Туберкулезбен күрес жөніндегі республикалық үйлестiру кеңесi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 317 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 935; 23.02.04 ж. № 212; 01.09.04 ж. № 922 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2007.21.12 № 1261 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 01.09.04 ж. № 922 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. «Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 қыркүйектегi № 839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 30, 265-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1-тармақтағы «құрылып, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес құрамы мен Кеңес туралы ереже бекітілсiн» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«құрылсын».
6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Әдiлет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі»;
7, 8, 9, 12-тармақтарда:
«Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздер «Денсаулық сақтау министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта "Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздер "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Туберкулез ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы деп қайта аталсын";
12-тармақтың "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 12.09.03 ж. № 935 (бұр. ред. қара); 23.02.04 ж. № 212 қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 01.09.04 ж. № 922 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 01.09.04 ж. № 922 қаулысымен ереженің күші жойылды (бұр. ред. қара)