Түзеу мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 ж. 11 желтоқсандағы № 148 бұйрығы
(ҚР Әділет министрінің 20.11.02 ж. № 167 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы № 154 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін бұдан әрі жетілдіру қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині қылмыстық-атқару жүйесі Комитетіне, осы Ережелердің іс жүзінде қатаң қолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетіне жүктелсін.
4. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске енеді.
Министр
"Келісілген" | Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының | Әділет Министрлігінің |
Бас прокуратурасы | 2001 ж. 11 желтоқсандағы |
2001 жылғы 19 желтоқсан | N 148 бұйрығымен бекітілген |
Түзеу мекемелерiнiң iшкi тәртiп
Ережелері
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. Түзеу мекемелерiндегi iшкi тәртiптiң осы Ережелерi (бұдан әрi Ереже) Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару кодексiнiң негiзiнде бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны атқару және өтеудiң заңмен қарастырылған тәртiптерi мен шарттарын iске асыру үшiн, сотталғандардың заңды мүдделерiн, құқықтарын қорғау үшiн неғұрлым қолайлы жағдай тудыру мақсатында мекемелер қызметiн реттейдi.
2. Осы Ереженi бұзған адам белгiленген тәртiппен іске енген заңнамамен жауапқа тартылады.
2-Тарау. Сотталғандарды түзеу мекемелеріне
қабылдау тәртібі
1. Сотталғандарды түзеу мекемелерiне қабылдау
3. Сотталғандарды ТМ-не қабылдауды колония бастығының кезекшi көмекшiсi (түрмеде-түрме бастығының кезекшi көмекшiсi, мекеменiң арнайы бөлiм және медициналық бөлiм қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асырады. Мекеменiң арнайы бөлiм және медициналық бөлiм қызметкерлері жоқ жағдайларында колония бастығының кезекші көмекшісі, түрме бастығының кезекші көмекшісі жүзеге асырады.
4. Сотталғандарды ТМ-не қабылдау кезiнде мекемелердің КБКК қағаз пакеттерге салынған және мөрленген жеке iстерiнiң түгелдiгiн тексеріп және олардың келген сотталғандардiкi екенiн анықтайды. Қағаз пакеті немесе мөртаңбасы бұзылған жағдайларында қарауыл бастығымен бірлесіп акт жасалады.
5. ТМ-не келген сотталғандардың мәлiметтерi нақтыланған соң, КБКК және бақылаушы нарядымен карантиндік үй-жайға тұлғаларға енгізіп, оларды толық тiнтіп, оларға тиiстi заттар қараудан өтедi. Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардың пайдалануына және оларға сатуға тыйым салынған, сондай-ақ сотталғандарға өздерiмен алып жүруге, посылкамен, сәлемдемемен (2-қосымша) алуға және ТМ-нiң дүкенiнен алуға рұқсат етiлген заттар мен бұйымдар Тiзiмiнде қарастырылмаған заттар, бұйымдар, құжаттар және тамақ өнiмдерi (1-қосымша)/1 белгiленген тәртiппен алып қойылады, сақтау үшiн тапсырылады немесе қылмыстық-атқару заңнамасы белгіленген тәртіпте жойылады.
6. Медициналық қызметкер дене жарақаттарын жұқпалы ауру белгілерін анықтау мақсатында сотталғандардың сыртқы қарауын өткізеді. Сонан соң сотталғандардың шомылуы мен толық санитарлық тазарту іске асырылады. Сосын сотталғандар карантин бөлiмшесiне орналастырылады, онда оларға 15 тәулiкке дейiн медициналық бақылау белгiленедi. Осы мерзiм iшiнде жұқпалы ауру анықталған жағдайда, олар дереу оқшауландырылады және мекемеде эпидемияға қарсы кешендi шаралар жүргiзiледi.
7. Карантиндiк үй-жайда жатқан кезде сотталғандар Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ережеде белгiленген жаза өтеу тәртiптерiмен және шарттарымен, өздерiнiң құқықтарымен және мiндеттерiмен танысып, жаза өтеу режимiн бұзғаны үшiн қолданылатын жауапкершiлiк туралы ескертiледi. Оларға ТМ-де қадағалау және бақылау (оқшаулау) техникалық құралдары, ал қажет болған жағдайда заңдарда қарастырылған күш, арнаулы құралдар, қару және арнаулы бөлiмшелер қолданылатыны түсiндiрiледi.
8. Сотталғандарды отрядтарға (бөлiмшелерге, камераларға) бөлу туралы шешiмiн олардың жеке бастарының ерекшелiктерiн, еңбекке тартылуын, жалпы және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнде оқытуды ескере отырып, келген күннен бастап бір тәулік мерзімінде, демалыс пен мереке күндерінен басқа, ТМ бастығы жетекшiлiк ететiн түзеу мекемесiнiң комиссиясы қабылдайды. Комиссия құрамына түзеу мекемесi бастығының орынбасарлары, күзет, жедел, режимдi, тәрбие, арнайы, медициналық, психологиялық, өндiрiстiк және басқа да қызметтердiң өкiлдерi енедi. Тәрбие колонияларында комиссия құрамына бұдан басқа жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, өндiрiстiк-техникалық училищелердiң қызметкерлерi кiредi. Комиссияның пікірлескен шешiмiмен мекеме бастығының бұйрығымен шығарылады.
9. Сотталғандар түзеу мекемесiне келген соң 10 тәулiктен кешiктiрмей, өзiнiң қалауы бойынша туысқандарының бiрiне мекеменiң пошталық мекен-жайы, сотталғандардың посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер арқылы алуына рұқсат етiлетiн тамақ өнiмдерi мен бiрiншi кезекте қажеттi заттардың тiзбесi, хат жазысу, ақша алу мен жiберу, сыртқа шығу, кездесу тәртiптерiнiң негiзгi талаптары, сотталғанның телефонмен сөйлесу құқығы көрсетiлген хабарлама жiберiледi.
3-Тарау. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандардың
құқықтық жағдайлары
2. Сотталғандардың түзеу мекемелерiндегi жүрiс-тұрыстарының
негiзгi ережелерi
10. ҚАК-тың 10 бабы бойынша сотталғандардың құқығы бар:
1) мекеме қосалқысы тарабынан адамдық оң қасиеттеріне;
2) өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы, сот тағайындаған жаза түрiн өтеудiң шарттары мен тәртiптерi туралы түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгiнен ақпарат алуға;
3) белгiленген жүрiс-тұрыс тәртiбiн бұзбай, күн тәртiбiнде қарастырылған жеке уақытын пайдалануға;
4) мекеменiң немесе жазалауды орындаушы органның әкiмшiлiгiне, жазалауды орындаушы органдар мен мекемелерден жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөнiндегi халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтiнiштер беруге және шағым жасауға;
5) сотталғандар - Қазақстан Республикасы азаматтары өз ана тiлiнде немесе орыс тілінде әлде өзi бiлетiн кез-келген басқа тiлде түсiнiк беруге және хат-хабар алысуға. Сотталғандар - шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар өз ана тілінде немесе білетін басқа тілде қажет болған жағдайда аудармашының қызметiн пайдалануға. Сотталғандарға жауап өтiнiш жасаған тiлiнде қайтарылады. Өтiнiш жасаған тiлде жауап қайтаруға мүмкiндiк болмаған жағдайда жауап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiнде немесе орыс тiлiнде берiледi;
6) Бас бостандығынан айрылған сотталған шетел азаматтары және шетелдiктер өз мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiмен және консулдық мекемелерiмен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелерi жоқ елдiң азаматтары олардың мүддесiн қорғауды өзiне алған мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгiмен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс құқығы бар және азаматтығы жоқ тұлғалары өз ҚР-дағы дипломаттік өкілдерімен, консулдық мекемелерімен, ал дипломаттік өкілдері, консулдық мекемелері жоқ тұлғалары олардың қорғауына жауапты және аталған сотталғандардың қорғауымен айналысатын мемлекетаралық органдарымен байланыстарын қолдануы;
7) қорғаушылардың, сондай-ақ осындай көмек көрсетуге уәкiлеттi басқа адамдардың заң көмегiн пайдалануға;
8) тiзбеде (2-қосымша) көрсетiлген тамақ өнiмдерiн, заттар мен бұйымдарды алу және сақтауға;
9) мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға қатысу, кiтапхана стол ойындарын, музыкалық аспаптарды пайдалануға;
10) сотталғандардың өз күшiмен жұмыс iстейтiн ұйымдарына және қоғамдық қорларына өз еркiмен кiруге;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтiк қамсыздандырылуға, зейнетақы алуға;
12) денсаулығын сақтау үшiн қажеттi материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамсыздандырылуға;
13) мекеме қызметкерлерi тарапынан сыпайы қарым-қатынасқа ие болуға құқылы және санитарлық тазарту өткізуге ;
14) сотталғандарға ар-ождан бостандығы мен дiни наным бостандығына кепiлдiк берiледi. Дiни салттарды орындау ерiктi болып табылады. Ол iшкi тәртiптi бұзбауы, сондай-ақ жаза өтеп жүрген басқа адамдардың құқығына қысым жасамауы керек.
11. ҚАК-тың 9 бабы бойынша сотталғандардың құқылы:
1) әкімшіліктің заңдық талаптарын орындауға;
2) ТМ-де орнатылған күн тәртiбi мен жүрiс-тұрыс ережелерiн қатаң сақтауға;
3) түзеу мекемесiнiң мүлкiне және мүлiктердiң басқа түрiне ұқыпты қарауға;
4) еңбекке және оқуға адал ниетпен қарауға;
5) өзара және ТМ қызметкерлерiмен, өзге адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болуға, олардың заңды талаптарын мүлтiксiз орындауға;
6) тұратын жерiн және қызметтiк үй-жайды, жұмыс орнын, киiмiн таза ұстауға, төсек-орнын белгiленген үлгi бойынша жинауға, тамақ өнiмдерiн және жеке пайдаланатын заттарды арнайы жабдықталған орындар мен үй-жайларда сақтауға;
7) жеке бас гигиенасы ережелерiн сақтауға, белгіленген киім нысанын киюге, шашын қысқа алдыруға, күн сайын қырынуға, мұрт пен сақал өсіруге тыйым салынады;
8) міндетті түрде ТМ-де өткізілетін көпшілік шараларға қатысуға;
9) түзеу мекемесiн және оның аумағына жататын жерлердi көрiктендiру жөнiндегi, сондай-ақ, сотталғандардың мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнiндегі жұмыстарды ақысыз орындауға;
10) колония-қоныстарда ұсталушылардан басқалары сотталғандардан басқалары киiмге белгiленген үлгiдегi төс және қол белгiлерiн (3-қосымша) тағып жүруге;
11) түрмелерде, камералық үлгiдегi үй-жайларда, сондай-ақ отрядтарда кесте бойынша камерада кезек бойынша кезекшiлiк атқаруға;
12) тамақтану үшін асханаларға баруға міндетті.
12. Сотталғандар:
1) күн тәртібін бұзуға;
2) күзет объектiсiнiң желiсiн немесе түзеу мекемесiнiң шекарасын бұзуына;
3) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз тұрғын және өндiрiстiк аймақтың оқшауланған учаскесiнiң шегiнен шығуына;
4) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз өздерi тұрмайтын жатақханаларда немесе өздерi жұмыс iстемейтiн өндiрiстiк объектiлерде болуына;
5) тiзбеде (1-қосымша) көрсетiлген заттарды, бұйымдарды алуына, дайындауына, пайдалануына және сақтауына;
6) арнайы бөлiнбеген орындарда темекi шегуiне;
7) материалдық және өзге де пайда табу мақсатымен карта және басқа да ойындар ойнауына;
8) өзiне немесе басқа адамдарға татуировка салуына;
9) балағат сөздер айтуына, тiлдеуiне немесе жаргон сөздердi пайдалануына, лақап ат беруiне және иемденуiне;
10) осы Ережелермен бекiтiлген тәртiпке қарамастан хат-хабар жiберуiне және алуына;
11) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз жануарлар мен құстарды ұстауына, бау-бақшамен айналысуына, декоративтi балықтарды, бөлме өсiмдiктерiн өсiруiне (тәрбие колонияларында тiрi табиғат бұрыштары ұйымдастырылуы мүмкiн);
12) қабырғаларға, тумбаларға және кереуеттерге фотографиялар, репродукциялар, құттықтау хаттар, газет және журнал қиындыларын iлуiне;
13) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз ұйықтайтын орнын бүркемелеуiне және ауыстыруына, сондай-ақ өндiрiстiк, коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызметтiк және қосалқы үй-жайларда ұйықтайтын орын жабдықтауына;
14) түзеу мекемесiнiң өндiрiс және басқа да объектiлерiнде өз бетiмен әртүрлi құрылыстар салуына, шкафтар, сейфтер және т.б. орналастыруына;
15) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз қайрау құралдарын, аспаптарын, электроэнергиясын, өндiрiс қажеттiлiгiне арналмаған механизмдер мен материалдарды пайдалануына;
16) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз ұйқтайтын бөлмелерде өз бетімен телерадиоқабылдауыштар, электротұрмыстық құралдар қоюға, өз бетімен электрлік жүйе өткізуге;
17) қарастырылмаған орындарда тамақ әзiрлеуiне және тамақтануына;
18) тамақтанудан бас тартуға, дене мүшелерiне зақым келтiруiне, сондай-ақ басқаларды осындай iс-әрекеттерге итермелеуiне және басқалардың оны орындауға көмектесуiне;
19) асханадан азық-түліктерді шығаруға;
20) алкогольдi, сондай-ақ есiрткi және елiртетiн заттарды пайдалануына;
21) ғимараттардың, цехтардың, құрылыстардың төбесiне шығуына, iшкi тыйым салынған аймақтағы қоршауға жақындауына;
22) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз жұмыс орнын, жатақхананы және бұқаралық iс-шаралар өткiзiлiп жатқан үй-жайларды тастап кетуiне;
23) әкiмшiлiктiң рұқсатынсыз ұйқыға көзделген уақыт мерзімінде ұйықтайтын орынды тастауға, отряд жатақханасы бойынша жүруге тыйым салынады.
3. Сотталғандар мен түзеу мекемелерi қызметкерлерiнiң
өзара қарым-қатынасы
13. ТМ қызметкерлері және түзеу мекемеге келетін басқа тұлғалармен кездескенде сотталғандар орнынан тұрып амандасады.
14. Сотталғандар ТМ қызметкерлерiмен кездескен кезде оларды "Сiз" деп атай отырып, "азамат", "азаматша" және одан әрi шенi немесе лауазымына қарай атауға, ал, тәрбие колонияларында сонымен бiрге аты және әкесiнiң атымен атауға мiндеттi.
15. Мекеме қызметкерлерi сотталғандарды "Сiз" деп, "сотталған", "азамат", "азаматша" деп және тегiмен атайды. Тәрбие колонияларында қызметкерлер сотталғандарға "сен", "тәрбиеленушi" дейдi, сондай-ақ атымен атай алады.
16. Қызметкерлерге сотталғандармен және олардың туысқандарымен қызмет мүддесiне байланысы жоқ қандай да бiр қарым-қатынас жасауға және олардың қызметiн пайдалануға тыйым салынады.
17. Түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi сотталғандардың жолыққанда мәселелерін шешу шараларын қолдануға міндетті.
4-Тарау. Түзеу мекемелеріндегі күн
4. Күн тәртiбi ұғымы
18. Әрбiр түзеу мекемесінде сотталғандардың әртүрлi құрамына қарай жұмыс ерекшелiктерi, жыл маусымы, жергiлiктi жердiң жағдайы және басқа да нақты жағдайлар ескерiле отырып, қатаң реттелген күн тәртiбi белгiленедi.
19. Күн тәртiбiне тұру, тексеру, жату, жуыну, дене шынықтыру, тамақ iшу, жұмысқа бөлу, өндiрiсте, оқуда, тәрбие және спорттық-бұқаралық шараларда және т.б. болу уақыттары кiредi. Сотталғандардың үзiлiссiз сегiз сағаттық ұйқысы және оларға жеке уақыт беру қарастырылады.
20. Үлгi ретiнде алынған күн тәртiбiн (3-қосымша) түзеу мекемесiнiң бастығы бекiтедi және ол қызметкерлерге және сотталғандарға жеткiзiледi.
5. Сотталғандарды жұмысқа бөлу
21. Сотталғандар күн тәртiбiмен белгiленген уақытта отряд, бригада бойынша жұмысқа бөлу үшiн бөлiнген жерде сапқа тұрғызылады, бұл ретте олардың сырт пiшiнi тексерiледi.
22. Түзеу мекемелерiнiң бастықтары еңбек жағдайын ескере отырып сотталғандардың өндiрiс объектiлерiндегi жүрiс-тұрыс тәртiбiн белгiлейдi, онда сотталғандардың объектiге саппен келулерi, цех (учаске) бастықтарының немесе шеберлердiң нұсқаулама өткiзулерi, жұмыс қорытындысын шығару, жұмыс орнын тапсыру тәртiбi және т.б. қарастырылады.
6. Тамақтану
23. Сотталғандар күн тәртiбiнде белгiленген сағатта, отряд, бөлiмше, бригада бойынша асханада немесе жұмыс объектiсiндегi тамақ тарататын үй-жайда тамақтанады. Егер асхана тұрғын және өндiрiстiк аймақ ортасында болса, ауысыммен жұмыс iстейтiндердi тамақтандыру асханада, тұрғын аймақтағы адамдарды өндiрiсте жұмыс iстеп жүрген сотталғандардан оқшау ұйымдастырылады.
24. Тәрбие колонияларында таңертеңгi, түскi және кешкi тамақ асханада ұйымдастырылады.
25. Коммуналды-тұрмыстық объектiлердiң (монша, шаштараз, кiр жуу және т.б.) үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында түзеу мекемелерiнiң бастықтары осы объектiлерде жұмыс iстеп жүрген сотталғандарға тиiстi отрядтардың, бөлiмшелердiң, бригадалардың құрамында тамақтануға рұқсат берулерi мүмкiн.
26. Күзет қамауынан немесе түзеу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң қадағалауынан босатылған сотталғандар, сондай-ақ ерiп жүрусiз немесе айдауылсыз жүрiп-тұруға құқығы барлар және колониядан тыс жерде тұратындар тұратын жерiнде немесе жұмыс объектiсiнде тамақтана алады.
27. Камерада ұсталушы сотталғандар камерада немесе өндiрiсте тамақтанады.
28. Тамақтану кезiнде сотталғандардың тиiстi тәртiптi сақтауларын қолдау үшiн асханада түзеу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң өкiлдерi және бақылау құрамы болады.
7. Сотталғандарды жеке қабылдау
29. Түзеу мекемелерiнiң басшылары, сондай-ақ бөлiм және қызмет бастықтары сотталғандарды жеке қабылдауды график бойынша, бірақ аптада кемінде 1 рет, жүзеге асырады. Сотталғандардың көтерген мәселелерi және оларды қарау нәтижелерi көрсетiлген, қабылдауда болған сотталғандардың есебi мекеменiң кеңсесiнде сақталатын журналда жүргiзiледi (5-қосымша). Журналдың жүргізуін айында кемінде 1 рет ТМ бастығы бақылайды.
30. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi түзеу мекемелерiне келген кезде өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша сотталғандарды қабылдайды. Бұл қызметкерлер қабылдаған сотталғандардың есебi аталған журналдың екiншi бөлiмiнде жүргiзiледi.
31. Түзеу мекемелерiнiң бастықтары немесе олардың уәкiлеттiлiгi берiлген адамдар айында кемiнде бiр рет қабылдау кезiнде қабылданған шешiмдердiң орындалуын тексередi.
8. Сотталғандардың бар-жоғын тексеру
32. Түзеу мекемелерiндегi сотталғандардың бар-жоғын тексеру күн сайын таңертең және кешке күн тәртiбiнде белгiленген сағатта жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда тәулiктiң кез-келген уақытында тексеру жүргiзiледi. Осы кезде сотталғандардың сыртқы келбетi қоса тексерiледi.
33. Тексеру белгiленген орында жалпы сапта отряд бойынша әр адамды жеке-жеке санау және топ тiзiмi бойынша тегiмен атау жолымен жүргiзiледi. Сапқа тұрудан жұмыстан соң демалып жатқандар, ауруы бойынша (төсек тартып жатқандар) босатылғандар, сондай-ақ жұмыстан босату мүмкiн емес жұмыстағы адамдар босатылады. Оларды тексеруі ТМ бастығы немесе КБКК шешімі бойынша келген орындарында жүргiзiледi.
34. Жауын-шашынды ауа-райы және төменгi температура кезiнде (30 градустан төмен) жылдың суық мезгiлiнде ТМ бастығы нұсқауы бойынша тексерулер үй-жайда өткiзiледi.
35. Таңертеңгi және кешкi тексерулер 40 минуттан аспауы керек.
36. Колониялардың айыптық және тәртiптiк изоляторларындағы, камералық үлгiдегi үй-жайларындағы, түрмелердегi сотталғандардың бар-жоғын тексеру камера бойынша, ал жазасын қатаң жағдайда өтеушiлердiң, қауiпсiз орындарда ұсталушылардың, айдауылсыз және ерiп жүрусiз жүрiп-тұру құқығын пайдаланушылардың және түзеу мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң қадағалауына күзет қамауынан және күзеттен босатылғандардың бар-жоғын тексеру тұрғылықты жерiнде жүргiзiледi.
9. Сотталғандардың колония шегiнде жүрiп-тұру тәртiбi
37. Сотталғандар тобының колониялар (колония-қоныстардан басқа) аумағында жүрiс-тұрысы әкiмшiлiк өкiлiнiң iлесуiмен сотталғандардың iшiндегi басшы адамның басқаруы арқылы сап бойынша жүзеге асырылады.
38. Жеке уақыттарында сотталғандар оқшауланған учаскелер шегiнде, ал түзеу мекемесi аймағының басқа бөлiгiнде - әкiмшiлiк өкiлiнiң рұқсатымен жүрiп-тұра алады.
39. Жазасын қатаң шарттарда өтеушi сотталғандардың құлыпқа жабылатын үй-жайлардан тыс жерлерде жүрiп тұруы тек қана әкiмшiлiк өкiлдерiнiң ерiп жүруi арқылы жүзеге асырылады.
5-Тарау. Сотталғандардың тамақ өнімдерін, бірінші кезекте
қажет заттарды сатып алуы, олардың посылкалар,
сәлемдемелер, бандерольдер алуы және қосымша
қызметтер көрсету
1. Сотталғандардың тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажет заттарды
сатып алу және қосымша қызметтер көрсету тәртiбi
40. Түзеу мекемелерiнде сотталғандарға тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажет заттарды сату үшiн демалыс және мереке күндерiн қоспағанда күн сайын жұмыс iстейтiн дүкендер ұйымдастырылады. Сотталғандар бұл дүкендерде күн тәртiбiмен бөлiнген уақытта, кезекке тұруды (топ және бригада бойынша) ескере отырып қолма-қол төлемсiз сауда жасай алады.
41. Камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда, қауiпсiз орындарда және тәрбие колонияларының оқшауланған тұрғын үй-жайларында ұсталушы сотталғандар, күзет қамауынан түзеу мекемесi әкiмшiлiгiнiң қадағалауына босатылғандар, сондай-ақ айдаусыз, ерiп жүрусiз жүрiп-тұру құқығын пайдаланатын және ТМ-нiң шегiнен тыс жерде тұратын сотталғандардың өтiнiшi бойынша тамақ өнiмдерiн, бiрiншi кезекте қажет заттарды тиісті қызметтің түзеу мекемесi қызметкерi сатып ала алады. Сатып алынған товарды өтiнiшке қол қойғызып, сотталғанға бередi (6-қосымша).
42. Сотталғандар бұдан басқа өздерiнiң қалаулары бойынша өз қаражаттарына түзеу мекемесiнiң қоныс аударған ауданына орналасқан коммуналды-тұрмыстық қызмет кәсiпорындарының қызметiн пайдалана алады.
43. Мұндай қызметтерге: азаматтық үлгiдегi киiмдер және аяқ киiмдер тiгу, оларды жөндеу, киiм тазалау, сотталғандарда бар тұрмыстық техникаларды жөндеу, фото-бейне түсiру (әкiмшiлiктiң бақылауымен жүргiзiледi), шаштараз қызметi, сот құжаттарын, сотталғандардың жеке iстерiндегi өзге де құжаттардың көшiрмесiн жасау, нотариальдық қызмет, аудармашы қызметi жатады. Сотталғандар сырттай оқуға ақша төлей алады.
44. Түзеу мекемелерi әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен осы 43 параграфта қарастырылмаған басқа да қызметтердi пайдалануға мүмкiндiк берiлуi мүмкiн.
45. Өз қаражаттарынан төленетін қосымша қызметтері сотталғандардың ТМ бастығының атына жазылған арызы бойынша беріледі.
46. Қызмет көрсету үшiн әкiмшiлiк тиiстi маманды (қызметкердi) колонияға шақырады.
47. Қосымша қызмет көрсету сотталғанның жеке есепшотынан оларға қызмет көрсететiн тиiстi кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың немесе маманның (қызметкердiң) атына сотталғанның өтiнiшiнде көрсетiлген сомада поштамен (телеграфпен) ақша аудару жолымен жүзеге асырылады.
11. Посылкаларды, сәлемдемелердi, бандерольдарды қабылдау және
сотталғандардың оларды алу тәртiбi
48. Сотталғандар посылкаларды, сәлемдемелердi және бандерольдердi түзеу мекемесiне бiрден келген уақытта ала бередi. Оған құқығы жоқ адамдардың, сондай-ақ босатылған немесе өлген адамның атына посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер келiп түскен кезде, олар керi қайтару себебi көрсетiлiп, төлем төлеген жөнелтушiге жiберiледi. Басқа түзеу мекемелерiне ауыстырылған сотталғандардың атына келген посылкалар және сәлемдемелер түзеу мекемелерiнiң есебiнен олардың жаңа мекен-жайына жiберiледi.
49. Заңмен қарастырылғандармен бiрге кезектегiлердiң есебiне мыналар:
1) сотталғанның босатылғанға дейiн бiр ай бұрын алған, қоймада сақтаулы жатқан және босатылған күнi берiлетiн, киiмдерi мен аяқ киiмдерi бар посылка немесе сәлемдеме;
2) сотталғанның тапсырыс бойынша кiтап сауда жүйесiнен алдырған бандерольдерi кiрмейдi.
50. Посылкаларды, сәлемдемелердi және бандерольдердi ашуды және оның iшiндегiлердi ашып қарауды адресаттардың қатысуымен түзеу мекемелерiнiң қызметкерлерi жүргiзедi. Табылған ақшалар, бағалы заттар, рұқсат етiлмеген салымдар алынып қойылады және олар бойынша осы Ереженiң 61 параграфына сәйкес шешiм қабылданады. Сәлемдемелерден табылған рұқсат етiлмеген салымдар керi қайтару себебi көрсетiлiп, оларды жiберген адамдарға қайтарылады.
51. Посылкалардан, сәлемдемелерден және бандерольдерден сотталғандардың қылмыстық мақсатқа пайдаланулары мүмкiн бұйымдар мен заттардың табылуы туралы фактiлер бойынша белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзiледi.
52. Посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер салымдарының тiзбесi мен салмағы арнаулы журналға тiркеледi, бұдан соң сотталғанға қолы қойылып берiледi.
53. Сотталғандардың түзеу мекемесiне келген туысқандары немесе өзге адамдарға әкiмшiлiк тиiстi посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдердiң орнына олардың сотталғандарға беру мақсатымен түзеу мекемесiнiң дүкенi арқылы тамақ өнiмдерiн және бiрiншi кезекте қажет заттарды сатып алу мүмкiндiгi бар екенiн түсiндiредi. Мұндай жағдайда аталған адамдар сотталған адамға беру үшiн тамақ өнiмдерi және бiрiншi кезекте қажет заттардың саны және салмағы тiзбеленген екi данада өтiнiш бередi және олардың құнын төлейдi. Сотталғандар мұндай сәлемдемелердi алған соң өтiнiштiң бiрiншi данасы осы сәлемдемелердiң құнын төлеген адамға берiледi, екiншi данасы жеке iске тiгiледi.
54. Айыптылық және тәртiптiк изоляторларында ұсталушы сотталғандарға посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдер жазалау шараларын өтеген соң тапсырылады. Түзеу мекемелерiнiң әкiмшiлiгi посылкалар, сәлемдемелер және бандерольдердегi салымдардың түгелдiгiн қамтамасыз етедi, алайда бұл салымдардың ұзақ уақыт сақтаудың салдарынан табиғи бұзылуына жауап бермейдi.