"Орта Азия Орталығы" газ тасымалдау жүйесiн дамыту мен жаңғыртудың 2010 жылғы кезеңге арналған бағыттарына" сәйкес "Орта Азия Орталығы" магистралды газ құбырын жаңғыртуды одан әрi жүзеге асыру.
Көмiр өнеркәсiбi
Ағымдағы жылдың бiрiншi жарты жылдығы үшiн елдің көмiр өндiру кәсiпорындары 2002 жылдың кезеңiмен салыстырғанда көмiр өндiру көлемдерінің өсiмiн алады. 2003 жылдың қаңтар-маусымы үшiн 40,3 млн. тонна көмiр өндiрiлген, бұл 2002 жылдың ұқсас кезеңiнен 30,8%-ға немесе 9,5 млн. тоннаға көп.
Көмiр өндiру кәсіпорындарының тұрақты жұмысын ескере отырып, ағымдағы жылдың бiрiншi жарты жылдығында көмiр өндiрудің болжамдалған көлемi тұтастай алғанда 2003 жыл үшiн 77 млн. тоннаны құрайды.
2003-2006 ж.ж. кезең үшiн республиканың көмiр өнеркәсiбiнде көмiр өндiру өсімін қамтамасыз етуге және өндiрiс құрылымын жақсартуға мүмкiндiк беретiн бiрқатар iс-шаралар белгiленіп отыр.
"Испат Қармет" ААҚ көмiр департаментiнiң шахталарында тазалау забойына жоғары орташа тәулiктiк жүктемеге қол жеткiзуге және шахталарды жұмыс iстейтiн адамдардың барынша қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн неғұрлым жоғары техникалық деңгейдегi көмiр өндiру техникасына ауыса отырып, техникалық қайта жабдықтау көзделiп отыр. Тұтастай алғанда бассейн бойынша газ-метан өндiру технологиясын өнеркәсіптiк игерудi жалғастыру, рентабельдi емес шахталарды жабу жоспарланып отыр.
Екiбастұз көмiр бассейнінде көмiрдi қазақстан тұтынушыларының мұқтаждығы деңгейінде өндiру мен экспортының көлемдерiн тұрақтандыруға және одан әрi өсіруге, көмiрдің бағасын бәсекелестiк қабiлеттi деңгейде ұстау жолымен өткiзу рыноктарында сақтауға бағытталған "Екiбастұз көмiрi" бағдарламасын iске асыру жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Екібастұзэнергетикалық көмiрінің экспортын тұрақтандырумен, ресей тұтынушыларының мүддесiмен және төлем қабiлетiмен қатар жер астында өндiрілетін қарағандылық кокстелетін көмiрлердi өндiру мен Магнитогорск және ОскоХалиловский металлургиялық комбинатына, металлургия және кокс химиясы кәсiпорындарына жөнелту көлемдерiн арттыру көзделiп отыр.
Көмiрдiң бағасы мен тарифтерiн тұрақтандыру және оны тасымалдау бөлiгінде көмiр өндiру кәсiпорындары мен темiр жолы көлiгiнiң бағалық және тарифтiк саясатын оңтайландыру.
Көмiр өндiретiн компаниялардың қаржы жағдайының жақсартылуына қарай, өндiрiстiң техникалық деңгейiн арттыру мен шахталық және карьер қорын жаңғыртуға бағытталған инвестициялық қызметтi белсендiру.
Көмiр толықпайтын энергетикалық pecуpc болып табылатынын ескере отырып, көмiр қорларын толық шығару, iлеспе түрдегi көмiрдi және метанды кешендi өңдеу бөлiгiнде көмiр өндiрушi кәсiпорындарының меншiктенушілерге талаптарды арттыру.
Қазақстан Республикасында көмiр саласында техникалық реттеудің мемлекеттiк жүйесi енуiне байланысты оның концепциясы мен ИСО 9000 және 14000 халықаралық тәжiрибесiне ауысу тетiгiн анықтау, жетілдіру, үйлестiру және техникалық барьердi болдырмау үшiн халықаралық жүйе бойынша көмiрдің сыныптамасы мен оны кодтаудың мемлекеттiк стандарттарын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлетiн болады.
Атом өнеркәсiбi
Атом өнеркәсiбiн дамытудың негiзгi проблемасы тантал өндiру үшiн меншiк шикiзаттың болмауы.
Негiзгi мақсаттары, мiндеттерi және басымдықтары
Жаңа кенiштi игеру және қолда барды дамыту есебiнен өндiрiстің көлемін арттыру.
Экспорт географиясын кеңейту.
Уран өндiру жөніндегi бiрлескен кәсiпорындарды дамыту.
Бiр уақытта батыс үлгідегi реакторлар үшiн жылу таблеткаларын өндiру мен сертификаттауды игере отырып, Ресей Федерациясының жылу таблеткаларын өндiруге арналған тапсырысын сақтау.
Неғұрлым жоғары шекте өнiм алу мақсатында жаңа технологияларды енгiзу (бериллий қоласынан жасалған жартылай үзбей құю әдiсiмен алынған мыс-бериллий ерітінділердің жалын игеру, жоғары сыйымды тантал ұнтағын өндiру).
Танталонибилiк шикiзаттың жеке шикiзат базасын құру.
"Үлбi металлургия зауыты" ААҚ өндiрiстiк мұқтаждығы үшiн қажет Қаражал кен орнында флюориттiк руданы қайта өңдеу жөніндегі меншiк қуаттар құру.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жолдары
Уран өндiрiсiндегi жабдықтарды жаңарту (2004 жыл - 92,0 млн. теңге; 2005 - 99,3 млн. теңге; 2006 - 101,5 млн. теңге).
Бериллий өндiрiсiнің гидрометаллургиялық жөндеулерін қайта жаңарту (2004 жыл - 91,0 млн. теңге; 2005 - 93,2 млн. теңге; 2006 - 95,2 млн. теңге).
Бериллий өндiрiсiндегi жабдықтарды жаңарту (2004 жыл - 80,0 млн. теңге; 2005 - 32,6 млн. теңге).
Танталдан жасалатын жоғары сыйымды ұнтақтар шығару технологиясын әзiрлеу және игеру (2004 жыл - 452,6 млн. теңге; 2005 - 51,4 млн. теңге; 2006 - 301,6 млн. теңге).
Қаражат кен орынын игеру және флюрориттiк руда өңдеу жөнiндегi өндiрiстiк кешен құру (2004 жыл - 501,2 млн. теңге; 2005 - 463,4 млн. теңге; 2006 - 86,1 млн. теңге).
Тантал өндiру жабдығын жаңарту (2004 жыл - 46,7 млн. теңге; 2005 38,1 млн. теңге, 2006 - 50,7 млн. теңге).
"Қазатомпром" ҰАҚ өндiру көлемдерiн өсiрудiң сатылы кестесiн көздеген, ол мынадай кенiштердің құрылысын салуды көздейдi:
2003-2004 жылдары қуаттылығы жылына 400 тонна Орталық Мойынқұм кен орындарында;
2003-2005 жылдары қуаттылығы жылына 1000 тонна Шығыс Мыңқұдық кен орындарында;
2005-2006 жылдары қуаттылығы кейiннен жылына 2000 тоннаға дейiн кеңейте отырып, жылына 1000 тонна Орталық Мыңқұдық кен орыны;
2010-2011 жылдары жылына 2500 тоннаға дейiн кеңейте отырып, жылына 1000 тонна Ыңқай кен орнына.
Бұдан басқа, мына:
"Камеко" компаниясымен 2004-2005 жылдары қуаттылығы жылына 1000 тонна Ыңқай;
КНД-мен 2004-2005 жылдары қуаттылығы жылына 500 тонна Жалпық;
"Кожема" 2004-2005 жылдары жылына суммарлық қуаттылығы жылына 1000 тонна Мойынқұм және Төртқұдық;
"Иточу" корпорациясымен 2004-2005 жылдары қуаттылығы жылына 500 тонна Iркөл;
Ресей Федерациясының Минатамымен 2004-2006 жылдары қуаттылығы жылына 1500 тонна Харасан;
Ресей Федерациясы Минатамымен және КГРК-мен бiрлесiп 2003-2005 жылдары қуаттылығы жылына 1000 тонна Заречное кен орындарында бiрлескен кәсiпорындар базасында жаңа кенiштердiң құрылысын салу көзделiп отыр.
"Қазатомпром" ЖАҚ 2004-2006 жылдары жүзеге асыруға жоспарлап отырған барлық өндiрiстiк бағдарламалар Компанияның әлемдiк уран рыногында лидерлiк позицияға шығуын өз мақсатында қояды.
Болжамдалатын нәтижелер
Мұнай өндiру көлемi 65 млн. тоннаны, газ конденсаты - 10,5 млн. тоннаны құрады.
Табиғи газды өндiру 2006 жылға 28,6 млрд. куб. м., сұйық газ өңдеу 14 млрд. куб. м., Сұйық газ өңдеу - 1100 мың тонна мөлшерiнде болжамдалып отыр. Табиғи газ экспортының көлемi 2002 жылы 6 млрд. куб. метрден 2006 жылы 10 млрд. куб. метрге дейiн артады.
Көмiр өңдеудің болжамдалған көлемi 83,9 млн. тоннаны құрайды, бұл 2003 жылдың деңгейiнен 8,8 млн. тоннаға немесе 14,5%-кe асады. Өндiрудің көрсетiлген көлемi iшкi және сыртқы рынокта қатты отынға мұқтаждық деңгейiн қамтамасыз ету болады.
Уран өндiру 2006 жылға қарсы жылына 6560 тонна деңгейiне жетедi.
11.1.2. Металлургиялық руда өндіру және
металлургияда шикiзатты пайдалану
"Жәйрем ТБК" ААҚ-да ферромарганец өндiру құрылысын оны 2004 жылдың аяғына қарсы пайдаланымға енгiзе отырып салу көзделiп отыр.
"Испат Қармет" ААҚ 2003 - 2005 жылдардағы кезеңде үздiксiз болат құю және пеш-ковш машинасын орнатуды жоспарлап отыр.
"ӨКТМК" ААҚ-да Сәтпаев кен орнындағы "кенiштi iске қосу жолымен ильмениттiк концентраттарды шығару жөніндегі шикiзат базасын құру көзделген.
Темiр кенi мен марганец кiшi салаларында "СКББ" ААҚ, "Атасуруда" ААҚ, "Тоғай" ЖШС, "Өркен" ЖШС кәсiпорындарында темiр кенi базасын кеңейту және орнын толтыру көзделедi.
"Ақсу" ферробалқыту зауытының филиалында пештердi төменгi сортты ферросилиция таңбасын балқытудан жоғары сапалы көмiрлi феррохромды балқытуға көшiру, құю схемаларын жетiлдiру, металды бөлу және фракционирлеу, марганец концентраттарын алуға зауыттың қуаттары бөлiгiн қайта бейіндеу, әлемдік рынокта неғұрлым бәсекеге қабiлеттi марганец қорытпаларын өндiру жоспарлануда.
2003-2006 жылдары ферро қорыту өндiрiсiн ұлғайту күтiлмейдi. Бұл қара металл өткiзу рыногымен байланысты, өйткенi олар шойын өндiру кезінде легирлейтiн үстеме ретінде пайдаланылады.
"Қазхром" ТНК" ААҚ меншiктi шикiзат базасын құруды жоспарлауда, бұл марганец концентраты өндiрiсiн 2003 жылғы деңгейге 106%-ға ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.
11.2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
Елдің су объектілерiнің iс жүзінде барлығы дерлiк сапасының жай-күйi қанағаттанғысыз деңгейде қалып отыр. Су объектiлерiне негiзгi ластану мұнай-химия, өнеркәсiптің машина жасау салалары мен түстi металлургия кәсiпорындарынан шыққан сарқынды сулардан келiп түсуде.
Топырақтың және өсiмдiктердiң жоғары топырақ қабатының құлдырауын қамтитын шөлейтке айналу процесi кеңею үрдiсiне ие болуда.
Өндiрiстiк және тұтыну, оның iшінде қауiптi және радиоактивтi қалдықтарды басқару жүйесiнің тәжiрибе жүзінде болмауы.
Тұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау, кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесiнің жетiлдiрiлмеуi табиғи ортаның ластануына әкеп соқтыруда.
Мұнай өндiру аудандарында қоршаған ортаның ластануы елеулi экологиялық проблемаларға айналуда.
Суды қорғау заңнамасының әзiрленген стандарттары iс жүзiнде сақталмайды.
Қоршаған ортаның ластану мониторингi пункттерiнің желiсi жеткiлiксiз.
Стационарлық және жылжымалы көздер тастандыларынан атмосфералық ауаның ластану деңгейiнің артуы.
Мақсаттар мен мiндеттер
Мақсат - қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру қоғамның қажеттiлiгiне сәйкес табиғат пайдалану процесін реттеу.
Қоршаған ортаны қорғау саласында таяудағы кезеңге арналған негiзгi міндеттер мынадай мәселелердi шешу болып табылады:
су ресурстары тапшылығын азайту, сумен жабдықтау деңгейiн арттыру;
қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру;
қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру;
халықтың экологиялық сауатын жақсарту.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу мен мiндеттердi шешу жолдары
Халықты сапалы және қажеттi көлемде сумен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық елдi мекендер пункттерiн ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесi құрылыстарын жүргiзу мен қайта жаңғыртуға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен бекiтілген "Ауыз cу" бағдарламасын iске асыру қамтамасыз етілетін болады.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында заңнамалық базаны жетілдiруге айрықша назар аударылады, себебi заңнаманы одан әрi реформалау экологиялық заңнама нормаларын ұлғайтуға ғана емес, олардың iс-қимылын жүйелендiруге және арттыруға, сондай-ақ оларды Еуропалық одақ директиваларымен жақындастыруға бағытталатын болады.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану жүйесiн оңтайландыру мақсатында "Қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы әзiрленедi.
Қазақстан Республикасының экологиялық бекеттерiн қадағалау желiсін кеңейту және бiрыңғай мемлекеттiк мониторинг жүйесiн енгiзу көзделедi.
Қоршаған ортаны қорғауға арналған шаруашылық қызметтің әсерiн төмендету үшiн табиғат пайдаланушыларының барлығына экологиялық талаптарды орындау жөнінде қатаң шаралар қолданылады.
2005 жылы экологиялық қауiптi қызмет түрлерiн жүзеге асыратын кәсiпорындардың міндеттi экологиялық аудиті мен сақтандыру жүйесi енгiзiлетiн болады және Каспийдің қорық аймағындағы қызметiн жүзеге асыратын кәсiпорындарға қосымша экологиялық талаптар әзiрленедi.
Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласында екi жақты және көп жақты келiсiмдерге, атап айтқанда БҰҰ конвенцияларына және ғаламдық халықаралық форумдардың шешiмдерiне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерiн орындау жөніндегі шаралар қабылданады.
Экономиканың барлық салаларында жаңа қалдықсыз технологияларды енгiзудi қолдау есебiнен қалдықтарды пайдалану деңгейi арттыру жөнінде шаралар қабылданады.
Қалдықтарды орналастыру және кәдеге жарату, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға тигiзетiн зиянды әсерiн азайту үшiн мемлекеттiк бақылауды күшейту мақсатында мыналар көзделедi:
өндiрiс және тұтыну қалдықтары проблемаларын шешуге бiрыңғай мемлекеттiк көзқарас қалыптастыру;
қалдықтардың қоймалардағы мониторинг жүйесiн дамыту жөніндегі шаралар әзiрленедi.
Мұнай өндiру кезiнде iлеспе газды кәдеге жарату проблемасына ерекше назар аударылады, жер қойнауы және мұнай операцияларын жүргiзу жөніндегі заңнамаға тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.
Шикiзаттық бағыты бар компанияларға ИCO 14000 сериясы халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сапаны басқару жүйесi енгiзiледi.
Болжанатын нәтижелер
Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, табиғат қорғау процесiн жақсарту, қолданыстағы табиғат қорғау заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру, қоғам мен қоршаған ортаның өзара iс-әрекетi үйлесiмiне қол жеткiзу, мемлекеттiк басқару мен қоршаған ортаның жай-күйiне бақылау жүйесiнiң тиiмдi ұйымдық құрылымын жасау.
12. Аумақтық даму мен инфрақұрылым
12.1. Демография және халықты ұтымды орналастыру
Экономикалық дамудың тұрақтылығы және азаматтардың жай-күйiнiң жақсаруы соңғы жылдары демографиялық тұрақтандыруға және көшi-қон жағдайларына ықпал еттi. 2002 жылдан бастап соңғы он жылда алғаш рет ел халқы санының өсуi байқалады.
Сонымен бiрге, елде туудың азаюы және халық, оның iшiнде бала мен ана өлiмiнің жоғарылағаны, орташа өмiр сүру ұзақтығының төмендегенi, ерлер мен әйелдер өмiрi ұзақтығы арасындағы елеулi алшақтық, көшi-қонның керi сальдосы және iшкi көшi-қонның жоғары деңгейi байқалады.
Ел халқының 43% ауылдық жерлерде тұрады. Ауыл халқының байқалып отырған артуы олардың өмiр сүру деңгейiнiң тежелу себептерiнiң бiрi болып табылады және бұл елеулi проблемаға айналып отыр.
Жоспарлы экономика дәуiрiнде сақталып қалған орналастырудың оңтайлы емес схемасы бұл проблеманы елеулi түрде тереңдете түсуде, нәтижесiнде инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын қаражатты тиiмсiз салу жалғасуда, ал iшкi көшi-қон процесi берекесiз сипат алып отыр.
2004-2006 жылдарға арналған мақсаттар, міндеттер мен басымдықтар
Демография және көшi-қон саласындағы негiзгi мақсаттар демографиялық және көшi-қон процестерiндегi келеңсiз үрдiстердi азайтуға бағытталған саясатты жүргiзу, ел халқының санын, ең алдымен отбасы мен ананы қолдаудың нақты тетiктерiн жасау жолымен арттыру үшiн негiз жасау, сондай-ақ ауыл халқын орналастыруды оңтайландыру негiзiнде ауылдың тыныс тiршiлiгi жағдайларын жасау болып табылады.
Жоғарыда көрсетiлген мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу алда тұр:
қайта қалпына келтiрудi қоса алғанда, халық денсаулығының жай-күйiн жақсарту;
болашақта ұрпақтардың толық орнын басуды және халықтың ұдайы өсiмi режимiн кеңейтудi қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн тууды тұрақтандыру және оны ұлғайту;
отбасының өмiр cүpу жағдайларын жақсарту, үйлену-отбасылық қатынастарды нығайту;
қоғам мен мүгедектер деңгейiнде халық денсаулығы үшін жауапкершілікті арттыру;
көші-қон процестерiн басқару, елдің мемлекеттік қауіпсiздiгiн нығайту және көшiп келушiлер құқықтарын iске асыру үшін жағдайлар жасау;
ауылдық елдi мекендердi паспорттау негізінде әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткіштерi бойынша қолда бар жағдайларды талдау;
әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнiң өлшемдерi бойынша ауылдық елдi мекендердi жiктемелеу;
экономикалық қызметтi дамыту, құрылысты инвестициялау, ауылдың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн жөндеу және қайта жаңғырту.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жолдары
Демография және көшi-қон саласындағы проблемаларды шешуге кешендi келу мақсатында Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған демографиялық және көшi-қон саясаты бағдарламасы әзiрленедi.
Елде халықты қосу саясатын iске асыру мақсатында демография мәселесiне қатысты нормативтiк-құқықтық база жетілдiрiледi.
Демографияны ғылым сияқты тиiмдi дамыту үшiн демография проблемалары толық зерттеледi, оны дамыту болжамдалады, демография саласында кадр даярлауға тиiсiнше маңыз берiледi. Халықтың өсу проблемаларын зерттеу жөніндегі орталық құру көзделедi.
Халықтың көшi-қон саласындағы проблемаларын шешу үшiн мыналар көзделедi:
iшкi көшi-қон үшiн перспективасы жоқ өңiрлерден перспективасы бар өңiрлерге ынталандырулар жасау;
перспективаға ауылдық аумақтардың тұрғындарын орналастыру моделi бойынша ұсыныстар даярлау;
босқындардың өзi шыққан мемлекетке еркiн оралуы үшiн жағдайлар жасау;
заңсыз көшi-қонның жолын кесу;
Қазақстан Республикасының аумағында көшi-қон бақылау жүйесiн жетiлдiру;
оралмандардың жыл сайынғы көшiп келу квотасын арттыру;
жат елге қоныс аудару процестерiн азайтуға және тұрақтандыруға, оның ішінде республиканың зияткерлік әлеуетi жылыстауын болдырмауға жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасында жат елге қоныс аудару көңiл күйi мониторингін енгiзу;
азаматтарды қайта орналастыру және олардың құқықтарын қорғау процестерiн реттейтiн екi жақты және көп жақты келiсiмдердi жеделдетiп жасауға және iс жүзiнде iске асырылуына жәрдемдесу;
Экономиканың бейресми секторында жұмыс iстейтiн азаматтарды әлеуметтiк қорғау, заңсыз көшi-қон фактiлерiнiң алдын алу үшiн еңбек қатынастарын жария етудi ынталандыру тетігін құру жоспарланады.
Көшiп келу саласындағы мәселелердің басымдығы этникалық қазақтарды қарулы қақтығыстар аймағынан, ішкi тәртіпсiздіктерден, адам құқықтарының үнемi бұзылуларынан; экологиялық апат облыстарынан; күштеп ассимиляциялау қатері бар елдерден көшiріп алу болып табылады.
Болжанатын нәтижелер
Демография және көшi-қон саласындағы іс-шараларды iске асыру Қазақстан Республикасы Президентiнің 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының аумақтық дамуының 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналып әзiрленiп жатқан бағдарламасы, ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының шеңберінде халықты орналастырудың оңтайлы моделін құру, iшкi көшi-қон үшiн перспективасыз аудандардан дамушы аудандарға ынталандырулар жасауға, халық санын тұрақтандыруға және оның өсіміне қол жеткiзуге, олардың еріксiз көшi-қон ағындарының және келеңсіз салдарлардың алдын алуға мүмкiндік бередi.
12.2. Ауылдың әлеуметтiк саласы мен инфрақұрылымын дамыту
Үкiметтің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытындағы басымдық ауыл проблемасында айқындалған.
Президенттің Қазақстан халқына Арнауына сәйкес 2003-2004 жылдарға Ауыл аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрленіп бекітілдi.
Осы бағдарламаны әзiрлеу Ауыл халқының өмiр cүругe болатын және қабылдауға болатын кiрiстер деңгейiмен қамтамасыз ететiн экономикалық перспективалы жерлерде ресурстарды шоғырландыруға мүмкiндік беретiн ауыл аумақтарын тиімдi дамыту және ауылды орналастыру схемасын оңтайлы қалыптастыру жөнінде шараларды қабылдаумен байланысты болды.
Ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттiк саясатының негiзгi мақсаты ауылдық орналастыруды оңтайландыру негізінде ауылдың қалыпты тыныс тiршiлiгi жағдайларын жасау болып табылады.
Бағдарлама мақсаттарына қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделеді:
ауылдық елдi мекендердi (бұдан әрi - АЕМ) паспорттау негізінде әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштер бойынша бiрiншi кезектегi шаралар әзiрлеу;
әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнiң өлшемдерi бойынша AEM-дi жiктеу;
экономикалық қызметтi дамыту, құрылысты инвестициялау, әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн жөндеу және қайта жаңғырту жөнінде бiрiншi кезектегi шаралар әзiрленедi;
AEM әлеуметтiк-экономикалық дамуының мониторингiн, ауыл аумақтарының экологиялық қауiпсiздiгiн, жер ресурстарына баға берудi, ауыл тұрғындарының әлеуметтiк қызмет көрсетулермен және инженерлiк инфрақұрылымды қамтамасыз етудiң нормативтерi мен стандарттарын ұйымдастыру;
ауыл тұрғындарын қайта орналастыруды ынталандыру бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру;
ауылдағы тиiмдi орналастырудың моделiн әзiрлеу және оны iске асыру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу.
Қойылған мақсаттарға жетудiң және мiндеттердi шешудің жолдары
Бағдарлама шеңберінде проблемаларды шешудің ауқымы мен жаңалықтары республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң мүмкіндіктерiне қарай оны екi кезеңде iске асыруға шешiлетiн шараларды үйлестiрудің қажеттiлiгi.
Бiрiншi кезеңде (2004-2006 жж.) алғашқы үш мiндеттi шешу ұйғарылып отыр.
Бұл үшiн қазiргi кезде ауылдық елдi мекендердi паспорттау негізінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерi бойынша қалыптасқан жағдайға талдау жүргiзілдi, әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнің өлшемдерi бойынша AEM-дi жiктеу жүргiзілдi, экономикалық қызметтi дамыту құрылысты инвестициялау әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн жөндеу мен қайта жаңғырту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар әзiрлендi.
Бұдан басқа ауылдық орналастырудың кiрiстер мен қызмет көрсетулер құнының оңтайлы моделi жөнiндегi теңгерiмділігі негізінде қалыптастыру үшін, ауыл тұрғындарының әлеуметтiк және инженерлiк қамтамасыз етілуінің ұлттық стандарттары бекiтілдi, көшi-қон тасқындарын мемлекеттiк реттеу және ауыл көшi-қонын қолдау жөнiндегi шаралар бағдарламасы әзiрлендi, қолда бар заңнамалық базаны ревизиялау жүргiзілдi және қажеттi нормативтiк құқықтық құжаттар әзiрлендi.
Екiншi кезеңде (2007-2010 жж) әрбiр AEM-нің әлеуеттiк сыйымдылығына бағалау жүргiзу, ауылды орналастыру жөніндегі шараларды iске асыру, ауыл тұрғындарының неғұрлым жоғары өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз ету, ауыл аумақтарын тұрақты дамыту негiздерiн құру жоспарлануда.
Жүргiзiлген жiктеме негiзiнде 7660 АЕМ мынадай 4 топқа жiктелдi:
1. жоғары әлеуеттi дамуы бар ауылдық елдi мекендер - саны 1,6 млн. адам 1062 бiрлiк;
2. жоғары әлеуеттi дамудағы ауылдық елдi мекендер саны 5,3 млн. адам тұрғыны бар 5664;
3. төмен әлеуеттi дамудағы ауылдық елдi мекендер - саны 300 мың адамға жуық тұрғыны бар 776;
4. экологиялық жағдайлары ерекше қолайсыз ауылдық елдi мекендер саны 10 мың адамға жуық 22.
Бұдан басқа, республика бойынша тұтастай алғанда қазiргi кезде бүкiл халқы кетiп қалған және оларда ешкiм тұрмайтын 136 елдi мекен бар.
Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерiне сәйкес объектiлердi инвестициялауға таңдау кезінде мынадай басымдықтар ұсынылады:
Жоғары немесе орташа даму әлеуетi бар АЕМ-ге бағыттауға қажеттi құрылыс пен әлеуметтiк-инженерлiк инфрақұрылымды жаңғыртуға инвестиция беру. Бұл ретте әрбiр АЕМ-нің нақты жағдайы қарастырылатын болады, инвестициялауға жататын объектiлер анықталды, қаржыландыру көздерiнің мүмкiндiгiне қарай құны мен теңгерiм сомалары есептелдi. Агроөндiрiстiк және қайта өңдеу салаларының өсу бағдарламасы әзiрлендi, сату рыноктары кеңейтілдi, кiрiстердің әлеуеттік өлшемдерi және оларға сәйкес ауылға көшiп келушiлердi қосымша қабылдау мәнiне елдi мекеннiң әлеуеттiк сыйымдылығы ескерілдi.
Әлеуеттiк дамуы төмен АЕМ бойынша қосымша экономикалық қызмет салаларын дамыту және кiрiстердi өсiру мүмкіндiгi қарастырылады, тiршiлік етудің нормативтiк қызметтер көрсету деңгейiне жеткiзуге арналған шығындар бағаланды, қаражатты салудың неғұрлым тиiмдi нұсқасын айқындау үшiн көшiруге арналған шығындар мүмкіндiгiне қарай теңдестiрілдi. Осы жұмыстарды жүргiзуге дейiн қаражатты тек қана қолда бар бiлiм беру және денсаулық сақтау объектілерiн, байланыс қызметтерiн және көлік қатынастарын қамтамасыз етуге бағыттау көзделедi.
Айрықша қолайсыз экологиялық жағдайлары бар аумақтар жаңадан инвестицияланатын аумақтар тiзiмiнен алынып тасталады. Осы аумақтар бойынша неғұрлым қолайлы жерлерге қоныстандыруды ынталандыратын шаралар есептер даярлау жоспарланады және қоныстандыруға арналған қаражат қажеттілігiн, көгалдандыруға арналған кредиттер берудi, мал және өндiрiстiң керек-жарағын сатып алуды, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзуге бөлiнетiн жер учаскелерiнiң көлемiн айқындау көзделедi.
Әртүрлi АЕМ-дер үшiн мемлекеттiк бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануды арттыруға бағытталған олардың экономикалық әлеуетiне байланысты сараланған мемлекеттiк қызмет көрсетулердi ұсыну жөнiндегi барлығын қамтитын көп секторлы стратегияны жасау. Ауыл аумақтарын дамытуды инвестициялау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар жiктемесінің нәтижелеріне сәйкес жоғары әлеуеттi дамудағы 1062 AEM және орташа даму деңгейi жиынтығымен, бiрақ жоғары экономикалық әлеуетi жоқ 132 AEM қамтылатын болады.