тарифтік саясаттың әдіснамасын жетілдіру;
табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін және жай-күйін мониторингілеу жүйесін әзірлеу;
табиғи монополиялардың қызметтерiн тұтынушылардың сұраным көлемiне талдау жүргiзу;
мемлекеттiң макроэкономикалық мақсаттары мен мүдделер балансы тұрғысында есептелген тарифтердiң объективтiлiгiн бақылау әдiстерiн (тарифтер деңгейiнiң экономиканың басқа салаларына және халыққа әсерiн есептеуге арналған құралдарды) әзiрлеу қажет.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
Бағдарламаның мақсаты мемлекеттiң, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң және олардың қызметтерiн тұтынушылардың мүдделер балансына қол жеткiзуге бағытталған орташа мерзiмдi негiздегi икемдi тарифтiк саясатты қалыптастыру; табиғи монополия секторына инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау; монополиялардың қызметiн мемлекеттiк бақылау шараларын кеңейту болып табылады.
2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТТЕРI
Елiмiздiң экономикасының даму мақсаттарына және орташа мерзiмдi басымдықтарына қол жеткiзу табиғи монополиялар субъектілерiнiң теңгерiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн, сапаны көтеру, өзiндiк құнды кемiту және ұзақ мерзiмдi перспективада олардың қызметтерiне тарифтер деңгейiн тұрақтандыру мақсатында кәсiпорындарды жаңғырту үшiн инвестициялардың ағынын талап етедi.
Бағдарламаның басымдықты мiндеттерi ретiнде:
табиғи монополиялар субъектiлерінің қызметiн реттейтiн, халықаралық жолдарға негiзделген нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
iшкi және сыртқы факторлардың өзгеруiне баламалы ден қоюды қоса алғанда, табиғи монополия саласын реттеу әдіснамасын жасау және оны жетiлдіру;
тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн күшейту;
табиғи монополиялардың өндiрiсiн жаңарту және олар ұсынатын қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасын арттыру үшiн инвестицияларды тарту мақсатында табиғи монополиялар қызметтерiне тарифтердiң орташа деңгейiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету;
табиғи монополиялардың олардың тұтынушыларына әсерiн талдау үшiн ақпараттық дерекқор құру және ғылыми зерттеулер жүргiзу;
табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердiң тұтынушылардың топтары бойынша негiзсiз сараланымын қолдану практикасын жою айқындалған.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI
БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIКТЕРI
1. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI
РЕТТЕЙТIН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗАНЫ
ЖЕТIЛДIРУ
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясында көрсетiлген Қазақстан Республикасының экономикалық өсуiнің ұзақ мерзiмдi басымдығының негiзгi қағидаттарының бiрi бәсекенi өркениеттi шеңберлерде дамыту, қоғам үшiн қауiптi монополизм көрiнiстерiнiң жолын кесу, бәсекелi күрестiң терiс пиғылды әдiстерiн алып тастау, мемлекеттiк реттеу қажет салаларды айқындау болып табылады.
Нарықтың экономикалық жай-күйiнiң өзгерiстерi табиғи монополиялардың қызметін реттеу мәселелерi жөндеу заңнамалық кесiмдердi жетiлдірудi талап етеді.
Қолданыстағы заңнамада мемлекеттің, тұтынушылар мен меншiк иелерiнің арасындағы табиғи монополия субъектілерінің мүлiктiк кешендерiн монополиясыздандыру және жекешелендiру, табиғи монополиялардың қызметiмен технологиялық байланысты салаларда бәсекелiк рыноктардың туындау процестеріне негізделген жаңа қатынастарды реттейтiн нормалардың болмауы қызметтерге тарифтердiң негізсiз көтерiлуiне әкеледi. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бiрнеше жыл қолданылуы iшiнде оны қолдану практикасы заңнамалық деңгейде ғана шешiлуi мүмкiн көптеген реттелмеген проблемалардың бар екенiн көрсеттi.
Табиғи монополиялар субъектiлерi саласындағы iстердiң қазiргi жағдайы монополияға қарсы заңнаманы мынадай бағыттарда дамытуды талап етедi:
1) табиғи монополия саласына жататын қызмет түрлерiнiң санын кеңейту қажет. Атап айтқанда, бұл - энергия жылу энергиясын жылыту қазандықтарында және станцияларда құрамдастырылған өндiрiспен өндiру, сондай-ақ кiрме жолдардың бәсекелестiк жоқ саладағы қызметтерi.
2) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн шектеу тұжырымдамасын өзгерту қажет. Қолданылып жүрген заңнамадағы қатаң шектеулер көбiнесе көптеген табиғи монополия субъектiлерi қызметiнiң республикалық ауқымдағы кеп бейiндi компаниялар не әлеуметтiк сипаттағы себептерге орай өзге қызметпен айналысуға мәжбүр компаниялар ретiндегi өзiндiк ерекшелiгiн ескермейдi. Осылайша, қолданылып жүрген заңнаманың нормаларын бұлжытпай орындау талабы тарифтердiң өсуi мен әлеуметтiк қауырттылыққа әкеледi, шектеулердi шартсыз тыйымдарға және уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша әрi оның бақылауымен жүзеге асырылатын әрекеттерге бөлу, рұқсат eтілген қызмет түрлерiн, сондай-ақ осы рұқсаттың өлшемдерiн анық көрсету ұсынылып отыр. Бұдан басқа, табиғи монополия саласына жататын, қызметi елеусiз және профильдi емес болып табылатын рынок субъектiлерi үшiн жалпы реттеу тәртiбiнен айрықшалықтар енгiзілдi.
3) табиғи монополия саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн олардың қызметiнiң тұтынушылар мен уәкiлеттi орган үшiн ашықтығын қамтамасыз ету жолымен күшейту ұйғарылып отыр. Осы мақсаттарда заңнамада: жария тыңдалымдар рәсiмдерiн енгiзудi;
табиғи монополия субъектiсiнiң аудит жүргiзу және аудиторлық есептілiктi жариялау жөнiндегi мiндеттерiн нақтылауды;
тарифтiк сметаларды тиiстi дәрежеде орындау, коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алуды және орнатуды;
уәкiлеттi органның табиғи монополия субъектiсiне қайта ұйымдастырудың жүргiзiлуiн және оның акцияларының сатып алынуын, оның негiзгi қаражатпен мәмiле жасасуына нақты бақылау жасауды көздеу жоспарланып отыр.
Бұл ретте тұтынушы тарифтік сметалардың атқарылуы туралы ақпаратты алуға; жария тыңдалымдарға қатысуға; тарифтердi негiздеу үшiн пайдаланылатын ақпаратпен (заңмен қорғалатын құпияны қамтитын ақпараттан басқа) танысуға құқылы болады.
4) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердi 3 айдан 6 айға дейiн қайта қарай алмаса, мерзiмдi ұзарту қажет, ал өтiнiмдi қарау кезеңi 30 күннен 60 күнге дейiн.
Бұдан басқа, жалпы заң шығармашылығы практикасына сәйкес табиғи монополистердiң құқықтық субъектiлiгi мәселелерiне қатысты барлық негiзгi ережелердi заңның өзiнде барынша ашылады, ал заңға тәуелдi нормативтік құқықтық кесiмдерде тек рәсімдік және техникалық мәселелердi ашу болжанып отыр.
Сондай-ақ Азаматтық кодекске сәйкес табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтер көрсетуiне арналған жария үлгi шартты әзiрлеу жоспарланып отыр.
"Нақты" экономикалық жағдай тұрақты қозғалыста болғандықтан, қолданылып жүрген заңнамада онымен бiрге өзгеретiнiн ескеру қажет. Монополияға қарсы заңнама бүгiнгi күнге дейiн өзiнiң статистикалығымен ерекшеленген. Жинақталған тәжiрибенi ескере отырып, заңға тәуелдi кесiмдер мен тарифтердi есептеу әдiстемелерiне түзетулер енгiзу қажет болады.
2. ТАРИФТIК ӘДIСНАМАНЫ ЖЕТIЛДIРУ.
ТАРИФТЕРДI ЕСЕПТЕУ ӘДIСТЕРI
1) Тариф түзудің жаңа әдістерін енгізу
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтер объективтi және субъективтi факторлардың көп санымен айқындалады. Тарифтi есептеу әдiсiн, төлемдердi саралау шамасын, шығындарды есептеу әдiсiн таңдау реттеушi органға сыртқы факторлардың өзгеруiне икемдi түрде ден қоюға мүмкiндiк бередi.
Тариф түзудiң бiрнеше әдiстерi бар, олардың iшiнде негiзгiлерi:
шығындық әдiс;
активтердiң реттелетiн базасына пайда нормасын айқындау әдiсi;
орташа мерзiмдi кезеңге тарифтердiң шектi деңгейiн белгiлеу әдiсi болып табылады.
Шығындық әдiстiң негiзiнде қызметтердi өндiру және сату шығындарын есептеу жатыр. Осы әдiс табиғи монополияларға реттелетiн шығындарды, олардың тиімділігiне қарамастан, өтеу кепiлдiгiн бередi, бiрақ инвестицияларды ынталандырмайды.
"Активтердiң реттелетiн базасына пайда" есептеу әдiсi өз мiндеттемелерiн жабу үшiн және инвестицияларды тарту үшiн жеткiлiктi тарифтер деңгейiн қамтамасыз етедi.
Орташа мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердiң шектi деңгейлерiн белгiлеу әдiсi (тарифтiк сметада айқындалатын) шығындардың ұйғарынды деңгейiн және (активтердің реттелетiн базасының негiзiнде есептелетiн) ұйғарынды пайда нормасын 3 жылға жорамалдайды.
Қазiргi жағдайларда активтердiң реттелетiн базасына (АРБ) пайда нормасын айқындау және орташа мерзiмді кезеңге тарифтердiң шектi деңгейiн белгiлеу әдiстерi неғұрлым үдемелi болып табылады.
Активтердiң реттелетiн базасына пайда есептеу әдiсi
Бүгiн тарифтердi құру құрылымы негiзгi екi бөлiмнен тұрады: шығындар плюс пайда. Тарифтiң шығын бөлiмiн қалыптастыруға қойылатын талаптар "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Табиғи монополия субъектілері үшiн шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнде реттелген.
Сонымен бiрге нарықтық экономика жағдайларында табиғи монополия саласын реттеудiң негiзi шығындардың негiзделген деңгейiнiң орнын толтыру ғана емес, сонымен қатар табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi дамуы үшiн пайда белгілеу болып табылуға тиiс.
Шығыс Еуропа және Орта Азия мемлекеттерiнiң реттеушi органдарының Энергетикалық Қауымдастығының мүшесi болған соң, Еуропаның көптеген елдерiнiң: Венгрияның, Польшаның, Словакияның, Испанияның және т.б. тарифтiк саясат саласында жинақтаған тәжiрибесi зерделендi. Осы елдердiң табиғи монополиялардың қызметтерiне тарифтер реттеу негiзiнде акционерлердiң мүддесiн ескере отырып, активтердiң реттелетiн базасына пайда айқындау қағидаты жатыр. Табиғи монополиялар саласын реттеудiң халықаралық практикасы тартылған қарыз капиталына ғана емес, сонымен қатар меншiктi (акционерлiк) капиталға да сыйақы төлеудi ескередi.
Қазақстанда табиғи монополиялар субъектілерi ұсынатын қызметтер көлемінің 1999 жылға дейiн құлдырауы өндiрiстiк активтердiң едәуір үлесiн босатуға алып келдi. Осылайша, су шаруашылығы саласында активтердiң iске қосылуы - 40% деңгейiнде, энергетика саласында 50%-60% қалыптасты. Бұл ретте көптеген табиғи монополияларда негiзгi қорлардың табиғи тозуы төменгi мәннен асып кетті: мысалы, энергетика саласында - 50%-тен 60%-ке дейiн, темiр жол көлiгi саласындағы табиғи тозу деңгейi - 60%-тен астам. Оның нәтижесiнде көрсетiлетiн қызметтердің сапасы төмендеп және, оның салдары ретiнде, нормативтен тыс ысырап өcіп отыр.
Бұдан басқа, бүгiн табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi қалыптастыру кезiнде қажеттi пайда деңгейiн инвестициялық бағдарламалардың немесе күрделi жөндеу көлемдерiнiң негiзiнде дәлелдеп отыр. Тариф түзудiң мұндай әдiсi "шығындық" қағидатқа ие.
Тариф түзудiң осы қағидатын қолдану табиғи монополиялардың қызметтерiне тарифтердiң едәуiр өсуiне алып келуі мүмкін, мысалы, су шаруашылығы жүйелерінде ескі әдісті қолдану 2003 жылы тарифтің 30%-ке өсуіне алып келеді.
2-кесте
Активтердің реттелетін базасына пайда нормасының
әдісін енгізудің салыстырмалы кестелері
Су шаруашылығы жүйесінің қызметтері
| 2002 ж. 2001 ж.-ға,% | 2003 ж. 2002 ж.-ға,% | 2004 ж. 2003 ж.-ға,% | 2005 ж. 2004 ж.-ға,% |
| 110,1 | 130,4 | 120,8 | 117,3 |
АРБ-ға пайда ставкасы 15% кезінде | - | 116,3 | 107,7 | 103,6 |
Кәріз жүйесінің қызметтері | 2002 ж. 2001 ж.-ға,% | 2003 ж. 2002 ж.-ға,% | 2004 ж. 2003 ж.-ға,% | 2005 ж. 2004 ж.-ға,% |
| 105,2 | 126,1 | 109,2 | 105,3 |
АРБ-ға пайда ставкасы 15% кезінде | - | 116,2 | 108,5 | 104,1 |
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазiргi уақытта активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын белгiлеу тәртiбi жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдардың жобасы даярланды, ол пайданы қалыптастыруда негiзгi екi қағидатты ескередi: бiрiншiсi - активтердiң iске қосылуы және екiншiсi меншiк иелерінің инвестицияларды тартуға мүдделілiгi.
Пайданың мөлшерi iске қосылған активтердiң құнына тәуелдi болады, ол түпкiлiктi нәтижесiнде табиғи монополия субъектiлерiнiң негiзгi қорларына инвестициялар тартуды ынталандыруға тиiс және ол мынадай формула бойынша айқындалатын болады:
ТПҰН = АБР*ТПС, мұндағы:
ТПҰН - таза пайданың ұйғарынды нормасы (теңге),
АРБ - iске қосылған активтердің реттелетiн базасы (теңге),
ТПС - таза пайда ставкасы (%).
Iске қосылған активтердің реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу әдiсiн iс жүзiнде пайдалану субъектiлердің негiзгi қорлардың құнын нақты (нарықтық) құнға дейiн қайта бағалау мүмкiндiктерiне негiзделетiн болады.
Пайданы айқындауда қолданылатын екiншi көрсеткiш активтердiң iске қосылу деңгейi сияқты пайданы есептеудi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтердi өндiру мен көрсету кезiнде активтердi пайдалануына тәуелдi етедi. Бұдан басқа, экономикалық көзқарас тұрғысында осы жол пайданы айқындаудың шығындық сипатына ие емес және табиғи монополия субъектiлерiнiң инженерлiк жүйелердiң тиелiмiн арттыруға деген ұмтылысын ескередi.
Iске қосылған активтердiң реттелетiн базасы табиғи монополия субъектiлерiнiң негiзгi қорларының қалдық құны мен олардың iске қосылу коэффициентiнiң негiзiнде мынадай формула бойынша есептеледi:
АРБ = АҚ * K мұндағы:
іс,
АҚ - активтердiң нақты құны (теңге),
K iске қосылған активтердiң коэффициентi.
іс
Ұсынылып отырған жолдар iске қосылған активтерге пайда ставкасының негiзiнде "ҚазТрансОйл" үшiн тарифтердi есептеу әдiстемесiн қолдану тәжiрибесiне негiзделген. Мұнай құбыры кәсiпорнының тарифiнде көзделген пайда компанияның инвестицияларды жүзеге асыруына, техникалық қайта жарақтануына және жаңа технологияларды енгiзуiне ақша салуға мүмкiндiк бердi. Бүгiнде осы әдiстеменi енгiзудiң арқасында компания активтерiнiң iске қосылуы 2001 жылы 1999 жылмен салыстырғанда, 29,7%-ке өстi деп айтуға болады.
Қазiргi уақытта әзiрленiп жатқан әдiстемеде пайданы тек активтердiң iске қосылуын ғана емес, сонымен бiрге меншiктi капиталға сыйақы ставкасын қоса ескерiп есептеу ұсынылып отыр.
Тариф түзудiң жаңа әдiсiн қолдану табиғи монополиялардың әр түрлi салалары үшiн пайда ставкасын айқындау кезінде сараланған жолдарға негiзделетiн болады.
Осылайша, су шаруашылығы жүйелерi үшiн пайдада технологиялық қатердi ескеру ұсынылып отыр.
Энергетика секторы үшiн экономика дамуының (жалпы iшкi өнiмнің) арту қарқындарының елiмiз бойынша электр энергиясын тұтынудың iшкi көлемдерiне қарай өзгеру икемділiгінің көрсеткiштерiн ескеру ұсынылып отыр.
Су шаруашылығы жүйелерiне жылдам инвестициялардың қажеттiгi мен олардың тұтыну бағаларының индексiне әсерiнiң шамалы үлесi 2003 жылдан бастап осы табиғи монополия субъектілерi үшiн iске қосылатын активтердің реттелетiн базасына пайда есептеу әдiстемесiн енгiзудің бiрiншi кезектiлiгiн айқындайды. Әдiстеменi енгiзудi 2005 жылдың соңына дейiн кезең-кезеңмен және жүйелердің жай-күйi мен тарифтердiң бүгiнгi күнгi негiзсiз сараланымын жоюды ескере отырып, аймақтар бойынша саралауды жүзеге асыру жоспарланып отыр, онда оны әзiрлеу 2002 жылдың соңына дейiн аяқталатын болады.
"KEGOC" ААҚ реттеуге қатысты Агенттiк 2003 жылдың соңына дейiн тарифтердi есептеу әдiснамасының активтердiң реттелетiн базасындағы пайданы есептеу бөлiгiне өзгерiстер енгiзу жоспарлап отыр.
Бөлушi электр желiсi компаниялары үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу әдiстемесiн енгiзудi электр энергиясын кернеу сыныптары бойынша беру жөнiндегi қызметтерге тарифтер есептеу әдiснамасы әзiрленгеннен және ол 2003 жылы кезең-кезеңмен енгiзiлгеннен кейiн жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның 6 облысындағы бүгiнгi күнгi электр энергиясына тарифтердiң негiзсiз сараланымы жойылуға тиiс.
Экономиканың көлiк-коммуникация секторы саласында 2002 жылдың соңына дейiн "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ және "Қазпочта" ААҚ үшiн осы әдiстеменi қолдану жөнiндегi қағидатты жолдарды жасау ұсынылып отыр.
Орташа мерзiмдi кезеңге арналған шектi тарифтердi есептеу әдiсi
Табиғи монополиялардың саласына инвестицияларды тартудың басқа маңызды ынталандырмасы орташа мерзімді кезеңге арналған шектi тарифтердi белгiлеу әдiсiн енгiзу болып табылады.
Шектi тариф олардың шегінде табиғи монополиялар өз қызметiн жүзеге асыратын тариф шеңберлерiн белгiлеу деп түсіндіріледі.
Шектi тарифтердi белгiлеудiң басты мiндетi неғұрлым жеңiлдіктi жағдайларда ұзақ мерзiмдi инвестицияларды тарту, өтпелi кезең экономикасының тұрлаусыздығымен байланысты қатерлердi азайту, сондай-ақ өндiрiстiк шығындарды азайтуға ынталандыру болып табылады.
Табиғи монополия субъектiсiнiң орташа мерзiмдi кезеңге арнап бекiтiлген инвестициялық бағдарламаны iске асыру жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдауы шектi тарифтердi ұсыну шарты болып табылады. Бұдан басқа, шектi тарифтердi есептеу кезінде iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына есептелген пайда ескерiлетiн болады.
Алғаш рет Еуропа Қайта құру және Даму Банкi (ЕҚДБ) Қарағанды қаласының энергокешенiне ("Қарағанды Пауэр" ЖШС) инвестициялық жобаны iске асыруға байланысты осы әдiстеменi қолдануды ұсынды.
Осы мақсаттарда ЕҚДБ консультанттарды - "Фронтье Экономикс" компаниясын тартты.
Бiрқатар оң сәттерiне қарамастан, консультанттар ұсынған әдiснама бiрқатар қолданылып жүрген заңнамаға қарама-қайшылықтарға ие және тұтынушылардың құқықтарын бұзады.
Көрсетiлген әдiснаманың негiзiнде деңгейi 3 жыл бойы (орташа мерзiмдi кезең) өзгермейтiн шектi (орташа есептелген) тарифке негiзделген жаңа тариф түзу тұжырымдамасын әзiрлеу ұсынылып отыр.
"Фронтье Экономикс" компаниясы ұсынған әдiснама бойынша тарифтер орташа мерзiмдi кезең аяқталғаннан кейiн, мысалы, "Қарағанды Пауэр" С үшiн 30%-ке артуы мүмкiн, ал Агенттiк жобасын iске асырған жағдайда тарифтiң артуы тек 13% деңгейiнде ғана қалыптасады және 3 жыл бойы тұрақты болады.
Мыналар:
шектi тарифтi есептеу кезiнде елiмiздiң дамуының макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң ескерілетiн болатыны;
табиғи монополиялар субъектілерiнiң өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудан алатын кiрiстерге дербес билiк ету мүмкiндiгiн алатыны маңызды болып табылады.
Шектi тарифтердi енгiзу кезiнде құзыреттi органдардың (салалық министрлiктердiң) нормативтердi, инвестициялық бағдарламаларды бекiту, реттеушi органның тарапынан инвестициялық бағдарламалардың iске асырылуын бақылау бөлiгiндегi рөлi мен жауапкершілiгi артады.
Бұдан басқа, осы әдiстi қолдану табиғи монополиялар субъектілерiн таңдаудың мынадай өлшемдерiне негiзделуге тиiс:
субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң тұрлаулылығы;
нақты пайданың болуы;
көрсетiлетiн қызметтер көлемдерінің тұрлаулылығы;
бақыланатын дебиторлық берешек;
субъектiнiң активтерiне кепiлдiктердің болмауы және iрi бақыланбайтын қарыздар;
компанияның қалыптасқан инвестициялық имиджi.
Осы әдiснамалық жолдар бiздiң елiмiзде қолданылған жоқ және тұтастай алғанда халықаралық практикада қолданылатын әдiснаманы қайталамайды. Сондықтан, 2003 жылдан бастап бiрқатар салаларда тарифтердi жаңа әдiстеме бойынша қалыптасыруға көшу болжанып отыр. Жаңа әдiстемеге көшу туралы шешiмдi шаруашылық жүргiзуші субъектiлер тек жоғарыда көрсетiлген өлшемдерге сәйкес келген жағдайда және уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қабылдайтын болады.
Сөйтіп, теңiз портының қызметтерiне шектi тарифтер есептеу әдiстемесiн енгiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi "Теңiзде жүзу саудасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес теңiз портының мiндеттi қызметтерiнiң тiзбесiн айқындағаннан кейiн жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Шектi тарифтердi енгiзу мыналарды айқындайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердi қамтитын тиiстi нормативтiк негiзде жүзеге асырылуға тиiс:
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң iске қосылған активтерiнiң реттелетiн базасына пайда ставкасын және оларды белгiлеу тәртiбiн есептеу;
табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiмен ұсынуына орташа мерзімдi кезеңге арналған негiзде шектi тарифтердi есептеу тәртiбi;
орташа мерзiмдi негiзде шектi тарифтердi енгiзу және тарифтердiң шектi деңгейлерi белгiленген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбi.
Көрсетiлген нормативтiк құжаттарды әзiрлеу 2002 жылдың соңына дейiн, кейiннен 2003 жылдан бастап шектi тарифтердi енгiзе отырып, аяқтау болжанып отыр.
Шектi тарифтердi қолданудың бiрiншi жобаларын iске асырғаннан кейiн агенттiк табиғи монополияларды реттеу практикасына, әсiресе су шаруашылығы жүйесi мен электр энергетикасының, көлiк-телекоммуникация секторының субъектiлерi үшiн шектi тарифтердi кеңiнен тарату арқылы тарифтiк саясатты одан ары жетiлдiрудi жалғастырады.
2) Табиғи монополиялар субъектілерінің жәнеолардың тұтынушыларының жай-күйініңмониторингі
Жоғарыда көрсетiлген тариф түзу әдiснамаларын iске асырудың негiзi толық ауқымды техникалық және қаржылық сараптама жүргiзу, қызметтердiң түрлерi бойынша өзiндiк құнды айқындау, табиғи монополиялар субъектiлерi жай-күйінің мониторингi болуға тиiс.
Табиғи монополиялар субъектiлерi мен олардың қызметтерiн тұтынушылардың жай-күйін оларға қатысты қабылданатын шешiмдердi негiздеу үшiн шұғыл түрде қадағалау жүйесiн дұрыс жолға қою қажет.
Реттеушi органның көзқарасы тұрғысында табиғи монополиялар субъектiлерiне мониторингтi мынадай бағыттарда ұйымдастыpy қажет:
әр субъектiнiң негiзгi қаражатының жай-күйiнiң мониторингi;
көрсетілетiн қызметтер көлемiнiң мониторингi;
шығыстар мен кірiстердiң мониторингі;
қызметтердi тұтынушылардың мониторингi.
Осы мақсаттар үшiн көрсетiлген бағыттарда табиғи монополиялар субъектiлерiнiң жай-күйiн модельдеудiң тиiстi құралдарын және қажеттi статистикалық нысандарды әзiрлеу қажет.
Жиналатын ақпараттың үлкен көлемiне және шұғыл талдаудың қажеттiгiне орай деректердiң автоматтандырылған дерекқорын құру талап етіледi (2004 жылғы 4-тоқсан). Табиғи монополиялар субъектiлерi жай-күйiнiң нәтижелерi субъектiнiң өзiнiң жай-күйiн сапалы талдау, ұсынылатын инвестициялық бағдарламалардың негiздiлiгiн бақылау, қызметтердiң көлемiн, тарифтердiң деңгейiн болжау тарифтердiң тұтынушылардың жай-күйiне әсерiн талдау үшiн пайдаланылатын болады.
3) Тарифтерді өзгертудің экономиканыңбасқа салаларына және халыққа әсерін талдауқұралдарын әзірлеу
Табиғи монополиялар субъектiлерiн талдау мен олардың қызметтерiн тұтынушыларды талдау сұраным көлемдерiнiң тарифтердiң деңгейiне тәуелдiлiгi тұрғысында салалардың өзара әсер дәрежесiн бағалау мен тарифтердiң теңгерiмдi деңгейiн негiздеу мiндеттерiне жүйелi көзқарастың қажет екендiгiне әкеледi.
Табиғи монополиялардың қызметтерiне тарифтер деңгейлерiнiң экономиканың басқа салаларына қатысушылардың жай-күйiне өзара әсерiн бағалаудың неғұрлым тез жолы, тұтастай алғанда, экономиканың мүдделерi тұрғысында салалар арасындағы теңгерiмінің мүмкiн бұзылуы туралы бiлдiретiн макро- және микродеңгейге индикаторлар жүйесін айқындауға негізделген.
Бұл үшiн, бiрiншi кезекте, табиғи монополиялар саласына тiкелей қатысушылардың дамуының жай-күйi мен серпiнiн сипаттайтын микродеңгейлі индикаторларды әзiрлеу қажет.
Мысалы, табиғи монополия субъектiлерінің жай-күйi мен даму серпiнен сипаттайтын индикаторларға:
көрсетілген қызметтердiң (жұмыстардың) негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерін;
негiзгi құралдар жай-күйiнiң көрсеткiштерiн (тозу дәрежесiн, жаңарту коэффициенттерiн, жою коэффициенттерiн, қуаттардың тиелу деңгейiн және басқаларды) кiрiстiлiктiң қаржылық көрсеткiштерiн (пайданы, шығарылатын өнiмдер мен қызметтердiң пайдалылығын, активтердiң пайдалылығын, меншiктi капиталдың пайдалылығын және басқаларды);
инвестициялық белсендiлiктiң көрсеткiштерiн (негiзгi және айналым капиталына инвестициялардың көлемiн, инвестицияларды қаржыландырудың көздерiн) жатқызуға болады.
Табиғи монополиялардың өнiмдерi мен қызметтерiн тұтынушылардың жай-күйiн көрсететiн индикаторларға мыналарды жатқызуға болады:
жеке тұлғалар (халық) үшiн: аймақтар бойынша халық табысының деңгейiн; халықтың сатып алу қабiлетiнiң бағасын; табиғи монополиялардың қызметтерiне жұмсалатын шығыстардың халықтың жалпы тұтыну шығыстарындағы үлесiн;
заңды тұлғалар (кәсiпорындар мен ұйымдар) үшiн: кәсiпорындар кiрiстілігiнiң көрсеткiштерiн; табиғи монополиялардың қызметтерiне жұмсалатын шығыстардың шығындардың жалпы құрылымындағы үлесiн жатқызуға болады.
Бiр саладағы тарифтердiң өзгеруiнiң басқа сала субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық жай-күйiне әсерiн бағалау экономиканың дамуындағы макроэкономикалық теңгерiмді қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда мемлекет үшiн үлкен мәнге ие.
Қаралып отырған проблеманың теорияға да, практикаға да қатысты үлкен күрделілігі мен ауқымдылығы, көптеген сыртқы және iшкi факторлардың әсерiн ескеру қажеттігi қазiргi заманғы экономика және математика ғылымының құралдары арқылы зерттеудiң кешендi сандық әдiстерiн бiр саланың шегiнде де әзiрлеудi мүмкiн етпей отыр. Қазiргi модельдер мен әдiстер негiзiнен әртүрлi макроэкономикалық көрсеткіштерді қарастырады, салалардың өзара әсер ету дәрежесiне кейбiр сапалы бағаларына сүйенедi және салалардың тепе-теңдiгiне әсер ететiн бiр немесе екi басты фактор ескеріледi. Осындай модельдердi шешу негiзінде алынған қорытындылар сапалы сипатқа ие, өйткенi модельде ескерiлмеген факторлардың әсерi басты факторлардың әсерiмен салыстырылуы мүмкiн.