Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2004-2006 жылдарға арналған басымдықтары болып мыналар айқындалды:
Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыруды және ауылда (селода) өмiр сүру жағдайын саналы жақсартуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi;
Ел экономикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыруды қамтамасыз ететiн іс-шаралар кешенi;
ғылымды, бiлiм берудi және халықтың кәсiби бiлiктiлiгiн дамытудың қазіргі заманғы және тиiмдi жүйесiн құру;
шағын кәсiпкерлiктi дамытуды қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенi;
өндірістік және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруды одан әрi арттыру;
мемлекеттік қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнің жалақысын арттыру астананы одан әрi дамыту.
3.3. Макроэкономикалық көрсеткiштердiң
2004-2006 жылдарға арналған болжамы
Iшкі және сыртқы факторлардың өзгеруiн ескере отырып, ЖIӨ-нің кеңейтiлген есептемесi негiзiнде болжамды-талдамалық әдiспен және жалпыға бiрдей тепе-теңдiктің экономикалық-математикалық үлгісi бойынша жоспарды әзiрлеу кезiнде Қазақстан экономикасын дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған болжамының сценарийi әзiрлендi.
Республикалық бюджет комиссиясының шешiмiне сәйкес елдi Әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспарын әзiрлеу кезінде негiзгі дамудың реалистiк сценарийi алынды.
Реалистiк сценарий
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң
2003-2006 жылдарға арналған болжамы
| 2002 есеп | Болжам |
2003 | 2004 | 2005 | 2006 |
Болжам ел экономикасының 2003 жылғы 1-жарты жылдықтағы жұмыс iстеу
қорытындылары бойынша нақтыланды
Реалистiк сценарий кезінде - 2003 жылы мұнайға әлемдiк бағаның
болжамы 26 АҚШ доллары деңгейiнде ұйғарылып отыр, кейiнгi жылдары
төмендеп, 1 баррель үшiн 21,5-22 AҚШ доллары шегінде сақталады.
Осы сценарийге сәйкес 2003-2006 жылдары Қазақстанда тауарлар мен
қызметтер көрсету өндiрiсiн дамыту ЖIӨ-нің орташа жылдық қарқындарын 7,8
%-ға қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Қазақстан экспортының маңызды
өнiмдерiне бағалар да тұрақтандырылуда.
Елдің сауда теңгерiмi нығайтылатын болады. Оң сальдо 2003 жылы
бағалау бойынша 3 млрд. АҚШ долларынан жоғарыны құрайды.
Мұнай мен газ кен орындарының жаңаларын игеру және жұмыс iстеп
тұрғандарын қарқындандыру есебiнен мұнай өндiруде анағұрлым өсiм
болжамдалып отыр. Мұнай өндiрудiң өсуi өткен жылға қарағанда 2003 жылы
12,5 %-ға, 2006 жылы - 26 %-ға болжамдалып отыр.
Болжамның реалистiк нұсқасында металлургия саласы өндiрiсiнiң жоғары
өсiмi (2,5-3 %) ұйғарылып отыр. Бұл қара металдарға әлемдiк рынок
конъюнктурасының нашарлауына және мыс, қорғасын, глинозем және титан
өндiрiсiн өсiру үшiн түрлi-түстi металлургиядағы шектеулi мүмкiндіктерге
байланысты.
Машина жасауда, химия өндiрiсінде, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн
өңдеуде және тоқыма өнеркәсiбiнде өндiрiстi оларды 2002 жылы дамытуды
ескере отырып дамыту болжамдалып отыр.
Осы сценарийге сәйкес 2004-2006 жылдары шоғырланбалы экономикалық
өсiм 23,1 %-ды құрайды.
Пессимистiк сценарий
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерiнiң
2003-2006 жылдарға арналған болжамы
| 2002 есеп | Болжам |
2003 | 2004 | 2005 | 2006 |
Пессимистiк сценарий 2003 жылы мұнайға әлемдiк бағаның (Brent) 1
баррель үшiн 2002 жылғы 25 доллар орнына 23 АҚШ долларына дейін
төмендеуiн, бiрақ бұрын болжамдалып келген деңгейден 16 долларға едәуiр
жоғары ұйғарып отыр. Кейiнгi жылдары әлемдік бағаның 1 баррель үшiн 15-12
долларға дейiн құлдырауы ұйғарылады.
ЖIӨ көлемiнiң жалпы төмендеуi реалистiк сценариймен салыстырғанда
2006 жылы 838 млрд. теңгенi немесе реалистiк сценарий бойынша ЖIӨ-нiң 13
%-ынан жоғарыны құрауы мүмкiн. Мұнай өндiру өнеркәсiбiнде реалистiк
сценариймен салыстырғанда 2004 жылы қосылған құнның төмендеуi 130 млрд.
теңгеден жоғарыны, 2005 жылы - 193 млрд. теңгенi және 2006 жылы 295 млрд.
теңгенi құрауы мүмкiн.
Тұтастай алғанда әлемдiк экономика үшiн және, әсiресе дамыған елдер
үшiн мұнайға бағаның осындай төмендеуi экономиканың дамуына оң импульс
бередi. Қазақстанда бұл металдар мен инвестицияларға сұраныстың артуын
тудырады. Осының нәтижесінде қазақстандық металлургия кәсiпорындарының
өнiмдер өндiрiсiн ұлғайту үшiн мүмкiндiгi болады.
Өндiрiс пен экспорт өсiмiнің сыртқы факторларының күрт нашарлауы
жағдайында Үкiмет пен Ұлттық Банктің iс-қимылы ел экономикасындағы
құлдырауды жұмсартуға және халықтың өмiр сүру деңгейiн елеулi төмендетуге
көшудi болдырмауға және қол жеткiзiлген деңгейге қарағанда ЖIӨ
өндiрiсiнің көлемдерiн қысқартуға бағытталатын болады. Осы сценарий
бойынша монетарлық және фискальдық саясат шамалы ғана қатаң болады.
ЖIӨ-нің өсiмi пессимистiк сценарий бойынша 2004-2006 жылдары 4,4%-ды
құрайды, 2004-2006 жылдары шоғырландырылған экономикалық өсiм 13,9%-ды
құрайды.
4. Даму бағдарламалары және оларды қаржыландыру
Қазiргi уақытта мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалар мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық саясатын iске асырудың негiзгi құралы болып табылады. Iс жүзінде әрбiр сала бойынша тиiстi бағдарламалар әзiрленген және iске асырылады.
Мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың ресурстық бөлiмi бюджеттiк бағдарламалармен үндестiрілген.
2003 жылдан бастап Қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық), аймақтық бағдарламалардың тiзбесi (бұдан әрi Тiзбе) Қазақстан Республикасының Әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары құрамында бекiтiледi, ол онда анықталған басымдықтарға сәйкес келетiн бағдарламалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Бұл норма Индикативтiк жоспарларды әзiрлеу ережесiнде белгiленген.
Қазiргi уақытта орталық мемлекеттiк органдарда (әсiресе бiрнеше салаларға немесе қызмет аяларына жетекшiлiк ететiн) бiр кешендiнің орнына бiрнеше бағдарламалар әрекет етедi. Бұл ретте оларда қаржыландырудың түрлi көлемдерiн көрсете отырып iс-шараларды қайталауға жол беріледi немесе керiсiнше кейбiр iс-шаралар басқа бағдарламалардың iс-шараларымен үйлестiрмеген (оның iшiнде орындау мерзiмi бойынша).
Сондай-ақ айрықша мiндеттердi шешетін және даму бағдарламасының санатына жатқызылмайтын бiрқатар мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар бар.
Мақсаты
Iске асырылатын мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асыру тиімділігін арттыру.
Қол жеткiзу жолдары
Жоспарлаудың бағдарламалық-мақсатты әдiсiн одан әрi жетілдiру мақсатында сыртқы (тәуелсiз) бағалауды қоса алғанда бағдарламаларды iске асыру тиiмдiлiгiн бағалау және бақылау жүйесiн құру алда тұр. Бұл бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін елеулi арттыруға мүмкiндiк бередi.
Мыналар:
бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу және iске асыру үшiн басым салаларды анықтау;
басымдардың қатарына кiрмеген бағдарламалардың күшiн жою немесе әзiрлеуге орынсыз деп тану;
бағдарламалар жоқ басым бағыттар бойынша бағдарламаларды әзiрлеудi қамтамасыз ету арқылы бағдарламалардың санын оңтайландыру тұр.
Yкiметтің әлеуметтiк-экономикалық саясатын iске асырудың бағдарламалық-мақсатты әдiсiн жетiлдiру даму бағдарламаларын мақсаты жағынан неғұрлым iрi және кешендi бағдарламаларға (Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының үлгiсi бойынша) кiрiктiру есебiнен 2004-2006 жылдары қамтамасыз етiлетiн болады.
Бұл ретте бiр-екi бағдарламалардың болуын ескере отырып бағдарламалардың санын қызмет саласына немесе аясына оңтайландыру саясатын ұстану қажет.
Ғылыми-техникалық және өзге ғылыми бағдарламаларды ғылым саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға көрсетілген бағдарламаларды әзiрлеудi жүргiзу және iске асыру тиiмділiгiн бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi өкілеттiктердi бере отырып бiрыңғай тiзбеге бiріктiру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
Бағдарламалық құжаттарға талаптарды күшейту олардың кешендiлiгiн, жүйелiлiгi мен нәтижелiгiн күшейтуге бағытталатын болады.
Тiзбеге 95 бағдарлама енгiзiлдi (құпиялық режимiн сақтауды талап ететiн бағдарламаларсыз), оның iшiнде 47 қолданыстағы және 48 әзiрленетiн.
Әзiрленетiндердің тiзбесiне енген барлық бағдарламалар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бағдарламалық құжаттарының шеңберiнде көзделген (Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламалары және оларды iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары, ұлттық және экономикалық қауiпсiздiгiн iске асыру жөнiндегi жоспарлар).
Әзiрлеуге берiлгендердiң қатарына iске асыруы 2004 жылдан бастап 27, 2005 жылдан бастап - 13, 2006 жылдан бастап - 8 бағдарламалар ендi.
Бұл ретте 2003 жылы 13 бағдарламаны iске асыру аяқталады.
Яғни келесi жылы 74 бағдарлама әрекет етедi.
Тiзбеге енген және мемлекеттiк бюджеттен қаражатпен қамтамасыз етудi талап ететiн барлық бағдарламаларда жылдар мен қаржыландыру көздерi бөлінiсiнде қаржы қаражатының талап етілетiн көлемдерi көрсетiлдi.
Iске асыруға мәлiмделген бағдарламалар бойынша қаржыландырудың жалпы көлемi 2004 жылы 282,2 млрд. теңгенi құрайды, оның ішiнде қолданыстағыға 240,7 млрд. теңге, әзiрленетiнге - 41,5 млрд. теңге келедi. (Салыстыру үшiн: 2003 жылы бағдарламаларды iске асыруға 220,8 млрд. теңге көзделдi). Бағдарламаларды iске асырудан түпкi нәтижелерге қол жеткiзу оларды iске асырудың толық және анық талдауды жүзеге асыру жолымен, яғни бағдарламалардың нәтижелілігін сыртқы және ішкі бағалауды жүргiзу арқылы қамтамасыз етiлетiн болады. Бағдарламаны одан әрi iске асыру орындылығы және одан әрi қаражат бөлу туралы шешім жүргiзiлген бағалаулардың нәтижелерiне негiзделетiн болады.
Қабылданған шаралар экономиканың жедел өсiмiн және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуде бағдарламалық құжаттардың (мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалар) рөлiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
5. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету
5.1. Ақша-кредит саясаты және қаржы секторын дамыту
5.1.1. Ақша-кредит саясаты
Ақша-кредит саясатының негiзгi мақсаты инфляцияның төменгi деңгейiн қамтамасыз ету болады.
Ұлттық Банктiң қызметi мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталатын болады:
- инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшуге дайындық;
- валюта режимiн одан әрi ырықтандыру;
- Ұлттық Банктiң ресми ставкаларын тиiмдi азайту;
Ақша-кредит саясатының негiзгi құралдары репо операциялары, Ұлттық Банктің қысқа мерзімдi ноттарын шығару және вексельдермен қайта есептеу операциялары сияқты ашық рынок операциялары болады. 2003 жылы Ұлттық Банк өзiнің ресми ставкаларының реттейтiн рөлiн күшейту жөніндегi шараларды қабылдайды және нақты алғанда олардың әлсiз оң әлсiздерiн қолдайтын болады. Бұл 2004-2006 жылдары ақша-кредит саясатының инфляциялық таргеттеуiне көшуге дайындық үшiн негiз болып табылады.
Экспорттың болжамды өсiмi сауда балансының оң сальдосының жыл сайынғы өсiмiн қамтамасыз етедi. Экспорттың неғұрлым көп өсiмi 2003-2006 жылдары күтiледi. Экспорттың 2003 жылы экспорттың елеулi артуы әлемдiк рыноктарда өсiп отырған баға конъюнктурасына, ал 2006 жылы - Солтүстiк Каспий мұнайын жеткiзудің басталуына негiзделген. Экспорттық кредиттердiң өсуi тiкелей инвестициялардың түсумен қатар елiмiзге шетел валютасының жеткiлiктi ағыны үшiн арналар жасайды және Ұлттық Банктің халықаралық резервтерiнiң одан әрi өсуiн қамтамасыз етедi.
Ұлттық Банк одан әрi валюта себетiне нақты тиiмдi айырбас бағамын негiзгi сауда серiктестерiн индекстеу бағдарымен өзгермелi айырбас бағамы режимiн қолдайды.
Валюта рыногында сұраным және ұсыныстар теңгерімiн тұрақтандыру мақсатында валюта режимiн ырықтандыру жалғастырылатын болады. Жұмыс шетелге тiкелей инвестициялау операцияларын ынталандыру, сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде шектен тыс әкiмшiлiк тосқауылдарын жою, сондай-ақ шет елдердегi шетелдiк банктерде шоттарды ашу тәртiбiн жеңiлдету бағытында шоғырландырылатын болады, ол рынокты шетелдiк валютаға сұраным тарапынан қолдайды.
Капитал ағынына байланысты тәуекелдердi азайту үшiн шоғырландырылған негiзде пруденциялық қадағалау жетiлдiрiлетiн болады, банктерде, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларында тәуекелдi басқарудың iшкi жүйесi енгiзілетiн болады, қаржылық емес ұйымдар - iшкi валюта рыногының iрi қатысушылар тарапынан алыпсатарлықты бақылау және ұстау тетiктерi әзiрленетiн болады.
Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру кезең-кезеңiмен өткiзiледi. Кезеңдердiң уақытша шеңберлерiн және басым операциялардың тiзбесiн анықтау кезiнде бұрын қойылған мақсаттарға қол жеткiзу, төлем теңгерiмiнің жай-күйi және әлемдік тауар және қаржы рыноктарындағы ахуалдар валюта режимiн одан әрi ырықтандырудың негiзгi шарттары болып табылады, ол келесi кезеңге көшу үшiн қажеттi алғышарт жасау тиiс. Толығымен ырықтандыру 2007 жылы аяқталады.
Ұлттық банктің төлем жүйелерi саласындағы негiзгi назары 2003 жылы және кейiнгi жылдары микропроцессорлық карточкалардың негiзінде Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн енгiзуге бөлiнетiн болады. Ұлттық банкаралық төлем карточкалары карточкалар арқылы әскери қызметшiлер үшiн ырыздықақы, зейнеткерлерге зейнетақы және басқа атаулы төлемдердi төлеу, тауарлар мен қызметтердің кез келген түрлерiн төлеу, кеден алымдары мен төлемдерiн төлеу шарттарын жақсарту, салық органдарының салықтар мен төлемдердi жинауын оңтайландыру, медициналық қызметтердi есепке алу және т.с.с. мiндеттердi шешуге мүмкiндiк бередi. Бұл халыққа және сауда-сервистiк кәсiпорындарға қызмет көрсету жөніндегi бiрыңғай төлем кеңiстiгiн құру, қолма-қол емес айналымға халықта бар қолма-қол ақша массасын тарту дегендi білдiредi.
Алдағы жылдары Ұлттық Банк EуpAзЭҚ елдерiнің орталық банктерiмен бiрлесiп ЕурАзЭҚ елдерiнiң жалпы төлем жүйесiн ұйымдастыру және қаржы рыноктарын ықпалдастырудың басқа бағыттары жөніндегi жұмыстарды жалғастыратын болады.
Ақша-кредит саясаты қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру рыногын, бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамытуға және банк жүйесiн нығайту, экономиканың нақты секторы банктерінің кредит беруiнiң одан әрi өсуi үшiн жағдайлар жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесiн жетiлдiруге ықпал етедi.
5.1.2. Қаржы секторын дамыту
2004 жылы қаржы рыногын қадағалау жөнiндегi дербес бiрыңғай реттейтiн органды құру жоспарланады, оның шеңберiнде барлық қаржы институттарын жедел бақылау және олардың клиенттерінiң құқықтары мен мүдделерiн кешендi қорғау жүзеге асырылатын болады. Қаржы ұйымдарының жұмыс iстеуi үшiн адал бәсекелестiк жағдайларын жасауға көңiл аударылатын.
Банктiк сектор
Банктік секторды одан әрi дамыту мақсатында мыналар:
- корпоративтiк басқару және екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдi басқару жүйелерiн жетiлдiру;
- банктiк қадағалау жөнiндегi Базель Комитетiнің негiзгi қағидаттары мен стандарттарына сәйкес ағымдағы қадағалау, оның және шоғырландырылған қадағалау әдiстерiн жетілдiру;
- халықаралық депозиттердi сақтандырудың тиiмдi жүйелерiн құру стандарттарына сәйкес жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiн жетiлдiру;
- банктiк қызметтер рыногында бәсекелестіктi дамыту;
- банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу саласында заңнаманы жетілдіру жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру ұйғарылады.
Қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудің бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру және онда қалыптасқан қатынастарды қадағалау депозиттердi қабылдау мәселелерi жөніндегі заңнамадағы өзгерiстерге сәйкес депозиттер қабылдауды, жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашуды және жүргiзуге жеке тұлғалардың депозиттерiне міндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiне қатысушы банктер ғана жүргiзуге құқықты болады.
Бiрiншi сыныпты вексельдер эмитенттерiнің тiзiмiн қалыптастыру жөнiндегi (ұлттық компаниялардың есебiнен, "орта буын" шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң де есебiнен), вексельдiк айналымның нормативтiк құқықтық базасын жетілдіру және вексельдiк рынок инфрақұрылымын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.
Ұлттық Банк ипотекалық кредит беру және тұрғынүйқұрылысжинақтауларын дамытудың нормативтiк және құқықтық базасын жетілдірудi жалғастыруды жоспарлап отыр. Ипотекалық кредит беру кезiнде кредит тәуекелдерiн сақтандыру мақсатында Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру (сақтандыру) қоры құрылатын болады.
2003 жылы Ұлттық Банк халықаралық бухгалтерлiк есеп жүйесiнiң халықаралық стандарттарына көшу мақсатында екiншi деңгейдегi банктердiң бухгалтерлер қызмет қызметкерлерiн халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына оқыту жөнiндегi шараларды қабылдайтын болады.
Сақтандыру рыногы
Ұлттық Банк халықтың сақтандыру компанияларына сенiмiн одан әрi нығайтуға бағытталған шараларды iске асыруды жалғастырады.
Үкiметпен бiрлесiп халықаралық тәжiрибенi ескере отырып міндеттi сақтандыру түрлерi бойынша қажеттi заңнамалық базаны құру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.
Сақтандыру рыногының инфрақұрылымын дамыту және оның кәсiби қатысушыларының (сақтандыру брокерлерiнің, актуарийлер мен уәкiлеттi аудиторлардың) қызметiн жандандыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады.
Сақтандыру қызметтерi рыногын одан әрi дамыту мақсатында мемлекеттің қатысуымен мамандандырылған сақтандыру ұйымдары құрылатын болады.
Міндеттi сақтандыру, атап айтқанда жаппай және әлеуметтiк-маңызды бағыттарын қамтитын, сондай-ақ кәсiби жауапкершiлiкке байланысты түрлерінің тiзбесiн кеңейту жоспарланады.
2003 жылы "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы 423-II Заңына сәйкес клиенттердiң мүдделерiн қорғау мақсатында сақтандыру шарттары бойынша "Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры" АҚ құрылатын болады. Бiрiншi сатыда көрсетiлген қор Қазақстан Республикасының "Көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шiлдедегi N 446-II және "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шілдедегi N 444-II Заңдарында көзделген мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандыру төлемдерiне кепілдік беретiн болады.
Бағалы қағаздар рыногы
Бағалы қағаздар рыногының одан әрi дамуына "Акционерлiк қоғамдар туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Заңдардың күшiне енуi импульс беретiн болады. Әзiрленiп жатқан "Инвестициялық қорлар туралы" заң жобасы инвестициялық қорлар қызметiнің қалыптасуы мен жандануы үшiн жағдайлар жасауға бағытталған.
Ипотекалық облигациялар, агенттiк бағалы қағаздар, қысқа мерзiмдi коммерциялық бағалы қағаздар сияқты қаржы институттарын дамытуды ынталандыру жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
Корпоративтік басқару жүйесiн жетілдіру шеңберінде Акционерлiк қоғамдарда корпоративтiк басқару жөнiндегi нұсқаулық пен Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының этикасы нормаларында салынған корпоративтiк басқару нормаларын ескере отырып бағалы қағаздар эмитенттерiнің iшкi құжаттарының үлгiлiк нысандары әзiрленетiн болады.
Корпоративтiк басқарудың және қор рыногында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарда тәуекелдi басқарудың корпоративтік жүйелерiн ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықтарды әзiрлеу жоспарланады, ол бағалы қағаздар портфелiн инвестициялық бағалауды жүзеге асыратын ұйымдарға және брокер-дилерлерге қатысты әсiресе өзектi.
2003 жылы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнің уәкiлеттi органға есептерiн, сондай-ақ акциялар мен облигацияларды шығару шарттарын электрондық нысанға көшiрудi жүзеге асыру басталатын болады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесi
2003 жылы мыналар:
- зейнетақы активтерiн неғұрлым сапалы және жоғары өтімдi қаржы құралдарына орналастыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
- зейнетақы активтерiн кәсiпорындардың "көгiлдiр фишкалар" акцияларына инвестициялау тетiгiн жетілдіру, қор рыногының құралдарын белсендi пайдалану;
- зейнетақы төлемдерi тетiгiн жетілдіру;
- зейнетақы активтерiн рыноктық бағалау тетiктерiн енгiзу;
- жинақтаушы зейнетақы субъектiлерiнiң есеп ақпаратын уәкiлеттi органға беруiнiң электрондық жүйесiн жетілдіру;
- жүйеге жаңа салымшыларды тарту жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың басым бағыттары болады.
5.2. Фискальдық саясат
5.2.1. Салық саясаты
Салық заңнамасын жетiлдiру кезiнде экономикалық өсiмнiң тиімдiлiгін арттыру мақсатында мемлекет қосылған құн салығын құруға елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға апаратын инвестициялық процессорларды одан әрi ынталандыру үшiн жағдайлар жасауға ұмтылатын болады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" Қазақстан халқына жолдауында, Индустриялық-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында анықталған салық саясатының негiзгi бағыттарына сәйкес Салық кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады, олар мыналарды ұйғарады:
жеке табыс салығының ставкаларын азайту және әлеуметтiк салық ставкаларының регрессивтi шәкiлiн енгiзу жолымен еңбекақы төлеу қорына салық жүктемесiн азайту, жалақының артуын және азаматтардың ресми емес кiрiстерiн барынша заңдастыруды ынталандыратын болады;
салық жүктемесiн одан әрi азайту мақсатында қосылған құн салығының ставкасын 15%-ға дейiн азайту;
есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын азайту, жоғары технологиялық өндiрiстердi (ақпараттық технологиялар, биотехнология, ядролық технологиялар, радиоэлектроника, байланыс және т.б.) дамыту мақсатында құрылатын арнайы экономикалық аймақтардың (AЭA) аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын кәсiпорындарды қосылған құн салығынан, мүлiкке салынатын салық пен жер салығынан босату. Көрсетiлген АЭА инвестицияларды экономиканың шикiзат емес салаларына жылдамдатып тартуға ықпал етуге танылған және оларды дамыту үшiн қолайлы экономикалық жағдайлар жасау қажет;
мұнай операцияларына салық салу жөніндегі заңнаманы жетiлдiру және арнайы салық жүйесi арқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын салық төлеушiлерден мұнай рентасын тиiмдi алу тетiгiн әзiрлеу;
негiзгi қорларды жаңартуды ынталандыру мақсатында амортизациялық саясатты жетілдіру;
салықтық әкiмшiлiк жүргiзудi автоматтандыру процестерiн дамыту.
Салық кодексiнде белгiленген жеңiлдетiлген салық режимiнің әрекет ету жағдайларында шағын бизнес субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асырудың оң тәжiрибесiн ескере отырып, патент негізінде арнайы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер үшiн кiрiстiң шектi мөлшерiн арттыру жолымен арнайы салық режимiн қолдану аясын кеңейту және бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшін ставкалар шәкiлiн қайта қарау ұйғарылады.
5.2.2. Бюджет саясаты
Бюджет саясаты саласында Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджет жүйесiн жетiлдiру жөнiнде мынадай қадамдар жасады. Бюджет қаражатын тиiмдi жұмсау мақсатында мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөнiндегi, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетiлдiру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлдi. Мысалы, мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасы қабылданды, Бюджет кодексiнiң және "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне жергiлiктi басқару мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобалары әзiрлендi.
Бюджет саясатының үлкен айқындылық, алдын ала болжау және тұрақтылығы үшiн мемлекеттік бюджеттің қаражатын жұмсаудың перспективаға арналған басым бағыттарын нормативтiк бекiту қажет.
Мақсаттары мен мiндеттерi
Алдағы кезеңде мыналар бюджет саясатының мақсаттары болып табылады:
экономикалық өсімнің тұрақты қарқындарын ұстауға жәрдемдесу;
халықтың әл-ауқатын арттыру;
мемлекеттiк функциялардың толық көлемi орындалу қамтамасыз етiлетiн деңгейде шығыстарды қолдау;
мемлекеттiк шығыстардың тиiмдiлiгiн арттыру.
Бюджет саясатының мақсаттарына сәйкес 2004-2006 жылдары мынадай мәселелердi шешу қажет:
стратегиялық, индикативтiк және бюджеттік жоспарлауды одан әрі үндестіру;
бюджет қаражатын жұмсаудың орта мерзiмдi кезеңге арналған басымдықтарын, iске асыру көлемдерi мен мерзімдерін анықтау;