Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 5 ақпандағы N 131 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 15 қазандағы N 1058 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623 қаулысының 4-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
2. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейiн жұмыс iстеп тұрған сауда рыноктарының қызметiн жоғарыда аталған Ережеге сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2003 жылғы 5 ақпандағы
N 131 қаулысымен
бекiтiлген
Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесi
1. Жалпы ережелер. Ұғымдар мен терминдер
1. Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастырудың осы ережесi (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру тәртібiн айқындайды және "Аса маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы N 1623 қаулысының 4-тармағына, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақ КСР-нің 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңына, Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 433-І, "Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53, "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 434-І, "Халық санитарлық-эпидемиологиялық caулығы туралы" 1994 жылғы 8 шілдедегi Заңдарына, "Өнiм мен тауарлар сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою немесе одан әрі қайта өңдеу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 қаулысына, "Азық-түлік рыноктарын орнықтыруға, ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" туралы 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 4.01.063.02. санитарлық ережелер мен нормаларға (бұдан әрі - СанЕмН) сәйкес әзiрленген.
Осы Ереже сауда рыногының барлық субъектiлерiне (рынок әкiмшiлiгіне, сатушыларға, рыноктың басқа қызметкерлерiне) қолданылады.
2. Осы Ережеде мынадай терминдер қолданылады:
Сауда рыногы (бұдан әрі - рынок) - жергiлiктi атқарушы органдар айқындаған жер учаскесiнде, іргелес аумақтан оқшау орналасқан, сауда жабдықтарымен, мұқаммалмен, сондай-ақ өлшемнің бақылау құралдарымен жарақтандырылған, сауда орындарын 10 күнге дейiнгi мерзiмге ауызша немесе жазбаша нысанда жалға алуға шарттар жасасу немесе атқару практикасы болған кезде заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларды сатуды (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) жүзеге асыруға арналған тұрақты немесе уақытша негiзде жұмыс iстейтiн, аумаққа шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, оқшау мүлiктiк кешен. Рынок қызметi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жабық рынок - тұрақты инженерлiк коммуникациясы бар, жерге iргетаспен берiк байланыстырылған күрделi ғимарат. Жабық рыноктағы сауда орындары мен өздеріндегi тұрақты үлгідегi бөлiмдермен (олардағы тауарларды алдын ала сатуға дайындауды жүзеге асыратын) байланысы жоқ. Әдетте, сатушылардың күнделiктi ауысымына рұқсат берiледi, жабық рыноктардың сауда орындарындағы тауарлық запас бiр жұмыс күнiмен шектеледi.
Көтерме рынок - бұл әрi қарай өткiзу немесе өндiрiсте пайдалану мақсатында тауарларды топ-тобымен (үлкен санымен) сатып алу-сатуды жүзеге асыратын рынок.
Бөлшек сауда - бұл қызмет көрсетудi және тұтынушылардың тiкелей өздерiне, тұрмыстық және отбасылық пайдалануына арналған тұтыну мақсатындағы тауарларды даналап немесе бiрнеше сандық мөлшерде сатып алу-сатуды жүзеге асыратын рынок.
Сауда объектiсi - бұл сауда қызметiн жүзеге асыру үшiн сауда қызметiнің субъектiлерi пайдаланатын мүлiктiк кешен.
Сауда қызметi (сауда) - бұл тауарларды сатып алу-сату, сондай-ақ сатып алушыларға тауарларды сату, тауарларды сатуға дайындау процесінде қызмет көрсету және осы процеске iлеспе қызмет көрсетудi, жеткiзiп берудi және сақтауды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметiнiң түрі.
Тауар - бұл азаматтық айналымнан шығарылмаған, материалдық-заттай нысандағы өндiрiстiк-экономикалық қызметтің кез келген өнiмi.
Дүкен - сауда жабдықтарымен, мұқаммалмен, сондай-ақ өлшеу приборларымен жарақтандырылған, сатып алушыларға тауарлар сатуға арналған және уәкiлеттi орган белгiлеген нормалар бойынша сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген күрделi тұрақты құрылыс немесе оның бiр бөлiгi.
Дүңгiршек - бұл caудa жабдықтарымен, мұқаммалмен, сондай-ақ өлшеу приборларымен жарақталған, рынок әкімшiлiгі арнайы бөлген жер учаскесiнде орнатылған және тұтыну тауарларын бөлшектеп сатуға арналған күрделi емес жылжымалы құрылыс.
Шатыр - бұл оңай жиналып-құрылатын құрастырмалардан тұрғызылған, сөрелермен, мұқаммалмен, сондай-ақ өлшеу приборларымен жарақтандырылған, сауда залы және тауарларды сақтауға арналған үй-жайы жоқ, арнайы белгiленген жерде орнатылған, алаңында сауданың бiр күндiк тауар запасы орналастырылған құрылыс.
Сауда шағын рыногы (бұдан әрi - шағын рынок) - бұл сауда орындарының саны 25-тен аспайтын, тауарларды зауыттық орамда (ыдыста) даналап, сондай-ақ азық-түлiк тауарлары үшiн арнайы сақтау жағдайларын талап етпейтiн тауарларды сатуға арналған рынок.
Рыноктағы сауда орны - сатушының (сатушылардың) тауарларды, сауда мұқаммалын орналастыру және сатуға арналған тауарлар запасын сақтау үшiн сөрелермен жабдықталған жұмыс аймағы. Сауда орны өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi есепке алына отырып, қажетті санитарлық-техникалық жағдайларға сәйкес болуы тиiс.
Сауда қызметiнiң субъектiсi - бұл сауда қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Рынок әкiмшiлiгi - рынок қызметiн тiкелей басқару үшiн рыноктың меншiк иесi (иегерi) құрған басқару аппараты.
Рыноктың меншік иесi (иегерi) - бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететiн, сауда қызметiн жүзеге асыру үшiн сауда орындарын беру және басқа да қызмет түрлерiн көрсету мақсатында рыноктың мүлiктерiн иелену, пайдалану, билiк ету құқығы бар заңды және/немесе жеке тұлға.
Сатушы - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес құқық субъектісi болып табылатын, өзiнiң сауда қызметiн жүзеге асыру үшiн, рынок қызметтерiн пайдаланушы заңды және/немесе жеке тұлға.
Сауда мұқаммалы - сауда қызметін жүзеге асыруға арналған заттар.
3. Рыноктағы сауданы және қызмет көрсетудi арнайы жабдықталған сауда қатарлары мен орындары, сондай-ақ рынок аумағында орналасқан дүкендер, дүңгiршiктер, шатырлар желiсi арқылы көтерме және бөлшек сауда түрiнде заңды және/немесе жеке тұлғалар жүзеге асырады.
4. Сауда рыноктарын жобалау, салу, қайта жаңарту өз құзыретi шегiнде белгiленген тәртiппен тиiстi органдармен келiсiлген жобалар бойынша қолданыстағы нормативтiк кесiмдерде көзделген талаптарға сәйкес жүргiзiледi.
Белгiленген тәртiппен iске қосу (қабылдау) кесiмi ресiмделгенге дейiн рынокты пайдалануға тыйым салынады.
5. Тауарлық-салалық белгiсi бойынша рынок аумағын мамандандыруды және аймақтандыруды, сондай-ақ рынокта жүзеге асырылатын мәмілелердiң көлемi мен сипатына байланысты рыноктың үлгiсiн қолданыстағы нормативтерге сәйкес рынок әкiмшiлiгi айқындайды.
6. Рыноктар былайша жiктеледi:
тауарлық мамандануы бойынша:
1) азық-түлiк тауарларын өткiзу бойынша - азық-түлiктiк;
2) өнеркәсiп тауарларын, тұрмыстық техниканы және тағы басқаларды өткізу бойынша - азық-түлiктiк емес;
3) тауарлардың жекелеген топтарын (автомобиль, мал және т.с.с.) өткiзу бойынша - мамандандырылған;
4) мамандандырылған сауда аймақтарында азық-түлiктiк және азық-түлiктiк емес тауарларды өткiзу бойынша - әмбебап;
мәмiлелердiң көлемi мен оларды жүзеге асыру тәсiлдерi бойынша:
бөлшек;
көтерме;
түрлерi бойынша:
жабық;
жабық емес;
аралас.
7. Рыноктардың жұмыс режимiн рыноктар әкiмшілiгi белгілейдi.
2. Рынок аумақтарын ұстауға жабдықтауға және жарақтандыруға
қойылатын талаптар
8. Рынокты ұйымдастыру кезiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес СанЕмН, өртке қарсы ережелер, сәулет, құрылыс, ветеринарлық, экологиялық және басқа да талаптар міндетті түрде сақталуы тиiс.
9. Рынок аумағында орналасқан құрылыстар, сондай-ақ тиiстi бейiндегi (үлгілiк) объектiлер үшiн белгiленген қауiпсiздiк техникасы ережелерiне, ветеринарлық, санитарлық, өртке қарсы және басқа да талаптарға жауап беруi тиiс.
10. Рынок аумағындағы ғимараттар мен жабдықтардың орналасуы тұтынушылардың сауда орындарына еркiн келуiн, өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын және апатты жағдайда немесе төтенше жағдайларда адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл көшiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
11. Рыноктың санитарлық жай-күйi Мемсанэпидқадағалау органдары мен мекемелерi белгiлеген талаптарға сәйкес болуы тиiс.
12. Рынок аумағының көрнекі орындарына мынадай барлық қажеттi объектiлер: сауда қатарлары, анықтама бюросы, зертханалар, санитарлық желiлер, бақылау таразылары, құқықтық тәртiптi қорғау органдарының бөлмелерi және тағы басқалары көрсетіле отырып, "Рынок жоспары" орналасады.
Рынок аумағы сауда қатарларына (көкөнiс, жемiс-жидек, ет, сүт, тұрмыстық тауарлар, киiм, аяқ киiм және т.б.), тамақтану орындарына, бақылау таразыларына, автобус аялдамаларына, шығуға бағытталған сiлтемелермен және т.б. жарақтандырылады.
Әрбiр азық-түліктік сауда залында өлшеудi бақылау құралдары орнатылады. Өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен тексерiлуге тиiс.
13. Рынок қажеттi сауда мұқаммалымен, жабдықтармен оның iшiнде "Өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат берiлген өлшем құралдарымен жарақтандырылады.
Сауда рыноктарының техникалық жарақталуына және олар ұсынатын қызмет түрлерiне қойылатын талаптар олардың үлгілеріне қарай осы Ереженiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
Рынок аумағындағы қоғамдық тамақтандыру, сауда, халыққа тұрмыстық қызметтер көрсету объектiлерiн және басқа да қызметтердi орналастыру мен жабдықтау Мемсанэпидқадағалау және өрттен қорғау органдары мен мекемелерінің рұқсатымен әрі олардың келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
14. Азық-түлiктiк емес сауда залдарында заттарды (киiм, аяқ киiм) сату кезiнде, оларды өлшеп, киiп көру үшiн жағдай, ал тексеруi талап ететiн күрделi-техникалық және басқа да тауарлар үшiн - оны өткiзуге арналған жағдай жасалуға тиiс.
15. Рынок аумағындағы сумен жабдықтау және кәріз СанЕмН талаптарына жауап беруге тиiс.
16. Рынокта кәрiз болмаған жағдайда шаруашылық және сарқынды суды аластату және ағызу тәртiбi Мемсанэпидқадағалау органдарының келiсiмi бойынша белгiленедi.
17. Рынокта ауыл шаруашылығы тауарларын сақтау және өткiзу СанЕмН талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң саудасы СанЕмН-ға сәйкес тамақ өнiмдерiмен жанасу үшiн Мемсанэпидқадағалау органдары мен мекемелерi рұқсат берген материалдардан дайындалған ыдыстардан тауарлық көршiлiк қағидаттарын сақтау, өнiмдердiң тікелей жермен жанасуынан сақтау жолымен жүзеге асырылады.
3. Рынок әкімшiлiгінiң жұмыстарын ұйымдастыру
19. Рынок әкiмшiлігі:
1) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттейтiн қолданыстағы заңнамасына, осы Ережеге және рынок субъектiлерiнiң өзара қатынастарының iшкі тәртiбiн айқындайтын рынок регламентiне сәйкес рыноктың қалыпты жұмыс iстеуiне және оның жұмысын ұйымдастыруға арналған қажеттi жағдайларды қамтамасыз етедi;
2) рыноктың мiндеттi түрде мыналар көрсетiлетiн регламентiн әзiрлейдi:
жұмыс режимi және рынокқа сатушылардың, сатып алушылардың және рыноктың басқа да қызметкерлерінің келу тәртібi;
қосымша қызмет түрлерiнiң тiзбесi;
сатушыларға сауда орындарын берудiң тәртiбi, олардың сипаттамасы, шарттары және жалға алу құны.
Рынокта сатушыларға сауда орындарын беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шарттық негiзде жүзеге асырылады;
3) рынок аумағын уақытылы тазалауды және көркейтудi қамтамасыз етедi;
4) Мемсанэпидқадағалау органымен және мекемелерiмен келiсiлген кестеге сәйкес рынокта санитарлық күн өткiзедi;
5) рыноктың мамандануына қарай энергиямен, сумен жылумен жабдықтау бөлiгiнде рынок аумағындағы сауда объектiлерi мен орындарына сервистік қызмет көрсетуi, сондай-ақ пайдалану шарттарына және оларға белгiленген талаптарға және СанЕмН-ге сәйкес сауда мұқаммалының және бақылау таразыларының болуын қамтамасыз етедi;
6) қоғамдық тәртiптi, өртке қарсы қауiпсiздiктi қорғау, қарауылдық күзетті ұйымдастыру және рынокты көрiктендiру жөнiндегi iс-шараларды өткiзу бойынша шаралар қабылдайды;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы Ережеге, құрылыс нормалары мен ережелерiне, СанЕмН-ге, өрт қауiпсiздiгi ережелерiне, экологиялық және басқа да талаптарға сәйкес рынок жұмысын ұйымдастырады;
8) рынок аумағы кiреберiсiне рыноктың үлгiсi, мамандануы, атауы, жұмыс режимi көрсетiле отырып маңдайша (мемлекеттiк және орыс тілдерiнде) орнатады;
9) келуге болатын көрнекi жерлерге мыналарды:
мамандану бойынша сауда аймақтарының сілтемелерiн;
сатушылар мен келушілердiң назарына мынадай ақпараттар:
рыноктағы бiр жолғы талондардың құны;
рынокта сауда орындарын берудiң және қызмет көрсетудiң тәртібi мен шарттары;
бақылау таразыларының, пiкiрлер мен ұсыныстар кітабының тұрған орны; рынок жұмысына қатысты мәселелер туындаған жағдайда, өтiнiш жасауға қажет рынок әкiмшiлігі, Мемсанэпидқадағалаудың аумақтық органдары мен мекемелерi, ветеринария және өсiмдiктер карантинi жөнiндегi органдар, iшкi iстер бөлiмi телефондарының нөмiрлерi;
санитарлық-ветеринариялық сараптама жүргiзу үшiн азық-түлік тауарларынан алынатын iрiктеу нормалары (мұндай ақпараттың ет және жемiс-көкөнiс павильондарында орналасуы мiндеттi);
рынокта жеңілдiктерi бар тұлғалардың тiзбесi көрсетiлетiн ақпараттық стенд орнатады.
10) мынадай нормативтiк құқықтық кесiмдерi болуы тиiс:
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақ KCP-нiң Заңы;
Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы", "Өлшемдер бiрлігін қамтамасыз ету туралы", "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы" Заңдары;
"Өткiзуге және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда өнімдер мен тауарларды жою немесе оларды одан әрi қайта өңдеу жөнiндегi тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1891 қаулысы;
Сауда рыноктары қызметiн ұйымдастырудың осы ережесi және СанЕмН.
Қажеттілiк туындаған жағдайда аталған нормативтiк құқықтық кесiмдер сауда рыногының барлық субъектiлерiне танысу үшiн ұсынылады.
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, рынок көрсететін қызметтер ақысының ставкасын (сауда орындары мен үй-жайларды жалға алу, сондай-ақ басқа да қосымша қызмет көрсетулер) дербес белгiлейдi;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рынок аумағында сауда немесе өндiрiстiк қызмет жүргiзу құқығына заңды және/немесе жеке тұлғалармен сауда орнын жалға алу шарттарын жасасады (жария немесе жазбаша түрде);
13) рынок көрсететiн қызметтер бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдiктер беру туралы дербес шешiм қабылдайды. Бұл ретте жеңілдiктер беру туралы хабарландыру мен тиiстi жеңiлдiктерi бар тұлғалардың тiзбесi жалпыға қол жетiмдi орындарда орналастырылады;
14) шарттық негізде құқықтық тәртіпті қopғау, Мемсанэпидқадағалау ветеринариялық қадағалау және өрттен қорғау органдарына тұрақты пункттердi орналастыру үшiн қызметтiк үй-жайлар береді;
15) рынок сатушылары мен басқа да қызметкерлерi үшiн ақылы қызметтер ұсынады (тоңазытқыштарда, қоймаларда және басқа да қойма үй-жайларында тауарларды, өнiмдердi, сондай-ақ сатушылардың жеке заттарын сақтау; ет шабу; жүктi сауда орындарына тасу; тауар таразыларында өнiм өлшеу; автотұрақтарды пайдалану; радио арқылы хабарландырулар және басқалар);
16) белгiленген тәртіппен сауда орнының мөлшерiн айқындайды.
20. Рынок иесiнiң/әкiмшiлiгiнiң бюджетпен есеп айырысу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
21. Рыноктың қызметкерлерi, сондай-ақ техникалық қызметшiлерi сауда рыногы аумағында шаруашылық қызметтi санитарлық киiмде жүзеге асыруға, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен профилактикалық медициналық тексеруден өтуге мiндетті.
Медициналық тексеруден өткiзу тәртiбi денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның қолданыстағы бұйрығына сәйкес белгiленеді.
4. Рынок әкiмшiлiгiнің жауапкершілігi
22. Рынок әкiмшілігi осы Ереже қағидаларын бұзғаны, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда бiр жолғы талоны жоқ адамдарды саудаға жiбергенi, сондай-ақ рыноктағы тексерулер нәтижелерiнiң қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде пәрмендi шаралар қабылдамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
23. Рынок әкiмшiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рынок аумағында санитарлық-гигиеналық жай-күйдi, сондай-ақ рыноктың санитарлық режимiн сақтамағаны үшiн жауапты болады.
Рыноктың әрбiр қызметкерi, сатушысы, рынок аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын кәсiпорын басшысы осы Ережемен және СанЕмН-мен танысуы тиiс.
Белгiленген ережелер талаптарының бұзылуына кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Рыноктардың жұмысын бақылау
24. Рыноктарда сауда қызметiн реттейтiн белгiленген нормалар мен ережелердiң сақталуына бақылауды Мемсанэпидқадағалау, Мемветқадағалау Мемстандарт және өрттен қорғау қызметiнiң органдары мен мекемелерi жүзеге асырады.
Рынокта жүргiзiлген тексеру нәтижелерi тиiстi актiмен ресiмделедi және белгiленген нысанға сәйкес бақылау журналында тiркеледi (осы Ережеге 2-қосымша).
6. Сатушылардың жұмысын және сауда процесiн ұйымдастыру
25. Сауда рыногының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы санитарлық киiммен жұмыс iстеуге, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға, сондай-ақ белгiленген тәртіппен профилактикалық медициналық тексеруден өтуге мiндетті.
Медициналық тексеруден өткiзу тәртiбi денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның қолданыстағы бұйрығына сәйкес белгiленедi.
26. Сатушы мынадай жағдайларда: өнiмдердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн куәландыратын құжаттарсыз және/немесе тұтынушылардың өмiрi немесе денсаулығы үшiн қауiпсiздiк талаптарына жауап бермейтiн тауарларды (оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағына одан тысқары жерлерден әкелiнген) сатса, сондай-ақ тауарлардың қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын ресми құжатты заңсыз пайдаланса; сатылатын тауардың сапасына қатысты сатып алушыларды алдаса; тұтынушыны кем өлшеу арқылы алдаса; СанЕмН-дi бұзып тауарлар сатса Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершiлiкте болады.
27. Сатушылардың тауарлар сатуы кезiнде:
1) рыноктағы сауда ережесiн және рыноктың iшкi тәртiбiн сақтауы;
2) санитарлық және өртке қарсы талаптарды сақтауы;
3) жөнелтпе құжаттың түпнұсқасы және басқа да нормативтiк кесiмдермен көзделген тауардың iлеспе құжаттары; тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген жағдайларда бiр жолғы талон болуы қажет.
28. Осы Ереженiң 27-тармағының 3-тармақшасында аталған құжаттар бүкiл жұмыс уақыты iшiнде сатушыда сақталады және олар бақылаушы органдар мен рынок әкiмшiлiгiнiң бiрiншi талабы бойынша берiледi.
29. Сауда орнын үшiншi тұлғаға беру тараптардың (сатушы мен рынок әкiмшiлiгi) келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
30. Рынокта қызметiн жүзеге асыратын сатушылардың бюджетпен есеп айырысу тәртібi Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалады.
31. Рынокта сатуға тыйым салынған тамақ өнiмдерiнiң тiзбесi СанЕмН-ның талаптарымен айқындалады.
32. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еркiн сатуға тыйым салынған тауарларды рынокта сатуға тыйым салынады.
33. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен аттестацияланған ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханасы болмаған кезде малдан алынатын шикiзатты рынокта өткiзуге тыйым салынады.
7. Сатылатын тауарлардың сапасы мен қауiпсiздiгi
34. Сапасы мен қауiпсiздiгi тексеруден өткен тауарларды рынокта сатуға рұқсат етіледi.
Рынокқа келіп түсетін азық-түлiк тауарларының сапасы мен қауiпсiздігі өнiмге қолданыстағы санитарлық нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы және ол тиiстi құжаттармен расталуы тиiс, ал малдан алынған шикiзат рынок зертханаларында мiндеттi түрде ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізілуге тиic.
Мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдер сәйкестiк сертификатымен бiрге жүруге тиiс.
35. Сату уақытында сапасын жоғалтқан және сапасыз тауарлар разрядына өткен тауар сатудан алынады.
Өнiмдер мен тауарларды жою немесе әрi қарай қайта өңдеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Уақытша сақтауға қойылған тауарлар ыдыста қатталуы тиiс. Сақтау үй-жайларында тауарлар тауарлық көршiлiк, жинастыру нормалары, режим мен сақтау қағидаттары сақтала отырып орналастырылады.
8. Сауда рыноктарының қызметiн тоқтату
36. Сауда рыногының меншiк иесi рынок қызметiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатады.
Ережеге 1-қосымша
Сауда рыноктарының үлгілеріне қарай жарақтандырылуына
және олар ұсынатын қызмет түрлеріне қойылатын техникалық талаптар
| Жабық сауда рыногы |
Бөлшек | Көтерме | Маманданған (авто-дік, мал т.б.) |
Азық- түл- іктік | | Азық- түл- іктік | |
| М М М М М М М М М - - М М М М М М - М М М М М М | М - М - - М - - М М М М М М М М М - М М М М М М | М М М М М М М М М М М М М М М М М - М М М М М М | М М М М - М М М М - - М М М М М М М М М М М М М | М - М - - М - - М - - М М М М М М М М М М М М М | М М М М - М М М М - - М М М М М М М М М М М М М | М - - маман- дануына қарай - - - - - - - М М М М М М Ұ М М М - М Ұ |
| Аралас сауда рыногы |
Бөлшек | Көтерме | Маманданған (авто-дік, мал т.б.) |
Азық- түл- іктік | | Азық- түл- іктік | |
| М М Ұ М М М М М Ұ - - М М М М М М Ұ М М М М М М | М - Ұ - - М - - Ұ Ұ М М М М М М М - М М М Ұ М М | М М Ұ М М М М М Ұ Ұ М М М М М М М Ұ М М М М М М | М М М М М М М М М - - М М М М М М М М М М М Ұ Ұ | М - М - - М - - М - - М М М М М М М М М М Ұ Ұ Ұ | М М М М М М М М М - - М М М М М М М М М М М Ұ Ұ | М - - маман- дануына қарай - Ұ - - - - - М М М М М М М М М М - М Ұ |
| Жабық емес сауда рыногы (шағын рынок) |
Азық-түлік- тік | | Маманданған (автомоб- мал және т.б) |
Қоршау Тоңазытқыш камералар Көтергіш-көлік жабдығы Санветсараптама зертханасы Етті бөлшектеуге арналған үй-жай Тауарларды сақтауға арналған қойма үй- жайларды, сақтау орындары Таразыларды және басқа да мұқаммалдарды беру пункті Бақылау таразыларының болуы Жүктерді сауда орын. дарына жеткізу Күрделі-тұрмыстық техниканың сапасын тексеру үшін жағдай жасау Өлшеуге арналған бөлме (кабина) Сумен жабдықтау Электрмен жабдықтау Кәріз (шұңқыр) құзыретті органдармен келісім бойынша Санитарлық торап Жылумен жабдықтау Машина тұрағы үшін орын беру Машиналардан, контейнерлерден сауда жасау үшін аумақ беру Рынок аумағын асфальттау (бетондау) Рынок аумағын жинастыру Күзетпен қамтамасыз ету Рынок сатушылары мен қызметкерлерінің киінуі үшін бөлме беру Ақпараттық стенд Радио арқылы хабарландыру (ақпарат) | М - - - - - - М - - - М - М М - Ұ - М М - - - - | М - - - - - - - - М Ұ Ұ - М М - Ұ - М М - - - - | М - - - - - - М - М Ұ М - М М - Ұ - М М - - - - | М - - - - - - - - - - Ұ - М М - Ұ - М М - - - - |