"2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 1289 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1398 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2005 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мыналар бойынша атқарылуға қабылдансын:
кiрiстер бойынша - 1 128 444 762 мың теңге, оның iшiнде;
салықтық түсiмдер - 984 195 003 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 36 992 617 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 12 248 627 мың теңге;
ресми трансферттердiң түсiмдерi - 95 008 515 мың теңге;
шығындар бойынша - 1 089 469 412 мың теңге;
операциялық сальдо бойынша - 38 975 350 мың теңге;
таза бюджеттiк кредиттеу бойынша - 54 090 076 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 64 512 908 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 10 422 832 мың теңге;
қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо бойынша - 86 296 814 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 88 296 814 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 2 000 000 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығы бойынша - 101 411 540 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiне 1,7 пайыз;
бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша - 101 411 540 мың теңге, оның iшiнде:
қарыздар түсiмдерi - 220 007 494 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 118 595 954 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес қоса берiлiп отырған инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2005 жылға арналған республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларының тiзбесi бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 917 қаулысының 4 және 5-бөлiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) мыналарға:
су берумен байланысы жоқ республикалық су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға;
шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың апатты учаскелерiн күрделi жөндеуге және қалпына келтiруге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;
өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға қаражат төлеу;
ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге қаражат төлеу;
ауыл шаруашылығы өндiрiсiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инфрақұрылымды ұйымдастыруға ақшалай қаражат беру;
ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға арналған жабдықтардың қаржы лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу;
екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау;
өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң өндiрiсiн қолдау және рыногын дамыту шеңберiнде көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға ақшалай қаражат беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау министрлiктерi Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен келiсiм бойынша 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген ауыз сумен жабдықтау, гидротехникалық құрылыстар, бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды бекiтiп беру туралы шешiмдердi бекiтсiн.
6. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына бiржолғы материалдық көмек көрсету үшiн;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының темiр жол көлiгiмен жылына бiр рет ТМД елдерi бойынша жол жүруiн қамтамасыз етуге көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртiбi туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi:
1) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес тұрғын үй салу үшiн облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнiң тұрғын үй құрылысына бюджеттiк кредиттердi сыйақының (мүдденiң) нөлдiк ставкасы бойынша бөлуi және оларды пайдалану тәртiбi туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
2) 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 008 "Мемлекеттiк органдар үшiн автомашиналар паркiн жаңарту" бюджеттiк бағдарламасын iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдардың тiзбесi мен сатып алынатын техника саны жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн;
3) 2005 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес ұйымдардың тiзбесiн және берешектер көлемiн айқындау туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
4) ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттiк даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат ұсынсын.
8. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте:
1) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге;
2) жаңадан iске қосылатын бiлiм беру объектiлерiн ұстауға;
3) арнаулы (түзету) бiлiм беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге;
4) жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердi Интернетке қосуға және олардың трафигiн төлеуге;
5) жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуға және жеткiзуге;
6) жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға;
7) кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
8) облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарында педагогикалық қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;
9) облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртiбi туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде 2005 жылға арналған республикалық бюджетте:
1) жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға;
2) дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды сатып алуға;
3) жергiлiктi деңгейдегi қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
4) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде кәсiптiк орта бiлiм беру бойынша оқыту құнын ұлғайту жөнiндегi шығыстарды өтеуге;
5) медициналық кадрлардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға;
6) 5-жасқа дейiнгi балаларды дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
7) жүктi әйелдердi құрамында темiр және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге;
8) азаматтардың жекелеген санаттарын алдын ала медициналық тексерулерiн жүзеге асыруға;
9) жергiлiктi деңгейдегi медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердi облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң бөлуi және пайдалану тәртiбi туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi 2004 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде электр энергиясы тапшылығын жабу және Оңтүстiк Қазақстанның тұтынушыларын энергиямен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия беретiн ұйымдар өндiрген электр энергиясы үшiн тарифтердiң көтерiлуiн өтеу тәртiбiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
11. Жергiлiктi атқарушы органдар 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көзделген бiлiм беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға арналған конкурстық рәсiмдердi заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн.
12. Қоса берiлiп отырған:
3-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың бiрiншi және екiншi разрядтағы жұмысшыларының айлықақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн коэффициенттердiң мөлшерлерiн ұлғайтуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;
4-қосымшаға сәйкес ауданаралық (қалааралық) және iшкi қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар темiр жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;
5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалалардың тiршiлiк ету объектiлерiн күрделi жөндеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер;
5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге экономикасы күйзелiске ұшыраған шағын қалаларды дамытуға берiлетiн нысаналы даму трансферттер;
6-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына арнап облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн нысаналы даму трансферттерi;
7-қосымшаға сәйкес қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң көтерiлуiн өтеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер сомаларының бөлiнуi бекiтiлсiн.
13. Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Бiлiм және ғылым министрлiктерiмен келiсiм бойынша 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде республикалық бюджеттен Алматы қаласының денсаулық сақтау және бiлiм беру объектiлерiнiң сейсмотұрақтылығын күшейту үшiн көзделген қаражаттың бөлiнуi туралы шешiмдердi бекiтсiн.
14. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2005 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
15. Құпия.
16. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
N 1289 қаулысына
1-ҚОСЫМША
2005 жылға арналған республикалық бюджет
┌─────────────────────────────────────────────────────────────────────┐
│ Санаты Атауы Сомасы, │
│ Сыныбы мың теңге │
│ Ішкi сыныбы │
│ Ерекшелiгi │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│ 1 2 3 │
└─────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
І. Кірістер 1128444762
1 Салықтық түсiмдер 984195003
01 Табыс салығы 428244145
1 Корпорациялық табыс салығы 428244145
01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтiк табыс салығы 276180815
02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 16546147
корпоративтiк табыс салығы
03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 5025086
көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 27740097
төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген 70829690
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
06 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген 82310
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
07 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген 31840000
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер 495333410
көрсетуге салынатын iшкi салықтар
1 Қосылған құн салығы 320564488
01 Қазақстан Республикасының аумағында 79359288
өндiрiлген тауарларға, орындалған
жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
салынатын қосылған құн салығы
02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 133944290
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын
тауарларға салынатын қосылған құн салығы
04 Резидент емес үшiн қосылған
құн салығы 20441960
05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 85574250
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығы
06 Ресей Федерациясы аумағынан шығарылатын және 1206129
импортталатын тауарларға салынатын қосылған
құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасы
аумағына импортталатын тауарлардың кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесін-
де жете есептелген қосылған құн салығы
07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 38571
және импортталатын тауарлардың кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген қосылған
құн салығы
2 Акциздер 9260692
14 Қазақстан Республикасының аймағына импортта- 51
латын этил спиртінің көлемдік үлесі 12
процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
ішімдіктер
15 Қазақстан Республикасының аймағына импортта- 6
латын шарап ішімдіктер
29 Қазақстан Республикасының аумағына өндірілген
шикі мұнай, газ конденсаты 401065
41 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 60199
латын спирттiң барлық түрi
42 Қазақстан Республикасының аумағына 183725
импортталатын арақ
43 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 63878
латын күшті ликер-арақ өнімдері және басқа да
күштi алкогольді сусындар
44 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 86816
латын шараптар
45 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 35487
латын коньяк
46 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 3990
латын шампан шараптары
47 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 2013064
латын сыра
48 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 5067
латын, градусы аз ликер-арақ бұйымдары және
этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30
процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
ішімдіктер
50 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 177562
латын темекi бұйымдары
55 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 1565444
латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа)
60 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 4647030
латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
69 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 119
латын шикі мұнай, газ конденсаты
70 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 17189
латын тауарлардың кедендік құнына тәуелсіз
сараптама жүргізу нәтижесінде жете есептелген
акциздер
3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 164971233
үшін түсетiн түсiмдер
01 Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон 3683913
байланысын көрсеткені үшін төлем
02 Үстеме пайда салығы 10948174
05 Бонустар 13218877
06 Роялти 105033779
07 Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына 3274800
салынатын рента салығы
08 Жасалған келiсiм-шарттар бойынша өнiмді 1448305
бөлгендегі Қазақстан Республикасының үлесi
09 Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем 950000
10 Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны 9906
үшiн төлем
11 Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем 304082
13 Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын 31541
табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
26 Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан 14643671
Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти
28 Шикiзат секторы ұйымдарының (Қазақстан 11424185
Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардың) жасалған
келiсiмшарттар бойынша өнiмді бөлгендегі
Қазақстан Республикасының үлесі
4 Кәсiпкерлік және кәсiби қызметтi жүргiзгенi 536997
үшiн алынатын алымдар
06 Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік 349907
автомобиль жолдары автокөлік құралдарының
өтуіне алымнан басқа автокөлік құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы
өткені үшін алым
12 Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары 70851
жиiлiктi қондырғыларды мемлекеттік тіркеу
үшiн алым
13 Телевизиялық және радио хабарын тарататын 53950
ұйымдарға радиожиiлiк өрісін пайдалануға
рұқсат бергені үшін алым
15 Теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi 9369
мемлекеттiк тiркегені үшiн алым
16 Дәрi-дәрмектердi мемлекеттiк тiркеу үшiн 23144
алым
17 Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу 350
үшiн алым
19 Республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы 28038
автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде
сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны
үшiн төлем
21 Сабақтас құқық шығармаларын және объектілерін 1388
пайдалануға авторлық құқық және сабақтас
құқық, лицензиялық келісім объектілерін
мемлекеттік тіркегені үшін алым
06 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 54894700
салынатын салықтар
1 Кеден төлемдерi 48642600
01 Кеден бажының бірыңғай ставкасын қолданумен 43062300
жеке тұлғалардан өндіріп алынатын әкелінетін
тауарларға салынатын кеден баждарын қоспағанда,
әкелiнетiн тауарларға салынатын кеден баждары
02 Әкетiлетiн тауарларға салынатын кеден баждары 4790000
03 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына 717600
тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген кедендiк баждар
04 Кеден бажының бірыңғай ставкасын енгізу 72700
нәтижесінде жеке тұлғалардан өндіріп алынатын
әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждары
2 Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын 6252100
басқа да салықтар
01 Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді 6252100
жүзеге асырудан түсетін түсімдер
07 Басқа да салықтар 96513
1 Басқа да салықтар 96513
09 Республикалық бюджетке түсетiн басқа да 96513
салық түсiмдері
08 Заңдық мәндi іс-әрекеттердi жасағаны үшiн 5626235
және (немесе) оған уәкiлеттiгi бар
мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды
адамдардың құжаттар бергенi үшiн алынатын
мiндеттi төлемдер
1 Мемлекеттiк баж 5626235
01 Консулдық алым 1400459
03 Мемлекеттік нотариалдық кеңселер нотариуста- 54158
рының нотариалдық іс-әрекет жасағаны үшін
алынатын мемлекеттік баж
11 Қазақстан Республикасының азаматтарының 1906025
паспорттары мен және куәліктерін бергені үшін
алынатын мемлекеттік баж
13 Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық 6396
келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында
жасалған ресми құжаттарда мемлекеттік органдар-
дың апостиль қойғаны үшiн мемлекеттiк баж
14 Жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинистің 385673
куәлігін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
15 Механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу 627890
туралы куәлік берген үшін алынатын мемлекеттік
баж
16 Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені 1242324
үшін алынатын мемлекеттік баж
18 Зияткерлік меншік саласында іс-әрекет жасағаны 3310
үшін алынатын мемлекеттік баж
2 Салықтық емес түсiмдер 36992617
01 Мемлекеттік меншiгінен түсетiн түсімдер 28152369
1 Мемлекеттік кәсiпорынның таза кірісі 628000
бөлігіндегі түсімдер
01 Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың 628000
таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері
3 Мемлекет меншiгiндегi акциялардың мемлекет- 4775500
тiк пакетiне дивидендтер
01 Республика меншігiндегi акциялардың мемлекет- 4775500
тік пакетiне дивидендтер
5 Мемлекет меншiгiндегi мүлiктi жалға беруден 18977250
түсетiн кiрiстер
01 Республика меншігіндегі мүлікті жалға алудан 210000
түсетін кiрiстер
02 Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3621750
жалгерлік төлемнен түсетін түсімдер
03 "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшiн жалгер- 15145500
лік төлемнен түсетiн түсiмдер
6 Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны 802975
үшiн сыйақылар (мүдделер)
01 Қазақстан Республикасы Үкiметінiң Қазақстан 800000
Республикасы Ұлттық банкiндегi депозиттерi
бойынша сыйақылар (мүдделер)
03 Екiнші деңгейдегі банктер шоттарында мемлекет- 2975
тiк сыртқы қарыздар қаражатын орналастырғаны
үшiн сыйақылар (мүдделер)
7 Мемлекеттiк бюджеттен берiлген кредиттер 1548393
бойынша сыйақылар (мүдделер)
01 Облыстардың, республикалық маңызы бар қала- 149663
лардың, астананың жергілiктi атқарушы орган-
дарына iшкi көздер есебiнен республикалық
бюджеттен берiлетін бюджеттік кредиттер
бойынша сыйақылар (мүдделер)
02 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) 189226
жергіліктi атқарушы органдарына үкіметтiк
сыртқы қағаздар қаражаты есебiнен республи-
калық бюджеттен берiлген бюджеттік кредиттep
бойынша сыйақылар (мүдделер)
04 Қарыз алушы банктерге Iшкi көздер есебiнен 489955
республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
05 Қарыз алушы банктерге үкiметтiк сыртқы 246747
қарыздар қаражаты есебiнен республикалық
бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер
бойынша сыйақылар (мүдделep)
10 Заңды тұлғаларға үкiметтiк сыртқы қарыздар 135682
қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен
2005 жылға дейiн берiлген бюджеттiк
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
12 Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен 8445
берiлген бюджеттік кредиттер бойынша
сыйақылар (мүдделер)
14 Шетелдiк мемлекеттерге берiлген бюджеттiк 182525
кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер)
15 Мемлекеттiк кепiлдiктер бойынша Қазақстан 146150
Республикасының Үкiметі төлеген талаптар
бойынша сыйақылар (мүдделер)
9 Мемлекеттiк меншiктен түсетiн өзге де кiрiстер 1420251
01 Ауыл шаруашылық және орман алқаптарын ауыл 497710
және орман шаруашылықтарын жүргізуге
байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн
алған кезде ауыл шаруашылығы және орман
шаруашылығы өндiрiстерiнiң зияндарын өтеуден
түсетiн түсiмдер
03 Жер қойнауы туралы ақпараттың пайдалануға 144541
берiлгенi үшiн ақы
05 Қару-жарақты және әскери техниканы сатудан 700000
түсетін кiрiстер
06 Тәркiленген мүлiкті, белгіленген тәртiппен 78000