Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 5 наурыздағы N 206
және 1999 ж. 23 қарашадағы N 1776 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 8 ақпандағы N 187 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы N 206 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 7, 57-құжат):
2-тармақтағы "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1776 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 509-құжат):
2-тармақтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағанбетов
|