Родниковое кен көрiнiсi шегiндегі алтын жұмыстары, мұнда желмен мүжiлген алтын бар қыртыстар, кварцтеу, березитизация аймақтары дамыған. Алтынның құрамы 1,0-25,0 г/гт, алтынның болжамды ресурстары - 20 тонна.
Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 220 км орналасқан Қоскөл кен көрiнiсi шегіндегi алтын жұмыстары. Р1 санатындағы алтынның болжамды ресурстары 10 тонна деп бағалануда. Алтын әктас тастары арасындағы контактілiк-карст құралымдарына кiрiккен қиыршықты кеуек жыныстар жиегiмен астасып жатыр. Алтын құрамы - бастапқы бiрлiктерден ондаған г/т дейiн. Жүргiзілiп жатқан жұмыстардың мақсаты - инвесторлар тарту үшiн кейiн тендерлiк ұсыныс жасап, экономикалық рентабельдi алтын кен орнын анықтау болып табылады. Алтын қорының күтiлетiн өсiмi шамамен 10-15 т.
2004 жылы Сырымбет пен Қызылшоқы-Көктал кен орындарында iздеу-бағалау жұмыстары аяқталып, Селекциялық кен аймағындағы, Қамқор кен орнындағы, Родниковое мен Қоскөл кен көрiнiстерiндегі жұмыстар жалғастырылады, Володар кен аймағындағы тантал мен қалайыға жұмыстар басталады.
Володар кен аймағы шегіндегi тантал мен қалайыға жұмыстар Үлбi металлургия зауыты үшiн сенiмдi шикiзаттық база жасау мақсатында жүргiзіледi. P1 санатындағы тантал мен қалайының болжамды ресурстары бағаланып, тау-кен және бұрғылау жұмыстарын жүргiзу үшiн неғұрлым перспективалы телiмдер бөлiнедi. С2 санатындағы бес тотықты тантал қорының күтiлiп отырған өсiмi 500 т.
Спасск кен аймағы шегiндегi мысты іздеу-бағалау жұмыстары басталады. Новоснегирев кен аймағында (полиметаллдар) 2005 жылы iздеу-бағалау жұмыстары басталады. Новоснегирев кен аймағы Грехов кенiшi қазбаларынан 600-800 м жерде орналасқан және "Зырянов ГРЭ" ЖШС-ның бiрiншi кезектегі геологиялық iздеу жұмыстары бағдарламасына енген. Р3 санатындағы болжамды ресурстар құрамында қорғасын - 2,4%, мырыш - 8,6%, мыс - 0,7% бар 12 млн. тонна кен деп бағалануда. Алтын-Борлыкөл телімінде алтын жұмыстарын бастау көзделуде.
Спасск кен аймағы Қарағанды қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 100 км жерде орналасқан. Аймақ шегiнде құрамында 1%-дан астам көптеген мыс көрiнiстерi (Шайтанды, Қызыл өгiз, Көктас-Шарықты және т.б.) анықталды. Жұмыстарды Балқаш тау-кен-металлургия комбинатының минералдық-шикiзаттық базасын толықтыру мақсатында жүргiзу көзделуде. Мыс қорының күтiлiп отырған өсiмi - 500-700 мың тонна.
Алтын-Борлыкөл телімі Арқалық қаласынан солтүстiк шығысқа қарай 110 км жерде орналасқан. Телiмдегi алтынның кең байтақ алқаптары мен құрамында орташа есеппен 2 г/т алтын бар анықталған кен денелерi қуаты 100 метрге дейiнгi желмен мүжiлген кеуек қыртыстарға орайластырылған. Қыртыстардағы алтынның ең көп құрамы 5-6 г/т-ға дейiн жетедi. Жүргiзiлетiн жұмыстардың мақсаты - инвесторлар тарту үшiн кейiн тендерлiк ұсыныс жасап, экономикалық рентабельдi алтын кен объектісiн анықтау болып табылады. Алтын қорының өсiмi 60-80 тонна болады деп күтiлуде.
2006-2010 жылдары Новоснегирев кен аймағында (полиметаллдар), Спасск кен аймағында (мыс) және Алтын-Борлыкөл телiмiнде (алтын) iздеу-бағалау жұмыстары жалғастырылады.
Мысқа (Сәмембет, Оңтүстiк Бенқала, Жангелдин кен алаңы, Соқырқой кен орны), алтынға (Тұз телiмi) іздеу-бағалау жұмыстарын бастау көзделуде. Полиметаллдарға iздеу-бағалау жұмыстарын Вавилон кен алаңында, Соловьев және Среднегорненский телімдерінде жүргiзу жоспарлануда.
Төменде iздеу-бағалау жұмыстары объектiлерiнiң сипаттамалары келтiрілeдi.
Вавилон кен алаңы Семей қаласынан шығысқа қарай 70-80 км жерде орналасқан. Кен орны мыспирротин үлгісiне жатады. Кендегi мыстың құрамы 0,85%. P1 санатындағы мыстың болжамды ресурстары - 200 мың тонна. Вавилон кен алаңында іздеу-бағалау жұмыстарын жолға қою Шығыс Қазақстандағы мыс-кен өнеркәсiбiнiң минералдық-шикізаттық базасын толықтыру проблемаларынан туындады.
Сәмембет кен орны. Кен орнында ендiк жайылуы 800-1500 м, қуаты 20-150 м 5 скарндық кен денесі белгiлi. Оңтүстік-шығыс құлдиламасы, 150-250 м құлдиламасы бойынша тереңдiк анықталған. Скарндар, негiзiнен гранаттан, гранат-пироксендiгi сирегірек. Скарндарда қуаты 1-ден 30 метрге дейінгі мыс-висмут денелері ажыратылады. Кен бөлінісі халькопирит, борнит, халькозин, висмутин, галенит, сфалерит араласқан жыныстардан көрiнедi; тотықтану аймағы - малахит, азурит, хризоколла, церуссит, смитсонит. Телiм арықтар және тереңдiгi 35-180 м. 10 ұңғымамен бағаланған. Телiмнiң болжамды ресурстары масштабы 1:10000 тереңдiгі 100 метрге дейiнгi, орташа құрамы 1,25%, мөлшерi 168,5 мың тонна мыс iздеу жұмыстарының материалдары бойынша бағаланған. Кенде висмут - 0,14-0,17%, қорғасын - 1,16-1,62%, мырыш - 1,73%. Сәмембет кен алаңындағы мыстың болжамды ресурстары құрамы 1,25% кезiнде 500 мың тоннадан астам мысты құрайды.
Жангелдин кен алаңында кен бөлінісінің үш аймағы бар: алтын-мыс-молибден минералдары бар Солтүстiк және Орталық, Оңтүстiкте висмут пен алтын бар полиметаллдық. Гидротермальдық өзгерiстер штокверк кварттерiмен, березитизациямен, калишпатизациямен, серитизациямен көрiнедi. Ұңғымалар бойынша мыстың орташа құрамы жекелеген интервалдарда 6,0-8,0 м қуатына 0,3-0,4% құрайды, неғұрлым едәуір интервалдарда 20,0-40,0 м қуатына құрамында мөлшерi 0,2-0,3% мыс бар. Қайталама қыртыстарда алтынның шоғырлануы - 0,05-1,0 г/т. Шашылған қайталама қыртыстардың көлемi мұнда кемiнде 500 мың тонна мыс бар деп болжауға мүмкiндiк бередi. Телiмде алтын мен висмутқа мүдделiлiк бар.
Соқырқой кен орны (мыс-порфир және алтын-порфир) Балқаш қаласынан оңтүстiк батысқа қарай 100 км жерде "Ньюмонт Қазақстан ЛТД" келісім-шарттық аумағында (2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 883 келiсiм-шарт) орналасқан. Мыс-порфир және алтын кен бөлiнiсi қайталама кварциттер алабына орайластырылған. 150-300х50-200 м желiсi бойынша ұңғымалармен барланған. Ұңғымаларды байқау деректерi бойынша мыстың жиектік құрамы 0,2%, 20,0-30,0 метрден 160,0 метрге дейiнгi тереңдiкте жатқан қуаты алғашқы метрлерден 10-20 метрге дейінгі 3 еңістеу түскен кен денесi ажыратылады. Кен бөлінісі қайталама сульфидтiк байыту аймағына орайластырылған. Кендi аймақ көлемi 1200x300-400 м. шамасында. P1 санатындағы мыстың болжамды ресурстары оның P1 санатындағы 0,36% орташа құрамы кезінде 200 мың тонна. Мыс кенi кенiштерiнің батыс қанатындағы 6 ұңғымада алтынның мол құрамы анықталды. Алтынның 2,0 г/т жиектік құрамымен есептелген P1+P2 санатындағы алтынның болжамдық ресурстары орташа құрамы 6,8 г/т болған кезде 12500 кг құрайды.
5.3.2. Көмiрсутектi шикiзатты iздеу жұмыстары
2003 жылы Теңіз ойпатында 2002 жылы басталған мұнай мен газ iздеу-бағалау жұмыстары жалғастырылады. Осы жылы 100 қума километр көлемiнде МОГТ-2Д сейсмикалық зерттеулерi жүргiзiледi.
2004 жылы Шығыс Iле ойпатында 100 қума километр көлемінде сейсмикалық зерттеулер жүргiзу жоспарлануда.
2005 жылы Шығыс Iле ойпатында 100 қума километр көлемінде сейсмикалық зерттеулер жүргiзу жоспарлануда.
2006-2010 жылдары Сырдария және Шығыс Iле ойпаттарында 500 қума километр көлемінде ауқымды геологиялық картирлeу үшiн сейсмикалық зерттеулер жүргiзу көзделуде.
5.3.3. Астана қаласын сумен қамтамасыз етудiң қосымша көздерiн iздестiру жөніндегi iздеу-барлау жұмыстары
Жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 19 мамырдағы Астана қаласын дамыту мәселелерi бойынша N 01-9/5 хаттамалық шешімін және Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi басшысының Астана қаласын сумен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi 1999 жылғы 10 тамыздағы N 04-5/14 хаттамалық шешiмiн орындау үшiн жүргiзiледi. Қазiргi таңда ауыз сумен жабдықтаудың қосымша әрi резервтiк көзi ретінде Ақмола жер асты сулары кен орны барланды әрi өнеркәсiптiк игеруге дайындалды. Бағдарламада:
2003 жылы - Волгодон телiмiнде іздеу-бағалау жұмыстарын жалғастыру;
2004 жылы - Волгодон телімінде iздеу-бағалау жұмыстарын аяқтау көзделедi.
5.4. Минералдық-шикiзаттық база мен жер қойнауын пайдаланудың
мониторингі.
Минералдық-шикiзаттық база мен жер қойнауын пайдаланудың мониторингi Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстандағы жер қойнауының мемлекеттiк мониторингі туралы ережеге" сәйкес жүзеге асырылатын жер қойнауы мемлекеттiк мониторингінің құрамдас бөлiгi болып табылады.
1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзаттық кешенiн дамытуды болжау және 2030 жылға дейiнгi кезеңге минералдық-шикiзаттық базаның жай-күйiн модельдеу жөнiнде жұмыс жүргiзуде. Осы бағыт шеңберiнде қорғасын, мырыш, мыс, алтын, темiр (2000 жылы), барит, фосфор, марганец, бокситтер, көмiр (2001 жылы), мұнай, конденсат (2002 жылы) бойынша жұмыстар аяқталды, тантал, ниобий, хром, никель, уран, агрономиялық кендер бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының минералдық-шикізаттық базасының мониторингі Қазақстанның минералдық-шикізаттық базасын молайтуды болжау міндеттерiн шешу үшiн 20 жылдық кезеңге ретроспективасымен бiрге пайдалы қазбалардың 35 түрі бойынша анықтамалық-талдау жүйесінің негізінде жүзеге асырылады. Қазақстанның аумағында қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутекті шикiзат бойынша лицензиялық және тендерлiк объектiлер бойынша мониторингтік карталарды тоқсан сайын жаңарту, оларды редакциялау мен шығару жүргiзiледi.
Бағдарламада минералдық-шикізаттық базаның мониторингiн тұрақты негiзде жүзеге асыру көзделедi. Мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасы минералдық-шикiзаттық кешенiнің әлеуетін нақтылауға, оның әлемдiк рынокқа кірігуі ықтималдығын арттыруға мүмкiндiк бередi.
5.5. Жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестер мониторингі,
мемлекеттiк қадағалау желiсiнің таратылған және тоқтатылған пункттерiн
қалпына келтiру.
Жер қойнауы мен жер асты сулары жай-күйiнің 150 көрсеткiшi бойынша жұмыс iстейтiн пункттерде режимдік байқаулар жүргізу, тоқтатылған және таратылған пункттердi қалпына келтiру әрі пайдалануға беру, мақсатты мониторинг полигондарын құру әрi ақпаратты қабылдау, өңдеу мен берудің автоматтандырылған режимiне көшумен бiрге мемлекеттiк желiнi оңтайландыру көзделуде. Аталған міндеттердi шешу үшiн Бағдарламада мыналар көзделедi:
2003 жылы 4565 жұмыс iстейтiн және қалпына келтiрiлген байқау пунктте режимдік байқаулар жүргiзудi жалғастыру, 220 тоқтатылған пунктінде қалпына келтiру және автоматтандырылған режимiне көшумен бiрге мақсатты мониторинг полигондарын құру, жер асты сулары мемлекеттiк мониторингiнің ақпараттық-компьютерлiк жүйесiн жетілдiру.
2004 жылы 4785 жұмыс iстейтiн және қалпына келтiрiлген байқау пунктiнде режимдік байқаулар жүргiзудi жалғастыру, 220 тоқтатылған пунктінде қалпына келтiру, 14 байқау бекетiн құрып, жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингін жүргiзудiң автоматтандырылған режимiне көшiп, Есіл, Epтic, Iле, Шу, Сырдария, Елек трансшекаралық өзендер, Тобыл-Обаған өзендерi аралығы бассейндерінде мемлекеттiк желiнi оңтайландыру, жер асты сулары мемлекеттiк мониторингiнің ақпараттық-компьютерлiк жүйесiн жетілдiру.
2005 жылы 5005 жұмыс iстейтiн және қалпына келтiрiлген пунктінде режимдік байқаулар жүргiзудi жалғастыру, 220 тоқтатылған пункттi қалпына келтiру, мемлекеттiк желiнi оңтайландыру, жаңа бекеттер мен қауiптi геологиялық процестер (сырғымалар, селдер, құламалар) полигонын, Жер асты сулары мен қауiптi геологиялық процестер мемлекеттiк мониторингiнің ақпараттық-компьютерлік жүйесi деректер банкінің бiрыңғай жүйесiн құру, жер асты сулары мемлекеттiк мониторингінің ақпараттық-компьютерлiк жүйесiн жетілдiру.
2006-2010 жылдары жер қойнауы мен жер асты сулары жай-күйiнің 150 көрсеткiшi бойынша жұмыс iстейтiн 7314 байқау пунктінде режимдiк байқаулар жүргiзу, 2089 пункттi қалпына келтiрудi кезең-кезеңiмен енгiзе отырып, моделдердiң мақсатты мониторингi полигондарын (Арал өңiрi, Каспий өңірi, Epтic өңірi, Балқаш-Алакөл, Ташкент өңiрi, Батыс Қазақстан артезиан бассейндерi) және инфрақұрылымы неғұрлым дамыған және халқының тығыздығы жоғары әрi қауіптi құбылыстарға қарқынды ықтимал: ақпаратты қабылдау, өңдеу мен берудiң автоматтандырылған режимiне көшіп, жер асты сулары мемлекеттiк мониторингін ақпараттық-компьютерлiк жүйесiн жетiлдіріп, Алматы-Жамбыл және Арал өңiрi полигондарында қауiптi экзогендiк процестердi бақылау желiсiн құру көзделедi.
5.6. Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы қазiргi заманғы
ақпараттық жүйе құру. Геологиялық зерттеулердi ақпараттық қамтамасыз ету
Геология саласының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы толық, шынайы және жедел ақпарат қажет. Қазіргi уақытта жинақталған геологиялық-геофизикалық және талдамалық ақпараттың 90%-ға жуығы әлi күнге дейiн қағаз күйiнде сақталуда әрi тозуда, көбiнесе қалпына келтiрiлмейдi. Әлемнің озық елдерi, iс жүзінде ақпараттың түрлерiн, соның iшінде геологиялық та есепке алу, сақтау мен толықтыруды толық автоматтандыруға көштi. Минералдық-шикiзаттық база Қазақстан экономикасының стратегиялық негiзi екенiн ескере отырып, геологиялық ақпаратты қағаздан магниттiк-сандық негiзге көшiру әрi жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттың мемлекеттік компьютерлiк банкінің бiрыңғай жүйесiн құру қажеттiгi әлдеқашан пiсiп-жетілдi. Осы жүйенің көмегiмен мынадай міндеттep шешiлетiн болады:
жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық компьютерлiк банкiн құру әрi серпіндi жүргiзу;
жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық компьютерлiк банкiн рұқсатсыз енуден қорғауды қамтамасыз ету;
нәтижесiн мәтiн, кесте және графика нысандарында берiп, ақпаратты автоматтандырылған кешендi өңдеу мен талдау;
әртүрлi сатылық деңгейде (жергілiктi, аймақтық және республикалық) салалық міндеттер шешу үшiн автоматтандырылған технологиялар әзiрлеу әрi енгiзу;
жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланудың автоматтандырылған мониторингiн жүзеге асыру, геологиялық ақпарат ағындарын басқару;
жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы деректер банкін дамыту шеңберiнде қазiргі заманғы компьютер кешендерi мен бағдарламалық құралдарын сатып алу.
Геологиялық ақпаратты қалыптастыруды "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы орындайды, ол Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң қарауында әрi Қазақстан Республикасының минералдық-шикiзаттық кешенiнiң жай-күйiн талдау, геологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалануды тiркеу, жер қойнауын пайдалану мониторингi, жер қойнауын пайдаланушылар қызметiнiң нәтижелерiн мемлекеттiк статистикалық есепке алу, жер қойнауы туралы ақпаратты жинау, сақтау әрi пайдалануға беру, жер қойнауы туралы деректердің мемлекеттiк компьютерлiк банкiн құру мен жүргізу жөніндегі басты үйлестiру орталығы болып табылады.
Көрсетілген мiндеттердi "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы тұрақты негізде орындайды және олар осы Бағдарламада 2010 жылға дейiн қоса алғанда жоспарланады.
5.7. Геология саласының басым бағыттарын ғылыми-техникалық қолдау
Саланы ғылыми қамтамасыз ету әлемдiк технологияларды пайдаланылып, ғалымдардың жетiстiктерiне негiзделетiн болады.
Негізгi назар мыналарға аударылады:
Пайдалы қазбалар кен орындарын болжау, iздеу және бағалау әдiстерiн ғылыми негiздеуге, жаңа буындағы болжау-iздеу технологияларын жасауға, оларды әлемдiк деңгейдегi тауар өнiмi деңгейіне жеткiзуге;
Жаңа теориялық ұғымдар мен әдiснамалық көзқарастар тұрғысынан металлогениялық талдауды жетiлдіруге;
Көмiрсутекті шикiзат, қатты пайдалы қазбалар мен жер асты сулары кен орындарын қалыптастыру процестерiнiң модельдерiн әзiрлеуге;
қазiргі заманғы компьютерлiк технологияларды қолданып, мұнай, газ және басқа да кендер бар аудандар, тораптар, алаңдарды болжау карталарын жасау және басып шығару;
геологиялық өндiрiстi әлемдiк стандарттарға сай жаңа жабдықтармен, аппаратурамен және технологиямен қамтамасыз ету.
6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Бұл ретте қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады.
Бағдарламаны iске асыруға бағытталған жоспарланған жұмыстар мен оларды жылдар бойынша қаржыландырудың көлемдерi қоса берілiп отырған кестеде көрсетiлген.
Геологиялық барлау жұмыстарын 2003-2010 жылдарға
арналған жоспарлау кестесі
──────┬────────────────────┬────────────┬───────────────────────────
р/с │ жұмыстар түрлері │ өлш. бірл. │ жұмыс көлемі
N │ │ ├────────┬────────┬─────────
│ │ │2003 ж. │2004 ж. │2005 ж.
──────┼────────────────────┼────────────┼────────┼────────┼─────────
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6
──────┴────────────────────┴────────────┴────────┴────────┴─────────
1. Тереңде геохимиялық іздеу мен 1:200000 масштабында
(ГДП-200) жер қойнауын геологиялық жете зерттеу
────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1. Тереңде геохимиялық мың 51,7 51,7 51,7
іздеу мен 1:200000 ш.м.
масштабында (ГДП-200)
жер қойнауын
геологиялық жете
зерттеу
1.2. Тереңде геохимиялық мың 6,3 6,3 6,3
іздеу мен 1:200000 ш.м.
масштабында (ГГК-200)
тереңде геологиялық
картирлеу
1.3. 1:200000 масштабында мың 95,3 95,3 95,3
мемлекеттік гидро. ш.м.
геологиялық және
инженерлік-геоло.
гиялық зерттеулер
────────────────────────────────────────────────────────────────────
2. Іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары
────────────────────────────────────────────────────────────────────
2.1. Қатты пайдалы қаз. мың 26,0 26,0 26,0
баларға іздеу- ш.м.
бағалау жұмыстары
2.1.1. Тереңде геохимиялық мың қ.м. 63,0 63,0 63,0
іздеу 200х40м,
оның ішінде:
100 х 20 м желісі мың қ.м. 19,2 19,2 19,2
бойынша тәптіштеу
тереңдігі 50 м.д. мың қ.м. 13,6 13,6 13,6
ұңғыма бұрғылау
2.1.2. Анықталған ауытқу. мың қ.м. 9,6 9,6 9,6
ларды бағалау,
о.і. тереңдігі 300
м.д. колонкалық
бұрғылау
2.1.3. Геофизикалық
зерттеулер, о.і.:
гравибарлау мың ш.м. 0,03 0,03 0,03
500х100 м желісі мың ш.м. 0,03 0,03 0,03
бойынша магниттік
барлау
электрмен барлау мың ш.м. 0,03 0,03 0,03
2.2. Көмірсутекті мың қ.м. 100 100 100
шикізатқа іздеу
жұмыстары (МОГТ - 2Д)
065 Астана қаласын сумен мың т.м. 6 4 -
қамтамасыз етудің тәул.
қосымша көздерін
іздестіру жөніндегі
іздеу-барлау
жұмыстары
────────────────────────────────────────────────────────────────────
3. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану мониторингі,
жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестер
мониторингі
────────────────────────────────────────────────────────────────────
3.1. Минералдық-шикізаттық ай/адам 2788,0 2787,6 2787,1
база мен жер қойнауын
пайдалану мониторингі
3.2. Жерасты сулары мен пункттер 4565 4785 5005
қауіпті геологиялық
процестер мониторингін
жүргізу
3.3. Жойылған ұңғымаларды пункттер 220 220 220
қалпына келтіру және
мемлекеттік желіні
оңтайландыру
────────────────────────────────────────────────────────────────────
4. Қолданбалы ғылыми зерттеулер
5. Геологиялық зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету
6. Геологиялық ақпаратты қалыптастыру
Барлығы есептеулер бойынша
────────────────────────────────────────────────────────────────────
таблицаның жалғасы:
──────┬──────────────────────────────────────────