"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн
нығайту жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық
бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1766 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. N 272 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту және одан әрi қалыптастыру, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiнiң 1999-2005 жылдарға арналған стратегиясынан" және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 334 Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының әскери доктринасынан" туындайтын іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша), Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Бағдарламаны iске асыруға бағытталған iс-шаралар жоспарларының бiр ай мерзiмде әзiрленуi мен қабылдануын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. N 272 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттiк органдардың басшылары Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне Бағдарламада белгіленген iс-шаралардың iске асырылуы туралы ақпараттың жыл сайын 30 желтоқсанға ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. N 272 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Бағдарламаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1766 қаулысымен
бекітілген
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. ПроблеманыҢ қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары
5.1. Бағдарламаны нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
5.2. Бағдарламаның бедел жөніндегi негiзгi бағыттары мен нысаналы
аудиториялары (топтары)
5.3. Ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар
5.4. Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар
5.5. Тәрбие, әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және
жұртшылықпен байланыс құрылымдарының кадрлық және
ғылыми-әдiстемелiк әлеуетiн нығайту
6. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
7. Бағдарламаны іске асыру тетіктері
8. Күтілетін нәтиже
9. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және әскери кәсіптің оң
беделін нығайту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешенді ақпараттық
бағдарлама
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы: Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерi мен әскери
кәсiптiң оң беделiн нығайту
жөнiндегi 2001-2005 жылдарға
арналған кешендi ақпараттық
бағдарлама
Әзiрлеуге негiздеме: Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1999 жылғы 30
желтоқсандағы N 2028-124
қаулысы (2.1.1.8 т.)
Негiзгi әзiрлеушi: Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм министрлiгi
Негiзгi орындаушылар Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлiгi,
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
(келiсiм бойынша),
Республикалық ұлан (келiсiм
бойынша), Қазақстан
Республикасының Iшкi iстер
министрлiгi, Қазақстан
Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi агенттiгi
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің және
әскери кәсiптiң оң беделiн
қоғамдық санада нығайту
Бағдарламаның мiндеттерi - Ақпараттық-насихаттық
жұмысты нормативтiк құқықтық
қамтамасыз ету тетiктерiн
айқындау және әзiрлеу;
- Қарулы Күштер және құқық
қорғау органдарында
ақпараттық-насихаттық және
тәрбие жұмысының тиiмдi
жүйесін құру;
- ұйымдастырушылық және
практикалық iс-шаралар
кешенiн жүзеге асыру Қарулы
Күштердің, құқық қорғау
органдарының бұқаралық
ақпарат құралдарымен және
нысаналы аудиториялармен
өзара тиiмдi iс-қимылымен
ынтымақтастығы тетiктерiн
әзiрлеуi;
- ақпараттық-насихаттық
жұмысты ұйымдастыру және
жүргiзу үшiн қажет жағдайлар
жасау
Бағдарламаның негiзгi - нормативтiк құқықтық
қамтамасыз бағыттары ету;
- Бағдарламаның бедел
жөнiндегi бағыттары мен
нысаналы аудиторияларын
(топтарын) анықтау
және олармен жұмыс iстеу;
- ұйымдастырушылық,
практикалық
ақпараттық-насихаттық
iс-шаралар кешенiн жүзеге
асыру;
- жеке құраммен жұмыс
жөнiндегi қызметтердiң
кадрлық және
ғылыми-әдiстемелiк әлеуетiн
нығайту
Бағдарламаны iске Ақпараттық-насихаттық және
асырудың тетiгi тәрбиелiк жұмыстардың
бiрыңғай жүйесiн құру
Бағдарламаны Республикалық және жергiлiктi
қаржыландырудың көздерi бюджеттердiң қаражаттары
Күтілетiн нәтиже Республиканың қоғамдық
санасында Қарулы Күштердiң
және әскери кәсiптiң
беделiнiң сапалы өсуi
2. КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөнiндегi 2001-2005 жылдарға арналған осы кешендi ақпараттық бағдарламаны (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiгiнiң 1999-2005 жылдарға арналған Стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 2028-124 қаулысын (Жоспардың 2.1.1.8.т) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi әзiрледi.
Бағдарлама тиiстi министрлiктердiң ұсыныстары негiзiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы және елiмiздiң Қарулы Күштерiнiң әрi тұтас әскери кәсiптiң оң қызметiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық құжаттар талаптары ескерiлiп, әзiрлендi.
Осы Бағдарлама Қарулы Күштерде ақпараттық, ұйымдық-кадрлық және тәрбие жұмыстарын жүргiзуге негiзгi көзқарастарды, бұл жұмысты ұйымдастырудың негiзгi бағыттарын, сондай-ақ әскери кәсiптiң беделiн нығайтуға бағытталған нақты практикалық iс-шараларды анықтайды.
3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгi мен егемендiгiнiң он жылы iшiнде өтпелi кезеңнiң объективтi қиындықтарын еңсерiп шықты әрi тұрақты өсудi, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн қажет институттар мен тетiктердi қалыптастырды.
Елдегi экономикалық және саяси-қоғамдық тұрақтылық Қарулы Күштердiң де жағдайына оң әсерiн тигiздi. Осы жылдар iшiнде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң және мемлекеттің ұлттық мүдделерін iшкi және сыртқы қатерлерден қорғаудың нақты жүйесi құрылды. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы қабылданды. Қарулы Күштердi одан әрi реформалау мен жаңалау, оның материалдық-техникалық базасын нығайту техникалық жетiлдiру үшiн жағдай жасалды.
Армияны қаржыландыру елеулi түрде өстi. Мемлекет басшысы өзiнiң Қазақстан халқына "Еркiн де еңселi әрi қауiпсiз қоғамға қадам басайық" Жолдауында ел Үкiметiне үш мiндеттi шешудi тапсырды. Олар:
- жыл сайын iшкi жалпы өнiмнiң кемiнде 1 пайызын Қорғаныс министрлiгiнiң мұқтаждарына бөлу;
- қазiргi заманғы аумақтық қорғаныс жүйесiн қалыптастыру;
- жұмылдыру даярлығының толыққанды жүйесiн қалпына келтiру.
Бұл ұлттық қауiпсiздiктi нығайту қажеттiлiгiнен туындайтын мәселелер, керiсiнше болған жағдайда, Жолдауда айтылғанындай, "Егер бiз, бiздiң ұрпақ, құқықтық негiздерiнiң бiрi осындай күз күндерiнiң бiрiнде осыдан он жыл бұрын қабылданған Елiмiздiң мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясынан арна тартатын стратегиялық мiндеттi - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмасақ, онда бiздiң экономикалық және саяси жоспарларымыздың бәрi де тарих үшiн және бiздiң ұрпақтарымыз үшiн су бетiндегi үйiрiлген майда толқындай ғана болып қала бередi".
Қазақстан аумағында әскери округтер, бiрiншi кезекте Оңтүстiк және Шығыс әскери округтерiн қалыптастыру аяқталып келедi, Шымкент қаласында Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнiң ерекше бригадасы жұмыс iстеуде. Қазiргi кезде оқшау соғыс жүргiзуге бейiмделген жаңа арнаулы бөлiмшелер даярлау жүргiзiлуде. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын нығайту жөнiнде елеулi шаралар қабылдануда. Өткен жыл iшiнде ешқашан пәрмендi шекаралық бақылауда болмаған бағыттарда жаңа шекара жасақтары құрылды. Осындай жұмыс кедендiк желiлерде де жүргiзілдi. Көшi-қон бақылауын қатайту жөнiнде шаралар қабылданды. Қазақстан аумағында экстремистiк топтардың қызметiнiң алдын алу мен жолын кесу жөнiнде iс-шаралар жүргiзiлдi.
Өз Жолдауында Мемлекет басшысы - Қарулы Күштердiң Жоғары Бас қолбасшы "Бiз бұдан 10 жыл бұрын болған қауiпсiздiк жүйесінің келмеске кеткенiн айқын түсiнуге тиiспiз. Өкiнiштiсi сол, қауiпсiздiк тұрғысынан алғанда аймақтағы жағдай осы он жылдың iшiнде күрт нашарлап кеттi. Бiз жаңа қауiптiң бетiн қайтаратын ұлттық қауiпсiздiктiң жаңа тетiктерiнiң жасалуы қажет екенiн барынша пайымдауымыз қажет" деп атап көрсеттi.
Осындай жағдайда елдiң басты мiндеттерiнiң бiрi оқиғалар барысына үлгерiп отыратын осы заманға сай әрi уақыт талаптарына жауап беруге қабiлеттi, күштi армия құру болып табылады. Жаңа армияның, Қарулы Күштердiң негiзi әскерилер, әскери кәсiп адамдары болуы тиiс.
Соңғы уақытқа дейiн Қарулы Күштердiң беделi жағымсыз сипатта болып, әскери мамандық қоғамдық санада сұраныс таппағанын атап өткен жөн. Объективтi себептерге байланысты әскери қызметтiң беделi, оны қамту жағдайлары ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi әскери қызметшiлердiң орындайтын мiндеттерiне сәйкес келмедi. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен бостандықтарының шектелуi, ерекше мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi қосымша жеңiлдiктер және құқықтармен толық өтелмедi.
Әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған тұлғалардың да әлеуметтiк мәселелерi, көптеген әскери қалашықтардың жайсыздығы, әскери қызметшiлер отбасылары мүшелерiнiң жұмыстарына, оқуларына, медициналық және әлеуметтiк қамтамасыз етiлуiне тиiстi жағдайлардың болмауы, сондай-ақ әскери қызметтен босатылған тұлғалар да, Қарулы Күштердiң беделi мен абыройының өсуiне ықпал етпедi.
Қазақстан армиясы бұрынғы Кеңестiк армияның материалдық қиындықтары мен проблемаларымен қатар мұрагерлiкке Қарулы Күштерге және жалпы әскерилерге қатысты стереотиптер кешенiн де алған.
Қоғамдық пiкiрде көптеген жағдайда ескiрген, шындыққа сәйкес келмейтiн пiкiрлер, армияның және құқық қорғау органдарының қоғамдық қатынастар жүйесiндегi рөлiн жеткiлiктi түсiнбеу қалыптасқан. Әскери кәсiп адамдарының қоғамдық санада, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрi - БАҚ) қалыптастырып отырған бейнесi оң сипатта емес. Аракiдiк жекелеген әскери адамдардың қоғамға жат iстерi Қарулы Күштердiң және құқық қорғау органдарының беделiне терiс әсерiн тигiзедi.
Бұл ретте, Қазақстан армиясындағы мен құқық қорғау органдарындағы оң нәтижелер жұртшылық назарына әрдайым iлiне бермейдi. Бұл бiрқатар проблемаларға байланысты оның негiзгiлерi: қаржыландырудың жеткiлiксiздiгi, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары құрылымындағы жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтердiң кәсiби деңгейiнiң төмендiгi, ақпараттық-насихаттық жұмыстардың маңыздылығын жете түсiнбеушiлiк және тағы да басқалар.
Сонымен бiрге, қазiргi уақытта қоғамдық санада армия мен Қарулы Күштердiң беделiн көтеруге бағытталған үрдiстер байқалуда, бұған армия мен құқық қорғау органдарының ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатерлердi болдырмауға, қылмыстылық пен сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға бағытталған iс-әрекеттерi ықпал еттi.
БАҚ тарапынан да қызығушылық пен түсiнушiлiк өсуде. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында әскери-патриоттық бағыттағы көптеген басылымдар бар, құқықтық басылымдардың таралымдары ұдайы өсе түсуде. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тақырыбы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуге мемлекеттiк тапсырысқа енгiзiлдi.
Армия мен әскери кәсiп тақырыбын "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" республикалық газеттерi, "Бағдар", "На страже", "Қалқан-Щит", "Казахстанская полиция", "Қылмыс пен жаза", "Заң газетi", "Юридическая газета", "Фемида", "Отан сақшысы" ведомстволық басылымдар тағы басқа мемлекеттiк және тәуелсiз басылымдар белсендi жазып жүр.
Электронды бұқаралық ақпарат құралдары армия, құқық қорғау органдары, әскери кәсiп адамдарының проблемаларына баса назар аудара бастады. Әскери қызметшiлер мен көптеген көрермендер арасында "Қазақстан-1", "Хабар" және "Хабар-2" арналарындағы және Қазақ радиосындағы "Отандастар", "Рота, подъем", "Заң және заман", "Айбын", "Человек и закон", "Қазақстан-2030" бағдарламалары көпшілiкке танымал бола бастады. Елдегi мемлекеттiк емес телерадиокомпаниялардың да осы тақырыпқа барынша қызығушылық танытуы байқалуда.
Сонымен қатар, жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың дәйектi әрi нәтижелiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң оң беделiн нығайту жүйесiнiң тиiмдi қалыптасуына бағытталған арнайы бағдарламаны мемлекеттiк деңгейде әзiрлеу және қабылдау қажет.
Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң оң беделiн көтеру және нығайту жолдары:
- әскери реформаны белсендi ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;
- тәрбие, әлеуметтiк-құқықтық, жұртшылықпен байланыс жұмысы жөнiндегi құрылымдардың кадрлық әлеуетiн нығайту және дайындық деңгейiн көтеру;
- мемлекеттiк емес, оның iшiнде ардагерлер ұйымдарымен өзара тиiмдi iс-қимыл жасау болып табылады.
Бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен iске асырылатын болады.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң қоғамдық санадағы оң беделiн нығайту.
Бағдарламаның мiндеттерi:
Ақпараттық-насихаттық жұмысты нормативтiк құқықтық қамтамасыз етудiң тетiктерiн айқындау мен әзiрлеу және Қарулы Күштер мен әскери кәсiптiң беделiн нығайту;
Қарулы Күштерде және құқық қорғау органдарында ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстары жүйесiн құру;
Қызметi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған қажеттi институттар, құрылымдар құру;
Қарулы Күштердiң, құқық қорғау органдарының БАҚ-пен, нысаналы аудиториялармен (топтармен) өзара тиiмдi iс-қимыл және ынтымақтастық жасау шаралары мен тетiктерiн әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған негiзгi беделдiк бағыттарды айқындау.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
5.1. Бағдарламаны нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету
Бағдарламаны практикалық iске асыру Қарулы Күштерде ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстары жүйесiн құруға, әскери реформаны ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тұтас кешенiн әзiрлеу мен қабылдауды талап етедi.
Осы бағыттағы басты мiндеттердiң бiрi-қоғамдық пiкiрдi, соның iшiнде әскери қызметшiлер арасында, тұрақты зерттеу; Қарулы Күштердi реформалау барысын ғылыми пайымдау, жұмыс iстеп жатқан ғылыми және оқу орындарын осы жұмысқа тарту. Мұның өзi олардың алдын алып, келеңсiз процестердiң ықтималдығын төмендетуге, тұтас алғанда реформалау процесiне тиiстi түзетулер енгiзуге мүмкiндiк бередi. Осы жұмыста кеңiнен зерттеу және шетелдегi оң тәжiрибенi қорыту бұл тәжiрибенi Қазақстан жағдайына бейiмдеу мүмкiндiгi қамтылуы тиiс.
Жұмыстың екiншi бағыты - Қарулы Күштердегi ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысының бiрыңғай жүйесiн құруға әскери реформаны ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған нормативтiк-құқықтық және ұйымдық-кадрлық алғышарттар қалыптастыру.
Бұл бағытта тәрбие жұмысының тармақталған жүйесiн құруға арналған нормативтiк құқықтық кесiмдер кешенiн әзiрлеу әрi қабылдауды (әскери қызметшiлермен жұмыс үшiн жауаптылар, оқу орындарының жүйесi, осы жұмыстың ғылыми және әдiстемелiк негiздерiн әзiрлеу), жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтердi құру және нығайту (баспасөз қызметтерi, баспасөз хатшылары, БАҚ-пен жұмыс үшiн жауаптылар және т.б.), өзiндiк ақпараттық-насихаттық құрылымдарын құру (газеттер, журналдар, теле- және радиостудиялар, ақпараттық-насихаттық топтар), ведомстволық мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру (ақпараттық жұмысты iске асыру үшiн арнайы қаражат жоспарлау) және т.б. шараларды көздеу қажет.
Осы жұмысты практикалық iске асыру Қарулы Күштердiң оң беделiн одан әрi нығайтуға, қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысы мiндетi болатын жұртшылықпен байланыс қызметтерiн, әлеуметтiк-психологиялық қызметтер құруды талап етедi.
5.2. Бағдарламаның бедел жөніндегi негiзгi бағыттары мен нысаналы
аудиториялары (топтары)
Ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргiзу негiзгi беделдiк бағыттар мен нысаналы аудиторияларды (топтарды) анықтауды көздейдi. Ақпараттық-насихаттық жұмыстардың әсерi бағытталуға тиiс айрықша белгiлерiмен бөлiнген адамдар тобы (әлеуметтiк-кәсiптiк, демографиялық және өзге де) мақсатты аудиториялар болуы мүмкiн.
Негiзгi беделдiк бағыттар - нысаналы топтарға жеткiзiлуi қажеттi және оларды қоғамдық санада нығайтып, барынша қолдау көрсететiн қысқа ақпараттық хабарлар. Негiзгi беделдiк бағыттар БАҚ-тармен жұмыс iстеу және тiкелей байланыс (пiкiр алысу, жұрт алдына шығып сөйлеу) кезiнде пайдаланылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану оның әсерi бағытталуға тиiс мақсатты аудиториялардың нақты айқындалуын көздейдi.
Бағдарлама бойынша анықталған негiзгi нысаналы аудиториялар (топтар):
елдiң бүкiл халқы;
әскери қызметшiлер;
әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерi;
жастар және олардың әртүрлi топтары;
БАҚ;
ғылыми және шығармашылық жұртшылық өкiлдерi;
Қарулы Күштер ардагерлерi;
қоғамдық ұйымдар және үкiметтiк емес ұйымдар болып табылады.
Бұл ретте мынадай негiзгi беделдiк бағыттар баса көрсетiледi:
Бiрiншi. Қарулы Күштерде қызмет ету - елiмiздiң әрбiр азаматының тек конституциялық борышы ғана емес, ол жоғары, жауапты әрi патриоттық парыз. Қарулы Күштер - бұл мемлекет пен қоғамның маңызды институты.
Екiншi. Қарулы Күштер - ұлттық қауiпсiздiктiң тiрегi. Армияда нағыз кәсiби мамандар қызмет етедi, олар қиындықтарға қарамастан, мұны өздерiнiң қасиеттi борышы және мiндетi санайды.
Yшiншi. Қарулы Күштердегi қызметте нақты қауiп болса да, әскери адамдар өмiрi мен денсаулығына қатер төнсе де, елiмiз бен оның азаматтарының игiлiгi үшiн қызмет етедi.
Төртiншi. Қарулы Күштер батылдық пен батырлықтың, азаматтық пен ерлiктiң мектебi болған және солай бола бередi.
Бесiншi. Қарулы Күштердегi қызмет қосымша бiлiм мен дағды алуға, қосымша кәсiптi игеруге мүмкiндiк бередi.
Алтыншы. Қарулы Күштер - жауынгерлiк бауырластықты, достық пен төзiмдiлiктi сынау мектебi.
Жетiншi. Қарулы Күштердегi қызмет - өте қадiрлi iс, кәсiп, құрметтi парыз.
Сегiзiншi. Әскери қызметшiлер және Армия - бұл бiздiң қоғамның бiр бөлiгi, әкелерiмiз, бауырларымыз, ұлдарымыз, барлық қазақстандықтар.
Тоғызыншы. Бүгiнгi әскери қызметшiлер - Қарулы Күштердiң даңқты дәстүрлерiн жалғастырушылар.
Ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарында пайдалануға қажеттi негiзгi беделдiк бағыттар осындай. Олар нақты мазмұнмен, оның iшiнде тұлғалық нақты фактiлермен және оқиғалармен толықтырылуы тиiс. Олар Қарулы Күштердiң белгiлi бiр түрлерiне, аймақтарына бейiмделуi мүмкiн, ал нақты шаралар тиiстi бөлiмдерде сипатталатын болады.
5.3. Ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралар
Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүргізудi көздейтiн ұйымдық және практикалық iс-шаралардың негiзгiлерi мыналар.
Жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтер құру және нығайту. Қазiргi уақытта, iс жүзiнде әрбiр министрлiк пен ведомствода жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтер (баспасөз қызметтерi) жұмыс iстейдi. Осындай қызметтердi аймақтық және құрылымдық бөлiмшелерде құрып, бұл жүйенi тiгiнен дамыту қажет. Олардың мiндеттерi: ведомстволардың жұмыс жағдайы туралы БАҚ-ты хабардар ету, БАҚ-ғы жарияланымдарға тұрақты мониторинг жасау, баспасөз конференцияларын, басшылардың сөздерiн әзiрлеу, тұтастай ақпараттық жұмысты үйлестiру.
Ардагерлер ұйымдарымен және жекелеген ардагерлермен жұмыс. Қазiргi уақытта ардагерлер ұйымдары Қарулы Күштерде жүргiзiлiп жатқан ақпараттық-насихаттық және тәрбиелiк жұмыстарға белсендi қатысуда. Осы жұмысты одан әрi жалғастырып және жандандырып, оның мынадай аспектiлерiне назар аудару қажет:
- Әскери қызмет ардагерлерiн қолдау, соның iшiнде материалдық жағынан да. Осы шара ұрпақтар сабақтастығын көрсетедi, бұрынғы және қазiргi әскери қызметшiлердiң қоғамға қажеттiлiгiне сенiмдiлiгiн ұялатуға мүмкiндiк бередi.
- Өткiзiлетiн iс-шараларға шақыру. Осы шараның жас әскери қызметшiлер үшiн тәрбиелiк маңызы зор.
- Соғыс ардагерлерiн қамқорлыққа алу. Осы жұмысқа ардагерлер туралы деректер банкiн құруды, оның iшiнде олармен хат алысуды қамтуы тиiс.
Кәсiпорындар мен мекемелердi қамқорлыққа алу.
Осындай iс-шаралар оң беделдi қалыптастырып қана қоймай, БАҚ-ты тиiстi ақпаратпен қамтамасыз етiлген кезде оң көзбен қабылдаудың тұрақтылығын және жақсы атақ қалыптастырады.
Бұл жұмыстың басқа түрлерi болып алғашқы әскери немесе кәсiби дайындық сабақтары және басқа да нысандардағы өнегелi iс-шараларға шақыру түрiнде болатын орта оқу орындары мен балалар үйлерiн қамқорлыққа алу. Әскери қызметшiлермен тiкелей араласу олармен ынтымақтастық жастар арасындағы Қарулы Күштер туралы қалыптасқан келеңсiз көзқарастар стереотипiнiң жойылуына, әскери қызмет өткеруге қызығушылықтың өсуiне ықпал жасайтын болады.
Бөлiмдер, ұйымдардың мұражайларын құру. Қарулы Күштердiң беделiн нығайту жөнiндегi жұмыстың маңызды бағыты мемориалдық жұмыс болуға тиiс. Ол ұйымшылдық, сабақтастық рухын құруға ықпал етедi және тәрбиелiк маңызы зор. Әскер түрiндегi әрбiр бөлiмшеде, жергiлiктi ауқымда болса да, маңызды нәтижелерге қол жеткiзген, өмiрде мол табыстарға ие болған есiмдерi аңызға айналған адамдар бар. Сондықтан, мұражайлар, тарих және жауынгерлiк даңқ бөлмелерiн жасақтау мен жалпыға қол жетерлiк Естелiк кiтаптарын, стендтер дайындау және басқа да осындай iс-шараларды жүргiзудi жандандыру қажет.