Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Қазақстан
Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне
ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы N 825
қаулысы от 3
Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Алматы қаласындағы органдарына шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi басқарма" мемлекеттiк мекемесi және "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оларды жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қызмет" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) қызметiнiң негiзгi мәнi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қызметтiк ғимараттарын пайдалануды жүзеге асыру және жабдықтау функцияларын орындау деп анықтай отырып, Қоғамның Жарғысын бекiтсiн;
2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн құрылатын Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 3 тамыздағы
N 825 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешімдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 27-1-жол алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 59-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Жабық акционерлiк қоғам "мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" деген жол алынып тасталсын;
"Республикалық мемлекеттiк Қазақстан Республикасы Қаржы
кәсiпорын (Алматы қаласындағы министрлiгiнiң Шаруашылық
еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнымен басқармасы
бiрге)" Қаржы органдарына қызмет
көрсету жөнiндегi шаруашылық
басқарма"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Акционерлiк қоғам "Қызмет".
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-56-жолмен толықтырылсын:
"21-56 "Қызмет" АҚ".
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-6-жолмен толықтырылсын:
"217-6 "Қызмет" АҚ".
5. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 970 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 323-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
1-тармақ алынып тасталсын.