Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң
кейбiр мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 ж. 29 қаңтардағы N 98 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы N 1132 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігінiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдары құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 шiлдедегі N 1020 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 319-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттігі туралы ережеде:
11-тармақта:
1) тармақша "көшi-қон процестерiн" деген сөздер "көшi-қон және демографиялық процестердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша "көшi-қон" деген сөздерден кейiн "және демография" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшада:
"қоныс аудару" деген сөздер "көшiп келу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"қоныс аударушыларды" деген сөздер "оралмандарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақша "қоныс аударушыларды" деген сөздерден кейiн ", оралмандарды" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) өз құзыретi шегiнде әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;";
12) тармақшада мемлекеттік тілдегi мәтiнде "оралмандарды" деген сөз өзгерiссiз қалады;
14) тармақша "халықтың көшi-қоны" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы халықтың көшi-қоны және демография" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақта:
3) тармақша "қоныс аударушылар" деген сөздерден кейiн ", оралмандар" деген сөзбен толықтырылсын;
13-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Агенттiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлік, сондай-ақ құны Агенттiктің теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлік есебiнен қалыптасады.";
18-тармақта:
2) тармақша "басшыларын" деген сөзден кейiн "және олардың орынбасарларын" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша "қызметкерлерiн" деген сөзден кейiн "және аумақтық органдардың басшыларын" деген сөздермен толықтырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 98 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография жөнiндегi
агенттiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - аумақтық органдарының
Тізбесі
1. Ақмола облысы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Көкшетау қ.
2. Ақтөбе облысы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Ақтөбе қ.
3. Алматы облысы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Талдықорған қ.
4. Атырау облысы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Атырау қ.
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Көшi-қон
және демография басқармасы Өскемен қ.
6. Жамбыл облысы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Тараз қ.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша
Көшi-қон және демография басқармасы Орал қ.
8. Қарағанды облысы бойынша Көшi-қон
және демография басқармасы Қарағанды қ.
9. Қызылорда облысы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Қызылорда қ.
10. Қостанай облысы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Қостанай қ.
11. Маңғыстау облысы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Ақтау қ.
12. Павлодар облысы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Павлодар қ.
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Көшi-қон және демография басқармасы Петропавл қ.
14. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
Көшi-қон және демография басқармасы Шымкент қ.
15. Астана қаласы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Астана қ.
16. Алматы қаласы бойынша Көшi-қон және
демография басқармасы Алматы қ.