Ағаш пайдаланудың жеке мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 16 шілдедегі N 785 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 21.11.03 ж. N 1163 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ормандарды сақтау, заңсыз кесудi азайту мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдар, кесiлген материалдар және ағаштан жасалған жекелеген бұйымдар экспортына тыйым салынсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасында ағаш материалдарын, кесiлген материалдарды және ағаштан жасалған жекелеген бұйымдарды экспорттауға тыйым салу енгiзiлгенi туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiн белгiленген тәртiппен хабардар етсiн.
4. "Қылқан жапырақты тұқымдастардың жұмыр ағаш материалдарын және қылқан жапырақты ағаштың бөрене түрiндегi отындық сүректерiн экспорттауға тыйым салуды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 5 желтоқсандағы N 1571 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 45-46, 535-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. "Өсiп тұрған сүрек үшiн төлемнiң базалық ставкаларын, Орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және бюджетке енгiзу ережесiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 431 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген өсiп тұрған cүpeк үшiн төлемнiң базалық ставкаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
6. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енетiн 5-тармағын қоспағанда, жарияланған күнiнен бастап 30 күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 16 шiлдедегi
N 785 қаулысына
қосымша
ТМД СЭҚ TH коды | Тауарлардың атауы |
4401 10 000*-нан 4403 10 - 4403 20, 4403 91 000 - 4403 99*-дан 4404 4406 4407 10 4407 91 4407 99 4408 10 4408 90 4409 4418 40 000 | Бөренелер, шөркелер түрiндегi отындық сүрек; Өңделмеген, қабығы аршылған немесе аршылмаған, қолымен өңделген немесе өңделмеген ағаш материалдары; Бөрене сүрек; жарылған бөрене; ағаштан жасалған ұшталған, бiрақ ұзынынан тiлiнбеген тiреулер мен қазықтар; тегiстелген, бiрақ қашалмаған, бүгiлмеген немесе басқа тәсiлмен өңделмеген таяқтар, қолшатырлар, құралдардың тұтқаларын немесе ұқсас бұйымдар жасау үшiн пайдаланылатын ағаш материалдары; аршылған және ұқсас сүрек; Темiр жол немесе трамвай жолдары үшiн ағаш шпалдар; Қылқан ағаштан жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тiлiнген немесе жарылған, сүргiленген немесе аршылған, тегiстелген немесе тегiстелмеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген ағаш материалдары; Емен ағаштан жуандығы 6 мм аспайтын ұзыннан тiлiнген немесе жарылған, сүргiленген немесе аршылған, тегiстелген немесе тегiстелмеген өңделген немесе өңделмеген шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген ағаш материалдары (Quercus spp.); Жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тiлiнген немесе жарылған, сүргiленген немесе аршылған, тегiстелген немесе тегiстелмеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген ағаш материалдары, басқалары; Қылқан ағаш түрлерiнен жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тiлiнген, бөлшектеп кесiлген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген сүрек; Жуандығы 6 мм аспайтын ұзынынан тiлiнген, бөлшектеп кесiлген немесе аршылған, сүргiленген немесе сүргiленбеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген сүрек, басқалары; Кескiнделген погонаж түрiндегi (тармақтарымен, саңылауларымен, бiтелген, тегiстелген қырларымен, жарты шеңберлi калевка түрiнде бiрiктiрiлген, үлгiлiк, жұмырланған немесе осыған ұқсас) кез келген жиектен немесе жазықтардан, сүргiленген немесе сүргіленбеген, өңделген немесе өңделмеген, шабаққа бiрiктiрiлген немесе бiрiктiрiлмеген кесiлген материалдар (еденге паркет төсеуге арналған жұқа тақтайшалар мен фриздарды қоса алғанда, жиналмаған); Ағаш құрылыс бұйымдары, бетон құюға арналған қалып; |