Кәсiби мерекелерге байланысты салтанатты іс-шаралар өткiзу. Iс жүзiнде, әскердiң кез келген түрiнде кәсiби мереке күндерi бар, оларды ақпараттық-насихаттық жұмыста белсендi пайдалану қажет. Мұндай iс-шаралар ұйымшылдық, сабақтастық рухын нығайтуға, оң бедел қалыптастыруды, сондай-ақ, жергiлiктi халықпен, БАҚ-пен тығыз байланыстар орнатуға ықпал етедi. Бұл түрлi әскерлер күнi, бөлiмдер күнi, ашық есiктер күнi және т.б. шаралар болуы мүмкiн. Әскери шерулер мен байқаулар да осы жұмыстың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады.
Атрибутика. Тиiстi атрибутика (бөлiм туы, айырым белгiлерi және т.б.) әскери мамандықтың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Осыған орай ерекше белгiлердi әзiрлеу кезiнде тарихи негiздер мен қазiргi заманның әрлендiру талаптарын және басқа факторларды ескеретiн бiрыңғай республикалық таңбатану қызметiн құру қажет. Айырым белгiлерi, сонымен қатар әскери мамандықтың беделiн, ұйымшылдығын нығайтуға, әскери қызмет мақтанышын нығайтуға ықпал етедi. Әрбiр әскери бөлiмде оған деген құрмет, мақтаныш болуы үшiн осындай атрибутиканы жасауға барынша ықпал ету қажет.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралар. Қарулы Күштердiң қашанда мықты спорттық дәстүрлерi болатын және оны жан-жақты қолдау әрi дамыту қажет. Көп адамдар, әсiресе жастар мен БАҚ өкiлдерi шақырылатын әртүрлi спорт жарыстарын өткiзуге жәрдемдесу қажет. Спорт басқа iс-шараларға қарағанда кеңiнен танылуға және оң бедел қалыптастыруға жақсы ықпал етедi.
Қоғамдық және мемлекеттiк емес ұйымдармен жұмыс. Қазiргi демократияландыру жағдайында қызмет саласы Қарулы Күштердiң мүдделерiн қозғайтын көптеген қоғамдық ұйымдар жұмыс iстейдi. Кейбiр жағдайларда олардың мүдделерi сәйкес келмеуi, тiптi қайшы келуi мүмкiн, мысалы экология және басқа салаларда. Әдетте, осындай тартыстарда өздерiнiң жабықтығы, қоғамдық пiкiрмен жұмыс iстей алмауы себептi Қарулы Күштер ұтылып қалады. Мұндай жағдайларда осы ұйымдармен белсендi ынтымақтастық орнатып, оларды ашық ақпаратпен қамтамасыз етiп, өзара тұрақты пiкiр алмаса отырып жұмыс iстеу керек.
Бұдан басқа, өзiнiң бағытына қарай Қарулы Күштермен белсендi жұмыс iстеп отырған ұйымдар да бар. Олар барынша қолдау көрсетудi қажет ететiн ардагерлер, спорттық, әскери-патриоттық және басқа да қоғамдық ұйымдар.
5.4. Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар
Ақпараттық-насихаттық iс-шаралар кең аудиторияға және БАҚ-та жария етуге лайықталған, сондай-ақ ақпараттық кеңiстiктi құру жөнiндегi шаралар кешенiн қамтиды.
Өз БАҚ-ын құру және қолдау. Кәсiби бұқаралық ақпарат құралдары ұйымның маңызды нышаны ғана емес, сондай-ақ, оқырмандарды кеңiнен ақпараттандыруға, ұйымшылдық рухын қалыптастыруға ықпал етедi.
Веб-сайттарды құру. Қазiргi жағдайда жұртшылықты ақпараттандырудың маңызды көзiнiң бiрi-веб-сайттар құру болып табылады. Веб-сайттарда графикалық және көрнекiлiк сапасы жоғары деңгейдегi күнделiктi, талдау және ақпараттық, танымдық материалдарды (мысалы, әскер түрiнiң тарихы, таңбатану және т.б.) орналастыруға болады.
БАҚ-пен жұмыс. Қазiргi уақытта Қазақстанда әскери қызмет тақырыптарымен белсендi жұмыс iстейтiн немесе оларға қызығушылық танытатын көптеген БАҚ-тар бар. Осыған орай баспасөз релиздерiн, ақпараттық, талдау және басқа да материалдарды дайындау және оларды БАҚ-та тарату жөнiндегi баспасөз қызметтерiнiң жұмысын жандандыру талап етiледi.
Жұмыстың неғұрлым тиiмдi болуы үшiн БАҚ-тарға берiлетiн материалдардың өзектiлiгi мен уақытпен үндесiп жатуын қамтамасыз ететiн перспективалық күнтiзбелiк жоспарлар әзiрлеу қажет.
Аккредитация, брифинг және баспасөз конференцияларын, өткiзу баспасөз релиздерiн, фото және бейне материалдар, жұмыс iстеп жатқан бөлiмдер мен бөлiмшелерге барып баспасөз турларын өткiзу сияқты ынтымақтастықтың дәстүрлi нысандары БАҚ-пен жұмыс iстеудiң маңызды түрлерi болып табылады.
Әлеуметтiк бейне- және аудио роликтер. Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға, қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға бағытталған әлеуметтiк бейне- аудио роликтердi теледидар мен радио арқылы тарату ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бiр бөлiгi болып табылады.
Көрнекi бұқаралық насихат. Ақпараттық насихаттық жұмыста плакаттар, күнтiзбелер, билбордтар және тағы басқа осындай қазiргi заманғы және дәстүрлi көрнекi үгiт және насихат құралдарына баса назар аудару қажет.
Арнайы әдебиет шығару. Ақпараттық-насихаттық жұмыстың маңызды бөлiгi - жаппай пайдаланушыларға лайықталған арнайы әдебиет шығару болуы тиiс. Бұл Қарулы Күштердiң тарихы туралы, әскер түрлерi, әйгiлi тұлғалар, айырым белгiлерi және әскери таңбатану және тағы басқа көптеген әскери-патриоттық, ғылыми-көпшілік басылымдар болуы мүмкiн.
5.5. Тәрбие, әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және
жұртшылықпен байланыс құрылымдарының кадрлық және
ғылыми-әдiстемелiк әлеуетiн нығайту
Жеке құраммен және жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтiң кадрлық және ғылыми әдiстемелiк әлеуетiн нығайту жөнiндегi тұрақты жұмыс Бағдарламаны iске асырудың басым бағыты болып саналады.
Мамандарды тарту ғылыми және оқу орындарының әлеуеттерiн пайдалану арқылы ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарын жүргiзудiң ғылыми негiзделген әдiстемелерiн жасау қажет. Жеке құраммен және жұртшылықпен байланыс жұмысы қызметтерiн ұйымдастыру ақпараттық-насихаттық жұмысты жүргiзу жөнiнде әдiстемелiк басшылық және арнайы құралдар әзiрлеу талап етiледі.
Тәрбиелiк әрi әлеуметтiк-құқықтық жұмыс және жұртшылықпен байланыс құрылымдары қызметкерлерi үшiн ведомствоаралық семинарлар, кеңестер, бiлiктiлiктi арттыру курстарын тұрақты ұйымдастыру қажет. Әскери оқу орындарында және Қарулы Күштерде бөлiмшелер командирлерiнiң тәрбие әрi әлеуметтiк-құқықтық жұмыс, әлеуметтiк-психологиялық қызметтер жөнiндегi орынбасарларын даярлау жөнiндегi факультеттер ашу қажет.
6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бағдарлама республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттары есебiнен iске асырылатын болады.
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТIКТЕРI
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмысының бiрыңғай жүйесiн құруға, әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған.
Бағдарламаның iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Yкiметтiк ақпараттық бөлiмiне және Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне жүктеледi.
Бағдарламаны iске асыру үшiн жұмыстың көзделген бағыттары бойынша iс-шаралардың нақты жоспарлары әзiрленетiн болады.
Мемлекеттiк органдардың басшылары Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жоспарлардың сапалы әрi уақытылы орындалуына жауап бередi.
8. КYТIЛЕТIН НӘТИЖЕ
Бағдарлама iске асырылған жағдайда:
қоғамдық санада Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң беделi жақсарады;
Қарулы Күштер мен әскери кәсiптiң беделiн нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттық жұмыстың тиiмдiлiгi артады;
Қарулы Күштер және құқық қорғау органдарында тиiстi институттар құрумен бiрге ақпараттық-насихаттық және тәрбие жұмыстарының жүйесi қалыптастырылады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық iс-шаралардың кешенi жүзеге асырылады;
Қарулы Күштердiң, құқық қорғау органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен, нысаналы аудиториялармен (топтармен) өзара тиiмдi iс-қимылы мен ынтымақтастығы жөнiндегi шаралар әзiрленедi және iске асырылады;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн арттыру мен нығайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
9. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ЖӨНIНДЕГI ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
ҚР Үкіметінің 03.04.04 ж. N 272 қаулысымен жоспар өзгертілді
NN | Iс-шараның атауы | Iске асыру нысаны | Iске асыруға жауаптылар | Іске асыру мерзімі |
| Бағдарламаны іске асыру жөнiндегi ұйымдастыру іс-шаралары |
1 | Бағдарламаны iске асыру жөніндегі ведомстволық iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және бекiту | iс-шаралар жоспарлары | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | жыл сайын |
2 | Жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызметтер құру- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери округтер, құрамалардың штаттық құрылымдарына жұртшылықпен байланыс жөнiндегi офицер лауазымын енгiзу | қоғамдық байланыс қызметтерiн қалыптасты- ру | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2002 жылдың І-тоқсаны |
3 | Республикалық Ұлан, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiк, Iшкi iстер министрлiгi, Қарулы Күштерде әлеуметтiк-психологиялық қызметтер құру | тиiстi қызметтерді құру | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2002 жылдың аяғына дейін |
4 | Қарулы Күштерде тәрбие және ақпараттық-насихат жұмыстары жүйесiн жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау | тиісті іс-шаралар кешені | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2002 жылдың І-тоқсаны |
5 | Қазақстан Республикасы жеке құрамы тiршілiгiнiң барлық саласында әскери қызметтiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн әзiрлеу және енгiзу | ведомство- лық бұйрықтар | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2002 жылдың 4-тоқсаны |
6 | Конституциялық-кеңесшi органдардың отырыстарында (алқалар) ақпараттық- насихат және тәрбие жұмыстарының қорытындысын шығару | кеңестiк- мәжiлiстiк органдардың ұсынымдары | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | жыл сайын |
7 | БАҚ-та тиiстi министрлiк- тер мен ведомство басшылары сөйлейтiн сөздерiнiң (брифингi. лерiнiң) кестесiн әзiрлеу және бекiту | мақалалар мен брифингтер кестесi | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | жарты жылда бір рет |
8 | Қоғамдық және үкiметтiк емес ұйымдармен жұмысты жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау | Үкiметке ақпарат беру | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2002 жылдың І шілде |
9 | Ардагерлер ұйымдарын тәрбие және ақпараттық- насихат жұмыстарына белсендi тартуға бағытталған iс-шаралар кешенiн әзірлеу және iске асыру | iс-шаралар | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | тұрақты |
10 | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босатылған әскери қызметшiлердi жұмысқа орналастыру және қайта даярлау, әлеуметтiк бейiмдеу жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны әзірлеу | Үкiмет қаулысы | ҚМ | 2002 жыл |
11 | Таңбатану жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы ұсыныс енгiзу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери даңқы белгiлерi туралы ереже әзірлеу және бекiту | Yкiмет қаулысы | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2002 жыл |
12 | Облыстар мен аудандардың мәдени мекемелерi, ұйымдары мен кәсiпорында- рын әскери бөлiмдердi қамқорлыққа алуын ұйымдастыру шараларын қабылдау | ведомство- лық бұйрықтар | ҚМ, ТЖА, IIМ, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері | тұрақты |
13 | Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайту мақсатын- да әртүрлi мерекелiк iс-шараларды пайдалануды жандандыру. Қарулы Күштердiң мекемелерi мен әскери бөлiмдерiне құр- меттi атаулар беру жүйесiн жетiлдiру. | iс-шаралар, акциялар | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша), Астана және Алматы қалалары әкімдері | тұрақты |
14 | Қарулы Күштерде спорттық іс-шараларды тұрақты өткізуді практикаға енгiзу | iс-шаралар, акциялар | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша), ТСА, облыс, Астана және Алматы қ.қ. әкімдері | тұрақты |
15 | Мәдениет мекемелерiнде, кiтапханаларда әскери даңқ залдарын, экспозици- ялар, көрмелер ашу. Ас- тана қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұражайын құру | мұражайлар- дың, залдардың, экспозиция- лардың жұмыс iстеуi | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша),Мәдмині, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері | тұрақты 2002 жылдың 4 тоқсаны |
| Ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету |
16 | Ақпараттық-насихат жұмыс жоспары жұмыстарының жоспарларын қалыптастыру | жұмыс жоспары | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | жыл сайын |
17 | Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту, әскери реформаларды жүргiзу мәселелерiн мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде белсендi насихаттау | Үкіметке ақпарат беру | Ақпаратмині | жыл сайын желтоқсан |
18 | Республикалық және аймақ- тық бұқаралық ақпарат құралдарында Қарулы Күштердiң және әскери кәсiптiң беделiн нығай- туға бағытталған тұрақты айдарлар, телерадио бағдарламалар ашу | Үкіметке ақпарат беру | МАҚКМ | 2002 ж. І маусым |
19 | Министрлiктер мен ведомстволардың баспасөз қызметтерi БАҚ-тарға әскери қызметкерлердiң ерлiктерi және жанқияр- лық iс-әрекеттерi туралы мәлiмет беру | БАҚ-тардағы материалдар | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша), Ақпаратмині | тұрақты |
20 | Жұртшылықты және БАҚ-ты әскери қызметкерлердiң гуманитарлық акцияларға қатысуы, халыққа көмек көрсетуi және басқа да акциялар туралы жүйелi ақпараттандыру | БАҚ-тарда сөйлеген сөздерi мен жарияланым | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | тұрақты |
21 | Әскери қызметшiлердi наградтау және көтермелеу барысында жариялылықты қамтамасыз ету | БАҚ-тарда сөйлеген сөздерi мен жарияланым | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша) | тұрақты |
22 | Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайту үшiн көрнекi үгiт және насихат мүмкiндiктерiн кеңiнен пайдалану | көрнекі насихат құралдары | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК (келiсiм бойынша),Ақп.мині, облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдерi | тұрақты |
23 | Дүниежүзілiк Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнде арнайы сайттар ашу мүмкіндiгін қарастыру | веб-сайттар | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша) ҰҚК (келiсiм бойынша) | тұрақты |
24 | Қарулы Күштердiң оң беделiн нығайтуға бағытталған арнайы әдебиеттi шығаруды қамтамасыз ету | әдебиет шығару | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша) ҰҚК (келiсiм бойынша), облыс, Астана және Алматы қалалары әкiмдерi | тұрақты |
25 | Жыл сайын журналистер, әдебиет және өнер, қайраткерлерi арасында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi туралы үздiк туындыларға (жарияланым- дарға, теле және радиобағдарламаларға, көркем немесе деректi фильмдерге, сурет және т.б.) байқау өткiзу | байқау өткізу | ҚМ, IIМ,Мәде- ниетмині,Ақпа- ратмині | 2003-2005 |
| Ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету |
26 | Қарулы Күштердегi тәрбие және ақпараттық-насихат- тық жұмыстарының оң тәжiрибесiн қорыту әрi кеңiнен жария ету | Жарияланым- дар, теле және радио бағдарлама- лар, семинарлар, тәжiрибе алмасу жөнiндегi кеңестер | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша) ҰҚК (келiсiм бойынша) | тұрақты |
27 | Жұртшылықпен байланыс жөнiндегi қызмет қызметкерлерiнiң, бөлiм және бөлiмше командирлерiнiң тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасарларының кәсiби білiктiлiгiн көтеру семинарларын, курстарын өткiзу | семинарлар, курстар | ҚМ, ТЖА, IIМ, РҰ (келiсiм бойынша) ҰҚК (келiсiм бойынша),Ақп.мині, МҚА, ҒБМ | жыл сайын |
28 | Әскери оқу орындарында тәрбие және әлеуметтiк- құқықтық жұмыстар бойынша әскери психолог, социолог, саясаттанушы мамандарын дайындайтын факультеттер, арнайы курстар ашу | Курстар, факультет- тер құру | ҚМ, ІІМ | 2002 жыл |
29 | Қарулы Күштерде оң моральдық психологиялық ахуалды қалыптастыру жүйесi туралы қолданбалы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру және үйлестiру | ғылыми зерттеулер | ҚМ, IIМ, ҰҚК (келiсiм бойынша) | 2003 жыл |
30 | Ақпараттық-тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi арнайы әдiстемелiк құралдар дайындау | әдiстемелiк құралдар | МАҚКМ | 2002 жыл |