Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару,
орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу
ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 желтоқсандағы N 1406 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1292 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 20 сәуірдегі N 442 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген карыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес және "Қазақстан Халық Банкі" ашық акционерлік коғамында қолданыстағы шоттарда сақталып жатқан бұрынғы КСРО Қазақ республикалық жинак банкіндегі Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтарын өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары салымдарының қалдықтарын өтеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар етуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.ТАСМАҒАМБЕТОВ.
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 ж. 28 желтоқсандағы
N 1406 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық
облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу,
қызмет көрсету жөне оларды өтеу ережесі
Осы Ереже "Мемлекеттік арнаулы өтем казынашылық облигациялары" (МАОҚО) мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын (бұдан әрі облигациялар) шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) депозитарий - "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамы;
2) эмитент - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
3) каржы агенті - облигацияларды орналастыруды, қызмет көрcетуді және оларды. өтеуді қамтамасыз ететін "Қазакстан Халық Банкі" ашық акционерлік қоғамы;
4) салымдарды қайта ресімдеу - Казақстан Республикасы азаматтарының 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымдарының қалдықтарын рубльдік баламадан 1992 жыддың 3 қаңтарына 1 АҚШ доллары үшін 150 рубль биржалық бағам бойынша долларға, ал содан кейін облигацияларды шығару күніне Қазақстан Республикасы ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгелік баламамен облигацияларға қайта есептеу;
5) тізілім - Қазақстан Республикасы азаматтарыңың 1992 жылғы 1 каңтардағы жағдай бойынша қалдықтарын көрсете отырып, Кдзақстан Республикасы азаматтарының өтеуге жататын салымдары орналасқан шоттардың бірыңғай тізбесі.
2, Мемлекеттік арнаулы етем қазынашылық облигацияларын
шығару, орналастыру, айналыска
қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу
2. Облигацияларды 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұрынғы КСРО Қазақстан Республикалық жинақ банкінде каржы агентінің қолданыстағы шоттарында сақталып жатқан Казақстан Республикасы азаматтарының салымдарын өтеу мақсатында Қазакстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарады.
ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1292 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Облигациялар құжатсыз нысанда айналыс мерзімі бір, екі және үш жыл үш шығарылыммен шығарылады.
ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1292 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Облигациялар купондық болып табылады. Облигациялардың әрбiр шығарылымы бойынша сыйакы ставкасы тіркелген және облигацияларды шығару күнінің алдындағы соңғы аукционда қалыптасқан тиісті айналыс мерзімімен қыска мерзімді және орта мерзімді мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің сыйақы ставкасына тең.
5. Бір облигацияның атаулы қүны бір теңгені қүрайды.
ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1292 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Эмитент шығарылым өлшемдерін бекітеді және облигацияның әрбiр шығарылымына осы Ережеге қосымшаға сәйкес Басты сертификат ресімдейді. Басты сертификат екі данада жасалады, олардың біреуі қаржы агентінде, екіншісі эмитентте сақталады.
ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1292 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Облигацияларды орналастыру тізілімнің негізінде оның салымшылары арасында облигациялар шығарылған сәттен бастап бір жылдың ішінде қаржы агенті арқылы жазылу жүргізу жолымен мынадай түрде жүргізіледі:
1) бiрiншi шығарылым: мұраға калдырылған салымдарды ескере отырып,1936 жылдан бастап 1940 жылды қоса алғанда туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына;
2) екiншi шығарылым: мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, 1941 жыддан бастап 1960 жылды қоса алғанда туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына;
3) үшiншi шығарылым: мұраға қалдырылған салымдарды ескере отырып, 1961 жылдан бастап 1991 жылды қоса алғанда туылған азаматтардың салымдарын өтеу сомасына.
8. Облигацияларды айналысқа қосу олар шығарылған күннен кейінгі күні басталады және облигацияларға сыйақы төлеу әрі өтеу күніне дейінгі үш жұмыс күнінде аяқталады.
9. Қайталама рыноктағы облигациялар айналысы Қазакстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1292 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Облигацияларды әтеуді тиiстi шығарылым үшін белгіленген өтеу күні олардың индекстелген атаулы құны бойынша эмитент жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. N 1292 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді
11. Облигациялардың индекстелген атаулы құны Казақстан Республикасының Ұлттык Банкі есеп айырысу күніне белгілеген АҚШ долларының ресми бағамының облигацияларды айналысқа қосу басталған күніндегідей бағамға ара қатынасына олардың атаулы құнының көбейтіндісі ретінде есептеледі, бiрақ оның атаулы құнынан төмен болмайды.
12. Облигациялар бойынша сыйақы сомасы осы Ереженің 4-тармағында белгіленген облигациялардың атаулы құнының сыйақысын, сыйақы ставкасын төлеу күніне және 100-ге бөлінген облигациялардың айналыс мерзіміне (жылдармен) индекстелген мөлшері ретінде есептеледі.
13. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу облигацияларды өтеу күні бір уақытта жүргізіледі.
14. Депозитарий сыйақы телегенге және облигацияларды өтеу күніне дейінгі үш жұмыс күнінде эмитентке облигациялардың саны туралы мәліметті қамтитын облигациялардың сыйақысын етеуге және төлеуге жиынтық ведомосты береді.
15. Облигацияларға меншік құқығын есепке алу және оның кешуін тіркеу депозитарийде және қаржы агентінде жүзеге асырылады.
16. Облигациялармен жасалатын операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес анықталады.
3. Салымдарды кайта ресімдеу
17. Салымдарды қайта ресімдеуді қаржы агенті және салым иесі өзі немесе салымды алуға құкылы адам келген кезде ол үәкілеттік берген басқа орган жүргізеді.
18. Салым иелері эмитент бекітетін нысан бойынша салымды қайта ресімдеуге өтінім (бұдан әрі - өтінім) толтырады, онда салым иесі туралы деректер: жеке басынын, куәлігі, салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТТН), жинақ кітапшасының деректемелері, 1992 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымның қалдық сомасы, облигаииялардың саны, салымды қайта ресімдеуге келісім камтылады. Жазбаша өтінім екі данада ресімделеді, олардың біреуі каржы агентінде, екіншісі салым иесінде сақталады.
19. Салым иесі Кдзақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасының талаптарына сәйкес берілген сенімхаттың негізінде өз атынан өтінімді толтыруға, сондай-ақ іс-әрекет жасауға үшінші тұлғага уәкілеттік беруге құқығы бар.
20. Салым иелері облигацияларды етеу және сыйақы төлеу күніне дейінгі бір күнтізбелік аптаны коспағанда, облигациялар шығарылған сәттен бастап бір жылдың ішінде белгіленген нысанда толтырылған жазбаша өтінімдерді қаржы агентіне береді.
21. Салым иелері каржы агенті облигацияларға жазылуды жүргізгеннен кейін жазбаша өтінімдерді берген жағдайда, салымдарды кайта ресімдеу туралы мәселені қаржы агенті эмитенттің келісімі бойынша шешеді.
22. Қаржы агенті осы Ереженің 3-тармағына сәйкес анықталатын айналыс мерзімімен бағалы қағаздарды есепке алу бойынша облигацияларды шығару және салым иелерінің атына жеке шот ашу күні беру жолымен салымдарды облигацияларға қайта ресімдеуді жүзеге асырады. Депозитарий қаржы агентінің "депо" шотындағы шоғырландырылған қосалқы шотындағы салымдарды қайта ресімдеу кезінде салымшы берген бағалы қағаздарды есепке алуды жүзеге асырады.
23. Өтемақы сомасын есептеуді каржы агенті тізілімнің негізінде жүргізеді.
24. Салымды кайта ресімдеген, облигациялар бойынша сыйақы өтеген және төлеген жағдайда құнын индекстеген кезде калыптасқан тиындар мынадай: тиыны 0-ден 49-ға дейін бар сома есептелеген жағдайда азаю жағына қарай, тиыны 50-ден 99-ш дейін бар сома есептелген жағдайда арту жағына қарай дөңгелектеу әдісіне ұшырайды.
25. Облигациялардың иелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға тиесілі облигацияларға қатысты кез келген азаматтық-кұқықтық мәмілелер жасауға құқылы.
26. Эмитент пен қаржы агентінің арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына, осы Ережеге және Агенттік келісіміне сәйкес реттеледі.