"Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамы
тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 тамыздағы N 927 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2002 ж. 25 желтоқсандағы N 1366 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында "Айт-Отель" Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi) (келiсiм бойынша) және - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп келiсiмге қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда:
1) қаулының қосымшасына сәйкес Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың шетелдiк банкке ақы төлеудi жүргiзу мiндеттемесiн;
2) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептілік (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi;
мемлекеттiк кепiлдiк бойынша республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатқа 2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны негiзгi борышқа 2013 жылы капиталдандыруды;
2000 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезең үшiн есептелген сыйақыны қоса алғанда, 2013 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғанда тең үлеспен мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың республикалық бюджетке қайтаруын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мемлекет кепілдiк берген қарыздың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қайтаруын қамтамасыз ету ретiнде "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың бас құрылтайшысы - "Ahsell Insaat Taahhut ve Ticaret A.S." түрiк фирмасының кепiлдiгiн берудi;
"Айт-Отель" ҚТБК" AAҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiлдiк келiсiмiн ресiмдеудi;
қарыз алушы - "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ-тың қаражаты есебiнен Қазақстанның Даму Банкiне агенттiк сыйақы төлеуді көздесiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2002 жылғы 20 тамыздағы
N 927 қаулысына
қосымша
Түркия кредит желiсi шеңберiнде тартылған мемлекет кепiлдiк берген
қарыз бойынша "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ шетелдiк банкке
төлемдерi
Қарыз алушы ұйым | Төлем валютасы | Төлем күні | Төлем сомасы |
Түркия несие желiсi |
"Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ "Айт-Отель" ҚТБК" ААҚ | USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD USD | 22.12.02 22.06.03 22.12.03 22.06.04 22.12.04 22.06.05 22.12.05 22.06.06 22.12.06 22.06.07 22.12.07 22.06.08 22.12.08 22.06.09 22.12.09 22.06.10 22.12.10 22.06.11 22.12.11 22.06.12 22.12.12 | 1 500 000, 00 1 000 000, 00 2 000 000, 00 1 000 000, 00 2 000 000, 00 1 000 000, 00 2 000 000, 00 1 250 000, 00 2 250 000, 00 1 250 000, 00 2 250 000, 00 1 500 000, 00 2 500 000, 00 1 500 000, 00 2 500 000, 00 2 000 000, 00 2 500 000, 00 2 000 000, 00 2 500 000, 00 2 000 000, 00 2 500 000, 00 |
Барлығы | USD | | 39 000 000, 00 |