Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне осы Заңға және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн белгiленген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмейтiн деңгейде қолданылады. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының жұмысшылары мен қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет және еңбек туралы заңдарымен реттеледi.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-2 баппен толықтырылды
10-2-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызмет өткеруi
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметке жасы кемiнде он сегiздегi, кәсiби даярлығы, денсаулық жағдайы, дене дамуы және бiлiм деңгейi бойынша өздерiне жүктелген қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орындарында оқу үшiн орта бiлiмi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда аталған оқу орындарына түскен адамдармен өрт-техникалық оқу орнын бiтiрген соң мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында одан әрi қызмет өткерудiң талаптары мен мерзiмдерi көзделетiн келiсiм-шарттар жасалады.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының өрт-техникалық оқу орнындағы оқу уақыты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептеледi.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда аталған жас мөлшерi қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi бар және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы басшысының шешiмiмен өзгертiледi.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары өрт-техникалық оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса алғанда, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған немесе кадрына есепке алынған әскери мiндеттiлер белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында арнайы есепте тұрады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органына қызметке алғаш алынған адамдар мiндеттi түрде мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының кәсiби даярлау мектептерiнде және оқу пункттерiнде арнайы бастапқы оқытудан өтедi. Көрсетiлген оқу орындарында алғашқы дайындықтан өтудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздігі жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы белгiлейдi.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органына алғаш қабылданған адамдар үшiн үш айға дейiнгi сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ нәтижесi қанағаттанғысыз болған жағдайда, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi сынақтан өтпеген адам ретiнде жұмыстан босатылуы мүмкiн. Нәтижесi оң болған жағдайда сынақ мерзiмi қызмет стажына есептеледi.
Бұрын сотталған және ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себеппен жұмыстан босатылған адамдар мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қызметке қабылданбайды.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қызметке тұрған азаматтар ант қабылдайды, оның мәтiнiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне партияларға, кәсiподақтарға мүше болуға, қандай да бip саяси партияларды қолдауға, ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға, өзге де ақылы қызметпен (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа) айналысуға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге тыйым салынады.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-3 баппен толықтырылды
10-3-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтiң шектi жасы
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қызметте болуының шектi жасы:
1) қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас;
2) орта, сондай-ақ арнаулы майор және подполковник атақтары бар аға басшы құрамдағы адамдар үшiн - қырық бес жас, арнаулы полковник атақтары бар адамдар үшiн - елу жас;
3) жоғарғы басшы құрамдағы адамдар үшiн - елу бec жас болып белгiленедi.
Қажет болған жағдайда, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының жекелеген қызметкерлерiнiң қызмет мерзiмi Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы басшысының шешiмiмен ұзартылуы мүмкiн.
Қызметтiң ұзартылуы мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң осы Заңда көзделген негiздер бойынша қызметтен босатылу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-4 баппен толықтырылды
10-4-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтi тоқтату негiздерi
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметті тоқтату негіздерi:
1) осы Заңда белгiленген тәртiппен қызметтен босату;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту;
3) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерiн Заңмен белгіленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабiлетсiз деп тану;
4) мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы;
5) лауазымымен сыйыспайтын қызметпен айналысу;
6) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi немесе ақтай алмайтын негiздер бойынша қылмыстық iстiң тоқтатылуы болып табылады.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi:
1) зейнетақыға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;
2) қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
3) денсаулық жағдайы бойынша - тиiстi комиссияның қызметке жарамсыз немесе шектеулi жарамды екендiгi туралы қорытындысының негiзiнде;
4) штаттың қысқаруына байланысты;
5) өз еркi бойынша;
6) келiсiм-шарттың бұзылуына байланысты;
7) аттестаттау тәртiбiмен қызметке сай келмейтiндiгі анықталуы бойынша;
8) сынақ мерзiмi iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
9) беделiн түсiретiн қылық жасаған жағдайда;
10) қызмет тәртiбiн үнемi бұзғаны үшiн жұмыстан шығарылады.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-5 баппен толықтырылды
10-5-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар белгiленедi және берiледi:
қатардағы құрам:
iшкi қызметтiң қатардағы жауынгерi;
кiшi басшы құрам:
iшкi қызметтiң кiшi сержанты;
iшкi қызметтiң сержанты;
iшкi қызметтiң аға сержанты;
iшкi қызметтің старшинасы;
iшкi қызметтiң прапорщигi;
iшкi қызметтiң аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
iшкi қызметтiң кiшi лейтенанты;
iшкi қызметтiң лейтенанты;
iшкi қызметтiң аға лейтенанты;
iшкi қызметтiң капитаны;
аға басшы құрам:
iшкi қызметтiң майоры;
iшкi қызметтiң подполковнигi;
iшкi қызметтiң полковнигi;
жоғары басшы құрам:
iшкi қызметтiң генерал-майоры.
Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Кiшi, орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын беру (одан айыру) тәртiбi Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткеру туралы ережемен анықталады.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-6 баппен толықтырылды
10-6-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң ақшалай ризығы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн нысанды және арнаулы киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-7 баппен толықтырылды
10-7-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары және оларды әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарында қызмет өткерiп жүрген қызметкерлер өздерi тұратын қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген үйiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекешелендіpe алады.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қаза тапқан қызметкерiнiң отбасы басқа тұрғын үй берiлмей, қызметтiк тұрғын үйден немесе қызметтік тұрғын үйге теңестірілген үйден шығарылмауға тиiс. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтем төленедi.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-8 баппен толықтырылды
10-8-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң демалысы
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн жыл сайынғы демалыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да демалыстар берiледi.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарына қарай (күнтiзбелiк есептеумен) еңбек сiңiрген жылдары: он жылдан acca - ұзақтығы күнтiзбелiк бec күн;
он бес жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он күн;
жиырма жылдан асса - ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күн қосымша ақы төленетiн демалыс берiледi.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-9 баппен толықтырылды
10-9-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертiккен жағдайдағы кепiлдiктерi
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын орындау кезеңiнде мертiккен жағдайда - оған, ал ол қаза болған (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бiржолғы өтем төленедi.
Бiржолғы өтемдi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде не алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде алған жарақаты, жаралануы, (контузия алуы), мертiгуi, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленген жағдайда оларға:
1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленеді.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр мертiккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған) жағдайда оларға бiржарым айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде; жеңiл мертiккен жағдайда - жарты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
Егер мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерiнiң қаза болуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарумен байланысты емес мән-жайлардан болғандығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бiржолғы өтем төленбейдi.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-10 баппен толықтырылды
10-10-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтi қаржыландыру
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң аумақтық бөлiмшелерiн қаржыландыру - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, өрт-техникалық оқу орындарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 29.12.03 ж. N 511-I Заңымен 10-11 баппен толықтырылды
10-11-бап. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi және олардың iс-әрекетiне шағымдану құқығы
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерi өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.".
ҚР 09.12.98 ж. N 307-1; 16.07.99 ж. N 437-1 Заңдарымен 11-бап өзгертілді
11-бап. Мемлекеттiк өрт қадағалуы
Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк өрт қадағалауы мемлекеттiк өрт қадағалауы қызметiнiң арнаулы түрi республикада қалалардың, елдi мекендердiң және меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң өрт қауiпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн сақтау мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік өрт қадағалау мемлекет өрт қауіпсіздігі саласында уәкілеттік берген орган - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының мемлекеттік өртке қарсы қызметі құрамына кіреді.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi, ішкі істер және қорғаныс органдарының, авиациялық, темiр жол, теңiз және өзен көлiгi, орман шаруашылығы объектiлерiндегi мемлекеттiк өрт қадағалауы Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы мен Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органдары арасындағы келiсiмдермен реттеледi.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консульдық мекемелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкiлдiктерiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi бақылау, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
12-бап. Салалық өртке қарсы қызмет
Мемлекеттiк органдар, меншiк нысанына қарамастан ұйымдар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында салалық өртке қарсы қызметтiң басқару органдары мен бөлiмшелерiн құра алады.
Салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн ұйымдастыру, қайта ұйымдастыру, тарату тәртiбi, олардың қызметiн жүзеге асыру шарттары Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органымен келiсiлген тиiстi ережелермен белгiленедi.
Салалық ұйымдарда өрт пайда болуы және азаматтар мен қоршаған ортаның қауiпсiздiгiне қатер туғызатындай өрт қауiпсiздiгi талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайда, салалық өртке қарсы қызметiнiң ұйым (жеке өндiрiс), өндiрiстiк учаске, агрегат жұмысын, ғимараттың, құрылыстың, үй-жайдың пайдалануын, жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң жүргiзiлуін толық немесе iшiнара тоқтата тұруға құқығы бар.
13-бап. Қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiгi
Қоғамдық өрттен қорғау бiрлестiктерi Қазақстан Республикасының заңдары мен өздерiнiң құрылтай құжаттарына сәйкес өрттерден сақтандыру және оларды жою, азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердi өрттерден қорғау жөнiндегi шараларға қатыса алады.
4-тарау. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
14-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк
құқықтық реттеу
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық реттеу мемлекеттiк органдардың өрт қауiпсiздiгi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауы болып табылады.
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық реттеу уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлердi орындау үшiн мiндеттi өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлеуi.
Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге өрт қауiпсiздiгi стандарттары, нормалары мен ережелерi, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары мазмұндалатын нұсқаулар мен өзге де құқықтық актiлер жатады.
Мемлекеттiк атқарушы органдар қабылдайтын және өрт қауiпсiздiгi талаптарын белгiлейтiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органымен мiндеттi түрде келiсуге тиiс.
Басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу, күшiне енгiзу және қолдану тәртiбiн, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi талаптарынан және нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленбеген өрт қауіпсiздiгiнiң қосымша талаптарынан ауытқуларды келiсiп алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
15-бап. Өрт қауiпсiздiгi шараларын
әзiрлеу және iске асыру
Өрт қауiпсiздiгi шаралары Қазақстан Республикасының заңдарына, өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес, сондай-ақ өртке қарсы күрес тәжiрибесi, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердiң, бұйымдардың, конструкциялардың, ғимараттар мен құрылыстардың өртену қаупiн бағалау негiзiнде әзiрленедi.
Заттарды материалдарды, бұйымдарды және жабдықтарды дайындаушылар (жеткiзушiлер) тиiстi техникалық құжаттамада осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өртену қаупiн, сондай-ақ оларды пайдаланған кездегi өрт қауiпсiздiгi шараларын мiндеттi түрде көрсетедi.
Кәсiпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектiлер үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, iске асырғанда, соның iшiнде оларды жобалағанда, өрт кезiнде адамдардың басқа жерге қауіпсiз көшiрiлуiн қамтамасыз ететiн шешiмдер мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
Өндiрiстер үшiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шешiмдердi көздейтiн өрттердi сөндiру жоспарлары мiндеттi түрде әзiрленедi.
Елдi мекендер мен әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдар үшiн өрт қауiпсiздiгi шараларын тиiстi мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары әзiрлеп, iске асырады.
Мемлекеттiк органдардың шешiмi бойынша жасалатын инвестициялық жобалар өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органмен келiсiп алынуға тиiс.
ҚР 16.07.99 ж. N 437-1 Заңымен 16-бап толықтырылды
16-бап. Өрттердi сөндiру
Өрттердi сөндiру азаматтарды, мүлiктердi құтқаруға және өрттердi жоюға бағытталған жауынгерлiк iс-әрекеттер болып табылады.
Өрттердi сөндiрудi ұйымдастырудың және бұған өртке қарсы қызметтер бөлiмшелерiн, олардың салалық бағыныстылығына қарамастан, тарту тәртiбiн Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы белгiлейдi.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң өрттердi сөндiруге баруы және оларды жоюға қатысуы сөзсiз тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл орайда шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен өтеледi.
Өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн шақыру үшiн елдi мекендердiң телефон жүйелерiнде бiрiңғай - 01 нөмiрi белгiленедi.
Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң қызметкерi барлық тұрғын үйге, өндiрiстiк және басқа да үй-жайларға кедергiсiз кiруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға, оттың өршуiне жол бермеуге және өрттi сөндiруге бағытталған кез-келген шаралар қолдануға құқылы.
Өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған барлық бөлiмшелерi өрттi сөндiру жөнiндегi басшыға бағынады. Өрттердi сөндiру кезiнде өртке қарсы қызметтiң уәкiлеттiлік алған лауазымды адамдарынан басқа ешкiмнiң де оның iс-әрекетiне араласуға немесе оның өкiмiнiң күшiн жоюға құқығы жоқ.
Өрттердi сөндiру кезiнде келтiрiлген материалдық залал қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс. Өртке қарсы қызметтiң жеке құрамы, аса қажет болған жағдайларда өрт сөндiруге қатысқан өзге де адамдар келтiрiлген залалды өтеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, авиация, темір жол, теңіз және өзен көлігі, орман шаруашылығы объектілеріндегі өрттерді сөндіру Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі.
Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді.
ҚР 16.07.99 ж. N 437-1 Заңымен 17-бап толықтырылды
17-бап. Өрт сөндiру - техникалық өнiмдi өндiру
Өрт сөндiру - техникалық өнiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiпте шарттық негiзде, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен жүзеге асырылатын тәртiпте өндiрiледi.
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгілейді.
ҚР 16.07.99 ж. N 437-1; 02.07.03 ж. N 454-II Заңдарымен 18-бап толықтырылды
18-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстарды
орындау мен қызметтер көрсету
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы жұмыстар мен қызметтер өрт қауiпсiздiгi талаптарын iске асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдардан басқасына, шарттық негізде орындалады және көрсетiледi. Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге:
- елдi мекендердi және меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарды өрттерден қорғау;
- өрт сөндiру-техникалық өнiмiн өндiру, оны сынықтардан өткiзу, сатып алу және жеткiзiп беру;
- жобалау iздестiру жұмыстарын атқару;
- ғылым-техникалық кеңес беру және жобалардың мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда, сараптама жүргiзу;
- заттардың, материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және конструкциялардың өрт қауiпсiздiгiн сынау;
- халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқытып-үйрету;
- өртке қарсы насихатты жүзеге асыру, арнайы әдебиет пен жарнама өнiмiн басып шығару;
- оттан қорғау және мұржа-пеш жұмыстары;
- өрт саймандарын, өрттердi сөндiрудiң бастапқы құралдарын өндiру, оларды жөндеу және қызмет көрсету, отты сөндiретiн заттардың сапасын қалпына келтiру;
- өртке қарсы қызметтiң ғимараттары мен құрылыстарын салу, қайта құру және жөндеу;
- өрттен қорғау жүйелерi мен құралдарын өндiру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- тiзбесiн өртке қарсы қызмет органдары белгiлейтiн өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар мен қызметтер жатады.
19-бап. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi
насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдердi насихаттауды арнайы уәкiлеттiгi бар мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдердi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкiн.
Азаматтарды оқытып-үйрету мектепке дейiнгi және жалпы орта бiлiм беру мекемелерiнде, жұмыс орны мен тұрғылықты жерi бойынша ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету - кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта және жоғарғы бiлiм беру, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлау мекемелерiнде, өрт қауiпсiздiгi саласындағы iс-әрекеттерге әзiрлеу жөнiндегi орталықтарда, жұмыс орны бойынша ұйымдарда жүргiзiледi.