әлеуеттi инвесторлар үшiн қордың жарғылық капиталға қатысуы есебiнен кәсiпорындар мен осы кәсiпорындарды басқару тартымдылығын арттыру;
отандық және шетелдiк кәсiпорындар арасындағы өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ету мен толықтырушы, аралас өндiрiстердi дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру;
қазақстандық кәсiпорындардың шетелдегi инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;
халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзінде инвестициялық портфельдердi басқарудың озық практикасын жасау;
қордың инвестициялық жобаларына қатысу үшiн менеджерлердi даярлау болып табылады.
Даму банкi қазақстандық экономиканың шикiзаттық емес салаларында iске асырылатын, негiзiнен жұмыс жасап тұрған кәсiпорындарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі инвестициялық жобаларын іске асыруға кредит беретiн болады.
Ұлттық инвестициялық қор өндiрiс тиімділігін арттыруға және тауарлар мен қызметтердің жаңа түрлерiн шығаруға жәрдемдесетiн инновацияларды коммерциялауға қатысатын болады.
Экспортты сақтандыру жөніндегі компанияның негiзгi міндетi экспорттық келiсiм-шарттар мен инвестицияларды сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен қазақстандық өндiрушiлердің тауарлары мен қызметтерiн экспорттауға тiкелей жәрдемдесу болып табылады. Тиімдi жұмыс жасау үшiн Экспортты сақтандыру жөніндегі компания қазақстандық өнiмдердің экспортын дамыту үшiн маркетингiлiк зерттеулер, әлеуеттi сату рыноктары туралы ақпаратты зерделеу мен оны кейiннен таратуды жүргiзетiн болады. Бұл құрал әлемде кеңiнен танымал әрi қаржылық және әкiмшiлiк көзқарас тұрғысында экспорттық транзакцияларды жеңiлдетуге жол ашады.
Осы кезеңде капитал мен құруы жорамаланып отырған қорларды құру, Даму Банкiнiң жарғылық капиталын ұлғайту, жобаларды инвестициялаудың мемлекеттiк жүйесiн елеулi түрде жетілдіру қажет.
Тұтастай алғанда, даму институттары тұрақты жұмыс жасауы орталықсыздандыру, мамандандыру, ішкі және сыртқы бәсеке қағидаттарына негiзделетiн жүйенi қалыптастыруға тиiс.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың бастапқы iс-шарасы осы бағдарламаны абыройлы iске асыруды қамтамасыз етуге қабiлеттi басқарушы, инженер, техникалық және ең бастысы, жұмысшы кадрларды мақсатты даярлау болуға тиiс.
10.2.1. Химия және мұнай химиясы өнеркәсiбi
2003-2006 жылдары өндiрiстердi тұрақтандыру мен дамыту есебiнен фосфор мен оның туындыларын шығару ұлғаяды.
Минералдық тыңайтқыштар мен өсiмдiктердi қорғаудың агрохимиялық заттарын сатып алуға мемлекеттiк кепілдiк минералдық тыңайтқыштар мен өсімдiктердi қорғау құралдарын өндiру перспективаларын оң бағалауға мүмкiндiк бередi.
Қазақстанның минералдық тыңайтқыштарды қажет етуi жылына 2-2,5 млн. тоннаны құрайды. Жұмыс жасап тұрған қуаттардың ("Қазфосфат" ЖШС, "ҚазСабтон" ЖАҚ, Химкешен, Ақтау қ.) қызметiн тұрақтандыру есебiнен 2006 жылы 530-550 мың тонна азот және фосфор тыңайтқыштарын өндiру жоспарлануда.
Мұнай-химия кәсiпорындары үшiн отандық шикiзат базасын жасау проблемасын шешу қажет.
Республиканың жұмыс жасап тұрған мұнай-химия кәсіпорындары үшiн шикiзат ресурстарының отандық базасын жасау проблемасын шешу қажет.
Табиғи газдың сұйық компоненттерiн тереңдетiп фракциялау жөніндегі қазiргi заманғы және тиімдi технологиялар мен қондырғыларды пайдалану негiзінде бiрнеше инвестициялық жобаларды iске асыру көзделдi.
Осы жобаларды iске асыру бастапқы мұнай химиясы өнiмдерiн, ал олардың негiзінде кейiннен тауарлардың кең ассортименттерiн шығару бойынша өндiрiстер құра отырып, пластикалық массалар мен икемдi өлшеуiштер (полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид, синтетикалық талшықтар, синтетикалық каучуктер) алуға мүмкiндiк бередi.
Құрылыс инвестициялық қаражат есебiнен, сондай-ақ отандық ресурстық, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық бастама пайдаланыла отырып, басты дәрежеде жоғары технологиялар трансфертi есебiнен жүзеге асырылатын болады.
Құрылыс орнын таңдау - көмiрсутек шикiзатын игеру инфрақұрылымының жанында өндiруге арналған шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Шикiзат ресурстары ретiнде Теңiз, болашақта Қарашығанақ және Құмкөл кен орындары газдарының бөлiгiн жоғарыда аталған кен орындары базасында мұнай химиясы өндiрiсiн дамытудың мынадай нұсқаларына пайдалану көзделiп отыр:
1. Ақсай қаласында Қарашығанақ газхимкешенiн салу 2003-2005 жылдарға инвестициялық қаржыландыру көлемімен 1,2 млрд. теңге. Кешен 200 мың тоннаға дейiн сұйық құрауыштар - этан, пропан, бутан, гексан және 10 млрд. куб. м дейiн құрғақ газ алуға мүмкiндiк бередi. Жобаны iске асыру 2010 жылға қарсы синтетикалық каучуктардың 5 түрiн шығаруды ретке келтiруге мүмкiндiк бередi.
2. Өнеркәсiптiк аймақта 2004-2007 жылдары қазiргi заманғы және тиiмдi технологияларды енгiзе отырып:
табиғи газдың сұйық құрауыштарын (этан, пропан, бутан, гексан) терең фракциялау жөнiндегi;
бастапқы мұнай химиясы өнiмдерiн және олардың негiзiнде пластикалық массалар мен икемдi өлшеуiштер (полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид, синтетикалық каучуктер мен талшықтар (полиамидтiк және полипропилендiк) алу жөнiндегi;
iлеспе мұнай газынан бензол алуды орнату жөнiндегi Қарашығанақ мұнай химиясы кен орнының құрылысын салу.
Кешен жылына сұйық газды 800 мың тонна, 30 млрд. текше м. құрғақ газды немесе 100 мың тоннаны алуға мүмкiндiк бередi.
Құрылыс құны - 1,0 млрд. доллар.
3. Отандық және шетел кәсiпорындарында пластмассалардың әртүрлi маркаларын ала отырып, кейiннен өңдеу үшiн жаңа құрылатын "КРИП" зауытында кейiннен этилен мен пропиленге қайта өңдеп, 500,0 мың тонна этанды өндiру жөніндегі объектiлер кешенінің құрылысын салу.
Осылайша, мұнай және газ химиясы кешендерiн салу және пайдаланымға қосу, сондай-ақ қолданыстағы мұнай және газ өңдеу зауыттарын жаңғырту және технологиялық жағынан жаңарту:
- жоғары қосылған құны бар мұнай химиясы өнiмдерiнiң рыногын құру туралы айту мүмкiндiгiн беретiн көмiрсутек шикiзатын терең және кешендi өңдеу жөнiндегi құрылымдарды қалыптастыруды бастауға;
- Қазақстан экономикасының мұнай бен газға әлемдiк баға жағдаятынан тәуелдiлiгiн азайтуға, Орта Азиялық және iшкi рынокты қазақстанда өндiрiлген мұнай химиясы өнiмдерiмен толтыруды қамтамасыз етуге;
- көмiрсутек шикiзатын терең өңдеу жөніндегі қолданыстағы технологиялар мен өндiрiстер құрғанға және жоғары қосылған құны бар тауарлық мұнай химиясы өнiмдерiн шығарғанға дейiн қызметi мұнай мен газдыөндiруден және тазалаудан жүзеге асырылатын сатылас-бiріктiрiлген кешендердi Қазақстан Республикасында қалыптастыру үшiн негiз құруға мүмкiндiк бередi.
10.2.2. Жеңiл өнеркәсiп
Жеңiл өнеркәсiпте тоқыма және былғары өнеркәсiбi салаларын дамыту басымды бағыт болып табылады, олар жеңіл өнеркәсiптің кейiннен отандық шикiзатқа - иiрiм жіппен, матамен, былғары тауарлармен қайта жасауды қамтамасыз етедi. Мақта-мата және жүн жiп, трикотаж жайма, дайын мақта-мата, жүн және синтетикалық кездемелер, киiмдер және аяқкиiмдер түрiндегi шала фабрикат шығару басымды болып табылады.
Синтетикалық және жасанды жiптерден жасалатын кездемелердің сапасы жақсарды, осылайша Шығыс Қазақстан облысында жергiлiктi өндiрушiлердің тауарлар көрме-конкурсында үздiктер қатарында "Текстиль-Восток" AAҚ кездемелерінің ассортименттерi болды.
"Алматыкiлем" АҚ тұрмыс рыногын кеңейту үшiн кiлем және кiлем бұйымдарын шығару бойынша белсенді шаралар қабылдайды, айналым қаражатына кредит беру бойынша қазақстан банктерiмен жұмыс реттелдi, импорт өнiмдерiн берушi кәсiпорындар iрiктелдi, жүн шикiзатын дайындау және беру жүйесi ұйымдастырылды.
2004-2006 жылдардың орта мерзiмдi кезеңдерiнде жеңiл өнеркәсіп өнiмдерi көлемдерiнің өсiмi Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясының шеңберiнде шикiзаттық тоқыма саласын дамытуға инвестициялар тарту, өндiрiске жоғары технологиялар енгiзу үшiн қолайлы жағдайлар жасау саясатын жалғастыру есебiнен күтіледi.
10.2.3. Ағаш өңдеу және жиhаз өнеркәсiбi
Ағаш өңдеу және жиhаз өнеркәсiбiнде аса басымды бағыт орман, ағаш өңдеу және жиhаз өндiрiсiн қамтитын технологиялық өзара байланысты өндiрiстердi кешендi қалпына келтiру және дамыту болып табылады.
Ағаш өңдеу өнеркәсiбінде - ағаш дайындау, кесiлмелi материалдар, тақта материалдарын, құрылыс және ағаш бұйымдарын өндiру, жиhаз үшiн ағаштан дайындау.
Жиhаз өнеркәсiбiнде - сапасы және бағасы бойынша бәсекелестi жиhаздардың кең ассортиментiн шығару.
Қағаз, картон және басылым iсi өнiмдерiн шығаруда қағаз және картон өндiру басымды болып табылады.
Аталған міндеттердi iске асырудың негiзгi жолдары:
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жолымен отандық кәсiпорындар үшiн бәсекелестiк ортаны жақсарту;
тұрмыстық рынокты кеңейту болады.
10.2.4. Машина жасау
2004-2006 жылдардағы кезеңде машина жасау саласын дамытудың басым бағыттары мұнайгаз, тау-кен металлургиялық, ауыл шаруашылық және көлiктiк машина жасаудың өсуiне негiзделетiн болады.
2004 жылы мұнайгаз және ауыл шаруашылығы басым бағыттарын ескере отырып, машина жасау саласын қолдау және дамыту шараларын айқындайтын 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Машина жасау кешенiн дамыту бағдарламасы әзiрленетiн болады.
Осы кезеңде өндiрiстің өсу факторлары:
Каспий теңiзiнің Қазақстандық секторын игеру үшiн мұнай өндiрiсi мен геологиялық қадағалау өндiруге және жөндеуге сұранысты көбейту;
көлiк құралдары рыногының нақты мұқтаждарына бағдарланған кәсiпорын құру жолымен өнімдердің жаңа түрлерiн игеруге тапсырыстардың өсуi;
аграрлық сектор кәсiпорындарында ауылшаруашылық техникасына сұраныстың өсуі;
"Агромашхолдинг" ААҚ ("Қостанайдизель" ААҚ мен "Сибмашхолдинг" ААҚ қатысуымен) мемлекетаралық холдингiн құру есебiнен дизельдiк қозғалтқыштарды iске асыру географиясын кеңейту;
жабдықтарға және материалдарға металлургиялық кәсiпорындардан тапсырыстардың өсуi болады (машина жасау холдингтерiн жасау тауарлардың сапасын арттыруға, өндiрiстi оңтайландыруға және шығындарды азайтуға мүмкiндiк бередi).
10.2.5. Құрылыс материалдарының өнеркәсiбi
Құрылыс материалдары өнеркәсіптерiнің негiзгi мiндетi iшкi рынокта ұқсас импорттық өнiмдi ығыстырып шыға алатын және әлемдік рынокта бәсекелестік қабілетi болатын жоғары сапалы құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар шығаруды ұйымдастыру болып табылады.
Мұнайгаз өнеркәсiбінің даму қарқынын ескере отырып, 2004-2006 жылдары цемент, құрғақ құрылыс қоспаларын, табақты шыны, полимерлiк құбыр бұйымдарын, қаптағыш және тесiк керамикалық кірпiш, жоғары тиiмдi жылу және гидрооқшаулағыш материалдар шығару жөнiндегi өндiрiстердi орналастыру жолымен Қазақстанның Батыс өңiрлерде құрылыс индустриясының базасын, сондай-ақ әртүрлi мақсаттағы металдық конструкцияларды жинау және монтаждау бойынша қуаттылықтарды дамыту қажет.
Құрылыс материалдары өнеркәсiбiн дамытудың басым бағыттары ғылымды қажет ететiн автоматтандырылған технологиялар негізінде құрылыс материалдарын өндiрудi дамыту болып табылады, олар:
керамикалық кiрпiштер, қабырға бұйымдарын және бетон блоктарын өндiру;
пластикалық шыны, полимерлiк құбыр және бұйымдар өндiру;
керамикадан жасалатын сантехникалық бұйымдар өндiру;
конструктивтік, оның ішінде отқа төзімдi бұйымдар өндiру;
минералдық мақта негiзiнде тиімдi жылытқыштар өндiру;
жаңа ұрпақтың шатыр және оқшаулау материалдарын өндiру;
жеңiл құрылыс конструкцияларын өндiру; құрғақ құрылыс қоспалары мен әрлеу материалдарын өндіру.
Қойылған мiндеттердi шешу үшiн жаңа экспортқа бағдарланған құрылыс материалдары өндiрiсiн әзiрлеудi және игерудi инновациялық қолдау ұйғарылып отыр.
Болжамдалып отырған нәтижелер
Өнеркәсiптiк өндiрiстің ортажылдық өсiмi 2004-2006 жылдары 9%-ды, оның iшiнде өңдеу өнеркәсiбiнде - 6%-ды құрайды.
10.3. Агроазық-түлiк саясаты
Мiндеттерi мен мақсаттары
2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттiк агроазық-түлiк саясатының негiзгi мақсаты агроөнеркәсiптiк кешеннің тиiмдi жүйесiн қалыптастыру және бәсекелестiк қабiлеттi өнімдер өндiру. Оған қол жеткiзу үшiн мынадай міндеттердi шешу көзделiп отыр.
Бiрiншi. Халықтың барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, әрбiр отбасының табысын арттыру үшiн жағдайларын жақсарту, халықтың сұранысын толық қанағаттандыру үшiн ауыл шаруашылығы өнімдерi мен кең ассортименттi жоғары сапалы азық-түлiк тауарларын жеткiлiктi өндiру жолымен елдiң әрбiр тұрғынын белгіленген тұтыну стандарттарынан төмен емес деңгейде тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Екiншi. Агробизнестің тиiмдi және бәсекелестiк қабiлетi бар жүйесiн қалыптастыру.
Осы мiндеттердi iске асыру мақсатында:
ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердi рыноктық айналымға тарту үшiн заңнамалық және экономикалық жағдайлар жасау;
ауыл шаруашылық су пайдалануда экономикалық қатынастарды реттеу;
өндiрiске аграрлық ғылымның соңғы жетiстiктерiн жедел енгiзуге жәрдемдесу;
жануарлар мен өсiмдiктердiң генетикалық әлеуетiн тұрақты арттырып отыру үшiн жағдайлар жасау;
өсiрiлген өнiмдердi өндiру, қайта өңдеу, өткiзу мәселелерiн бiрлесіп шешу мақсатында ауыл шаруашылық тауар өндiрушілерiне ассоциациялар мен кооперативтерге бiрлесуге ықпал ету жоспарланып отыр.
Үшiншi. Өндiрiс тұрақтылығының басты шарты және оның өнiмiне баға деңгейiн ұстап тұрудың қолайлы тетiгi болып табылатын өндiрiс пен өткiзу балансына қол жеткiзу мақсатында ауыл шаруашылық өнiмдерi мен оның қайта өңделген өнiмдерiн сату көлемін арттыру үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
Төртiншi. Агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекелестiк қабiлетi бар экспортқа бағдарланған салаларын дамытуға бағытталған экономиканың аграрлық секторын ұтымды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және мiндеттердi шешу жолдары
Алдағы кезеңде өсiмдiк шаруашылығы саласында егiншiлiк және өңiрлiк мамандандыру жүргiзудің ғылыми-негiзделген принциптерiн ескере отырып, егiн егу алаңдары құрылымына түзетулер енгiзу қажет.
Егiн егу алаңдарының құрылымын оңтайландыру тұқым шаруашылығы жүйесiн қайта құрумен бекуi тиiс.
Мал дәрiгерлiгiнде негiзгi бағдар барлық мал басын алдын-алу диагностикалық зерттеулермен барынша қамту үшін зертханалық диагностика бойынша жұмыстардың көлемiн кеңейтуге жасалатын болады.
Өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласында фитосанитарияға қарай назар өсiмдiктер ауруларына және карантиндiк орданы оқшауландырылуын және жойылуын бақылауды нығайтуға аударылатын болады. Осыған байланысты мал дәрiгерлік, фитосанитариялық және карантиндiк зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi шаралар кешенi жүргiзiледi, фитосанитариялық диагностиканың республикалық әдiстемелiк орталығы және республикалық интродукциялық-карантиндiк дәндi-дақыл мөлтегі құрылды.
Егiншілiктi ынталандыру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен алынатын қаражат көлемi 2006 жылға қарсы 2,6 есе артады. Минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау көлемдерi 3 есеге, көктемгi егiс және жинау жұмыстарын жүргiзуге жергiлiктi бюджеттерге кредит беру көлемдерi - 1,7 eceгe өседi.
Алдағы шараларға байланысты жер жағдайына бақылауды нығайтуды агрохимиялық қызметтiң ғылыми-әдiстемелік орталығы ұйымдастырады.
2003 жылдан бастап су мелиорациясында мемлекеттiк меншіктегі шаруашылық аралық арналар мен су мелиорациялық үй-жайлар апаттық участкелерiн қалпына келтiру жөніндегі бюджеттiк бағдарлама, сондай-ақ ауыл шаруашылығының су пайдаланушыларына белгiленген тарифтердің 40,%-ына дейiнгi мөлшерде ағын суын беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау бойынша бюджеттiк бағдарлама iске асырылады.
Астық өндiру салаларын мемлекеттiк реттеу шаралары елеулi түрде нығайтылатын болады, өйткенi астық басты экспорттық өнiм болып табылады. Болжамдық деректерге қарай мемлекет жыл басында өзінің астық рыногында қатысу өлшемдерi туралы хабарлайтын болады. Атап айтқанда сатып алынатын баға деңгейi сапасына қарай сараланатын болады. Мемлекеттiк резервтi жаңартуға арналған бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк сатып алу көлемдерi өзгермейдi және шамамен 450-500 мың тоннаны құрайды. Кредиттiк және қарыз қаражаты есебiнен коммерциялық сатып алу көлемдерi астық рыногындағы жағдайларға және күтілетiн болжамдық деректерге қарай анықталады.
Бiрегей тұқымдарды өндiрудің құнын субсидиялау және ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарын отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушілерi iске асыру арқылы тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға бағытталған қаражаттар 9% ұлғаюда.
Сондай-ақ нарықтық айналымға астық қолқасын неғұрлым кеңінен тарту, оларды өтей алмау тәуекелiн болдырмау және оларды құнды қағаздар ретінде қамтамасыз ету мақсатында астық қолқасын пайдаланудың кепілдендiрiлген қоры құрылды.
Ауыл шаруашылығының машина жасау жүйесiнде өндiрiстi ауыл шаруашылығы техникасы мен қосалқы бөлшектерiн ынталандырудың жеткіліктi қомақты шаралары қабылданатын болады.
2004 жылы ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылық техникасын лизингтеудi және ауыл шаруашылығы өндiрiсiн 22% техникалық көмек көрсету жөніндегi инфрақұрылымды бюджеттiк қаржыландыру көлемiн ұлғайту күтілуде.
Атап айтқанда, мемлекеттiк МТС және сервис-орталықтарының жерлерiн құру бағдарламасын кеңейту жоспарлануда. Осы мақсаттарға алдағы кезеңде 4,8 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр.
Мемлекеттiк қолдауды аса талап ететiн аграрлық өнеркәсiп кешендерi салаларының арасында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу маңызды орын алып отыр. Республиканың қайта өңдеу өнеркәсiптерi моральдық артта қалған тозған материалдық-технологиялық базасының бар екенiн ескере отырып, 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында қайта өңдеу кәсiпорындарын мемлекеттік қолдау жөніндегі бiрқатар шаралар көзделген, оның ішінде:
а) екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарға олардың айналым қаражаттарын толықтыруға бөлiнген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделерi) ставкаларын субсидиялау. Бұл ауыл шаруашылығының қайта өңдеу салаларына екiншi деңгейдегi банктердің кредиттерiн арзандатуға және тартуға мүмкіндік бередi. Импорттың үлесi айтарлықтай жоғары басым бағыттар анықталды (қайнатылған сүт, құрғақ сүт, шұжық тағамдары, ет консервiлерi, жеміс-көкөнiс консервiлерi, өсiмдiк майы);
б) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарға арналған жабдықтар лизингi және ауыл шаруашылығы өнімдерiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарға арналған жабдықтар лизингi жөнiндегi сыйлықақы (мүдделер) ставкаларын өтеу.
Жоғарыда көрсетiлген шараларды iске асыру технологиялық жабдықтардың қуаттары мен жетілдіруiн аса толық пайдалануға, шикізатты және технологиялық процестi сатып алуды жетілдіруге, шығарылатын өнiмнiң сапасын арттыру және түрлерiн кеңейту есебiнен тамақ және қайта өңдеу өндiрiстерiн арттыруға және ішкі тұтынуда импорт үлесін неғұрлым төмендетуге, сондай-ақ отандық өнімдер мен ішкі және сыртқы рынокқа шығуға мүмкiндiк бередi.
Аграрлық бизнестiң тәуекелдiлiгiн азайту және орнықтылу мен тұрақтылығын азайту мақсатында ауыл шаруашылығының ең қатерлi саласы өсiмдiк шаруашылығына міндеттi сақтандыруды енгiзу көзделедi. "Өсімдік шаруашылығындағы міндеттi сақтандыру туралы" Заңның жобасына өсiмдiк шаруашылығындағы сақтандыру бизнесiн жандандыру тетiктерi осы iсте мемлекеттің рөлi мен орны енгiзiлген.
Болжамдалатын нәтижелер
2006 жылға болжамды деректер бойынша республикада астық өндiрiсi 14,5 млн. тоннаны құрайды, оның iшiнде бидай 11,5 млн. тонна. Астық сапасын арттыру күтiледi, соның нәтижесiнде астық экспорты 5,5 млн. тоннаға дейiн өседi. Бұршақ, жүгерi, май дақылдары өндiрiсi ұлғаяды, бұл жемдер мен өсiмдiк майы өндiрiсiн ұлғайтуға мүмкiндік бередi.
Алдағы жылдары орындау жоспарланып отырған iс-шаралар нәтижесiнде 2006 жылы 2003 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жануарларының басы өседi. Мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру 2006 жылы 2003 жылмен салыстырғанда: ет - 10%-ға, сүт - 12,7 %-ға, жұмыртқа 22,5 %-ға, жүн 12,6 %-ға өседi.
11. Табиғи капиталды дамыту
11.1. Тау-кен өндіру кешенiн дамыту және
оның ресурстарын пайдалану
11.1.1. Жылу-энергетикалық ресурстарын өндіру және игеру
Мұнай өнеркәсiбi
Қазақстан көмiрсутек қорлары бойынша, ал жақын болашақта оларды өндiру көлемдерi бойынша да әлемнің ең iрi елдерінің бiрi болып табылады. Қазақстан Республикасы мұнайдың барланған қорларының көлемдерi бойынша 12; газ және газ конденсаты бойынша - 15; мұнай өндiру бойынша - 21 орын алады.
Көмiрсутек шикiзатын өндiрудің негiзгi өсiмi: ҚазМұнайГаз, Теңiзшевройл, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг, ҚазГерМұнай, Ақтөбемұнайгаз, Аджип (Солтүстiк Каспий) компанияларының жобалары есебiнен қамтамасыз етілетін болады.
Мақсаты
Газ конденсатын қоса алғанда, 11-14% орташа жылдық қарқынмен мұнай өндiрудің орта жылдық өсiм қамтамасыз ету.
2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығымен бекiтiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игеруді мемлекеттiк бағдарламасының бiрiншi сатысын iске асыру басталады. Осы бағыттағы негiзгi міндеттер:
көмірсутектерінің барланған қорларының өсімін қамтамасыз ету және өндiру деңгейiн тұрақты жоғары деңгейге шығару;
көмірсутектерiн тасымалдау мультимодальдық жүйесiн дамыту;
теңiз флоты мен теңiз порттарын дамыту;
жеке ғылыми-технологиялық базаны қалыптастыру;
қазақстан мамандарын даярлау және оқыту;
теңiз мұнай операцияларын тиiмдi басқаруды арттыру;
төтенше жағдайларды алдын-алу және олардың салдарларын жоюға дайындықты қамтамасыз ету;
мұнай химиясы өнiмдерiн дамыту және өндiрілген газды кәдеге жарату;
заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Көмiрсутегi шикiзатын өндiру негiзiнен өсімi Қарашығанақ, Теңiз және басқа да кен орындарын игеру есебiнен қамтамасыз етiледi.
Бiр уақытта Каспий шельфiнiң құрылымдарында мұнайға және газға барлау жұмыстары жүргiзiлетiн болады.
Баку-Тбилиси-Джейхан, Қазақстан-Түркменстан-Иран және т.т. бағыттарды қарауды қоса алғанда көмiрсутек шикiзатын тасымалдаудың перспективалы бағыттарын зерделеу жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады.
Жамбыл облысының Амангелдi газ кен орындары тобының игеру жалғасуда. Арал теңiзi ауданында мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстарын белсендiру алдымызда тұр.
2006 жылы Атырау мұнай өндiру зауытын қайта жаңартуды аяқтау жоспарланып отыр.
Газ өнеркәсiбi
2006 жылғы кезеңде шикi газ өндiру көлемдерiнiң өсiмi Қарашығанақ және Теңiз кен орындарында өндiрудi арттыру өсiмi есебінен қол жеткiзiлетiн болады, онда 2006 жылы болжамдар бойынша Қарашығанақта газ өндiру жылына 16 млрд. текше метр жоғарыны, Теңiзде - 10 млрд. текше метрден жоғарыны құрайды.
Қарашығанақтан өндiрiлетiн шикi газдан 6,7 млрд. текше Орынбор газ өндiру зауытына бepу, қалған 8,8 млрд. текше газды пластқа қайта айдау үшiн пайдалану жоспарланып отыр. Жеке ГӨЗ құрылысын салу 2004-2007 жылдары аталған "Газ" жобасын игерудiң 3-сатысын iске асыру шеңберінде жоспарланып отыр.
Елдiң газ саласын одан әрi дамыту, халық пен Республика кәсіпорындарды табиғи газбен үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында газ саласын дамыту үшiн мынадай кен орындары мен жобалардың базалық стратегиялық маңызы бар.
Жеке газөндiру зауытының құрылысын сала отырып, Қарашығанақ кен орнында "Газ жобасын" дамыту, ол қорлары республика бойынша газдың дәлелденген қорларының шамамен 50%-ын құрайтын жеке газ ресурстарын өңдеудегi тәуелсiздiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Қорлары C1 санаты бойынша 227,4 млрд. м3, ал C2 санаты бойынша 741,6 млрд.м3 Қашаған теңiз кен орнын әзiрлеу.
Жамбыл газ кен орындары тобын, бiрiншi кезекте жоспарлы жылдық өнiмi 600 млн. м3 Амангелдi кен орнын әзiрлеу.
Бос газдың перспективалы ресурстары шамамен 300 млрд. м3 құрай алатын және жиынтық өнiмi жылына 5-6 млрд.м3 Солтүстiк арал маңындағы болжамды аумақтарда газ қорларын барлау жөніндегі жұмыстарды аяқтау.
Iлеспе және бос газ қорларының қалдық алынатын қорлары 15,6 млрд. м3, ал барлау және пайдаланымға дайындық сатысындағы перспективалы кен орындары бойынша (Арысқұм, Қоныс, Бектас) - 18,7 млрд. м3 құрайтын Арысқұм ойпаң жердегi Оңтүстiк Торғай кенорындарының ылдиларын әзiрлеу.
Жаңажол кен орынында 2006 жылы 4,5 млрд. текше метр газды өндiру жоспарланып отыр, бүгінгi таңда өндiру көлемi 2,4 млрд. текше метрдi құрайды. Өндiрiлетiн газдың артылуына байланысты "АМО-СNРС" ААҚ артық газды өндiру үшiн жаңа ГӨЗ салуды жоспарлайды.