Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсан N 1758 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. N 20 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 26 желтоқсандағы N 1325 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мүгедектердің жоғалтқан қарекетiнің орнын толтыру, тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметке қабiлетiн қалпына келтiру және мүгедектердің қоғамға мейлiнше толығырақ кiрiгуiне септесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар:
1) Бағдарламаны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаның орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiне 2002 жылдан бастап жылына екi рет - әр жылдың 20 қаңтарына және 20 шілдесiне ақпарат берiп отырсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгі жыл сайын 25 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектердi оңалтудың
2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы
Астана, 2001 жыл
1. Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған
бағдарламасының паспорты
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. N 20 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді
Бағдарламаның Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға атауы арналған бағдарламасы Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы әзiрлеу үшiн 7 наурыздағы N 367 қаулысымен бекiтiлген негiздеме Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000-2002
жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге
асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары
(4.1.3.3. тармақ)
БағдарламаныңбастамашысыБағдарламаныңмақсаты менміндеттерi тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау,
мүгедектiк деңгейiн азайту.
Негiзгiорындаушылар министрлiгi, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлігі,
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
жөнiндегi агенттiгi, облыстардың, Астана, Алматы
қалаларының әкiмдері
Бағдарламаныңнегiзгiiс-шаралары мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету және
оларды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз
ету, мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым
объектілерiн кедергiсiз пайдалану мүмкіндiгiн жасау,
халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм
беру жүйелерiнде мүгедектердi оңалту мәселелерiмен
айналысатын қызметкерлердi даярлау мен біліктілігiн
арттыру жөнiндегi ұйымдастырушылық iс-шараларын
жүзеге асыруды көздейдi
Бағдарламаныiске асырумерзiмiҚаржыландырукөздерi менкөлемi қаржы көздерiнен жүзеге асырылады.
Бағдарламаны iске асырудың 2002 жылдан 2005 жылға
дейiнгi барлық кезеңiне қаржыландыру үшiн 3,98 млрд.
теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен 2,0 млрд.
теңге, жергiлiктi бюджеттен 1,98 млрд. теңге қажет
болады.
Бағдарламаныiске асыруданкүтiлетiннәтижелер қоғамдық, кәсiби қызметінде қабiлетiн қалпына
келтiруге, конституциялық құқықтарын толық көлемінде
iске асыруға және олардың қоғамға кiрiгуiн
жылдамдатуға көмектеседi.
2. Кiрiспе
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын iске асыруда тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етiлуiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларында кепiлдiк берiлген.
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау шараларының бiрi - ағзаның бұзылған немесе жоғалған қарекетiн, өзiне өзi қызмет ету, кәсiби қызметтiң әр түрiне қабiлетiн қалпына келтiруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтiк-экономикалық iс-шаралар кешенiнен тұратын, сондай-ақ мүгедектердің толыққанды өмiр сүруiне мүмкiндiк беретiн әрi олардың құқықтары мен қабiлет мүмкiндiктерiн iске асыруын қамтамасыз ететiн оңалту болып табылады.
Мүгедектердi оңалту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi және елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы ескерiлiп жасалды.
3. Қазақстандағы мүгедектiлiктiң жай-күйiн талдау
Республикада барлығы түрлi санаттардағы 386,2 мың мүгедек, соның iшінде 211 мың мүгедек әйел, 49,8 мың 16 жасқа толмаған мүгедек бала, бала кезiнен 58,8 мың мүгедек және басқа да мүгедектер тұрады. Бұл цифрлар, мүгедектiктiң бұдан әрi осылайша көбеюi денi сау халықтың өсiмiнің азаю қаупiн туғызып, республиканың еңбек ресурстарының саны мен сапасының құлдырауына соқтыруы мүмкiн деген тұжырымға келтiредi.
Алғаш рет мүгедектiкке ұшыраудың 1998-2000 жылдар
iшiндегi көрсеткiшi
Көрсеткіштер 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл |
Ересек адамдар арасында алғаш рет мүгедек деп танылғандар, 55145 49683 46133 оның iшiнде әйелдер 22504 20515 18892 Алғаш рет мүгедек деп танылған адамдардың iшiнде: қалалық жерде тұратындар, 32073 28499 26138 оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 24473 22504 21416 Ауылда тұратындар, 23072 21184 19995 оның iшiнде еңбекке жарамды жастағылар 20212 19059 18215 Алғаш рет мүгедек деп танылғандардың iшiнде жұмыс iстейтiндер 14752 10930 8979 |
Төменде мүгедектiк топтары бойынша алғаш рет мүгедек деп танылғандар
саны туралы мәлiмет келтiрiлдi:
Мүгедектік тобы 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл |
І топ 5952 4909 4801 ІІ топ 33058 27452 25302 ІІІ топ 16135 17322 16030 |
Мүгедектіктің негізгі себептері: |
Мүгедектiк себебi 1998 жыл 1999 жыл 2000 жыл |
жалпы аурудан 46417 41560 38188 еңбек жарақатынан 656 516 479 кәсiби аурудан 163 111 111 бала кезiнен мүгедек 6424 6518 5524 |
Алғаш рет мүгедектiкке ұшырау құрылымында бiрiншi орында қан
айналымы органдары сырқатынан мүгедектiк - 18,6 пайыз, екiншi орында
зиянды iсiктерден мүгедектiк - 14,1 пайыз, үшiншi орында психиканың
бұзылуынан 12,1 пайыз және төртiншi орында - барлық орын алған
жарақаттардан 11,9 пайыз.
Еңбекке жарамды адамдар арасындағы мүгедектiктің көбеюiне әлеуметтiк
және экономикалық факторлар, жұмыссыздық, медициналық қызметтер құнының
жоғары болуы әсер етедi.
Соңғы екi жыл iшiнде балалар арасындағы мүгедектiк 16 пайызға өсiп
кеттi. Республикада 16 жасқа дейiнгi 49,8 мың мүгедек бала және бала
кезiнен 58,8 мың мүгедек тұрады. Балалардың мүгедектiкке ұшырауына
итермелейтiн факторлардың iшiнде мыналарды бөлiп көрсетуге болады:
биологиялық - ата-анасының созылмалы, туа бiткен және генетикалық
ауруларының жоғары деңгейде болуы, перинаталдық кезеңнің патологиясы;
медициналық-ұйымдастырушылық - ауруды кеш анықтау, ауруды анықтаудан
бастап мүгедектiк белгiленiп, оңалтудың басталуына дейiнгi кезеңнің
ұзақтығы; әлеуметтiк-орта - экологиялық жағдайдың нашарлауы, әлеуметтiк
жағдайы нашар отбасылар.
Мүгедектiктiң өсе түсуi жағдайында мүгедек балалардың және олардың
отбасыларының әлеуметтік проблемалары өткiр сезіліп отыр. Ауру сәби
дүниеге келген күннен бастап отбасы оның тауқыметiн тартуға мәжбүр
болады. Жағдайды өзгерту және мүгедек балалар мен олардың отбасыларына
көмек көрсету үшiн халықты әлеуметтiк қорғау денсаулық сақтау, бiлiм
беру, мәдениет, ақпарат органдарының ынтымақтастығы мен күш-жiгерiн
бiрiктiру қажет.
Мүгедек балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшiн арнайы жағдайлар қажет.
Республикада көзi нашар көретiн балаларға арналған 8 мектеп бар, оларда
көзi нашар көретiн 1240 бала оқиды және 2706 баланы қамтитын есту
қабiлетi нашар балаларға арналған 19 мектеп бар. Бұл оқу орындары
аудиторияларды сымсыз сыныптармен арнайы жабдықтауды қажет етедi. 2001
жылы алғаш рет Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi есту
қабiлетi нашар балалар оқитын 9 мектепке 18 сымсыз сыныптар жиынтығын
сатып алды, бұл арнаулы мектеп-интернаттарда оқитын есту қабiлетi нашар
балалар үшiн тым мардымсыз.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқуға мүмкiндiгi жоқ мүгедек
балалардың психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның
қорытындысы бойынша тәрбие мен бiлiмдi үйлерiнде алуына болады. Қазiргi
кезде 2270 мүгедек бала үйiнде оқытылуда. Оларды оқытуға жұмсалатын
шығындарды өтеу үшiн оларға 3711 теңге мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген I және II топтағы
мүгедектердiң, олардың денсаулық жағдайын ескергенде, өздерiнің отбасы
тұратын жерде жұмысқа тұруға мүмкiндiгi бола бермейдi.
Мүгедектердiң еңбегiн дәстүрлi пайдаланатын көптеген кәсіпорындар
жабылып қалды немесе өндiрiсiн тоқтатты. Мүгедектер үшiн жаңа жұмыс
орындары құрыла бермейдi. Кәсiпорын әкiмшiлерi еңбек рыногында еңбекке
жарамды адамдар тарапынан ұсыныстар көп түсетiндiктен, түрлi сылтауларды
желеу етiп, жұмыс iстейтiн мүгедектердi қысқартады.
Бос орындар мүгедектерге тым сирек берiледi. Мүгедектердi жұмысқа
орналастыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн болатын жұмыс орындарының есебi
жүйелi жүргiзiлмейдi. Осыған байланысты, ұйымның қағидаттары,
инвестициялау көздерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, мүгедектер үшiн
жұмыс орындарын есепке алуды ұйымдастыру түрiнде (бар болуы, сақталуы,
өзгеруi, жаңаларын құру) жұмыс орындары банкiн құру қажет.
Өздерінің өнiмдерiне мемлекеттiк сатып алудың тоқтатылуынан,
мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң арнаулы кәсіпорындарының жағдайы
қиындап кеттi. Өткiзу рыногында халық тұтынатын тауарлардың қаптап
кетуiнен бұл кәсіпорындар бәсекелестiкке жарамай қалды.
Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау шаралары Қазақстан
Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк
қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңына, "Қазақстан
Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтік жәрдемақылар
туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңына,
басқа да заңнамалық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Мүгедектерге әлеуметтiк көмек жәрдемақы түрiнде, протез-ортопедиялық
бұйымдармен және аяқ киiммен, арнаулы қарпі бар баспа өнімдерiмен, дыбыс
күшейту аппаратурасымен және сигнализаторлармен, компенсаторлық
техникалық құралдармен қамтамасыз ету түрiнде берiледi.
Қазақстан Республикасының барлық мүгедектерi мүгедектiгi бойынша
мемлекеттiк жәрдемақы алады. Жалпы аурудан, еңбек жарақатынан, кәсiби
аурудан, бала жасынан мүгедектерге жәрдемақы мынадай мөлшерлерде
төленедi:
I топтағы мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы
мүгедектерге - 4 айлық есептiк көрсеткiш, III топтағы мүгедектер мен
мүгедек балаларға - 3 айлық есептiк көрсеткiш, ал бұл 2001 жылдың 1
қаңтарында тиiсiнше 4650 теңгенi, 3100 теңгенi және 2325 теңгенi құрады.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу,
ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған мерзiмдi әскери қызметшілер
қатарындағы мүгедектерге, азаматтық немесе әскери нысандағы ядролық
объектiлердегi апат салдарын жою кезінде немесе ядролық объектілердегi
апатты жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдарға, экологиялық төтенше
жағдайлар салдарынан, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар өткiзу
кезiндегi радиацияның әсер етуi себебiнен және/немесе осылардың
салдарынан болған мүгедектерге себеп-салдары анықталған жағдайда:
I топтағы мүгедектерге - 8 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы
мүгедектерге - 6 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге -
5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001
жылдың 1 қаңтарында тиiсiнше 6200 теңге, 4650 теңге, 3875 теңге болды.
Әскери қызметiн өтеу кезiнде алған жаралану, контузия алу, мертiгу,
ауруға ұшырау салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер
қатарындағы (мерзiмдi әскери қызметшiлерден басқа) мүгедектерге, қызмет
мiндеттерiн атқару кезiнде iшкi iстер органдары қызметкерлерi қатарындағы
мүгедектерге:
I топтағы мүгедектерге - 15 айлық есептiк көрсеткiш, II топтағы
мүгедектерге - 10 айлық есептiк көрсеткiш және III топтағы мүгедектерге 7
айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде жәрдемақы төленедi, ал бұл 2001 жылдың
1 қаңтарында тиiсiнше 11625 теңге, 7750 теңге, 5425 теңге болды.
1999 жылғы 1 сәуiрден бастап жалпы аурудан, еңбек жарақатынан,
кәсiби аурудан болған I және II топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейiнгi
мүгедек балаларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға
жәрдемақылардың өзге түрлерiне қарамастан, коммуналдық қызметтерге, отын
және тұрғын үйдi ұстау шығындарын төлеуге арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы
төленіп келедi.
I және II топтардағы мүгедектерге берiлетiн арнаулы мемлекеттiк
жәрдемақы мөлшерi 1,4 айлық есептік көрсеткiштi немесе 1085 теңгенi, III
топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептiк көрсеткiштi немесе 465 теңгенi
және 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға 0,9 айлық есептiк көрсеткішті
немесе 697 теңгенi құрайды.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне
теңестiрiлген адамдарға 5,7 айлық есептiк көрсеткiш немесе 4389 теңге
мөлшерiнде арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленедi.
Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар тиiстi бюджеттердiң
қаражаты есебiнен өз құзыретi шегiнде:
тұтыну бағасы индексiнiң өсуiне қарай мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақыларға қосымша ақы;
бөгде адамның көмегiне мұқтаж жалғызіліктi мүгедектердi күту үшiн
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға қосымша үстеме ақы;
санаторлық-курорттық емдеу жеңiлдiктерiн белгiлейдi.
Жергіліктi өкiлдi және атқарушы органдар жергіліктi бюджет қаражаты
есебiнен мүгедектердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға және олардың
тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған басқа да шешiмдердi қабылдайды.
Республикада қарттар мен мүгедектерге арналған 15604 орынды 70
интернат үйi жұмыс iстейдi, олардың ішінде 7042 орынды 25 интернат үйi
психикалық-неврологиялық ауруларға, 2721 орынды 17 интернат үйi мүгедек
балаларға арналған. Жалғызiлiктi қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк
қолдау үшiн үйлерге барып көмек көрсететiн 309 әлеуметтiк көмек бөлiмшесi
жұмыс iстейдi, олар 31632 жалғызіліктi қарт азаматқа, оның iшiнде 8471
мүгедекке қызмет көрсетедi.
28 мыңнан астам азамат протез-ортопедиялық көмекке, 60 мыңнан астам
құлағы нашар еститiн мүгедек - сурдотехникаға, 19 мыңнан астам көзi нашар
көретiн мүгедек тифлоқұралдарға мұқтаж.
2000 жылы 12017 мүгедек аяқ-қол буындарын протездеумен, 5797 мүгедек
протез-ортопедиялық аяқ киiмдермен, 3180 мүгедек есту аппараттарымен,
5100 мүгедек тифлоқұралдармен қамтамасыз етiлдi.
Мүгедектердi протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің
практикасын талдау бұйымдар сапасының төмендiгiн ғана емес, бiрқатар
ұйымдастырушылық проблемаларын да көрсетiп отыр. Қазақстанда протездеу
мен протез жасау проблемаларына зерттеу жүргiзетiн бiр де бiр
ғылыми-зерттеу институты жоқ. Протездеу сапасын бағалау тек клиникалық
деректер негiзiнде ғана жүргiзiледi және негiзiнен екi факторға:
мүгедектiң барабар сезiнуiне және протез жасаушының сауатты әрекетiне
тәуелдi.
Халықты емдеу, емдеу-алдын алу және осы заманғы талаптарға сай
келетiн протез-ортопедия құралдарымен мейлiнше толығырақ қамтамасыз ету,
республикалық мемлекеттiк протез-ортопедия кәсiпорындарын басқарудың
құрылымын оңтайландыру, протез салу мен протез жасауда зерттеу және
жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу, қол және аяқ буындары
протездерiне қажеттi түйiндер мен бөлшектер өндiрiсi бойынша импорт
алмастырушы жаңа конструкциялар мен әзiрлемелердi енгiзу мақсатында жұмыс
iстеп тұрған протез-ортопедиялық кәсiпорындарын қайта құру көзделуде.
2000 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен Ұлы Отан
соғысының 459 мүгедегi автокөлiкпен қамтамасыз етiліп, 910 мүгедек
кресло-қораптар алды.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының мүгедектерге техникалық немесе
өзге де құралдар беруге қатысты бөлiгi толық көлемiнде орындалмай келедi.
Оңалтудың техникалық құралдары жоғалтқан қарекеттерiн түзеуге немесе
орнын толтыруға, оның iшiнде өзiне өзi қызмет көрсетуге арналған бейiмдеу
құралдарынан тұрады (тамақ ішу үшiн - асханалық аспаптарды кигiзiп
бекiтуге арналған белбеушелер, крандар, газ және электроплиткаларына
арналған тұтқалар, арнайы асханалық аспаптар және зағип адамдар үшiн
икемдеу құралдары); санитарлық-гигиеналық процедураларды орындау үшiн
тұрмыстық бейiмдеу құралдарынан (тiс мәуесегiн, сабынды, жөкенi, тарақты,
электр ұстарасын кигiзiп, бекiтетiн белбеушелер, тiс пастасын қысып
шығаруға, су крандарын, душты ашуға, киiмдердi, шұлық-ұйықтарды,
аяқкиiмдi киіп, шешуге бейiмдеу құралдары); жылдамырақ және ақырын жүруге
арналған құралдардан (қолмен басқарылатын автомобиль, бөлме iшiнде
жүретiн, серуендейтiн кресло-қораптар, екi аяғы жоқ мүгедектер үшiн шағын
қораптар, балдақтар, таяқтар); мүгедектердің естуiн түзеу және
коммуникациялық қолдау құралдарынан (Брайло бойынша хат жазуға арналған
машинкалар, оқуға арналған дүрбiлер, "сөйлей бiлетiн кiтап" үшiн арнайы
магнитофондар, домофондар; тербеткіш қоңыраулы сағаттар, арнайы
диктофондар, жылжымалы жолдары бар немесе дыбысы күшейтiлген телефон
аппараттары) тұрады.
"Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтiк қорғалуы туралы"
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы Заңының мүгедектердің
тұрғын үйлерге және өзге де әлеуметтік инфрақұрылым объектiлерiне
көтерiлуiн қамтамасыз етудi көздейтiн 8-бабы да жүзеге асырылмай отыр.
Бұл бiрiншi кезекте, ғимараттардың есiгi мен көшелердің жерасты
өткелдерiне қойылатын пандустарға қатысты.
Тұтастай алғанда "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк
қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы
Заңының баптарының көпшiлiгi орындалмай отыр, бiрқатар баптар құрғақ сөз
күйiнде қалуда, заң баптарының шарттарын орындамағаны үшiн берiлетiн
жазалар анықталмаған.
Мүгедектердiң демалысы мен спортпен айналысуын ұйымдастыру бойынша
оларды нақты кепілдіктермен қамтамасыз ету жөнiндегi проблемаларды
шешудi, аталған бағытта мүгедектермен жұмыс iстейтiн кадрларды даярлаудың
тәртiбi мен шарттарын анықтауды нормативтiк тәртіпте жүргiзген жөн.
Мүгедектер мен олардың отбасы мүшелерiн өздерiнің жеке проблемаларын
шешуге олардың өздерiн тiкелей тарту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу
және бекiту мүгедектердi әлеуметтік оңалту жоспарының маңызды
бағыттарының бiрiнен саналады, онда жоғалтқан қарекеттерiн қалпына
келтiру және орнын толтыру үшiн базалық даярлық, өзiн өзi күту, өзiне өзi
қызмет көрсету бойынша консультациялар беру көздеген дұрыс.
Бағдарламаның iс-шаралар жоспарының жобасында "Мүгедектердің
әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының жаңа Заңын қабылдау
көзделген.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның негiзгi мақсаты - мүгедектердi оңалту жүйесiн құру, олардың қоғамға жан-жақты кiрігуiне мүмкіндiктер беру, кiрiптарсыз тұрмыс салтын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау, мүгедектiк деңгейiн азайту.
Бағдарламаның міндеттерi мыналар болып табылады:
мүгедектiктiң азаюын қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау;
мүгедектерге оңалту және басқа да техникалық құралдар мен медициналық, әлеуметтік және кәсiби оңалту бойынша қызметтердің кепiлдiкті тiзбесiн беруден тұратын мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеудi және жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
мүгедектердi кешендi оңалтуды дамыту, оңалту мекемелерінің жүйелерiн дамыту мен материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша практикалық iс-шараларды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау, бiлiм беру, халықты әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт жүйесiнде мүгедектерге арналған iс-шаралар мен қызметтердiң тiзбелерiн және ауқымын кеңейту;
бiлiм беру, еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау, физкультура және спорт ұйымдарының мүгедектердi оңалту мәселелерi жөнiндегi жұмысының нысандары мен әдiстерiн жетілдіру;
мүгедектерге өзiнің шығармашылық қабiлетiн пайдалануға, хореография, музыка, әдебиет, театр, сурет, мүсiндеумен, өнердің басқа да түрлерiмен айналысуға мүмкiндiктер беру мақсатында кәсiби даярлықты қамтитын iс-шараларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтiк-экономикалық шараларды жүзеге асыру жолымен жұмыспен қамту саласында мүгедектердi қосымша кепілдiктермен қамтамасыз ету;
мүгедектердің кедергiсiз жүріп-тұруына және әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiруiне жәрдемдесу жөнiнде iс-шаралар өткiзудi қамтамасыз ету;
мүгедектердiң сұранысын ескере отырып, оңалтудың техникалық құралдарымен, сондай-ақ сурдоаударма бойынша қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету;
мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту мәселелерi бойынша мамандарды қайта даярлауды қамтамасыз ету;
оңалту жүйесiн құқықтық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етудi жетілдiру.
5. Бағдарламаның негiзгі бағыттары және
оны iске асырудың тетiгi
Бағдарламаның негiзгi бағыттары:
1. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерiн реттейтiн заңнамалық база жасау, оларға қоғамға жан-жақты кiрiгуi үшiн мүмкiндiктер беру, кiріптарсыз тұрмыс салты үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету.
2. Ағзаның жетiлуiндегi бұзылушылықтарды ерте анықтаудың тиiмдiлiгiн арттыру:
әйелдер босанатын және амбулаторлық-емханалық ұйымдардағы "қатерлi" топтағы балаларды ерте анықтау және оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу;
мүгедектiктің алдын алу мақсатында оның басталуы және көбеюi себептерiн тексеру бойынша зерттеулер ұйымдастыру.
3. Мүгедектердi кешендi оңалтудың жүйесiн құру:
мүгедектердi, оның iшiнде мүгедек балаларды медициналық, әлеуметтік, кәсiби оңалтуды жетілдіру және оңалтудың барлық бағыттарын үйлестiру;
мүгедектердi санаторлық-курорттық емдеудi ұйымдастыру;
мүгедектердi оңалтудың техникалық құралдарымен, олардың өмiрiн жеңiлдететiн оңалту жабдықтарымен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру;
оңалту мекемелерiнің желiсiн дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жасөспiрiмдерге, мүгедек балаларға арналған арнаулы түзеу арқылы бiлiм беру ұйымдарының жүйесiн сақтау және кеңейту;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар құру арқылы Астана қаласында, балалар саны кемiнде 60 мың болатын республикалық маңызы бар қалаларда диагностикалық-консультациялық қызметтер жүйесiн кеңейту;
мемлекеттiк теледидар арнасында ақпараттық бағдарламалардың сурдоаудармаларын ұйымдастыру;
мүгедектерді кәсіптік даярлау, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мүгедектердi қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтау;
мүгедектердің әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне кiруiн қамтамасыз ету.
4. Мүгедектердi белсендi өмiр салтына тарту:
мүгедектердің спорт жарыстарына, көркемөнерпаздар үйiрмелерiне, сурет және басқа да шығармашылық конкурстарына қатысуын қамтамасыз ету.
5. Халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру салаларында мүгедектердi оңалту мәселелерiмен айналысатын қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру.
6. Мүгедектер проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.
ҚР Үкіметінің 15.01.03 ж. N 20 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді