бюджет кодексiнде көзделген нормаларға сәйкес бюджеттiк құқықтық қатынастарды регламенттейтiн қолданыстағы нормаларды ретке келтiру;
бюджеттiк бағдарламалау әдiстерiн одан әрi енгiзу;
бюджеттердің шығыстарын жоспарлаудың нормативтік әдiсiн енгiзу;
бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бағалау әдiстерiн жетілдіру;
Қазынашылықты жаңғыртуды аяқтау;
инвестициялық жобаларды, оның iшiнде бюджеттік даму шығыстарын қалыптастыру жүйелiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражатының есебiнен iске асырылатындарды дайындау, қарау, iріктеу процесін ретке келтiру;
әрбiр мемлекеттiк басқару деңгейiнiң бюджет ресурстарын бөлудегi дербестiгiн күшейту.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жолдары
Алдағы кезеңге арналған бюджеттi қалыптастыру бiрiншi кезекте мемлекеттiк және салалық бағдарламаларда көзделген бағыттарға негiзделетiн болады, яғни бюджет шығыстары бағдарламалық құжаттарда растау табуы тиiс. Бағдарламаларды iске асыру кезінде тиімділік пен нәтижеліліктің iшкi және сыртқы бағаларына ерекше көңiл бөлінуi тиiс.
Бағдарламаны одан әрi iске асырудың орындылығы туралы шешiм мемлекеттiк бағдарламалардың iс-шаралар жоспарын орындауға; материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану тиiмділiгiн талдауға; мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына әсерiн бағалау.
Осылайша, бiр уақытта мемлекеттiк органдардың жауапкершілiгiн арттыра отырып бюджет қаражатын тиімдi жұмсау мақсатында мемлекеттiк органдар өз саласында мемлекеттiк саясатты iске асыра отырып барынша тиiмдiлiкпен бар ресурстарды пайдалана алатын белгiленген өлшемдерге сүйенудi қамтамасыз ету жоспарланады.
Алдағы кезеңде елдің ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарын қолдау мен дамыту, әлеуметтiк даму міндеттерiн шешу, денсаулық сақтау мен бiлім берудi одан әрi дамыту, ғылым мен инновацияларды дамыту, мәдени-тарихи құндылықтарды сақтау бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары болып табылады.
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасын iске асыру шеңберiнде шығыс өкілеттiктерiн мемлекеттік басқару деңгейлерiне бекiту реттеледi және бюджетаралық трансферттердiң тиiмдi моделi анықталатын болады. Оның iшiнде төменгi мемлекеттiк басқару деңгейiн қаржы құралдарымен қамтамасыз ету тетiгiн енгiзу көзделедi.
Бюджет кодексiнің нормаларын енгiзу және 2005 жылдан бастап iске асыру бюджет қаражатын жұмсаудың тиiмдiлiгiн арттыруды; бюджет шығыстарының үлкен айқындылығына қол жеткiзудi; бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын мемлекеттiк қаржылық бақылау рөлiн күшейтудi көздейтiн бюджет шығыстарын басқарудың сапалы жаңа деңгейiне көшудi қамтамасыз етедi.
Нормативтiк құқықтық актiлердің нормаларын Бюджет кодексiнің нормаларына келтiру және Бюджет кодексiн iске асыруға бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.
2005 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердi қалыптастыру Бюджет кодексiнің негізінде жүзеге асырылатын болады.
Бюджет кодексiнің жобасында көзделген жыл сайын Алдағы үш жылға арналған орта мерзiмдi фискальдық саясатты әзiрлеу орта мерзiмдi кезеңде салық-бюджет саясатын қалыптастыруға бағытталатын болады. Осы құжат орталық және жергілікті мемлекеттiк басқару органдары бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу кезінде негiз болып табылады.
Ұлттық қордың активтерiн тиiмдi басқаруға бағытталған саясат жүргiзiлетiн болады.
ЖІӨ-ге проценттiк қатынаста бюджеттiң тапшылығын бiртiндеп қысқарту және мемлекеттiк борыш құрылымын оңтайландыру көзделедi.
Мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн iске асырудың уақытылығы мен тиімділігін арттыру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
5.2.3. Мемлекеттiк борышты басқару саласындағы саясат
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Yкiметiнің сыртқы борышы үкiметтiк борыштың жалпы көлемiнің 79%-iн құрады. Борыштық портфельдің осындай құрылымы дағдарыс нәтижесiнде қаржылық шығындардың басталу рәсiмiне елеулi ұшырады және осы тұрғыдан экономикалық қауiпсiздіктiң өлшемдерiне сәйкес келмейтiн осал болып табылады. Үкiметтің борыштық портфелiн әртараптандыру мақсатында iшкi рынокта қарыз алуды бiр уақытта арттыру кезiнде сыртқы қарыз алу көлемiн қысқарту қажет.
Мақсаттары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясаты 2004-2006 жылдары мынадай 2 бағытта iске асырылатын болады:
ЖIӨ-ге проценттiк қатынаста үкiметтiк борыштың мөлшерiн дәйектi қысқарту. Бұған ЖIӨ-ге проценттiк қатынаста республикалық бюджет тапшылығының мөлшерiн бiртіндеп және тиiсiнше оны қаржыландыруды қысқарту нәтижесінде қол жеткізiлетiн болады;
Республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымында сыртқы қарыздардың есебiнен республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру үлесін қысқарту жолымен үкіметтiк борыш құрылымында сыртқы борыштың үлесiн бiртіндеп азайту.
Жүргiзiлетiн саясат шеңберiнде мынадай мәселелердi шешу ұйғарылады:
республикалық бюджет тапшылығының мөлшерiн біртіндеп қысқарту;
жинақтау жөнiндегi саясат шеңберiнде үкіметтiк борыштың ұтымды мөлшерiн анықтау;
мiндеттемелердің орындалмау тәуекелiн азайту және қысқа және орта мерзiмдi перспективада үкiметтің iшкi борышын өтеу жөніндегі төлемдер төлеудің ең жоғары шегiн төмендету, ол үшiн басым орта мерзімді және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi шығаруға қайта бағдарлау ұйғарылады;
республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген жобаларды дайындау және сараптау сапасын жақсарту және сыртқы қарыздарды тиiмдi пайдалану;
жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алу процесiн ретке келтiру. Жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуы республикалық бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бюджеттiк кредиттер алу нысанында ғана жүзеге асырылатын болады;
валюталардың кросс-бағамдары және теңгенi айырбас бағамы өзгерген жағдайда терiс салдарды азайту мақсатында қарыздардың валюталары жөнiндегi Үкiметтiң сыртқы қарыздарының портфелiн әртараптандыру.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу мемлекеттiк борышты қауіпсіз деңгейде сақтауды, оның құрылымын оңтайландыруға және ұзақ мерзiмдi перспективада бюджеттің тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етуi тиiс.
5.3. Мемлекеттiк мүлiктi басқару және жекешелендіру
Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында 2003 жылы мемлекеттiк мүлiктi басқару жүйесiн жетiлдiруге бағытталған, одан әрi шаралар кешенiн көздейтiн Мемлекеттiк мүлiктi басқару тиiмдiлiгiн арттырудың және жекешелендiрудiң 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Осы бағдарламаның шеңберiнде акцияларының пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекеттiк меншiктегi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдар мен серіктестіктердің қаржы-шаруашылық қызметiн, әкiмшiлiк шығыстарды оңтайландыруды қамтамасыз ету жөнiндегi жоспарлы көрсеткіштердi олардың орындауын бақылау жөніндегі жұмыстар күшейтiлдi. Жүргiзiлген реформалардың iс жүзiндегi нәтижелерi бюджетке акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтердің түсуiнiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бiр бөлiгінің, мемлекеттiк меншiктегi мүлiктi жалдаудан алынатын кiрiстердің түсуiнің тұрақты қарқыны болып табылады.
Сонымен бiрге мемлекеттiк меншiктi басқаруды талдау мемлекеттiк меншiктi басқару жүйесiн жетiлдiру, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан мемлекеттiк мүлiктi тиiмдi пайдалануды бақылауды күшейту процестерін одан әрi жетілдіру қажеттілігін көрсеттi.
Мақсаттары мен басымдықтары
2004-2006 жылдары мемлекеттiк меншiктi басқару саласындағы мемлекеттiк саясат экономиканың стратегиялық маңызды салаларының дамуын реттеу мүмкiндiгiн сақтау және күшейту, сондай-ақ мемлекеттiк мүліктi есепке алу жүйесiн жетiлдiру мақсатында мемлекеттік мүлiктi басқарудың одан әрi тиімдiлiгiн арттыруға бағытталатын болады.
Алдағы кезеңде мемлекеттiк меншiктi басқару саласында мыналар басым міндеттер болып табылады:
мемлекеттiк мүлiктi пайдаланудан алынатын салыққа жатпайтын түсімдер есебiнен республикалық және жергiлiктi бюджеттердің кiрiстерін арттыру;
мемлекеттің қатысуы бар мемлекеттiк кәсiпорындар мен заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық көрсеткiштерін жақсарту;
экономиканың стратегиялық салдарын мемлекеттiк бақылауды күшейту;
жекелеген кәсiпорындар мен нақты кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің мүдделерiне қарай жекешелендiрудi жүзеге асыру.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу жолдары
Қойылған мiндеттердi шешу үшiн Тiзiлiмнің құрылымын оңтайландыру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылатын болады. Қаржылық көрсеткiштер кешенiн қамтитын Тiзiлiмiнің қосымша кiшi бөлiмiн жүргiзу және жетiлдiру мемлекеттің қатысуы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң жүйелiк мониторингi мен талдауды жүргізуге мүмкiндiк бередi, мемлекеттiк меншiктi неғұрлым толық және анық есепке алуға ықпал етедi.
Экономикалық негiзделген дивидендтiк саясатты әзiрлеу мақсатында әкiмшiлiк шығыстарды, қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткiштерiнің тиiмділiгiн акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың инвестициялық бағдарламаларының iске асырылуын талдау және бақылау жүйесi күшейтiлетiн болады.
Мемлекеттiк меншiктi пайдаланудан түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдердің (акциялардың мемлекеттiк пакетiне дивидендтердің, мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсiнiң бiр бөлiгін, жалдаудан алынатын кiрiстердiң) уақытылы, толық есептелуi мен аударылуын бақылау тетiгi жетiлдiрiлетiн болады. Бұл ретте акцияларының бақылау пакеттерi мемлекеттік кәсiпорындар, акционерлiк қоғамдар басшыларының оларға жүктелген міндеттердi уақытылы және адал атқаруға жауапкершiлiгiн арттыру ұйғарылады.
Бұдан басқа, шаруашылық жүргiзу субъектілердің, оның iшiнде экономиканың стратегиялық салаларында жекешелендiрмеген объектiлердің кешендi мониторингi және мониторинг нәтижелерiн есепке алудың бiрыңғай ақпараттық базасын құру жөніндегі қызмет күшейтiлетiн болады. Кешендi мониторинг технологиялық, қаржы-шаруашылық қызметтiң сапалық және санды жағдайын, жетiспеушiлiктердiң алдын алу, жою және оның қызметiн жетiлдiру жөніндегі негiздi шешiмдер мен ұсынымдарды әзiрлеу мақсатында осы объектiлердің құқықтық сипаттамасын жедел қадағалауға және талдамалық бағалауды жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Бар нормативтiк құқықтық база "Экономиканың стратегиялық салаларында меншiктің мемлекеттiк мониторингi туралы" Заң (бұдан әрi - Заң) қабылдануымен күшейтiлетiн болады. Заң елдiң экономикалық даму процестерiн реттеу мен болжамдауда мемлекеттiң рөлiн күшейту, тұтастай алғанда Қазақстанның экономикасын басқаруда тиiмдi шешімдердi қабылдау үшiн мемлекеттік басқару органдарын қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн құқықтық негiз болып табылады.
2004 жылы мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмділігін одан әрi арттыру және оны есепке алуды жетілдіру мақсатында мемлекеттің активтерi мен міндеттемелерiнiң теңгерiмiн жасау әдiсiн әзiрлеу көзделдi.
Алдағы кезеңде мемлекеттiң экономиканың стратегиялық салалардағы рөлiн күшейту, ірі жүйе құрушы компанияларды құру және әлемдiк рыноктарға шығару мемлекеттiк меншiктi басқару саласындағы шешушi бағыттар болады.
Жекешелендiру ұзақ мерзімді перспективада салық салынатын базаны кеңейту, қосымша жұмыс орындарын құру, отандық рынокты отандық тауар өндiрушiлердiң тауарларымен және қызметтерiмен толтыру, тұтастай алғанда бүкiл халық-шаруашылық кешенiнiң жұмыс істеуінің тиiмдiлiгiн арттыру нысанындағы қайтарымды алуға бағытталған мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың құрылымдық элементi ретiнде қарастырылады.
2004-2006 жылдарға арналған болжамды көрсеткiштер
(мың теңге)
Түсiмдердiң атауы | Болжам |
2004 жыл | 2005 жыл | 2006 жыл |
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың пайда үлесi Республикалық меншiк болып табылатын акциялардың пакеттерiне дивидендтердің түсуі Республикалық меншiктегi мүлiктi жалдау ақысының түсімі | 415795 3738564 164540 | 355000 4958300 158000 | 370000 5008300 160000 |
Республикалық мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден түсімдердің 2004
жылға арналған күтiлетiн болжамы шамамен 14 млрд. теңгенi құрайды.
Көрсетiлген сома TЭK-тi (таратушы электр желiлерi компаниясы) және темiр
жол көлiгi объектiлерiн жекешелендiрген жағдайда арттырылуы мүмкiн.
Заңнамадағы өзгерiстерге сәйкес республикалық меншiктегi тау-кен
өндiрушi және өңдеушi кәсiпорындарды жекешелендiруден алынатын қаражат
Ұлттық қорға аударылатын болады.
6. Құрылымдық-институционалдық реформаларды тереңдету
6.1. Мемлекеттік басқаруды жетiлдiру
Құрылымдық-институционалдық реформаларды жүргiзу саласында жергiлiктi билiк деңгейлерi дербестiгiнің жетiмсiздiгiне байланысты мәселелер проблемалық болып қалып отыр. Сондай-ақ ауылдық, кенттiк, қалалық (ауылдық маңызы бар) билiк деңгейлерінде нақты тетіктер жоқ.
Президенттiң Қазақстан халқына сәуiрдегi (2003 жылғы) жолдауына сәйкес мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғыртуды жүргiзу жөнінде мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы құзыреттердің нақты ажыратуды және бюджетаралық қатынастар жүйесiн жетілдірудi қамтамасыз ететiн заңнамалық базаны өзгерту жөнiндегi міндет қойылды.
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасында мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi одан әрi жұмыстар үшiн негiз құрылды. Кейбiр заң актiлерiне жергiлiктi мемлекеттiк басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң жобалары әзiрлендi.
Мақсаттары
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкілеттiктердi ажыратуды және бюджетаралық қатынастарды жетілдірудi қамтамасыз ететін заңнамалық және ұйымдастыру шараларының кешендi жүйесi құрылды.
Мiндеттерi
1) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын, заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мемлекеттiк функцияларды ұтымды бөлу тұрғысынан заңнаманы талдау;
3) мемлекеттiк органдар арасында мемлекеттiк функцияларды бөлудің негiзгi бағыттарын анықтау;
4) функционалдық талдауды әдiснамалық қамтамасыз ету.
Шешу жолдары
Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында функциялар мен өкілеттiктердi ажырату процесiн жалғастыру жоспарланады. Аумақтық дамыту мәселелерiн шешудегi жауапкершiлiктi күшейту мақсатында жергiлiктi басқару деңгейiне шаруашылық саласындағы, сондай-ақ шаруашылық қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау саласындағы функциялар берiледi.
Әкiмшiлiк-бюджеттiк реформаның басым бағыты ауылдық округтер, ауылдар, аудандық маңызы бар қалалар, қалалардағы аудандар деңгейінде тиiмдi мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыру, ең алдымен оның институционалдық функционалдық нығайтылуы басым бағыт болып табылады.
Осы мақсатта ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ оларға заңды тұлға мәртебесiн бере отырып қалалардағы аудандардың әкімдерi аппараттарын қалыптастыруға кiрiсу көзделедi.
Ауылдық, кенттiк, қалалық (аудандық маңызы бар) басқару деңгейлерiне бекiтiлген функциялардың тiзбесi кеңейтiлетiн болады.
7. Бәсекелестiктi дамыту, тарифтiк және монополияға қарсы саясат
7.1. Бәсекелестiктi дамыту және монополияға қарсы саясат
Бәсекелестiк саясаттың негiзгi мақсаттары елдің негiзгi тауар рыноктарында бәсекелестiк бостандығына қол жеткізу және қолдау, тұтынушылар құқықтарын қорғау және тауар рыноктарының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасау.
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мыналар жүзеге асырылады:
бәсекелестiктi қорғау саласында нормативтiк құқықтық актiлердi, "Бәсекелестiк және монополиялық қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтыруларды әзiрлеу және қабылдау;
рынок субъектілерінiң үстем жағдайды асыра пайдаланудың, рынок субъектiлерiнің монополиялық бағаларды белгілеу жөніндегі сыбайласуының, монополиялық тауарлар мен қызметтердi өндіру мен жеткiзудi негізсіз қысқартуды жолын кесу, рыноктан шығару және оған басқа субъектілердің кiруiн шектеу мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк бақылауды күшейту;
кәсiпкерлiк бостандығы мен тұтынушылар құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесiн нығайту;
мемлекеттiк органдардың, әсiресе жергiліктi деңгейде рынок субъектiлерінің шаруашылық қызметiне негiзсiз араласуының жолын кесу.
Тиімді бәсекелестiк жағдайлар жасау, адал бәсекелестіктi қолдау мен қорғау республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асыруға ықпал ететiн болады.
Бәсекелестiк саласындағы мемлекеттiк саясат терiс пиғылды бәсекелестiкке және бәсекелестiкке қарсы келiсiмдердi болдырмау проблемаларын шешуге бағытталатын болады.
Жоғары шоғырландырылған рыноктар бойынша бәсекелестiктi дамыту, монополиялы құрылымдарды қайта ұйымдастыру (ұсақтату) жөнiндегi iс-шаралар әзiрленетiн болады. Бәсекелi ортаны кеңейтуге табиғи монополия саласындағы монополиясыздандыру ықпал ететін болады.
Бәсекелi орта қалыптасатын тауарлы рыноктарда монополияға қарсы органдардың назары бәсекелестiктің терiс әдiстерінің жолын кесуге, бiрыңғай бағалар мен тарифтердi белгiлеуге, рынокты бөлуге, әлеуеттi бәсекелердің рынокқа қол жетімдiлiгін шектеуге немесе бәсекелесетін рынок субъектiлерi арасындағы сыбайласуға бағытталған келiсiмдердi болдырмауға және анықтауға бөлiнетiн болады.
"Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты қаржы рыногын монополияға қарсы реттеу жүзеге асырылатын болады.
Қаржы ұйымдарының үстем (монополиялы) жағдайын белгiлеу жөнiндегi, терiс пиғылды бәсекелестіктi анықтау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзiрлеу болжанып отыр.
7.2. Тарифтiк саясат
Қазiргi уақытта жүргiзiлген инвестицияларды ескере отырып анықталатын орта мерзiмдi тарифтiк реттеу және нарықтық пайданы есептеу қағидаттарын iске асыруға мүмкiндiк беретiн бiрқатар тариф құру әдiстемелерi әзiрлендi және қабылданды.
Бүгiнгi таңда табиғи монополия субъектiлерiнiң көпшiлiгi үшiн ағымдағы және күрделi жөндеулердi ғана емес, ауыстыруды, ал кейiннен жаңғыртуды талап ететiн негiзгi қорлардың тозуының жоғары дәрежесi тән. Жеке қаражатының жеткiлiксiздігі табиғи монополия субъектiлерiне жабдықтарды ауыстыруға қажеттi тиесiлi капитал салуды (инвестиция) жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi.
Сондықтан, табиғи монополия саласын реттеудің негiзгi мақсаты табиғи монополия субъектілерінің негiзгi қорларды қайта өндiру және тұтынушылар үшiн тарифтердi өзгертулердің болжамдарына қол жеткiзу процесiн нормаға түсiру мақсатында инвестицияларды жүзеге асыруы үшiн жағдайлар жасау болып табылады.
Табиғи монополия субъектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, олар көрсететiн қызметтердің сапасын жақсарту, олардың қызметтер көрсетуiнiң өзiндiк құнын төмендету және оларға тарифтер деңгейiн тұрақтандыру үшiн мынадай:
инвестицияларды ынталандыратын және тарифтердiң орта мерзiмдi кезеңде тұрақтылығын қамтамасыз ететiн тариф құрудың жаңа әдiстерiн енгiзу;
республикалық маңызы бар барлық табиғи монополия субъектілерінің қызметіне техникалық және қаржылық сараптама жүргiзу;
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiнің мониторингi мен оны талдау үшiн ақпараттық дерекқорды құру;
республикалық тiркелімге енгiзiлген табиғи монополия субъектiлерiнің барлық қызметтер көрсету түрлерi бойынша активтердің реттелетiн базасына пайда ставкасын есепке алу әдiстемелерiн әзiрлеу және енгiзу, орташа мерзiмдi негiзде тарифтердiң (бағалар, алым ставкалары) шектi деңгейiн белгiлеу;
тұтынушылар топтары бойынша табиғи монополия субъектiлерiнің қызметтер көрсетуiне тарифтердің (бағалар, алым ставкалары) экономикалық негiзсiз саралануын қолдану практикасын болдырмау;
табиғи монополия субъектілерiнiң қызметтер көрсетуiне уақытша төмендейтiн коэффициенттердi белгiлеу жолымен тарифтiк реттеу әдiстерiн қолдану жолымен тарифтiк саясатты одан әрi жетілдiру қажет.
8. Сауда және сыртқы экономикалық қызмет
8.1. Сауда саясаты
Сауда қызметi мемлекеттiк реттеу заңнамалық кесімнің жоқтығынан қиындады. Мемлекеттiк және мемлекетаралық реттеудің нормативтік құқықтық және ұйымдастыру мәселелерiн жеткiлiксiз келiсу шекара маңындағы сауданың қазiргi жай-күйiне әсер етуде. Iшкi саудада көлеңкелi айналымның едәуiр көлемi шоғырланды, заңсыз өнiмнің сатылуы, авторлық құқықтардың бұзылуы орын алып отыр.
Мақсаттары мен мiндеттерi
Сатып алушыларға жоғары сапалы қызмет көрсететiн дамыған сауда инфрақұрылымын құру.
Шешу жолдары
Сауданың тиiмдi нысандарын құру, заң шығару жүйесiн дамыту және сауда қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында сауда қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының Заңы қабылданатын болады. Iшкi саудада бағаны тұрақтандыру және бәсекелестіктi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiлуде.
Жергiлiктi билiк органдарының сауда инфрақұрылымын дамытудағы және тұтыну тауарларына бағаларды тұрақтандыруды қамтамасыз етудегi жауапкершiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
Сауданы өндiрiс құралдарымен ұйымдастыру, электронды коммерцияны, сауда-өнеркәсiп палаталарының қызметін дамыту мәселелерiне ерекше назар бөлiнетiн болады.
Тұтыну рыногында сатылатын тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау жөнiндегi шаралар күшейтiледi. Отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмiн өткiзудi жақсарту мақсатында көтерме сауданың қазiргi заманғы жүйесiн құру ынталандырылатын болады.
8.2. Сыртқы экономикалық қызмет
Мақсаттары мен басымдықтары
Сыртқы сауда саясаты орта мерзiмдi кезеңде сыртқы сауда режимiн ырықтандыруды қамтамасыз етуге, өзара саудадағы кедергiлердi жоюға, қазақстандық экспорттаушылардың шетелдiк рыноктарға кіруi үшiн оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталатын болады. Қазақстанның ДСҰ-ға кiру процесiн аяқтау.
2004-2006 жылдар кезеңiне арналған алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн сыртқы экономикалық саясаттың басым бағыттары:
Қазақстанның ДСҰ-ға кiруi жөнiндегi жұмысты жалғастыру және осы ұйымның тетiктерiн Қазақстанның сыртқы саудадағы мүдделерiн кемсiтпеудi болдырмау үшiн белсендi пайдалану;
елдің әлемдiк экономикаға өзара тиiмдi ықпалдастығы, оның еңбектi халықаралық бөлу жүйесiндегi рөлiн оңтайландыру үшiн жағдайлар қалыптастыру;
өңiрлiк экономикалық бiрлестiктердің (ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ, ЭЫҰ, және ОАЫ) шеңберiнде экономикалық бастамаларды жылжыту;
экспортты саралау және қосылған құны жоғары өнімнің үлесін экспорттың жалпы көлемiнде ұлғайту;
әлемдiк рыноктың конъюнктуралық өзгеруiне әсер ететiн икемдi салық және кеден-тариф саясатын жүргiзу;
кредит беру тетiгiн қалыптастыру және қосылған құны жоғары өнiм экспортын сақтандыру;
сауда қызметiн реттейтiн құқықтық өрiстi жетілдіру;
республикада жетекшi салаларда жаңа бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi, әсiресе, отандық кәсiпорындардың шетелдік, әсiресе, ТМД елдерiндегi әрiптестермен кооперацияға негiзделген агроөнеркәсiптiк кешендi қалпына келтiру және ретке келтiру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, сауда өкiлдiктерiнің, сауда-өнеркәсiптiк палаталарының белсендi өзара iс-қимылы нәтижесінде сауда дауларын болдырмаудың және реттеудің тетiктерi мен жүйесiн жетiлдiру болып табылады.
Алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
Дәстүрлi емес, жаңа тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту жоспарында мынадай шаралар қабылдау алда тұр:
экономиканың нақты секторында инновациялық процестердi жандандыру, бұл батыстың дамыған елдерiнiң үлгiсi бойынша экспорттың жаңа құрылым құрайтын жоғары технологиялы элементiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi;
әлемдiк стандарттарға сәйкес жаңа өнімнің негiзгi түрлерiн сертификаттауды және стандарттауды қамтамасыз ету;
кәсiпкерлердің құқықтарын қорғау, бәсекелестiктi дамыту, экспорттың жылжуына ықпал ету, сауда және инвестиция саласында (ақпараттық-консультациялық қызметтер желiсiн қалыптастыру) халықаралық шарттар мен келiсiмдерге қатысу жөніндегі мемлекеттiң iс-қимылы бөлiгінде рынок субъектілерiн ақпараттық қолдауды жүзеге асыру.
Көрсетiлген мақсаттарға қол жеткiзу отандық экспорттың шикiзат тауарларының әлемдiк рыноктарындағы бағаларының ауытқуына тәуелдiгiн төмендетiп қана қоймай, тұтастай алғанда, экономиканың шикiзаттық бағытталуы проблемаларын шешуге мүмкiндік бередi.
Осылайша, республиканың отандық өнеркәсiптi перспективалы дамытуға, экспортты ынталандырудың тиімдi саясатына және өзара тиiмдi сауда-экономикалық қатынастар шарттарында әлемдік қоғамдастыққа кезекпен ықпалдасуға негiзделген саяси сауда режимiн жақсарту орташа мерзiмдi кезеңде сыртқы экономикалық саясатты жүргiзу бағдары болады.