Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1292 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 680 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1406 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 48, 482-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесінде:
1) 3-тармақтағы «эмиссиямен» деген сөз «шығарылыммен» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 4-тармақтағы «әрбiр эмиссиясы» деген сөздер «әрбiр шығарылымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-тармақтағы «әрбiр эмиссиясына» деген сөздер «әрбiр шығарылымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-тармақтағы «бiрiншi эмиссия», «екiншi эмиссия», «үшiншi эмиссия» деген сөздер тиiсiнше «бiрiншi шығарылым», «екiншi шығарылым», «үшiншi шығарылым» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-тармақтағы «тиiстi эмиссия» деген сөздер «тиiстi шығарылым» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 11-тармақта:
«индекстелген» деген сөзден кейiн «атаулы» деген сөзбен толықтырылсын;
«есептеледi» деген сөзден кейiн», бiрақ оның атаулы құнынан төмен болмайды» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 6) тармақшасынан басқа, жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |