Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 317 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 12 қыркүйектегі N 935 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Туберкулез бен күрес жөнiнде республикалық үйлестiру кеңесiнің (бұдан әрi - Кеңес) құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi N 839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 30, 265-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтағы "құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
"құрылсын".
6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі";
7, 8, 9, 12-тармақтарда:
"Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта "Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын";
12-тармақтың "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
2003 жылғы 2 сәуiрдегі N 317 қаулысымен
бекітiлген
Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру
кеңесінің құрамы
Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бауыржан Әлiмұлы Министрiнің орынбасары, төраға
Досқалиев
Жақсылық Ақмырзаұлы - Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрi,
төрағаның орынбасары
Рақышев - Қазақстан Республикасының
Ғалымжан Боранқұлұлы Денсаулық сақтау министрлiгі
Туберкулез проблемалары ұлттық
орталығының директоры, хатшы
Жағанова - Қазақстан Республикасының Көшi-
Алтыншаш Қайыржанқызы қон және демография жөнiндегi
агенттiгiнiң төрайымы
Диқанбаева - Қазақстан Республикасының
Сәуле Әлекейқызы Денсаулық сақтау вице-министрi
Досжан - Қазақстан Республикасының
Ардақ Дүкенбайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм вице-министрi
Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек
Тамара Қасымқызы және халықты әлеуметтiк қорғау
вице-министрi
Елекеев - Қазақстан Республикасының
Ирак Қасымұлы Әдiлет вице-министрi
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы Министрiнің Кеңсесi Әлеуметтiк-
мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Қалетаев - Қазақстан Республикасының
Дархан Аманұлы Президентi Әкiмшiлiгiнің Iшкi
саясат бөлiмi қоғамдық-саяси
жұмыстар ceкторының меңгерушісі
(келiсiм бойынша)
Құлекеев - Республикалық бюджеттi
Жақсыбек Әбдiрахметұлы орындауды бақылау жөнiндегi Есеп
комитетінің төрағасы
(келiсiм бойынша)
Колос - Қазақ мемлекеттік медицина
Анатолий Иванович академиясының фтизиатрия
курсының меңгерушісі, медицина
ғылымының докторы
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Экономика және бюджеттiк
жоспарлау бiрiншi вице-министрi
Момынов - Қазақстан Республикасының
Талғат Әшiрұлы Денсаулық сақтау министрлiгi
С.Ж. Аспендияров атындағы Қазақ
ұлттық медицина университетiнiң
ректоры
Мыңжанов Марат - Қазақстан Республикасының Ауыл
Тұрсынайұлы шаруашылығы министрлігі
Ветеринария департаментiнің
директоры
Посмаков - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Петр Николаевич министрлiгi Қылмыстық-атқару
жүйесi комитетінiң төрағасы
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Iшкi
Қайырбек Шошанұлы iстер министрi
Тұтқышев - Қазақстан Республикасының
Бексұлтан Серiкбайұлы Парламентi Сенатының депутаты
(келiсiм бойынша)
Тасболатов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы министрiнің орынбасары
Тоқсейiтов - Қазақстан Республикасының
Рақымберген Қаржы вице-министрi
Құрманғалиұлы
Шамшидинова - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Күләш Ноғатайқызы және ғылым вице-министрi
Цокт - Орталық Азия және Қазақстан
Гомбо Гоарам республикаларында туберкулезбен
күрес жөнiндегi ДДҰ-ның өңірлiк
үйлестiрушiсi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
2003 жылғы 2 сәуірдегі N 317 қаулысымен
бекiтiлген
Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық
үйлестiру кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің жанындағы Туберкулезбен күрес жөнiндегi республикалық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнің және Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi мен функциялары
3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
1) туберкулезге қарсы қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдiру;
2) республикада туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мен жақсартуға бағытталған iс-шараларды ұйымдастыру;
3) туберкулезбен күресуде заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
4. Кеңестiң оған жүктелген міндеттерiне сәйкес функциялары:
1) туберкулезбен күрес саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметін жетілдiру;
2) туберкулезбен күрестің негiзгi бағыттарын белгiлеу;
3) қоғамдық және халықаралық ұйымдармен тиiмдi өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық;
4) туберкулездiң алдын алу бойынша ел халқының арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жақсарту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
3. Кеңестiң құқықтары
5. Кеңес:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңестiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
2) өңiрлердегi туберкулез бойынша ахуалды талдау үшiн мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілiгiне қарай тартуға;
3) Кеңес отырыстарында Кеңестiң құзырына енетiн мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкiлдерiн тыңдауға;
4) осы бағыттардағы жұмыстарды одан әрi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды мемлекеттік органдарға енгiзуге;
5) Кеңестің құзыретіне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
4. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
6. Кеңес төрағасы Кеңестiң қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық жасайды, жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.
7. Кеңестiң хатшысы Кеңес отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейiн хаттаманы ресiмдеудi жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
9. Кеңес отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Кеңес хатшысы жүзеге асырады, ол барлық қажеттi материалдарды отырысқа дейiн кем дегенде 3 күн бұрын Кеңестің мүшелеріне жiбередi.
10. Кеңестiң отырысы қажеттілігіне қарай бiрақ жарты жылда кем дегенде бiр рет өткiзіледi. Отырыс Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды деп саналады.
11. Кеңестiң шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Кеңес мүшелерiнің жалпы санының басым дауысы берiлген болса, қабылданды деп саналады және Кеңес отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға шешушi дауысқа ие болады.