129. Сотталғанның өмiрiне қауiп төндiретiн ауыр сырқат жағдайында мекеме бастығы сотталғанның жақын туыстарына кiрiп шығуға мүмкiндiк бередi. Мұндай келулер кезектi кездесу есебiне есептелмейдi.
130. Егер сотталған айыптылық және тәртiптiк изоляторларынан, не болмаса жалпы, қатаң режимдегi колониялардың камералық үлгiдегi үй-жайынан ерекше режимдегi колонияның жалғыз адамдық камерасынан, не болмаса түрмедегi қатаң режимнен дене мүшесiн зақымдап немесе ауруын сылтауратып емдеу-профилактикалық мекемесiне ауыстырылса, олардың емдеу-профилактикалық мекемесiнде болған уақыты жаза шарасын өтеу мерзiмiне есептелмейдi.
131. Емдеу-профилактикалық мекемесiнің тәртібіне емдеу шаралары кіреді сотталғандардың бар-жоғын жекеленген учаскелері бойынша тәулікте кемінде 2 рет өткізеді.
132. Ұзақ мерзімді кездесулер түзеу мекеменің тиісті түріне белгіленген нормалары, сотталғандардың теріскөрсеткіштері жоқ жағдайларында беріледі.
133. Сотталғандардың еңбекке тартылуы медициналық көрсеткіштеріне, жұмыс қабілетіне қарай ұйымдастырылады.
134. Осы мекемелерде белгiленген режимдi бұзған сотталғандар мыналарды: олар айыптық, тәртiптiк изоляторларына, камералық үлгiдегi үй-жайларға және жалғыз адамдың камераларға ауыстыруды қоспағанда толық көлемде жауапты болады.
ҚР Әділет министрінің 20.11.02 ж. N 167 бұйрығымен 135-тармақ алынып тасталынды
135.
9-Тарау. Қатаң жағдайда, айыптық және тәртіптік оқшаулау
орнында, камералық үлгідегі үй-жайларда; жалғыз
адамдық камерада, қауіп төнбейтін жерде жазаны өтеу
22. Сотталғандарды жаза өтеудiң қатаң жағдайында ұстау
ерекшелiктерi
136. Жазаларын қатаң жағдайда өтеушi сотталғандар тұратын үй-жайлар онда ұсталушыларды жазаларын басқа жағдайда өтеушi сотталғандардан оқшаулауды қамтамасыз ете отырып, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердiң толық кешенiмен жабдықталады.
137. Жазаларын қатаң жағдайда өтеушi сотталғандар тұратын үй-жайлар онда ұсталушылардың кесте бойынша санитарлық тазартудан өткізіледі.
138. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiби-техникалық училищелерде және кәсiби-техникалық даярлық курстарында оқитын адамдар, түзеу колонияларында қатаң жағдайда жаза өтеу кезеңiнде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылармен кеңесу мүмкiндiгi берiледi.
139. Сотталғандарды еңбекке пайдалану, тамақтандыру, медициналық тексеру, санитарлық тазартудан өткiзу, амбулаторлық емдеу жұмыстары жазаларын ұстаудың басқа жағдайында өтеушi сотталғандардан бөлек ұйымдастырылады.
23. Сотталғандарды айыптылық және тәртiптiк изоляторларында,
камералық үлгiдегi үй-жайларда, жалғыз адамдың
камераларда ұстау жағдайларының ерекшелiктерi
140. Сотталғандарға айыптылық және тәртiптiк изоляторларына сүлгi, сабын, тiс тазалайтын ұнтақ пен паста, тiс щеткасынан басқа өздерiнде бар тамақ өнiмдерiн және жеке заттарын өздерiмен бiрге алуға тыйым салынады. Оларға кiтаптарды, газеттердi, журналдарды және өзге де әдебиеттердi пайдалануға рұқсат берiлмейдi. Айыптылық изоляторында сотталғандарға темекі тарту серуендеу кезінде ғана рұқсат етіледі.
141. Тамақ өнiмдерi қоймаға тапсырылады және сотталғандарға олар айып жазасын өтеген соң берiледi. Әкiмшiлiк олардың сақталуы үшiн шара қабылдайды, алайда тамақ өнiмдерi ұзақ сақтау салдарынан табиғи түрде бұзылса, бұл туралы комиссия акт жасайды және олар жойылады.
142. Айыптылық және тәртiптiк изоляторларына орналыстырылған сотталғандарға темекi шегуге тыйым салынады (өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау үшiн).
Сотталғандарды айыптылық және тәртiптiк изоляторларына қабылдау кезiнде олар толық тiнтуден өткiзiледi, содан соң мүмкiндiгiнше осы үй-жайларға бекiтiлген киiмдердi киедi.
143. Колония-қоныстардың айыптылық изоляторларында ұсталушы сотталғандардан оларға бекiтiлген норма бойынша берiлген тамақтың толық құны өндiрiлiп алынады.
144. Камералық үлгiдегi үй-жайларда, жалғыз адамдық камераларда ұсталушы сотталғандарға өздерiмен бiрге оқулықтар, жай қарандаш, автоқалам, стержень, дәптер, пошта маркаларын, құттықтаухат, конверт алуға, кiтапхана қызметiн пайдалануға, кiтаптар, газет-журналдар жаздырып алуға рұқсат етiледi.
145. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде, кәсiптiк-техникалық училищелерде және кәсiби-техникалық дайындық курсында оқитын адамдар айыптылық изоляторларында, камералық үлгiдегi үй-жайларда, жалғыз адамдық камераларда болған кезеңiнде сабаққа шығарылмайды. Оларға өз бетiнше оқу және оқытушылардан кеңес алу мүмкiндiгi берiледi. Тәртiптiк изоляторларында ұсталушы сотталғандар тәртiп изоляторының үй-жайында орналасқан оқу сыныптарына сабаққа апарылады.
146. Сотталғандарды камералық үлгiдегi үй-жайлардан не болмаса жалғыз адамдық камералардан камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда жасаған терiс қылықтары үшiн айыптылық изоляторына ауыстырған кезде оларды айыптылық изоляторында ұстау мерзiмi камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда ұстау мерзiмiне есептелмейдi. Бас бостандығынан айыру жазасын айыптылық изоляторында өтеудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзған сотталғанды камералық үлгiдегi үй-жайларға ауыстырған жағдайда камералық үлгiдегi үй-жайларда ұстау мерзiмi айыптылық изоляторындағы жазасын өтеген соң есептеледi.
147. Сотталғандар камерада, жұмыс уақытында өндiрiс объектiсiнде тамақтанады.
148. Айыптылық изоляторында, камералық үлгiдегi үй-жайларда және жалғыз адамдық камераларда ұсталушы сотталғандарды медициналық қарау және амбулаторлық емдеу арнайы жабдықталған үй-жайда жүзеге асырылады. Санитарлық тазарту басқа сотталғандардан бөлек өткiзiледi. Науқас сотталғандар медициналық көрсеткiштерi бойынша жеке камераларға орналастырылады.
149. Айыптылық, тәртiптiк изоляторларына орналастырылған, камералық үлгiдегi үй-жайларға, жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғандарға төсек-орын жабдықтары тек ұйқы уақытында ғана берiледi. Yй-жайдың шегiнен тыс жерге шығарылған кезде оларға маусым бойынша киiмдер берiледi.
150. Айыптылық және тәртiптiк изоляторының камералық үлгiдегi үй-жайлардағы кезекшiлiк кезек бойынша әрбiр сотталғанға жүктеледi. Кезекшiнiң мiндеттерiн түзеу мекемесiнiң әкiмшiлiгi белгiлейдi. Жалғыз адамдық камераны тазалауды онда ұсталушы адам жүзеге асырады.
151. Сотталғандарды дене мүшесiн зақымдаумен және ауруын сылтауратумен байланысты емес себептер бойынша айыптылық және тәртiптiк изоляторларынан, камералық үлгiдегi үй-жайлардан, жалғыз адамдық камералардан емдеу-профилактикалық мекемесiне ауыстырылған жағдайда олардың қылмыстық-атқару жүйесiнiң емдеу-профилактикалық мекемесiнде болу мерзiмi жаза өткеру мерзiмiне есептеледi.
152. Сотталғандарды айыптылық изоляторларынан, камералық үлгiдегi үй-жайлардан және жеке адамға арналған камералардан, бұл медициналық көрсеткiштер бойынша немесе прокурордың талабы бойынша жүргiзiлген жағдайдан басқа кезде мерзiмiнен бұрын босатуға жол берiлмейдi. Тәртiптiк изоляторларда ұсталушы сотталғандар бұдан басқа көтермелеу түрiнде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн.
153. Түзеу мекемесiнiң бастығы жоқ кездегi төтенше жағдайларда, егер жасалған қылмыстың немесе режимдi қасақана бұзудың жолын өзге шаралармен кесу мүмкiн болмаса, сотталғандар колония бастығының кезекшi көмекшiсiнiң, тәрбие колонияларының және түрмелердiң бастықтарының кезекшi көмекшiлерiнiң қаулылары бойынша түзеу колониясының бастығы келгенше, бiрақ 24 сағаттан артық емес уақытқа қатаң режимдегi түзеу мекемесiнiң айыптылық және тәртiптiк изоляторларына, жеке адамға арналған камераларға орналастырылуы мүмкiн. Мұндай оқшаулау тәртiптiк жаза болып табылмайды.
24. Сотталғандарды қауiпсiз орынға ауыстыру
154. Мұндай адамды түзеу мекемесi бастығының қаулысы бойынша 30 тәулiктен артық емес мерзiмге, шұғыл жағдайда - колония бастығының кезекшi көмекшiсi бастық келгенше, бiрақ 24 сағаттан аспайтын мерзiмге қауiпсiз орынға ауыстырады.
155. Қажет болған жағдайда аталған түзеу мекемесiнде заңның сақталуын қадағалауды жүзеге асырушы прокурордың келiсiмiмен қауiпсiз орында ұстау мерзiмi 30 тәулiкке дейiн ұзартылуы мүмкiн. Сотталғанды қауiпсiз орынға, оның iшiнде айыптылық, тәртiптiк изоляторларына, камералық үлгiдегi үй-жайларға ауыстыру көрсетiлген негiз бойынша жаза болып табылмайды.
156. Өзге үй-жайлардан басқа мұндай мақсатқа айыптылық, тәртiптiк изоляторларының камералары, камералық үлгiдегi үй-жайлар пайдалануы мүмкiн.
157. Сотталғанның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде жоғарыда тiзбеленген шаралар нәтижесiз болса, түзеу мекемесiнiң бастығы оны белгiленген тәртiп бойынша басқа түзеу мекемесiне ауыстыру (сотталғанның жеке басына қауiп төндiрушi адамды ауыстыру) туралы шешiм қабылдайды.
Ережеге
N 1 қосымша
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың сатуларына және
пайдалануларына тыйым салынған заттардың, бұйымдардың,
нәрселердiң, құжаттардың және тамақ өнiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
Азаматтық айналымнан алып қойылған заттар, бұйымдар мен нәрселер:
Атыс және суық қарулардың барлық түрлерi.
Көлiк құралдары.
Жарылғыш, уландырғыш және өртке қауiптi заттар.
Ақша, бағалы заттар, бағалы қағаздар.
Оптикалық құралдар.
Тәрбие колониялары мен түрмелерде қол және қалта сағаттары.
Жылытуды қажет ететiн тамақ өнiмдерi (коФе мен шайдан басқа), ашытқы, қант.
Алкогольды iшiмдiктердiң барлық түрлерi, сыра.
Әтiр, иiс су және спирттiк негiздегi өзге де бұйымдар.
Есiрткiлiк және дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар.
Жазу машинкалары, көбейту аппараттары.
Пышақтар, басқа да өткiр кескiш және қадалатын заттар, оттықтар.
Балталар, балғалар және басқа құралдар.
Ойын карталары.
Фотоаппараттар, фотоматериалдар, химикаттар, бейне-кинокамералар, бейне магнитофондар.
Кез-келген құжаттар (соттың өкiмi мен ұйғарымы, ақшасын, заттарын, бағалы бұйымдарын сақтауға тапсырғаны туралы квитанцияларынан басқа).
Топографиялық карталар, компастар.
Өзiне тиесiлi әскери және басқа нысанды киiмдер, сондай-ақ белгiленбеген үлгiдегi сырт киiм, бас киiмдер және аяқ киiм (шәркейден басқа).
Түрлi-түстi қарындаштар, бояулар, көшiру қағаздары.
Ескертпе: Айрықша режимдегі колониялардың камералық үлгідегі үй-жайларында, жалғыз адамдық камераларында ұсталушы сотталғандарға, сондай-ақ түрмелердегі қатаң режимге ауыстырылғандарға шай сатып алуға және сақтауға рұқсат етілмейді.
Ережеге
N 2 қосымша
Сотталғандарға өздерiмен бiрге ұстауға, посылкалармен,
Сәлемдемелермен, бандерольдермен алуға, ТМ дүкендерiнен
сатып алуға рұқсат етiлетiн заттар мен бұйымдардың
ТIЗБЕСI
Темекi өнiмдерi, сiрiңкелер.
Сотталғандар үшiн белгiленген үлгiдегi киiм, бас киiмдер, аяқ киiм және төсек-орын жабдықтары.
Iш киiмдер (жылы және жай).
Бет орамал, белдiк, шұлық-ұйық бұйымдары, колготка, бес саусақты қолғап, қолғап, бөлме iшiнде киетiн тапочка, спорттық аяқ киiм, жiп, мойын орағыш, сүлгi.
Туалет жабдықтары (иiс, шаруашылық сабындары, тiс щеткасы, тiс ұнтағы, тiс пастасы, кремдер, тарақ).
Yш бұрышты орамал, рейтуз, белдiк, бюстгальтер, дәке, гигиеналық пакет, шаш қыстырғыш, вазелин, мақта, су сабын, косметикалық бұйымдар (әйелдердiң бетiне арналған).
Айна, электрлiк не болмаса механикалық ұстара, қауiпсiз ұстара (бiр рет қолданылатын).
Етiк щеткасы және киiмге арналған щетка, аяқ киiм кремi.
Ыдыс-аяқтар, көзәйнек қабы, сабын және пластмассадан жасалған тiс щеткасы, кружка, қасық.
Картадан басқа стол ойындары.
Оқулық, оқушы дәптерi, пошталық конверт, құттықтау хат, марка, жай қарандаш, автоқалам, сия мен қара, көк және сия түстi стерженьдер.
Әдебиет.
Фотокарточкалар, фотоальбомдар.
Спорттық костюмдер.
Заводта жасалған тұрмыстық электроқайнатқыштар.
Бағалы емес металдардан жасалған денеге тағатын крестиктер және табынатын заттар.
Балдақ, ағаш қолтаяқ, протездер, мүгедектерге арналған арбалар (дәрiгердiң рұқсаты бойынша).
Бағалы емес металдан жасалған қол немесе қалта сағат (ТК және түрмелерден басқа).
Теледидарлық қабылдағыштар мен радиоқабылдағыштар
Ескертпе:
1. Көрсетілген тізбе ТМ дүкендерінде қамтамасыз етіледі.
2. Сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру кезінде өзімен бірге тек жеке заттарын, тамақ өнімдерін және олардың белгіленген тәртіппен сатып алған бірінші кезекте қажет заттарын алуға ғана рұқсат етіледі.
3. Сотталғанның өзімен бірге алуына болатын тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттардың, аяқ киімдердің, киімдердің және басқа өндірістік товарлардың мөлшерін жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерге қарай мекеме бастығы анықтайды. Сотталғанға тиісті тамақ өнімдерінің, бірінші кезекте қажет заттардың, аяқ киімдердің, киімдердің және басқа өндірістік товарлардың жалпы салмағы қоймадағыны қоса есептегенде 50 килограмнан аспауы тиіс.
4. Теледидарлық қабылдағыштар мен радиоқабылдағыштар тек ұжымдық пайдалану үшін сатып алынады және әкімшілік белгіленген орынға ғана орналастырылады.
5. Сотталғандардың осы тізбеде көрсетілмеген бірінші кезекте қажетті заттарды, өндірістік товарларды және өзге де заттар мен құралдарды сақтауларына жол берілмейді.
Ережеге
N 3 қосымша
Сотталғандар үшін омырауға және қолға тағатын
айыру белгілерінің
ҮЛГІСІ
Омырау белгісі қолға тағатын белгі
Омырау белгісі қолда бар кез келген түсті (қызылдан басқа) матадан 90х40 мм көлемімен тікбұрышты түрде дайындалады.
Белгінің ортасында алюминий немесе баспахана бояуымен сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты және отряд номері (бөлімшесі) көрсетіледі, ал шет-шеті 5 мм жалпақтықпен әдіптеледі.
Сотталғандардың қатарындағы бригадирлер және шеберлер 20х80 мм көлемдегі, тікбұрышты нысанда "Бригадир", "Шебер" деген тиісті жазулары бар лента тағып жүреді.
Омырау белгілері және қолға тағатын белгілер киімге кеуденің оң жағына және сол қолдың жеңіне тігіледі.
Ережеге
N 4 қосымша
Сотталғандардың үлгiлiк
КҮН ТӘРТIБI
Тұрғызу - таңертеңгi сағат 5-6-дан кеш емес.
Дене шынықтыру (ұзақтығы) - 15 минутқа дейiн.
Туалет, төсек жинау - 10 минутқа дейiн.
Таңертеңгiлiк қарау, таңертеңгiлiк және кешкiлiк тексеру 40-минутқа дейiн.
Таңертеңгiлiк ас - 30 минутқа дейiн.
Жұмысқа бөлу - 40 минутқа дейiн.
Жұмыс уақыты - еңбек заңдарына сәйкес.
Түскi үзiлiс - 1 сағатқа дейiн.
Жұмыстан қайту, кешкi туалет - 25 минутқа дейiн.
Кешкiлiк ас - 30 минутқа дейiн.
Жеке уақыты - 1 сағатқа дейiн.
Тәрбиелiк шаралар - 1 сағатқа дейiн.
Мәдени-бұқаралық жұмыстар, мектептегi, КТУ-дегi оқу - жеке график бойынша.
Ұйқыға дайындалу - 10 минутқа дейiн.
Ұйқы (үзiлiссiз) - 8 сағат.
Ескертпе:
1. Күн тәртiбi әрбiр түзеу мекемесiнде жергiлiктi жағдайларға, күннiң ұзақтығына, жыл маусымына қарай жасалады.
2. Егер сотталғандар өндiрiсте бiрнеше ауысыммен жұмыс iстеген жағдайда күн тәртiбi әрбiр ауысым үшiн жасалады.
3. Карантин бөлiмшесiнде, жаза өтеудiң қатаң жағдайында, камералық үлгiдегi үй-жайларда, айрықша режимдегi жалғыз адамдық камераларда, айыптық, тәртіптік изоляторларында ұсталушы сотталғандар үшiн күн тәртібi жеке белгiленедi.
Ережеге
N 5 қосымша
Сотталғандарды жеке мәселелер бойынша қабылдау
Журналы
______________________________________________________________
(қабылдауды жүзеге асырушы лауазымды адамның қызметі, шені және тегі)
______________________________________________________________
Басталды___________________
Аяқталды___________________
р/с N | қабылдау (өтініш берген) датасы | қабылдауға келген адам- ның тегі, аты-жөні | қойылған сұрақтар- дың мазмұны | қабылданған шешімдер | Орындалуы туралы белгі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| | | | | |
Ескертпе:
Журнал екі бөлімнен тұрады, номерленген, бау өткізілген, мөрленген
және түзеу мекемесі кеңсе қызметкерінің қол қоюымен расталған болуы тиіс-
Ережеге
N 6 қосымша
Жеке есеп шотта______ теңге Квит. N______
оның ішінде ТМ-де тапқан табысы______ теңге
Бухгалтер__________________ Сотталған___________________
__________________200___ жыл.
Өтініш
Маған төмендегідей товарларды сатып алуға рұқсат етуіңізді сұраймын:
р/с N | Товардың атауы | Саны | Босатылған сома |
Саны | Сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | |
| | | | |
Жиыны___________________
___________________
(сотталғанның қолы)
қолхат
______________________________ сомаға товар алдым.
(жазумен)
Осы соманы менің жеке есеп шотымнан шығаруды сұраймын.
___________________
(сотталғанның қолы)
200__ жылғы _____________
Ережеге
N 7 қосымша
N____ КУӘЛIК
19___жылы, ______________________________ туған, ҚР ҚК-ның _________
бабы бойынша сотталған_____________________________________ берілді.
(сотталғанның тегі, аты, әкесінің аты)
Мерзімнің басталуы_______, мерзімнің аяқталуы _______,
___________________________________________________________________
(ҚР ҚАК 93 бабына сәйкес шығу негізін көрсету керек)
байланысты_______ тәулікке, оның _______ тәулігі жолға, оған түзеу
мекемесінен (тергеу изоляторынан) ұзақ мерзімге, қысқа мерзімге
(керегінің асты сызылсын)
___________________________________________________________________
(сотталғанның келетін жері)
шығуға рұқсат етілуіне орай берілді.
Ол 200__ жылғы _________________________________________________
___________________ мекен-жайдағы жазасын өтеп жүрген түзеу
мекемесіне (тергеу изоляторына)___________________ қайтуға міндетті.
(атауы)
телефон, телефакс _______________________
Фотосуретке Мекеме бастығы_____________
арналған (тегі)
орын ___________________
(қолы)
200___жылғы __________________
Ішкі істер органы бастығының
сотталғанның келуі және кетуі
жөніндегі белгісі
(ТМ-нің елтаңбалы
мөріне арналған орын) Келді_________________________
(датасы, қолы, елтаңбалы мөр)
Кетті_________________________
(датасы, қолы, елтаңбалы мөр)
_________________________
(сотталған қол қоятын орын)
N ________КУӘЛIКТIК ТYБIРШЕГI
Түзеу мекемесi (тергеу изоляторы) бастығының 200____ жылғы____
N____бұйрығының негiзiнде
сотталғанға___________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы, ҚР ҚК-нің бабы,
_______________________________________________________________
мерзiмi, мерзiмiнiң басталуы және аяқталуы)
_______________________________________________________________
(ҚР ҚАК 93 бабына сәйкес шығу негiзiн көрсету керек)
байланысты ұзақтығы ____ тәулiк, оның ____ тәулiгi жолға, түзеу
мекемесiнен (тергеу изоляторынан) ұзақ мерзiмге, қысқа мерзiмге
(керегiнiң асты сызылсын)
_______________________________________________________________
(сотталғанның келетін жері)
шығуға рұқсат берiлдi.
Куәлiк 200_____ жылғы _______________ берiлдi.
_______________________________
(сотталғанның қолы)
200_____ жылғы__________________келдi.
200_____ жылғы__________________кеттi.