"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 26 желтоқсандағы N 1379 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. N 192; 11.04.03 ж. N 351;
23.05.03 ж. N 487 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 19 маусымдағы N 580 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. 1-қосымшаға сәйкес:
кірістер бойынша - 562836287 мың теңге сомасында;
алынған ресми трансферттер бойынша - 57629991 мың теңге;
кредиттердi қайтару бойынша - 11089412 мың теңге;
шығындары бойынша - 678536417 мың теңге;
кредиттер бойынша - 35859273 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi 82840000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң болжанып отырған көлемiне 2 процент болатын 2003 жылға арналған республикалық бюджет орындауға қабылдансын.
2. 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың қоса берiлген тiзбесi бекiтiлсін.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi:
1) бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн бiрыңғай бюджеттiк жіктеме шығыстарының бюджеттiк бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және экономикалық жiктеме ерекшелiктерi бойынша шығыстардың жылдық сомасын келiсiлген тәртiппен тиiстi есептемелерге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз eтe отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жеткiзсiн;
2) 2003 жылғы 10 ақпанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi N 1000 қаулысына инвестициялық жобалар мен мемлекеттiк және салалық (секторальдық) бағдарламалар тiзбелерi бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.
4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi:
1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне eкi жұмыс күнi iшiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау барысында оған енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттiк өтiнiмдерге сәйкес бiрыңғай бюджеттiк жiктеме шығыстарының экономикалық жiктемесiнiң ерекшелiктерi бойынша бюджеттiк бағдарламалар мен кiшi бағдарламалар жөнiнде нақтыланған есептеулермен негiздемелердi;
республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының жобаларын ұсынсын;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) жылдық көрсеткiштер шегiнде қаржыландыру жоспарларын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп, 2002 жылғы 25 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде мемлекеттiк тiркеудiң нөмiрлiк белгiлерiн, көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiктер мен жүргiзушi куәлiктерiн дайындау жөнiндегi қызметтердiң құнын заңнамада белгiленген тәртiппен анықтауды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
1) мыналарға:
су берумен байланысты емес республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға;
шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың ерекше авариялық күйдегi учаскелерiн қайта жаңартуға техникалық-экономикалық және жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге және мемлекеттiк сараптама жүргізуге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдердi әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) 2003 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде:
минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер сатып алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге субсидия бөлу;
айрықша тұқымдар өндiруге субсидия бөлу;
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге су жеткiзiп беру жөнiндегi қызметтердiң құнына субсидия бөлу;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасына субсидия бөлу;
элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеу;
астықтың мемлекеттік азық-түлiк резервiн жаңарту үшiн 2003 жылы астық сатып алу;
"Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорын акционерлiк қоғамының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге қаражат төлеу;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889
Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ететiн ұйымдардың жарғылық капиталдары мен активтерiн қалыптастыру (ұлғайту) ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
3) 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға:
сондай-ақ, лизингтiк негiзде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету бойынша сыйақы (мүдделер) ставкаларын өтеу тәртiбiн көздейтiн;
ауылдық кpeдиттiк серiктестiктер жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне;
сондай-ақ, лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындарды жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша сыйақы (мүдделер) ставкаларын өтеу тәртiбiн көздейтiн кредит беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
4) 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде:
ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi ақпараттық-консультациялық қызметтермен қамтамасыз ететiн заңды тұлғаларға;
мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен оны сатып алуға кредит беру туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
7. Ормандармен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мекемелердiң материалдық-техникалық базасын ұстау мен дамытуға облыстық бюджеттерге берiлетiн трансферттер 3-қосымшаға сәйкес көзделгенi ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2003 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жергiлiктi атқарушы органдарға ұстауға және iс-шараларды өткiзуге жұмсалатын сомаларды көрсетiп, ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мекемелер бойынша олардың материалдық-техникалық базасын ұстау мен дамытуға берiлетiн трансферттер сомаларының бөлiнуiн жеткiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:
1) 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңына сәйкес ақталған Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарына бiржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы;
2) 2003 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап өсiру ережесiн бекiту туралы;
3) 2003 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Бала тууға байланысты бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеу ережесiн бекiту туралы;
4) 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Ақтөбе облысының Шалқар ауданының, Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ережесiн бекiту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
1) таратылған Жол қорының негiзгi борышын өтеу;
2) "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының әскери тасымалдар бойынша шығындарын өтеу ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес ұйымдардың тiзбесi мен берешектер көлемдерiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн;
2) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, 2003 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектi өтеуге қаражат жұмсау және оларды бюджетке есептеу тәртiбiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
11. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
1) 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының үлгiлiк штаттарын енгізуге;
2) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi жүйесiнiң кепiлдi нормативiн қамтамасыз етуге 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттарды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Ақтөбе облысының Шалқар ауданының, Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының халқына тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ережесiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялаудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ұсыныстарын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
14. Құпия.
15. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi 2003 жылғы 15 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2003 жылға арналған көшiп келу ортасына сәйкес оралмандар отбасыларына тұрғын үй сатып алуға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттарды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Астана қаласында орталық мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
17. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының қызметiне ақы төлеу ережесiн бекiту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
18. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы (келiсiм бойынша) 203 "Мемлекеттiк органдарға арналған автомашиналар паркiн жаңарту" деген республикалық бюджеттiк бағдарламаны iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдардың тiзбесiн және сатып алынатын техниканың санын бекiту туралы шешiмнiң жобасын 2003 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.
19. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiне 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
20. Жергiлiктi атқарушы органдар 2003 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көрсетiлген ауылда бiлiм беру, денсаулық сақтау объектiлерiн салуға арналған конкурстық рәсiмдердiң хабарлануын қамтамасыз етсiн.
21. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1379 қаулысына
1-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. N 192; 11.04.03 ж. N 351; 23.05.03 ж. N 487 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының 2003 жылға арналған
республикалық бюджетi
Санаты Атауы Сомасы, Сыныбы мың теңге Ішкi сыныбы Ерекшелiгi |
1 2 3 |
1 Салық түсiмдерi 506720656
01 Кiрiстерге салынатын табыс салығы 222620632
1 Корпоративтік табыс салығы 222620632
01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтiк табыс салығы 114127671
02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 10566678
корпоративтiк табыс салығы
03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 4018696
көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 11834971
төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген 75220987
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
06 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген 1939139
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
07 Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген 4912490
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер 241048625
көрсетуге салынатын iшкi салықтар
1 Қосылған құн салығы 187779399
01 Қазақстан Республикасының аумағында 56116497
өндiрiлген тауарларға, орындалған
жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
салынатын қосылған құн салығы
02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 75930127
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын
тауарларға салынатын қосылған құн салығы
04 Резидент емес үшiн қосылған құн салығы 8500626
05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 45194145
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығы
06 Ресейден шығарылатын және импортталатын 1291542
тауарларға салынатын қосылған құн салығынан
басқа, Қазақстанға импортталатын тауарлардың
кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы
07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 746462
және импортталатын тауарлардың кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген қосылған
құн салығы
2 Акциздер 2554225
41 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 44310
латын спирттiң барлық түрi
42 Қазақстан Республикасының аумағына 34400
импортталатын арақ
43 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 13600
латын ликер-арақ бұйымдары, этил спиртiнiң
көлемдi үлесi 12-ден 30 процентке дейiн және
одан жоғары күшейтiлген шырындар мен
күшейтiлген сусындар
44 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 83200
латын шараптар
45 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 26283
латын коньяктар
46 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 860
латын шампан шараптары
47 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 302400
латын сыра
48 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 12800
латын этил спиртiнiң көлемдi үлесi 1,5-нан
12 процентке дейiн алкоголі аз күшейтілген
сусындар, күшейтілген шырындар
49 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 2100
латын бекіре және албырт балықтардың уылдырығы
50 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 154650
латын темекi бұйымдары
55 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 373600
латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа)
57 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 35380
латын алтыннан, платинадан немесе күмiстен
жасалған зергерлiк бұйымдар
58 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 350
латын шарап материалдары
60 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 1427330
латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
70 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 756
латын спирттiң барлық түрлерiнiң кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген акциздер
71 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 589
латын арақтың кедендiк құнына тәуелсiз
сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
72 Қазақстанға импортталатын ликер-арақ 232
бұйымдарының, этил спиртiнiң көлемдi үлесi
12-ден 30%-ке дейiн және одан жоғары күшейтiлген
шырындардың және күшейтiлген сусындардың
кедендiк құнына тәуелсiз сараптама
жүргізу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
73 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 1422
латын шараптардың кедендiк құнына тәуелсiз
сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
74 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 451
латын коньяктардың кедендiк құнына тәуелсiз
сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
75 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 13
латын шампан шараптарының кедендiк құнына
тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
76 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 3076
латын сыраның кедендiк құнына тәуелсiз
сараптама жүргізу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
77 Қазақстан Республикасына импортталатын этил 219
спиртiнiң көлемді үлесi 1,5-тен 12 процентке
дейiн алкоголi аз күшейтiлген сусындардың,
күшейтiлген шырындардың кедендiк құнына
тәуелсiз сараптама жүргізу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
78 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 21
латын бекiре және албырт балықтар уылдырығы.
ның кедендiк құнына тәуелсiз сараптама
жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
79 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 2651
латын темекi бұйымдарының кедендiк құнына
тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
81 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 6779
латын жеңіл автомобильдердің (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа) кедендік құнына
тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде жете
есептелген акциздер
82 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 606
латын алтыннан, платинадан немесе күмістен
жасалған зергерлік бұйымдардың кедендік
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген акциздер
85 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 26147
латын бензиннiң (авиациялықты қоспағанда)
кедендік құнына тәуелсіз сараптама жүргізу
нәтижесiнде жете есептелген акциздер
3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 50266520
үшін түсетiн түсiмдер
02 Үстеме пайдаға салынатын салық 270000
05 Бонустар 1180340
06 Роялти 4846457
08 Жасалған келiсiм-шарттар бойынша өнiмдер бөлу 463120
жөнiндегi Қазақстанның үлесi
09 Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем 520000
10 Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны 10590
үшiн төлем
11 Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем 79167
13 Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын 2146
табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
26 Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан 39350736
Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти
28 Шикiзат секторы ұйымдарының (Қазақстан 3543964
Республикасының Үкiметi белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардың) жасалған
келiсiм-шарттар бойынша өнiмдер бөлу жөнiндегі
Қазақстанның үлесі
4 Кәсiпкерлік және кәсiби қызметтi жүргiзгенi 448481
үшiн салынатын алым
06 Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік 428500
автомобиль жолдарымен жүргені үшін алынатын
алымнан басқа, Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргенi
үшiн алынатын алым
11 Елтаңбалық алым 5580
12 Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары 214
жиiлiктi қондырғыларды мемлекеттік тіркеу
үшiн алым
13 Телевизиялық және радио хабарын тарататын 544
ұйымдарға радио жиiлiктi спектрдi пайдалануға
рұқсат бергені үшін алым
15 Теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi 800
мемлекеттiк тiркеу үшiн алым
16 Дәрi-дәрмектердi мемлекеттiк тiркеу үшiн 5450
алым
17 Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу 250
үшiн алым
19 Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланатын 7143
автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде
сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны
үшiн төлемақы
06 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 39917384
салынатын салықтар
1 Кеден төлемдерi 29397549
01 Кеден бажының бірыңғай ставкасын қолданумен 25150855
жеке тұлғалардан өндіріп алынатын әкелiнетiн
тауарларға салынатын кеден баждарын қоспағанда
әкетілетін тауарларға кеден баждары
02 Әкетiлетiн тауарларға салынатын кеден баждары 3825130
03 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына 421564
тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген кедендiк баждар
2 Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын 10519835
басқа да салықтар
01 Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді 9953247
жүзеге асырудан түсетін түсімдер
02 Отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары 384000
ретінде алынатын баждар
03 Әкелінетін тауарлардың кедендік құнына 177218
тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде жете
есептелген, кедендік бақылауды және кедендік
рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер
04 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына 5370
тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген, отандық тауар өндiрушiлердi қорғау
шаралары ретiнде алынатын баждар
07 Басқа да салықтар 1543171
1 Басқа да салықтар 1543171
09 Республикалық бюджетке түсетiн басқа да салық 1543171
түсiмдерi
08 Заңдық мәндi іс-әрекеттердi жасағаны үшiн және 1590844
(немесе) оған уәкiлеттiгi бар мемлекеттiк
органдардың немесе лауазымды адамдардың
құжаттар бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлемдер
1 Мемлекеттiк баж 1590844
01 Консулдық алым 1590841
13 Апостиль қойғаны үшiн мемлекеттiк баж 3
2 Салыққа жатпайтын түсiмдер 49660644
01 Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен түсетiн 46657631
кiрiстер
1 Ведомстволық кәсiпорындардың тауарлар мен 350618
қызметтердi пайдамен сатудан түсетiн iс
жүзiндегi пайдасы
01 Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар 350618
пайдасының үлесi
2 Заңды тұлғалардан және қаржы мекемелерiнен 46028725
түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдер
01 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 5631661
кiрiсiнен түсетiн түсiмдер
02 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң депозиттерi 1000000
бойынша алынған сыйақылар (мүдделер)
03 Республикалық меншiк болып табылатын 5793674
акциялардың пакеттерiне дивидендтердің
түсімі
04 Мемлекеттiң сыртқы заемдар қаражатын екiншi 7454
деңгейдегi банктер шоттарына орналастырудан
түсетін сыйақылар (мүдделер)
11 Жер қойнауы туралы ақпараттың пайдалануға 442186
берiлгенi үшiн ақы
13 Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi 40000
бойынша өткiзiлетiн лотереялардан түсетін
кiрiстерден басқа, мемлекеттiк лотереялардан
түсетiн кiрiстердiң түсiмi
26 Әскери полигондарды пайдаланғаны үшiн 4427500
жалгерлiк төлемнен түсетін түсiмдер
27 "Байқоңыр" кешенiн пайдаланғаны үшiн 28531250
жалгерлiк төлемнен түсетiн түсiмдер
28 Республикалық меншiк мүлкiн жалға беруден 155000
түсетiн түсiмдер
3 Кәсiпкерлік қызмет пен меншіктен түсетiн басқа 278288
да кiрiстер
01 Ауыл шаруашылық және орман алқаптарын ауыл 203340
және орман шаруашылықтарын жүргiзуге
байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн
алған кезде ауыл шаруашылығы және орман
шаруашылығы өндiрiстерiнiң зияндарын өтеуден
түсетiн түсiмдер
02 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 74948