81. Конкурстық құжаттаманы байланыс көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жөнелту қажет болған жағдайда, осы көрсетiлетiн қызметтер бойынша конкурсты ұйымдастырушының шығыны конкурстық құжаттаманы ұсынғаны үшiн алынатын ақының жалпы мөлшерiне енгiзiледі.
82. Ақы төленгенi туралы растау конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманы алған кезде берiледi.
83. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi мен Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер өндiретiн ұйымдарға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға конкурстық құжаттама тегiн берiледi.
§ 11. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың
орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудiң тәртібі
84. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақша кепiлi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес берiлген және осы Ереженiң 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған банктiк кепiлдеме түрiнде белгiленуi мүмкiн.
Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн конкурсты ұйымдастырушы (тапсырысшы), егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының 3%-ынан 5%-ына дейiнгi мөлшерде белгiлейдi.
85. Конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттiк мекеменiң атынан, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзудi ақша кепiлi түрiнде көздеген жағдайда, олар тапсырысшының конкурстық құжаттамада көрсетiлген тиiстi шотына енгiзiледi.
86. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мазмұнын, нысанын және енгiзiлу талаптарын осы Ережеге сәйкес тапсырысшы анықтайды, олар конкурстық құжаттамада көрсетiледi және мемлекеттiк сатып алу туралы үлгi шартқа сәйкес жасалатын мемлекеттiк сатып алу туралы шартта айтылады.
87. Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа тараптар қол қойғаннан кейiн, егер бұл шартта өзгеше көзделмесе, он жұмыс күнi iшiнде енгiзедi.
§ 12. Өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген
мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердiң
жариялану тәртiбi
88. Конкурсты ұйымдастырушы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектес түрлерiнiң көлемi құндық түрiнде Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана кемiнде аудан аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттiк сату туралы хабарландыру жариялайды, бұған медициналық препараттар, тамақ өнiмдерi, жанар-жағар май материалдары және құрылыс жұмыстары қосылмайды, олар туралы хабарландырулар аптасына кемiнде үш рет шығарылатын және облыс аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланады.
89. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектес түрлерiн мемлекеттiк сатып алу көлемi Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған заңнамасында белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он мың еселенген мөлшерiнен аспаған кезде конкурсты ұйымдастырушы аптасына кемiнде үш рет шығарылатын және кемiнде облыстың, Астана мен Алматы қалаларының аумақтарында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында алдағы конкурс пен өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер (хабарландыру) бередi.
90. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiртектес түрлерiн мемлекеттiк сатып алу көлемi Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң он мың еселенген мөлшерiнен асып түскен кезде конкурсты ұйымдастырушы аптасына кемiнде бес рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында алдағы конкурс пен өткiзуге дайындалып жатқан және өткiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер (хабарландыру) бередi.
91. Техникалық сипаттамалары күрделi және ерекше сипаты бар тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде бұл конкурстарды өткiзу туралы хабарландыру аптасына кемiнде бес рет шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында жарияланады.
92. Ашық конкурс өткiзген жағдайда конкурсты ұйымдастырушы, мерзiмдi баспасөз басылымында хабарландыру жариялаудан басқа, конкурс өткiзу туралы ақпаратты Web-сайтта орналастыра алады, сондай-ақ жарияланған хабарландыру көлемiнде өзiне белгiлi ықтимал өнiм берушiлерге конкурсқа қатысу жөнiнде шақыру жiбере алады.
93. Конкурс өтпеген жағдайда конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысқан барлық ықтимал өнiм берушiлерге конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымының өзiнде конкурстың өтпегенi туралы хабарлайды.
94. Конкурстың қорытындылары туралы хабарландыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi баспасөз басылымында осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысанда жариялайды, ал оннан астам атаудағы (лоттар) тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер сатып алынған жағдайда конкурсты ұйымдастырушының Web-сайтына орналастырылуы мүмкiн.
95. Баспасөз баспаларының хабарландырулар жариялау жөнiндегi қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Қорытынды ережелер
96. Тапсырысшы шарттың орындалуына енгiзiлген қамтамасыз етудi өнiм берушi осы шарт бойынша өз мiндеттемелерiн шартта көрсетiлген мерзiмде толық және тиiсiнше орындағаннан кейiн немесе, егер шартта бұл мерзiм көрсетiлмесе, өнiм берушi мiндеттемелерiн толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнім берушiге қайтарады.
97. Ереженiң салалық ерекшелiктерiнде көрсетiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шарттар жасасу мерзiмдерi, Заңның 23-бабының 2-тармағында белгiленгенiнен басқа, конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап бiр айға дейін ұзартылуы мүмкін.
98. Егер өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаса немесе тиiстi түрде орындамаса (тауарларды жеткiзiп беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету мерзiмдерiн бұзу, сапасыз тауарлар беру, жұмыстарды сапасыз орындау, сапасыз қызметтер көрсету, шарттың басқа да талаптарын бұзу), онда тапсырысшы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарттың орындалуына өнiм берушi енгiзген қамтамасыз етудi ұстап қалады.
99. Конкурстық рәсiмдердi өткiзу кезiнде конкурс комиссиясы жол берген жолсыздықтар анықталған жағдайда, тапсырысшының басшысы және/немесе конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өтпедi деп тануға құқылы, сондай-ақ қажет болған кезде тапсырысшының басшысы және/немесе конкурсты ұйымдастырушы және/немесе ықтимал өнiм берушi конкурс комиссиясының шешiмiн қайта қарау немесе конкурс комиссиялары шешiмдерiнiң күшiн жоқ мәселесi бойынша мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi органға жүгiнуге құқылы.
Егер конкурсты өткiзу барысында Қазақстан Республикасының сатып алу туралы заңнамасының бұзылу фактiлерi анықталса, тапсырысшы мен конкурсты ұйымдастырушы конкурс рәсiмiн тоқтата тұрады, шартқа қол қоюдан бас тартады, конкурсты өтпедi деп таниды және мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлайды.
100. Конкурс рәсiмдерi осы Ереженiң 99-тармағында көрсетiлген себептермен тоқтатылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру жарияланған мерзiмдi басылымның өзiнде хабарландыру жариялайды, сондай-ақ конкурсқа қатысқан әрбiр ықтимал өнiм берушiге конкурс рәсiмдерiнiң тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
101. Мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметiн толассыз қамтамасыз ету мақсатында тапсырысшы тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылуын, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген мерзiмде республикалық бюджет туралы заң немесе мәслихаттың тиiстi жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмi қабылданбаса, сол шарт бойынша осы Ережеге 12-қосымшада көрсетiлген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне сәйкес ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанының бюджеттiк қаржы бөлу көлемiнен аспайтын көлемде келесi жылдың бiрiншi тоқсанына ұзартуға құқылы.
102. Мемлекеттiк сатып алу процесi мемлекеттiк органдарға мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындарға арналған қаржы жоспары және шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарға, акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдарға, сондай-ақ олармен аффилиирленген заңды тұлғаларға арналған бюджеттер (бизнес-жоспарлар) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн жүзеге асырылады.
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасы мен көлемiн дайындауды және бекiтудi Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi оның шығындарының қолданылып жүрген жiктемесiне сәйкес жүзеге асырады, соның негiзiнде мемлекеттiк сатып алу жоспары жасалады.
103. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған ведомстволық бағынысты мемлекеттiк кәсiпорындарға оның мақсаттар мен мiндеттерiн iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк тапсырыс беруi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бекiтiлген бюджетi (шығыс сметалары) шеңберiнде уәкiлеттi органмен келiсе отырып жүзеге асырылады.
104. Заңда көзделген жағдайда мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн таңдауды келiсудi мемлекеттiк сатып алу процесi басталғанға дейiн тапсырысшы жүзеге асырады.
Жабық конкурсты жүзеге асыру келiсiлген жағдайда тапсырысшы уәкiлеттi органға мұндай таңдап алуды негiздеп, жабық конкурсқа қатысуға шақырылған ықтимал өнiм берушiлердiң тiзбесiн жiбередi.
105. Сатып алынатын тауарлар тез бұзылатын сипатта болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы аймақтар бойынша жеке конкурстар өткiзе алады.
106. Конкурсты ұйымдастырушының конкурс құжаттамасын, соның iшiнде нақты сатып алуға қойылатын техникалық талаптарды дайындауы кезiнде адал бәсекенi қамтамасыз ету мақсатында сол сатып алуға коммерциялық жағынан мүдделi болуы мүмкiн және сатып алынатын тауарларды жеткiзiп беру (қызметтер көрсету жұмыстар орындау) саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты ұйымдардың кеңестерi мен сондай адамдардың қызметтерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
107. Ашылған конкурстық өтiнiмдер ықтимал өнiм берушiлерге қайтарылмайды. Банк кепiлдiгiнiң түпнұсқасына ерекшелiк жасалуы мүмкін, бұл орайда конкурсты ұйымдастырушы осы құжаттың конкурсты ұйымдастырушы куәландырған ксерокөшiрмесi сақталуға тиiс.
108. Өткiзiлген конкурстың материалдары конкурсты ұйымдастырушының тиiстi iс номенклатурасында белгiленген тәртiппен сақталады.
109. Баға (тарифтер) немесе олардың шектi деңгейiн және шығындар қалыптасуының ерекше тәртiбiн белгiлеу бөлiгiнде табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi, сондай-ақ сатып алу тәсiлiн реттеу мен келiсудi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
110. Тапсырысшының (конкурсты ұйымдастырушының) оқшауланған бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары орналасқан жағдайда, олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге арналған мемлекеттiк сатып алу процесi олар орналасқан аумақтағы мемлекеттердiң заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1-қосымша. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi)
сатып алу жоспары (қажеттілік)
2-қосымша. Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыру нысан
3-қосымша. Жабық конкурс өткiзу туралы хабарлама нысаны
4-қосымша. Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшiн)
5-қосымша. Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлғалар үшiн)
6-қосымша. Ықтимал өнiм берушiнің конкурстық өтінiмінің
бағалар кестесі
7-қосымша. Сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм
берушiлер ұсынған конкурстық өтiнiмдер салынған
конверттерді ашу хаттамасы
8-қосымша. Сатып алу жөнiндегi конкурстың қорытындылары
туралы хаттама
9-қосымша. Сатып алу хаттамасының нысаны
10-қосымша. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды
қамтамасыз ету нысаны
11-қосымша. Конкурстың қорытындылары туралы хабарландыру нысаны
12-қосымша. Мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер және
қазыналық кәсiпорындар шарттың қолданылуын ұзартуға
құқылы тауарлар, жұмыстар және қызметтер тiзбесi
1-қосымша
Толтырылған уақыты:______ жылғы_____/______
(Тапсырыс берушiнiң aтауы)____ жылға тауарларды, жұмыстарды және
көрсетiлетiн қызметтердi) сатып алу жоспары (қажеттілік)
(осы құжат конкурстық құжаттаманың құрамдас бөлiгi болып табылмайды және
ықтимал өнiм берушілерге ұсынылмайды, тапсырыс берудi конкурстың
ұйымдастырушысына бередi)
┌───┬─────────┬───────────┬─────┬─────┬────────┬──────────┬───────────┐
│ N │ Cатып │ Тауар. ├Өлшем│Саны │Тауарды │ Тауарды │Сатып │
│ │алынатын │ лардың, │ бір-│(тұ- │жеткізу,│ жеткізу, │ алу │
│ │ тауар- │ жұмыстар. │лігі │тыну │жұмыс- │ жұмыс- │ үшін │
│ │ лардың, │ дың және │ │ кө- │тарды │ тарды │бюджет- │
│ │ жұмыс- │ көрсе- │ │лемi)│орындау,│ орындау, │ те │
│ │тардың │тілетiн │ │ │қызмет- │ қызмет- │көздел- │
│ │ және │ қызмет- │ │ │ терді │ терді │ ген │
│ │ көрсе- │ тердің │ │ │көрсету │ көрсету │ сома │
│ │тiлетiн │ толық │ │ │мерзімі │ орны │ │
│ │қызмет- │сипаттамасы│ │ │ │ │ │
│ │тердiң │(сипаттау) │ │ │ │ │ │
│ │атауы │ │ │ │ │ │ │
├───┼─────────┼───────────┼─────┼─────┼────────┼──────────┼───────────┤
│ 1│ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │ 8 │
├───┼─────────┼───────────┼─────┼─────┼────────┼──────────┼───────────┤
│ │ │Егер тауар-│ │ │ Қажет │ │ │
│ │ │ лардың, │ │ │ болған │ │ │
│ │ │жұмыстар- │ │ │жағдайда│ │ │
│ │ │дың және │ │ │жеткізу │ │ │
│ │ │ қызмет │ │ │орындау/│ │ │
│ │ │көрсетулер-│ │ │көрсету │ │ │
│ │ │дiң сипат- │ │ │кестесі │ │ │
│ │ │тамасын осы│ │ │ қоса │ │ │
│ │ │ бағанда │ │ │берілуі │ │ │
│ │ │сипаттау │ │ │ тиіс │ │ │
│ │ │ мүмкiн │ │ │ │ │ │
│ │ │болмаса он-│ │ │ │ │ │
│ │ │да ол жеке │ │ │ │ │ │
│ │ │ қосымшаға │ │ │ │ │ │
│ │ │(техникалық│ │ │ │ │ │
│ │ │ ерекшелiк)│ │ │ │ │ │
│ │ │ жазылады │ │ │ │ │ │
│ │ │ және бұл │ │ │ │ │ │
│ │ │жерде қо- │ │ │ │ │ │
│ │ │сымша(лар) │ │ │ │ │ │
│ │ │ға сiлтеме │ │ │ │ │ │
│ │ │ жасалады │ │ │ │ │ │
└───┴─────────┴───────────┴─────┴─────┴────────┴──────────┴───────────┘
Тапсырыс берушi басшының лауазымы, тегi, аты-жөнi және қолы
М.О.
2-қосымша
Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыру нысан
__________________________________________________________ мынадай
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтердi) (тауарларды
(жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) қысқаша сипаттау және олардың құны
көрсетiлмеген саны (көлемi); (конкурсты ұйымдастырушы сатып алынатын
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) толық тiзбесi,
олардың саны және егжей-тегжейлi ерекшелiгi конкурстық құжаттамада
көрсетілген деп сілтеме жасауға құқылы) мемлекеттiк сатып алу бойынша
конкурс өткiзу туралы хабарландырады.
Тауар жеткiзiлуi (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi)
тиіс: (тауарларды жеткiзу, жұмыстарды немесе қызметтердi орындау/көрсету
орны көрсетiледi).
Жеткiзудің (орындаудың, көрсетудің) талап етiлетiн мерзiмi Конкурсқа
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабының 1-тармағында көрсетiлген біліктiлiк талаптарына жауап беретiн
барлық ықтимал өнiм берушiлер жiберiледі.
Конкурстық құжаттама пакетiн______ ж."____" ________ (конкурстық
өтiнімдер салынған конверттердi ашқанға дейін 24 сағат бұрын уақыты мен
күнi көрсетiледi)_______ сағатты қоса алғанда дейiнгі мерзiмде мына
мекен-жай бойынша _________, N ________ бөлме сағат_____ -ден _____ -ге
дейiн немесе мекен-жайы _______________ электрондық почта бойынша ықтимал
өнiм берушi конкурстық құжаттама төленгенi туралы құжатты бергеннен кейiн
алуға болады.
Конкурстық құжаттама пакетінің құны ________ теңгенi құрайды және
________ есепшотқа енгізiледi (конкурсты ұйымдастырушының тиiстi есепшоты
көрсетіледi) (егер ақы төлеу көзделмесе, осы абзац алынып тасталады).
Ықтимал өнiм берушілер конкурсқа қатысу үшiн конверттерге
жапсырылған конкурстық өтiнiмдерiн (конкурсты ұйымдастырушының атауы
көрсетiледi) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменiң N көрсетiледi)
табыс етедi (жiбередi).
Конкурстық өтiнімдердi табыс етудің соңғы мерзiмi (уақыты мен күні
көрсетіледi) дейiн.
Конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер (уақыты мен күнi
көрсетіледi) мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменiң N
көрсетіледi) ашылады. Ықтимал өнiм берушiлер конкурстық өтiнімдер
салынған конверттерді ашу кезiнде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы (қаланың коды мен телефон нөмiрi
көрсетіледi) телефон бойынша алуға болады.
3-қосымша
Жабық конкурс өткiзу туралы хабарлама нысаны
Кiмге ____________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнiң атауы)
__________________________________________________________ мынадай
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) (тауарларды
(жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) қысқаша cипaттay және олардың саны
(көлемi); (конкурсты ұйымдастырушы сатып алынатын тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) толық тiзбесi, олардың саны және
егжей-тегжейлi ерекшелiгi конкурстық құжаттамада көрсетілген деп сiлтеме
жасауға құқылы) мемлекеттік сатып алу бойынша жабық конкурс өткiзу туралы
Сiздi хабарландырады және Сiздi оған қатысуға шақырады.
Тауар жеткiзiлуi (жұмыстар немесе қызметтер орындалуы/көрсетiлуi)
тиіс: (тауарларды жеткізу, жұмыстарды немесе қызметтердi орындау/көрсету
орны көрсетіледi).
Жеткiзудің (орындаудың, көрсетудің) талап етiлетiн мерзiмi
______________
Конкурсқа "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына
жауап беретiн барлық ықтимал өнiм берушiлер жiберiледi.
Конкурстық құжаттама пакетiн _____ ж. "___" ___________ (конкурстық
өтiнiмдер салынған конверттердi ашқанға дейiн 24 сағат бұрын уақыты мен
күнi көрсетiледi) _______ сағатты қоса алғанда дейінгi мерзімде мына
мекен-жай бойынша ______________, N _____ бөлме сағат_____ -ден _____ -гe
дейiн немесе мекен-жайы _________ электрондық почта бойынша ықтимал өнiм
берушi конкурстық құжаттама төленгенi туралы құжатты бергеннен кейiн алуға
болады.
Конкурстық құжаттама пакетiнің құны _______ теңгені құрайды (егер
ақы төлеу көзделмесе, осы абзац алынып тасталады).
Ықтимал өнiм берушiлер конкурсқа қатысу үшiн конверттерге
жапсырылған конкурстық өтiнімдерiн (конкурсты ұйымдастырушының атауы
көрсетiледi) мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы, бөлменiң N көрсетіледi)
табыс етедi (жiбередi).
Конкурстық өтiнімдердi табыс етуi соңғы мерзiмi (уақыты мен күні
көрсетіледi) дейiн.
Конкурстық өтiнімдер салынған конверттер (уақыты мен күнi
көрсетіледi) мынадай мекен-жай бойынша (толық мекен-жайы бөлменiң N
көрсетiледi) ашылады. Ықтимал өнiм берушiлер конкурстық өтiнімдер
салынған конверттердi ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы (телефон нөмiрі көрсетiледi) телефон
бойынша алуға болады.
4-қосымша
(Кiмге) __________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
(Кiмнен) _________________________________________________________
(ықтимал өнім берушiнiң атауы)
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТIНIМ
(заңды тұлғалар үшiн)
__________________________________________________________________
(конкурстың атауы)
конкурс өткiзу жөнiндегi конкурстық құжаттаманы қарай келіп, оның
алынғандығы осымен куәландырылады, ______________________________
__________________________________________________________________
(ықтимал өнiм берушiнiң атауы)
конкурстық құжаттамаға сәйкес мынадай лоттар бойынша тауарларды жеткiзуi
(жұмыстарды орындауды, қызметтердi көрсетудi): жүзеге асыруды ұсынады:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетiн қызметтердiң
__________________________________________________________________
лоттар бойынша егжей-тегжейлi сипаттамасы)
жалпы сомасы _____________________________________________________
__________________________________________________________________
(цифрлармен және жазбаша)
Осы конкурстық өтiнiм мыналардан құралады:
1. _______________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
6. _______________________________________________________________
7. _______________________________________________________________
8. _______________________________________________________________
9. _______________________________________________________________
10._______________________________________________________________
Бiз, бiздің конкурстық өтiнiм ұтып шыққан деп танылған
жағдайда, __________ күн ішінде тауарларды жеткiзудi (жұмыстарды
(жазбаша)
орындауды, қызметтердi көрсетудi) бастауға және осы конкурстық өтiнiмде
көрсетiлген барлық тауарларды жеткiзуге (жұмыстарды орындауға,
қызметтердi көрсетуге) бiз конкурстық өтiнiмді ұтып шыққан деп тану
туралы Сiзден хабарлама алған сәттен бастап __________ күн iшiнде
аяқтауға мiндеттенемiз. (жазбаша)
Бiз конкурстық құжаттамада көрсетiлген Сiздің төлем шарттарыңызбен
келiсемiз. Төлемнің мынадай балама шарттарын _____
_________________________________________________________________
(төлемнiң балама шарттары, егер ондайлар болса, көрсетiледi)
немесе басқа шарттарды (_____________________ атап көрсетiледi)
ұсынамыз және бұл ретте мынадай мөлшерде ________________________
_________________________________________________________________
(ақшалай көрсеткiште жазбаша көрсетiледi)
баға шегерiмiн беремiз.
Біздің конкурстық өтiнiм ұтып шыққан деп танылған жағдайда,
бiз шарттың жалпы сомасының __________ процентiн құрайтын сомада
(жазбаша)
мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етудi* енгiземiз.
Осы конкурстық өтiнiм конкурстық өтiнiмдер салынған
конверттердi ашқан күннен бастап ________ күн бойына қолданылады.
(жазбаша)
Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасқан сәтке дейiн осы
конкурстық өтiнім оны ұтып шыққан деп тану туралы Ciздің хабарламаңызбен
бiрге бiздің арамыздағы мiндеттi шарт рөлiн атқарады.
_______________ ________________________
(Қолы, күнi) (Лауазымы, тегi, аты-жөнi)
M.O.
_____________________________________________________ атынан және
(ықтимал өнім берушiнiң атауы)
тапсыруы бойынша конкурстық өтінiмге қол қоюға барлық өкілеттiгi