Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық
төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау
жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің
2002 ж. 3 қазандағы N 469 бұйрығы
Осы редакция 2004 ж. 9 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық Кодексi) сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға (мүлiкке) салық төлеуден жалтарудың алдын алу және қосарланған салық салуды болдырмау жөнiндегi халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру ережесi бекiтiлсiн.
2. Халықаралық салық салу басқармасы (С.Сарбасов) мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне осы бұйрықты жiберсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр
Қазақстан Республикасының | | Қазақстан Республикасының |
Ұлттық Банкі Төрағасының | | Қаржы министрінің |
орынбасары | | 2002 жылғы 3 қазандағы |
2002 жылғы | | N 469 бұйрығымен бекітілген
|
Қазақстан Республикасымен жасалған қосарланған салықты
болдырмау және табыс пен капиталға (мүлiкке) салық
төлеуден жалтарудың алдын-алу жөнiндегi халықаралық
шарттарды әкiмшiлiктендiру ережелерi
Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) (бұдан әрi - Салық Кодексi) 194-бабына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасымен жасалған қосарланған салықты болдырмау және табыс пен капиталға (мүлiкке) салықтар төлеуден жалтарудың алдын-алу жөнiндегi халықаралық шарттарды (бұдан әрi - халықаралық шарттар) әкiмшiлiктендiру тәртiбiн көздейдi.
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарға салық салу
мақсатында резидент емес - заңды тұлғаның басқару және
жалпы әкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызу әдiсi
1. Салық Кодексiнiң 195-бабына сәйкес егер тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен резидент емес - заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезiнде халықаралық шарт ережелерiмен Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де осындай салық салынатын табысты алу мақсатында шеккен басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарына шегерiмге жол берiлсе, онда мұндай шығыстардың сомасы мынадай әдiстердiң бiрi бойынша айқындалады:
1) шығыстарды теңбе-тең бөлу әдiсi;
2) шегерiмге шығыстарды тiкелей (тура) жатқызу әдiсi.
2. Резидент емес - заңды тұлға өздiгiнен шегерiмге көрсетiлген басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының жатқызу әдiстерiнiң бiреуiн таңдайды.
3. Тұрақты мекемеге шегерiмдердi басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын жатқызудың таңдалған әдiсi (шығыстарды теңбе-тең бөлу әдiсi кезiнде пайдаланылатын есептiк көрсеткiштi есептеу тәртiбiн қоса) жыл сайын қолданылады және салық органымен келiсiм бойынша ғана өзгертiлуi мүмкін.
4. Шегерiмге жатқызылған көрсетiлген шығыстардың сомасын есептеу мақсатында резидент емес - заңды тұлға тiркеу орны бойынша Қазақстан Республикасының салық органына берiлетiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306 Бұйрығымен бекiтiлген 100.11 нысаны бойынша Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға 11-Қосымшаны толтыруға мiндеттi.
2. Шығыстарды теңбе-тең бөлу әдiсi
5. Салық Кодексiнiң 196-бабына сәйкес теңбе-тең бөлу әдiсiн пайдалану кезiнде тұрақты мекеменiң шегерiмiне жатқызылатын резидент емес - заңды тұлғаның басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасы резидент емес - заңды тұлғаның осындай шығыстардың сомасы мен есептiк көрсеткiштiң туындысы ретiнде айқындалады.
6. Есептiк көрсеткiш мынадай тәсiлдердiң бiрi бойынша есептеледi:
1) тұтастай алғанда көрсетiлген салық кезеңi үшiн резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық кiрiсiнiң жалпы сомасына салық кезеңi үшiн тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiн жүзеге асырудан резидент емес - заңды тұлғаның алған жылдық жиынтық кiрiсi сомасының қатынасы;
2) үш көрсеткiштер бойынша орташа шаманы (ОШ) айқындау:
тұтастай алғанда көрсетiлген салық кезеңi үшiн резидент емес - заңды тұлғаның жылдық жиынтық кiрiсiнiң жалпы сомасына салық кезеңi үшiн тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметiн жүзеге асырудан резидент емес - заңды тұлға алған жылдық жиынтық кiрiс (К) сомасының қатынасы;
тұтастай алғанда осындай салық кезеңi үшiн резидент емес - заңды тұлғаның негiзгi құралдарының жалпы бастапқы (қайта бағалауды ескерiп ағымдағы) құнына салық кезеңiнiң соңындағы жағдай бойынша тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызмет бойынша қаржылық есептiлiгiнде есептелген негiзгi құралдардың (НҚ) бастапқы (қайта бағалауды ескерiп ағымдағы) құнының қатынасы;
тұтастай алғанда осындай салық кезеңi үшiн резидент емес - заңды тұлға персоналының еңбекақы төлеу қорының жалпы мөлшерiне (еңбекақыны төлеу бойынша шығыстар) салық кезеңiнiң соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс iстейтiн персоналдың еңбекақы төлеу қорының (ЕТҚ) мөлшерiне (еңбекақыны төлеу бойынша шығыстар) қатынасы.
Осындай жолмен, орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады:
ОШ = (К + НҚ + ЕТҚ)/3.
7. Есептiк көрсеткiштi есептеудiң жоғарыда аталған тәсiлдерiнiң бiрiн резидент емес - заңды тұлға өздiгінен айқындайды.
8. Есептiк жолмен айқындалған басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасы растаушы құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекемеге шегерiмге жатады. Бұл ретте, осы құжаттардың негiзiнде резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген тәртiпте басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстары сомасының шегерiмiне қатысты түзетулер тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметi бойынша бұрын берiлген салық есептiлiгiн енгiзуге немесе ағымдағы салық кезеңiнде мұндай құжаттар жоқ болған жағдайда келесi салық кезеңiнде шегерiмге салық кезеңiнiң мұндай шығыстарын енгiзуге құқылы.
9. Растаушы құжаттар болып мыналар табылады:
1) тұтастай алғанда резидент емес - заңды тұлғаның қызметi бойынша қаржылық есептiлiк көшiрмесi есептiк көрсеткiштi есептеудiң қолданылатын тәсiлiне байланысты ашылады:
резидент емес - заңды тұлғаның жылдық жиынтық кiрiсiнiң жалпы сомасы,
резидент емес - заңды тұлға персоналының еңбекақы төлеу қорының жалпы сомасы (еңбекақыны төлеу бойынша шығыстар),
резидент емес - заңды тұлға негізгi құралдарының бастапқы (қайта бағалауды ескерiп ағымдағы) және қалдық құндары,
бап бойынша ашып көрсете отырып, оның iшiнде басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының жалпы сомасын көрсете отырып және ашып көрсетiп резидент емес - заңды тұлға шығыстарының жалпы сомасы;
2) резидент емес - заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiнiң аудитi бойынша аудиторлық қорытындының көшiрмесi (осындай тұлға қаржылық есептiлiгi аудитiн жүзеге асыру кезiнде, яғни егер ол резидент болып табылатын ел заңнамасымен қаржылық есептiлiктiң аудитi көзделген жағдайда).
Сондай-ақ, көрсетiлген шығыстарды шегерiмге жатқызудың қолданылатын әдiсiнiң мазмұны ашылатын оның қаржылық есептiлiгiнiң бөлiгi болып табылатын резидент емес - заңды тұлғаның есеп саясаты берiледi.
10. Теңбе-тең бөлуге жататын басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасы қаржылық есептiлiкте көрсетiлмеген жағдайда, мұндай шығыстар Қазақстан Республикасындағы көздерден салық салынатын кiрiстi айқындау кезiнде резидент емеске шегерiмге қабылданбайды.
11. Қазақстан Республикасындағы және салық төлеушiнiң резиденттiк елiндегi салық кезеңдерiнiң сәйкессiздiгi нәтижесiнде туындаған Қазақстан Республикасындағы шегерiмге жатқызылуы тиiс басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасын есептеу кезiнде пайдаланылатын көрсеткiштердi салыстыру мүмкiн емес жағдайда ТМСКТК және ССКТК тиiстi түзету коэффициенттерi қолданылады:
ТМСКТК - тұрақты мекеме арқылы қызметтен Қазақстан Республикасындағы салық кезеңiнiң түзету коэффициентi;
ССКТК - резиденттiк елiнде салық төлеушiнiң салық кезеңiнiң түзету коэффициентi.
12. ТМСКТК Кодекстiң 196-бабының ережелерiне сәйкес есептiк көрсеткiштi есептеу үшiн аталған салық кезеңдерiнiң тең ұзақтығы кезiнде Қазақстан Республикасында және резиденттiк елiнде салық төлеушiнiң салық кезеңдерiнiң басы-соңы мерзiмдерiне сәйкес келтiру мақсатында енгiзiледi. ТМСКТК Қазақстан Республикасындағы салық төлеушiнiң салық кезеңi айларының жалпы санына базалық салық кезеңiнiң шегiне кiретiн Қазақстан Республикасындағы тиiстi салық кезеңiнiң айлар санының қатынасы ретiнде айқындалады.
Осындай жолмен, резиденттiк елiндегi салық кезеңiне Қазақстан Республикасындағы салық кезеңiне сәйкес келтiру нәтижесiнде есептiк көрсеткiштi есептеу кезiнде пайдаланылатын тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызмет бойынша резидент еместiң көрсеткiштерi түзетуге жатады, қызмет бойынша көрсеткiштер тұтастай алғанда өзгерiссiз қалады. Бұл peттe, түзетуден кейiн тұрақты мекеме арқылы қызмет бойынша көрсеткiштер аталған көрсеткiштерге ТМСКТК қолданумен базалық салық кезеңiнiң шегiне кiретiн Қазақстан Республикасындағы салық кезеңiнiң көрсеткiштер сомасына немесе салық кезеңi үшiн көрсеткiштен тұрады.
13. Салық Кодексiнiң 196-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы шегерiмге жатқызылатын резидент еместiң басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасын есептеу үшiн резиденттiк елiндегi және Қазақстан Республикасындағы салық төлеушiнiң салық кезеңдерiнiң ұзақтығына сәйкес келтiру мақсатында ССКТК енгiзiледi.
CCKTK резиденттiк елiндегi салық төлеушiнiң салық кезеңi айларының жалпы санына базалық салық кезеңiнiң шегiне кiретiн резиденттiк елiндегi салық төлеушiнiң тиiстi салық кезеңiнiң айлар санына қатынасы ретiнде айқындалады. Базалық салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасындағы есептi салық кезеңi қабылданады.
ССКТК пайдалану кезiнде Қазақстан Республикасындағы салық кезеңiне резиденттік елiндегi салық кезеңiне сәйкес келтiру нәтижесiнде есептiк көрсеткiштi пайдалану кезiнде пайдаланылатын, тұтастай алғанда қызмет бойынша резидент еместiң көрсеткiштерi түзетуге жатады, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызмет бойынша көрсеткiштер өзгерiссiз қалады. Бұл ретте, түзетуден кейiн тұтастай алғанда, қызмет бойынша көрсеткiштер аталған көрсеткiштерге ССКТК қолданумен базалық салық кезеңiнiң шегiне кiретiн немесе резиденттiк елiндегi салық кезеңi үшiн көрсеткiштер сомасын немесе салық кезеңi үшiн көрсеткiштен тұрады.
14. Резидент емес - заңды тұлға шет тiлiнде жасалған құжатты (тұтастай алғанда қызмет бойынша қаржы есептiлiгiнiң көшiрмесi) салық органына беруге құқылы. Резидент емес салық органының бiрiншi талап етуi бойынша олардың аудармасын 30 жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте нотариус куәландырған мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде беруге мiндеттi.
3. Шегерiмге шығыстарды тiкелей (тура) жатқызу әдiсi
15. Салық Кодексiнiң 197-бабына сәйкес резидент емес - заңды тұлғаның басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын Қазақстан Республикасындағы шегерiмге тiкелей (тура) жатқызу әдiсi егер, мұндай шығыстар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кiрiстердi алу мақсаты үшін ғана тiкелей жүргiзiлген және бухгалтерлiк есепте мұндай шығыстарды резидент еместiң бөлшек есебiн жүргiзу негізiнде тiкелей айқындалған жағдайда қолданылады.
16. Көрсетiлген шығыстар растаушы құжаттар болған кезде ғана тұрақты мекемеге шегерiмге жатады.
17. Растаушы құжаттар болып мыналар табылады:
1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен кiрiстер алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында резидент емес - заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттар;
2) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кiрiстер алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары резидент емес заңды тұлға шеккен шығыстарды растайтын бухгалтерлiк құжаттар көшiрмесi (Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер (шоттар, чектер) алу мақсатында резидент емес тұтынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi жеткiзуi - үшiншi тұлғалар мен резидент еместiң растаушы бухгалтерлiк құжаттары).
18. Тұрақты мекеме арқылы қызметi бойынша бухгалтерлiк есептiң бастапқы құжаттары мен тiркелiмдерi мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жасалады.
Шет тiлiнде жасалған резидент еместiң бастапқы құжаттары болуы кезiнде салық органы олардың мемлекеттiк немесе орыс тілiндегi аудармасын талап етуге құқылы. Салық органының бiрiншi талап етуi бойынша резидент емес 30 жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте нотариус куәландырған олардың мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасын беруге мiндеттi.
4. Шартты банк салымдары арқылы тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн
Қазақстан Республикасындағы қызметтен резидент еместердiң
кiрiстерiнен табыс салығын төлеу тәртiбi
19. Салық Кодексiнiң 198-бабымен көзделген табыс салығын төлеу тәртiбi егер, өзге аталған баптармен өзге көзделмесе, Салық Кодексiнiң 199-202 баптарымен көзделген кiрiстердi қоспағанда, тиiстi халықаралық шарт ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместiң халықаралық шарт ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған кiрiске қолданылады.
20. Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер алушы мұндай резидент осы бөлiммен көзделген табыс салығын төлеу тәртiбiн қолдануға немесе қолданбауға құқылы.
21. Осы бөлiмнiң ережелерiн қолданбау жағдайында салық агентi резидент емеске кiрiстердi төлеу кезiнде Салық кодексiнiң 179-181-баптарымен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуға және аударуға мiндеттi.
22. Салық агентiмен айқындалған кiрiс алушы резидент емес, салық агентi және банк-резидент (бұдан әрi - банк) Салық кодексiнiң ережелерiне сәйкес резидент еместiң кiрiсiнен салық агентiнiң табыс салығын төлеуiне дейiн осы бөлiмнiң ережелерiн ескерiп шарт қатынасушылары келiскен нысан бойынша үш данада шартты банк салымы туралы шартты жасауы тиiс. Шартты банк салымы туралы жасалған үш жақты шарттың белгiленген мерзiмiне дейiн жоқ болған жағдайда салық агентi Салық Кодексiнiң 179-181-баптарымен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын аударуға мiндеттi.
23. Салық агентi шартты банк салымы туралы шартқа қол қою күнiнен бастап 10 жұмыс күнiнiң iшiнде осындай шартты өз тiркеу орны бойынша салық органында тiркеуге мiндеттi, оның көшiрмесi осы салық органына берiледi. Одан басқа, шартты банк салымына табыс салығын аудару сәтiнен бастап 2 жұмыс күнi iшiнде салық агентi аталған салық органына төлем құжатының көшiрмесiн беруге мiндеттi.
24. Салық агентiн тiркеу орны бойынша салық органы 198.01 нысаны бойынша (осы Ережелерге 2-Қосымша) шартты банк салымы туралы шарттарды тiркеу журналын жүргiзедi.
25. Салық агентiн тiркеу орны бойынша шартты банк салымы туралы шартты тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiн шартты банк салымы туралы жағдайлар ескерiле ме екендiгiн тексеру қажет.
26. Салық Кодексiнiң 198-бабының ережелерi салық органында тiркелген шартты банк салымы туралы шарттарға ғана таралады. Бұл ретте, тiркеуге олардың шарттары осы бөлiмнiң ережелерiне қайшы келмейтiн шартты банк салымы туралы шарттар жатады.
27. Резидент емеске кiрiстi төлеу сәтiнде салық агентi Салық кодексiнiң 180-бабымен белгiленген ставка бойынша төлем көзiне табыс салығын ұстап қалуды жүргiзуге және Салық кодексiнiң 181-бабымен белгiленген мерзiмде резидент еместiң пайдасына банкке шартты банк салымына ұстап қалынған салық сомасын аударуға мiндеттi.
28. Халықаралық шарт шарттарын орындау кезiнде (Қазақстан Республикасындағы жұмыстарды, қызмет көрсетулердi орындаудан кiрiстердi алу жағдайында - жұмыстарды, қызмет көрсетулердi орындауды аяқтау бойынша) және бұрын ұстап қалынған табыс салығының сомасын қайтару мақсатында шартты банк салымына резидент еместiң кiрiстерiнен табыс салығын аудару жағдайында резидент емес осы Ережелердiң 13-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте N 2 нысан бойынша өтiнiштi салық агентiн тiркеу орны бойынша салық органына бередi.
29. Салық органы осы Ережелердiң 14-бөлiмiмен белгiленген тәртiпте өтiнiштi және қажетті құжаттарды қарайды және төменде белгiленген тәртiпте резидент емеске және банкке хабарланатын өтiнiш бойынша шешiм қабылдайды.
30. Осы Ережелердiң 14-бөлiмiне сәйкес расталған тексерiспен өтiнiште көрсетiлген ақпараттың растығы жағдайында салық органы тиiстi халықаралық шарт ережелерiне сәйкес резидент емеске қайтаруға жататын салық сомасын қойып берiлген өтiнiштi куәландырады және куәландырылған өтiнiштi өтiнiш берушi - резидент емеске бередi.
31. Резидент емес куәландырылған өтiнiштi салық органынан алып оны банкке бередi. Осындай жолмен ресiмделген және куәландырылған өтiнiштiң болуы ғана есептелген банк сыйақыларын және өтiнiште көрсетiлген және шартты банк салымына орналастырылған табыс салығының сомасын резидент емес - өтiнiш берушiге аударуға қазақстандық банкке құқық бередi. Салық органы куәландырған өтiнiш жоқ болған кезде банк резидент еместiң немесе салық агентiнiң пайдасына шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын аударуға құқығы жоқ. Салық органы куәландырған N 2 нысан бойынша резидент еместiң өтiнiшiнiң болуынсыз резидент еместiң немесе салық агентiнiң пайдасына шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын банктiң аударуы жағдайында банк Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады.
32. Халықаралық шарт ережелерiн резидент еместiң дұрыс қолданбауы жағдайында салық органы резидент емеске дәлелдi бас тартуды бередi. Салық органының терiс шешiмiмен келiспеген кезде резидент емес салық органынан бас тартуды алу күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде қажетті құжаттар мен N 2 нысан бойынша өтiнiштi қосып тиiстi халықаралық шарт ережелерiн қолданудың дұрыстығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтiнiшпен бiрге Қазақстан Республикасының құзыретті органына (қажеттiлiк жағдайында, резиденттiк елiнiң құзыреттi органын тарта отырып) жүгiнуге құқығы бар. Бұл ретте, резидент емес бiр уақытта оның шешімiне шағымдану туралы халықаралық шарт ережелерiн қолдануға өтiнiштi куәландырудан бас тартқан салық органын хабарландырады.
Халықаралық шарттарды әкiмшiлiктендiру мақсатында Қазақстан Республикасының құзыреттi органы Қаржы министрлiгiнiң уәкiлеттi өкiлi болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi болып табылады.
33. Салық органының шешiмiне шағымдану туралы резидент еместен хабарламаның белгiленген мерзiмiнiң iшiнде алмаған жағдайда және өтiнiш бойынша терiс шешiм қабылдау кезiнде терiс шешiмдi резидент еместiң алу күнiнен бастап 10 жұмыс күнiнiң аяқталуы бойынша салық органы банкке резидент емеске жолданған хат көшiрмесiнiң қосымшасымен мемлекеттiк бюджетке өтiнiште көрсетiлген салық сомасын аудару туралы инкассалық иелiк етудi қояды. Салық органы инкассалық иелiк етумен банкке 198.04 нысан бойынша (осы Ережелерге 3-қосымша) мемлекеттiк бюджетке оны аудару сәтiне дейiн салықты орналастыру сәтiнен бастап есептелген банк сыйақыларының сомасына қатысты сұрау салуды жібередi.
34. Банк осы бөлiмнiң 33-тармағында көрсетiлген құжаттарды салық органының алу сәтiнен бастап жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттік бюджетке шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын аударуға және екi жұмыс күнiнiң iшiнде салық органына 198.05 нысаны бойынша (осы Ережелерге 4-қосымша) есептелген банк сыйақыларының сомасы туралы мәлiметтi жiберуге мiндеттi.
35. Банк сыйақыларының сомасы туралы банктен мәлiмет алу сәтiнен бастап жұмыс күнiнiң iшiнде салық органы банкке мемлекеттiк бюджетке осындай сыйақылардың сомасын аудару туралы инкассалық иелiк етуге қояды.
36. Банк осы бөлiмнiң 34-тармағымен белгiленген мерзiмде мемлекеттiк бюджетке банк сыйақыларының сомасын аударуға мiндеттi.
37. Өндiрiп алынған салық сомасы Салық Кодексiмен көзделген резидент еместiң салық мiндеттемелерiн өтеу есебiне есепке алуға жатады.
38. Құзыреттi органда салық органының шешiмiне шағымдану туралы резидент еместен белгiленген мерзiм iшiнде хабарламаны алу жағдайында банк сыйақылары мен салық сомасын аудару туралы инкассалық иелiк етудi салық органы шешiмдi құзыреттi органнан алуға дейiн қоймайды.
39. Осы Ережелердiң 14-бөлiмiне сәйкес тексерiспен расталған өтiнiште көрсетiлген ақпараттың растығы жағдайында құзыреттi орган халықаралық шарт ережелерiне сәйкес резидент емеске қайтаруға жататын салық сомасын қойып берiлген өтiнiштi куәландырады және өтiнiш берушi резидент емеске куәландырған өтiнiштi бередi, құзыреттi орган шешiмiнiң қосымшасымен оның көшiрмесiн салық агентiн тiркеу орны бойынша салық органына жiберiледi.
Куәландырған өтiнiштi құзыреттi органнан алып резидент емес оны банкке бередi. Банк осы бөлiмнiң 33-тармағымен белгiленген тәртiпте резидент емеске банк сыйақыларын және шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын аударады.
40. Халықаралық шарт ережелерiн резидент еместiң дұрыс қолданбауы нәтижесiнде туындаған терiс шешiмдi құзыреттi органның қабылдауы жағдайында құзыретті орган резидент емеске дәлелдi бас тартудың осындай шешiмiн қабылдау сәтiнен бастап жұмыс күнi iшiнде жiбередi, оның көшiрмесi салық агентiн тiркеу орны бойынша салық органына жiберiледi.
41. Халықаралық шарт ережелерiн резидент еместiң дұрыс қолданбауы туралы құзыреттi органнан шешiмдi алу сәтiнен бастап жұмыс күнi iшiнде салық органы банкке осы бөлiмнiң 35-38-тармақтарымен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк бюджетке банк сыйақылары мен салық сомасын аудару туралы инкассалық иелiк етудi қояды.
42. Шартты банк салымдары ұлттық немесе шетел валютасында ашылуы мүмкiн.
Шетел валютасында шартты банк салымын ашу жағдайында шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасын аударуға салық органының инкассалық иелiк етуi инкассалық иелiк етудi қою күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ресми бағамы бойынша ұлттық валютада қойылады.
Бұл ретте, мемлекеттiк бюджетке салық органының инкассалық иелiк етудi қою күнiне және мемлекеттiк бюджетке салықты аудару күнiне белгiленген Ұлттық Банкiнiң ресми бағамдары арасында туындайтын оң және терiс бағамдық айырма мен аударылатын табыс салығының сомасы төлемiн тағайындауды көрсете отырып мемлекеттiк бюджетке төлеу (аудару) сәтiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада табыс салығының сомасы аударылады.
Банк сыйақылары мемлекеттiк бюджетке орналастырылған табыс салығын аудару (төлеу) күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада мемлекеттiк бюджетке төлеуге (аударуға) жатады.
43. Салық Кодексiнiң 198-бабындағы 14-тармаққа сәйкес резидент емес және салық агентi N 2 нысан бойынша өтiнiш негiзiндегi резидент еместiң пайдасына шешiмдi салық органының қабылдауына дейiн шартты банк салымында орналастырылған табыс салығының сомасына иелiк етуге құқылы.
44. Банк кiнәсi бойынша болған мемлекеттiк бюджетке ұстап қалынған табыс салығының сомасын уақтылы емес аудару және шартты банк салымы туралы шарт ережелерiн бұзған кезде банк Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес жауапкершiлiкте болады.
45. Мемлекеттiк бюджетке шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын аудару бойынша мiндеттемелердi банктің орындауы мүмкiн болмаған жағдайда, мемлекеттiк бюджетке салықты уақтылы емес аударғаны үшiн банк сыйақылары мен айыппұл санкциялары, табыс салығын есептеу бойынша мiндеттеме салық агентiне жүктеледi.
46. Шартты банк салымдары орналастырылған банктер 198.02 нысаны бойынша жеке-жеке шартты банк салымы туралы әрбiр шарт бойынша есеп берулердi салық агенттерiн тiркеу орны бойынша салық органдарына есептi (осы Ережелерге 5-Қосымша) тоқсаннан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын беруге мiндеттi.
47. Салық органдары мемлекеттiк бюджетке шартты банк салымында орналастырылған табыс салығы сомасының уақтылы төленуi мен толықтығы үшiн бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
1) шартты банк салымында орналастырылған;
2) халықаралық шарттар ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместерге төленген;