"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінiң Қостанай заң
институты" мемлекеттік мекемесiн Қазақстан Республикасы Iшкi
істер министрлiгінiң қарамағынан Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң
қарамағына беру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі N 806 қаулысы
Бастапқы редакция
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi органдары үшiн мамандар даярлауды одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Қостанай заң институты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағынан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң қарамағына берiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Қостанай заң институты" мемлекеттiк мекемесi "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң Қостанай заң институты" (бұдан әрi - Институт) мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.
3. Институттың негiзгi мiндеттерi:
қылмыстық-атқару жүйесi органдары үшiн жоғары бiлiмдi мамандар даярлау;
қылмыстық-атқару жүйесiнiң басшы кадрлары мен қызметкерлерiн қайта даярлау және бiлiктілігін арттыру;
ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау;
қылмыстық-атқару жүйесiнiң өзектi проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Институттың барлық оқу нысандарының тыңдаушыларына оқытудың толық курсын аяқтауы үшiн қажетті жағдай жасауды және олардың Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнетiн Институт тыңдаушыларын ұстауды Институтқа бөлiнген бюджеттiк қаржы шегiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн;
3) Институт жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 30 шілдедегі
N 806 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Мемлекеттiк мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-1-жолмен толықтырылсын:
"2-1 Қостанай заң институты".
2. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 1260 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
04 "Білiм беру 36235342" деген функционалдық топта:
06 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білiм беру 17364317" деген кiшi функцияда:
201 "Қазақстан Республикасының Iшкі iстер министрлігi" деген әкiмшi бойынша "1222488" деген сандар "1044480" деген сандармен ауыстырылсын;
012 "Жоғары кәсiби бiлiмдi мамандарды даярлау" деген бағдарламада "1222488" деген сандар "1044480" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 221 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі" деген әкімшімен және 015-бағдарламамен толықтырылсын:
"221 Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгі 178008;
015 Жоғары кәсiби білiмдi мамандарды даярлау 178008".
3. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына:
1) көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:
1-тармақта: "1222488 (бір миллиард екi жүз жиырма екi миллион төрт жүз сексен сегiз мың теңге)" деген сөздер "1044480 (бiр миллиард қырық төрт миллион төрт жүз сексен мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
"Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар" деген 5-бағанда:
"2070" деген сандар "1770" деген сандармен ауыстырылсын;
"3655" деген сандар "2912" деген сандармен ауыстырылсын;
"2471" деген сандар "1751" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жауапты орындаушылар" деген 7-бағанда "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң Қостанай заң институты" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қостанай заң институты - күндiзгi бөлiмнен 164 бiрлiк, сырттай бөлiмнен 20l бiрлiк" деген сөздер алынып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 183-1-қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1327 қаулысына 183-1-қосымша
221 - Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi
--------------------------------
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған 015 "Жоғары кәсiби бiлiмдi мамандарды даярлау"
деген республикалық бюджеттiк бағдарламаның
Паспорты
1. Құны: 178008 (бiр жүз жетпiс сегiз миллион сегiз) мың теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi:
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; "Жалпыға бірдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлерi лауазымдарының санаттары бойынша тiзілiмдерiн бекiту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1283 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджеті) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118 қаулысы; "Мемлекеттiң бюджеттiк есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтік iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысы.
3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: терең гуманитарлық, заңгерлiк арнайы білiмі бар бiлiктi кадрлар даярлау жөнiндегі Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң жоғарғы оқу орнына жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн оның қызметін қамтамасыз eту; сотталғандарды түзеу және олардың тарапынан болатын қылмыстардың алдын алу жөнiндегі жұмысты жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету; барлық оқу нысандарының тыңдаушыларына оқытудың толық курсын аяқтауды және олардың Қазақстан Республикасы iшкі істер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттері: қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметінің өзектi проблемаларына iргелi және қолданбалы зерттеулер жүргiзу және алынған нәтижелерді қылмыстық-атқару жүйесі органдарының оқу процесі мен тәжiрибесіне енгізу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесi органдары үшін мамандар даярлау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң жоғарғы оқу орнына жүктелген мiндеттердi орындау үшiн оны ұстау; оқу, ғылыми, оқу-әдістемелік және анықтамалық-ақпараттық әдебиеттердi дайындау және басып шығару; оқу-тәрбие процесiне тұрақты және ауыспалы құрамды белсенді қатысуға ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу; барлық оқу нысандарының тыңдаушыларына оқытудың толық курсын аяқтауды және олардың Қазақстан Республикасы iшкі iстер органдарының жинақтаушы бөлiмшелерiне бөлiнуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттiк бағдарламаны іске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары.
N | Бағдар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Бағдарла- ма атауы (кіші бағдарла- ма) | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
015 Жоғары Заң институтын 300 Жыл Қазақстан кәсiби бірлік штаттық сан бойы Республика- бiлiмдi шегінде ұстау. Азық- сының Әділет маман. түлiкпен, дәрi- министрлігі, дарды дәрмекпен, заттай Әділет даярлау мүлікпен, жұмсақ министрлігі- мүкәммалмен, жанар- нің Қылмыс- жағар май материал- тық-атқару дарымен, ас үй жүйесі жабдықтарымен құны 40 комитеті, еселiк айлық есептiк Әділет көрсеткіштен кем емес министрлігі жиhазбен, стипендия Қылмыстық- және басқа да тауар- атқару жүйесі материалдық бағалы комитетінің құндылықтармен Қостанай заң қамтамасыз ету. Бiлiм институты алушылар саны: күндізгі - 743 бірлік, сырттай - 720 бiрлік. |
7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi органдарын жоғары бiлiктi мамандармен жоспарлы бітірушілерден қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Қостанай заң институты - күндiзгi 164 бірлiк, сырттай 201 бірлік".
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктері, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттігі (қаржы полициясы) және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2004 жылғы 17 наурыздағы N 330 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Iшкі істер, Әдiлет министрлiктерiнiң, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттігінiң (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерiнiң және олардың ведомстволарының қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
1) "1 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі" деген бөлiмде:
реттік нөмiрi "4 Қостанай заң институты 300" деген жол алынып тасталсын;
"Жиыны" деген жолдағы "25973" деген сандар "25673" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 5-жолмен толықтырылсын:
"5 Қостанай заң институты 300";
"Жиыны" деген жолдағы "17858" деген сандар "18158" деген сандармен ауыстырылсын.