмiрiн жазуға;
арнайы уәкiлеттi органның талап етуiмен өз күшiмен осы балық аулау Ережесiн бұза отырып қолданылған судан аулау құралын жинауға, ұсталған аулау құралын, жүзу құралы мен ауланған балықты қабылдау пунктiне дейiн жеткiзуге;
өзiне берiлген су қоймаларын (учаскелердi) басқа ұйымдарға бермеуге;
Балық шаруашылығы су айдындарын бекiту, пайдалану және қорғау ережесiн және өзiне бекiтiлген балық кәсiпшiлiгi учаскелерiнде (тосқауылдарда, салдарда, аудандарда) балық аулаудың осы Ережелердi бұзуды болдырмауға мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. N 427 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Арнайы уәкiлеттi органдарға:
тиiстi ғылыми ұйымдарының келiсiлген тыйым салу кезеңiнiң жалпы ұзақтығын өзгертпей, гидрометеорологиялық жағдайға байланысты тыйым салу мерзiмiн осы және басқа жаққа 15 күнге дейiн өзгерту.
Ескерту. Балықты аулауға тыйым салу тыйым салудың бiрiншi және соңғы күнiн қоса алғандағы мерзiмге жүредi;
ғылыми және балық шаруашылығы ұйымдарының келiсiмi бойынша уылдырық шашу учаскелерi мен қыстайтын орлардың шекарасын оларды арнайы белгiлермен белгiлей отырып анықтау;
табиғатты пайдаланушыларға қатып қалу қаупi бар су қоймаларынан балықты құралдық барлық түрiмен және кез келген мерзiмiнде лимиттен тыс аулауға рұқсат беру;
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жалпы көлем шегiнде ұсақ балықтарды толық қабылдай отырып, ғылыми институтының келiсiмi бойынша арнайы уәкiлеттi органдар белгiлеген мерзiмде және жерлерде арнайы аулау құралдарымен жергiлiктi, қолтықты, ұсақ балықтарды кәсiпшiлiк аулауға рұқсат беруге;
су қоймаларының жекелеген байырғы учаскелерiне қамау (үркiту) көмегiмен балық аулауға рұқсат беру;
ғылыми ұйымдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикалық Үкiметi бекiтетiн жалпы көлем шегiнде жылдың кез келген мерзiмiнде барлық су қоймаларынан жыртқыш балықтарды мелиоративтiк аулауға рұқсат беру;
ғылыми мақсаты үшiн, сондай-ақ тыйым салынған мерзiм, аймақ және учаскелердi қоса алғанда, барлық балық шаруашылығы су қоймаларына қойылған мiндеттерге орай балық өндiретiн ұйымдарды жұмылдыра отырып немесе балық шаруашылығы ғылыми ұйымдарының өзiнiң күшiмен экспериментальдi-ғылыми кәсiпшiлiк аулауды өткiзуге ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғылыми кеңесiмен бекiтiлген және мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткен эксперименттiк жұмыстар мен ғылыми зерттеу бағдарламалары негiзiнде балық пен басқа да гидробионттарды аулауға рұқсат беру құқығы берiледi.
Су қоймаларында:
а) ғылыми ұйымдардың биологиялық негiздеуiне және қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық сараптамасына сәйкес су қоймаларын балықтандыру, балықтардың бағалы түрлерiн, басқа гидробионттарды жерсiздендiру жөнiндегi жұмыстарды;
б) балықтардың уылдырық шашуын, қыстайтын орларын, қоныс аударуын, олардың көбею кезiндегi жағдайын, балық аулау режимiн өзгерту туралы ұсыныстарды пысықтау және балық қорларын ұтымды пайдалануды анықтау мақсатында арнайы уәкiлеттi органдардың ихтиологиялық қызметтерiнiң кез келген мерзiмде және барлық су қоймаларынан бақылау үшiн балық аулауды жүргiзуiне рұқсат беруге;
қорық аумағындағы гидротехникалық құрылымдар мен су қоймаларына, сондай-ақ балық шаруашылығы су қоймаларын су алуға, ағын сулар мен өндiрiс қалдықтарына пайдаланатын кәсiпорындар мен ұйымдарға кедергiсiз барып тұру;
қажет болған жағдайда кәсiпшiлiк аумағы шегiнен жаңа тосқауыл учаскелерiн ашу немесе ғылыми институтының ұсынымы бойынша және балық өндiретiн ұйымның кепiлдемесi бойынша жұмыс iстейтiнiн жабу;
табиғатты пайдаланушы лауазымды тұлғалардың балық аулау Ережелерiне қайшы келетiн iс-қимылдары мен нұсқауларын тоқтату және бұзу құқығы берiледi.
ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. N 427 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Осы Ережеге толықтырулар мен өзгерiстердi ғылыми ұйымдардың ұсынымдары және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi органның ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзуi мүмкiн.