Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы
күрес станциясы" мен "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк
мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 28 наурыздағы N 366 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Обаның табиғи ошақтары аумақтарында осы жұқпаның алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың тиiмділігiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 1 Мекеме) бөлу жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесi одан Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң "Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттiк мекемесiн (бұдан әрi - 2 Мекеме) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. 1 және 2 Мекемелердi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) 1 және 2 Мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:
8 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" бөлiмiнде:
бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi", 3-бағанда: "Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "106" деген сан "58" деген санмен ауыстырылсын;
"Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" жолындағы "150" деген сан "99" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы 51
Шалқар обаға қарсы күрес станциясы 48";
2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 40, 508-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдар тiзбесiнде:
1-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 26-1, 26-2-жолдармен толықтырылсын:
"26-1. Шалқар обаға қарсы күрес станциясы
26-2. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы".
3) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 қаңтардағы N 21 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1 және 11-2-жолдармен толықтырылсын:
"11-1. "Шалқар обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі
11-2. Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы" мемлекеттік мекемесі".
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|