Әйтсе де, осы пәндi оқыту факультативтiк негiзде жүзеге асырылуда. Олардың жас ерекшелiгi сараланып ескерiлген оқушыларға арналған оқулықтар тестiден өткiзiлмеген. ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы мәселелерiн нақты iске асыру елдiң тек кейбiр аймақтарында ғана (мысалы, жоғарыда көрсетiлгенiндей Темiртау қаласындағы iндеттiк ахуал неғұрлым шиеленiстi сипатта) жүзеге асырылуда.
Педагогтар мен ата-аналар арасында, әлi күнге дейiн оқушыларға бiлiм беру бағдарламаларын ұсыну практикасына қарсы шығушылар әлi де көп, мұның өзi инъекциялық есiрткi тұтыну мен жасөспiрiмдер мен жастар арасында ЖЖБИ-дiң жеткiлiктi түрде кең таралған субкультура қалыптасқанымен үйлеспейдi.
3.2.3. Презервативтермен жабдықтау саласындағы саясат
Халықты презервативтермен жабдықтау ресми түрде АҚТҚ инфекциясының таралуына қарсы iс-әрекеттің аса маңызды құралы болып танылуда. Қазiргi ережелер бойынша Қазақстан аумағында сатылатын презервативтердiң уәкiлеттi орган беретiн гигиеналық сертификаты болады.
Алайда, практикада, презервативтермен жабдықтау саласындағы мемлекеттiк iс-шаралар шектеулi және осы мәселе жеке кәсiпкерлiк құрылымдардың қарауында қалдырылған, соның iшiнде рынокта КЖҚҚ-ны қоса алғанда, әйелдерге неғұрлым қауiпсiз қылық туралы өз бетiмен шешiм қабылдауға мүмкiндiк бермейдi.
Презервативтер сатып алуға, сондай-ақ жеңілдiктер алып, шығыстар жабуды кейiнге қалдырылатын оларды дотациялау саясаты жүргiзiлмейдi. Сапалы презервативтер құны бойынша халықтың көпшілiгiнің, соның iшiнде қылығы қатерлi топтар өкілдерiнiң де қолы жетпейдi. Батыс өндiрiсiндегi бiр сапалы презервативтiң нақты құны халықтың үштен бiрiнiң табысы одан төмен бiр күндiк тұтыну себетiнің (113 теңге) жартысының орташа құнынан асып түседi.
Қазақстанның рыногында Қытайдан және Yндiстаннан әкелiнетiн презервативтерге қол жетiмдi әрi арзан. Алайда, олар әрдайым дерлiк сертификаттала бермейдi. Шығу тегi белгiсiз әрi сапасы нашар сертификатталмаған көптеген презервативтердiң әкелiнуiне нақты тосқауыл қойылмаған. Презервативтердi насихаттауды, негiзiнен ЖЖБИ, ЖҚТБ/АҚТҚ, репродукциялық денсаулық және отбасын жоспарлау қызметтерi шектеулi ауқымда жүзеге асыруда. Алайда, осы насихаттың өзi, тiптi денсаулық сақтау секторы шеңберiнде де қарсылыққа ұшырауда.
3.2.4. Азаматтық қоғамның қарсы шаралары
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында өздерiнiң жарғылық мiндетi ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы тұру деп белгiлеген бiрқатар үкiметтiк емес ұйымдар тiркелдi. Алайда, бұл ұйымдар тұрақты жұмыс iстемеуде және олардың әлеуетi жақсартуға мұқтаж. Шымкент қаласындағы "Сенiмдi тiрек", "Сенім", Алматы қаласындағы "Балама", Қарағанды қаласындағы "Iнжу", Темiртау қаласындағы "Аналар есiрткiге қарсы" сияқты бiрқатар үкiметтiк емес ұйымдар халықтың қылығы қатерлi топтары арасында (ИЕТ, КЖҚҚ, ЕЖЕ) тiкелей жұмыс iстеуде. Темiртау қаласында АҚТҚ-сы бар адамдардың мүдделерін қорғайтын "Шапағат" үкіметтік емес ұйымы жұмыс iстеуде. Соңғы жылдары жергiлiктi өкiмет орындары мен үкiметтiк емес ұйымдар арасындағы диалогқа жол ашылғанымен, бұл диалог шектеулi ауқымда қолдау табуда.
Бұқаралық ақпарат құралдары ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелерiн аракiдiк жария етуде. Алайда, бұл мәселелердi жария ету деңгейi елеулi түрде көтеруге мұқтаж. Кейбiр бұқаралық ақпарат құралдары АҚТҚ инфекциясын терiске шығару көзқарасын ұстануда. 2000 жылы ЖҚТБ/АҚТҚ проблемалары атымен жоқ сияқты жауапсыз мәлiмдемелердi басқа басылымдардан алып жариялау орын алды. Басқа бұқаралық ақпарат құралдары бұл хабарламаларды жоққа шығарған жоқ.
3.2.5. Мiнез-құлқы қатерлi топтармен жұмыс iстеу кезiндегi сектор аралық араласу
ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне байланысты халықаралық ұйымдардың көмегiмен ИЕТ, КЖҚҚ, ЕЖЕ, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың неғұрлым қауiпсiз қылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы жөнiндегi ел үшiн дәстүрден тыс тәсілдердi шектеулi ауқымда енгiзу әрекеттерi жасалуда. Қазiргi уақытта, ИЕТ-тiң арасындағы жобалар Қазақстанның 15 қаласында, КЖҚҚ арасында - 7 қалада, ЕЖЕ арасында - 2 қалада, сотталғандар арасында - бiр облыстың пенитенциарлық жүйесi мекемелерiнде жұмыс iстеуде. Тиiстi интервенциялар мейлiнше шектеулi сипатта және жалпы алғанда, Қазақстандағы халықтың аталған топтарының бағаланған жалпы санының 1% қамтиды. Араласу, негiзiнен жалпы және ведомстволық денсаулық сақтау секторларының күштерiмен, азырақ мөлшерде iшкi iстер және үкiметтiк емес ұйымдардың, сондай-ақ жеке сектордың күштерiмен жүзеге асырылуда.
3.2.6. Құқықтық қатынастар саясатын өзгерту
Соңғы жылдары халықтың қылығы қауiптi топтарына қатысты жазалау практикасынан бас тарту байқалады, мұның өзi заңнама өзгерiстерiнде де аңдалады. 1996 жылы қолданысқа енгiзiлген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексiнде ер адамдар арасындағы ерiктi жыныстық қатынастар үшiн жаза көзделетiн баптар жоқ.
2001 жылы қолданысқа енгiзiлген Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексте коммерциялық жыныстық қатынас жазаланатын iс-әрекет ретiнде қаралудан қалды. Алайда, жыныстық қатынастармен коммерциялық түрде айналысатындар әлеуметтiк бiрлiк ретiнде танылмайды, ал ұйымдасқан коммерциялық қатынас заң жүзiнде қуғындалуда. Тiркемесiз немесе ресми тiркелусiз тұру құжатының болмауы, ЖЖБИ жұқтыруы туралы жорамал полицияның КЖҚҚ-ны ұстауы үшiн негiз болып табылады және осы негiздер практикада жиi қолданылуда. КЖҚҚ-ға қатысты АҚТҚ мен ЖЖБИ-ге қатысты мәжбүрлеп тексеру және олар анықталған жағдайда ЖЖБИ-дi ықтиярсыз емдеу мәжбүрлеу сипатындағы шаралар болып табылады.
Есiрткi тұтыну заң бойынша қуғындалмайды. Әйтсе де, есiрткiнi көп мөлшерде заңсыз сатып алу мен сақтағаны үшiн қылмыстық жаза көзделген. Бұл ретте, нашақор заңды түрде есiрткi сатып ала алмайды. Ал, нашақордың бiр рет қолдануынан артық мөлшерi iрi болып саналады. Ол үшiн ешқандай негiзсiз ИЕТ-тi қамау, ұстау, тiнту әлеуеттi құрылымдар үшiн дәстүрге айналған. Атап айтқанда, ИЕТ-тi мәжбүрлеп емдеу, АҚТҚ мен ЖЖБИ-ге қатысты мәжбүрлеп тексеру сияқты, мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн.
Сөйтiп, қазiргi құқықтық қатынастар халықтың мiнез-құлқы ауытқулы топтары арасында ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасын жүргiзуге жәрдемдеспейдi және мiнез-құлқы қатерлi топтар өкiлдерiн мемлекеттiк құрылымдармен байланысқа түсуден бас тартуға мәжбүр етуде.
3.2.7. Өндiрiстiк сектордың қарсы шаралары
Осы уақытқа дейiн ЖҚТВ/АҚТҚ iндетi өндiрiстiк секторға алаңдатушылық туғызған жоқ. ЖҚТБ/АҚТҚ-ның профилактикасы бойынша Темiртау қаласындағы халықтың осал топтарының арасында және "Испат-Кармет" металлургиялық комбинаты өзiнiң жекелеген жұмысшыларының арасында араласуды қолдау жалпы ережеден тыс шығу болып табылады. Жастар жұмыс iстейтiн кәсiпорын иелерi ақпараттық материалдарды, алдын алу бағдарламаларын басып шығаруды қаржыландыруға, өздерiнiң жұмысшыларын презервативтермен жабдықтауға қатыспайды.
3.2.8. Қорыту
Қазiргi уақытта, ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы шара қабылдау iндеттiң таралуын тежеу мiндеттерiн шешуге барабар емес. Негiзгi ресурстар осы уақытқа дейiн алдын алу iс-шараларын жүргiзуге емес, АҚТҚ-сы бар адамдарды анықтауға бағытталған.
Бұл ретте, АҚТҚ-ға мәжбүрлеп тестiлеу және АҚТҚ-ның оң нәтижесi бар жеке адамдардың құқығын нақты шектеу адамдардың өзiнiң АҚТҚ мәртебесi туралы бiлмеуi, керiсiнше оларға заң алдындағы жауаптылықтың қосымша ауыртпалығы жүктелетiн мәлiметтер алудан жалтаруға әкеледi. АҚТҚ-ның оң нәтижесi бар жағдайда осындай адамдар басқа адамдарға аңдаусыз жұқтыруы мүмкiн.
Профилактика және ЖҚТБ-ға қарсы күрес қызметтерiнiң мақсатты топтардағы жұмысы олардың өкілдерiнің мiнез-құлқын қауiпсiз түрiне елеулi өзгертуiн әлi де болса қамтамасыз еткен жоқ. Наркологиялық және терi-венерологиялық аурулары қызметтерiнiң саясаты АҚТҚ-ның таратылу профилактикасының проблемаларына жеткiлiктi түрде байланыстырылмаған. Бiлiм беру секторының салауатты өмiр салтын қалыптастыруға қатысуы жастар арасындағы АҚТҚ-ның таралуын болдырмау аспектiсiнде шектелiп қалып отыр. Алдын алуға араласудың негiзiне нашақорлықтан немесе тұрақты жыныстық қатынастардан толық бас тарту болмасын, қоғамдық моральға қайшы келедi деп танылған тәртiп нысандарынан толық бас тарту доктринасы қаланады. Осындай доктриналар ұсынылып отырған шаралар олар үшiн ыңғайсыз халықтың осал топтарына АҚТҚ-ның шоғырлануымен сипатталатын iндеттiк жағдайларды ескермейдi. Олар АҚТҚ-ның одан әрi таралуына жанама әсер ететiн алдын алу бағдарламаларын қамтудан мақсатты топ өкiлдерiн терiс қаратады. Зиянды азайту стратегиясы АҚТҚ-ның экспансиясына ең аз мөлшерде әсер етуге ғана мүмкiншiлiгi бар мейлiнше шектелген көлемде iске асырылады.
Мiнез-құлқы қатерлi халық топтарына қатысты заңдардың жалпы ырықтандырылуына қарамастан, қабылданған практика ең жақсы күйiнде оларға шыдамдылық көрсетуге бағытталған, бiрақ олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi шараларға емес. Қолданыстағы құқықтық қатынастар, тұтас алғанда халықтың мiнез-құлқы қатерлi топтары өкiлдерiнің мемлекеттiк құрылымдардан жасырынуына мәжбүр етуде.
Қолданыстағы заңнамалық және нормативтiк құқықтық актiлерге негiзделген шектеу практикалары АҚТҚ жұқтыруға қатысты халықтың мiнез-құлқы қатерлi топтардың осалдығын арттырады. Олар осал топтар өкiлдерiнiң қауiпсiз өмiр салтын жүргiзуге әсер ету мақсаты бар бiлiм беру бағдарламаларына, ақпараттарға, консультацияларға қол жеткiзуiн шектейдi. ЖЖБИ-мен ауыратындарды қудалау, жасырын дәрiгерлiк қызмет көрсетулердiң жеткiлiксiз деңгейi; жеке басын куәландыратын құжаттарды беруiн, жауапкершiлiкке тарту қаупiмен әрiптесi туралы ақпарат беруiн талап ету; мәжбүрлеп емханаға жатқызу персоналдың дұрыс қарамауы; таныстарын кездестiрiп қалудан қорқып мамандандырылған мекемелерге баруға психологиялық дайын еместігi; медициналық қызмет көрсетудiң және дәрілердiң қымбаттығы ЖҚТБ/АҚТҚ-ның биологиялық қабылдануын арттыратын аурулардың жоғары деңгейде таралуына және аз көрiнуiне қолдау көрсетедi.
ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне тиiмдi шара қолдануға қажет түрде жұмылдырылмаған әртүрлi қоғамдық қызметтердiң нашар үйлестiрiлуi және ресурстардың жетiспеушілігi кедергi болып отыр. ЖҚТБ/АҚТҚ проблемасы денсаулық сақтау проблемасы секiлдi қаралуын жалғасуда, дегенмен, ЖҚТБ/АҚТҚ-ға қарсы тұру қазiргi уақытта медицина қызметiнiң мүмкiншiлiгi шектелгендiктен, адамдардың мiнез-құлқын өзгертуге құрылуда.
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты және
оның міндеттері
Бағдарлама елiмiздегi ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасының пәрмендi жүйесiн құруға бағытталған. Талдау көрсеткендей, елiмiздегi АҚТҚ-ның таралуын тұрақтандыруға қол жеткiзе аларлық мынадай мақсаттарды (басымдығын кемiту тәртiбiмен) қойып, қол жеткiзуге болады:
1 мақсат. АҚТҚ-ның бас сатыға көшуiн болдырмай оның шоғырлануы сатысында таралуын тұрақтандыру: 2005 жылдың соңында ИЕТ арасындағы АҚТҚ-ның таратылуы елiмiз бойынша тұтас алғанда, 5%-дан аспауы керек; бұл ретте, АҚТҚ-ны жыныстық жолмен жұқтырған адамдардың үлесi жұқтыру жолдарының құрылымында 20%-дан аспауы тиiс.
Шешiлуге тиiстi мiндеттер:
профилактикалық бағдарламаға тұрақты тартылған ИЕТ-тiң үлесiн олардың бағаланатын санының 50%-не дейiн арттыру;
профилактикалық бағдарламаға тұрақты тартылған КЖҚҚ-ның үлесiн олардың бағаланатын санының 50%-не дейiн арттыру;
iндет шоғырланған (екi жыныстың да ИЕТ және КЖҚҚ) топ өкiлдерiнiң өз еркiмен жасырын негiзде консультация және тестiлеу алуы үшiн қаралуын олардың бағаланатын санынан 50%-ға дейiн арттыру;
халықтың осал топтарына профилактикалық бағдарламаларды iске асыру үшiн қолдаушы қоғамдық орта құру;
мiнез-құлқы қатерлі қоғамдастық өкiлдерiнiң қан және тiн өткiзуге рұқсатын шектеу.
2 мақсат. Халықтың ИЕТ және КЖҚҚ топтарының АҚТҚ-мен жұқтыруына қатысты осал топтардың жастар арасындағы жаңа адамдармен толығуын азайту, жастардың қауiптi жыныстық тәртiбiн кемiту.
Шешiлуге тиiстi мiндеттер:
ұйымдастырылған ұжымдарда жергiлiктi жерлерде есiрткiнiң және ретсiз жыныстық қатынастардың зиян екендiгiн, сондай-ақ АҚТҚ-ны жұқтырудан қорғану шараларын түсiндiрiп, бiлiм беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
қауiпсiз жыныс қатынасы мен есiрткiсiз өмiр сүрудi көпшiлiкке түсiндiруге бағытталған жастар саясатын әзiрлеу және жүзеге асыру.
3 мақсат. АҚТҚ-сы бар адамдардың кемiнде 80%-ын олардың ықтимал байланысы деңгейiн төмендететiн медициналық және әлеуметтiк бағдарламалармен қамтамасыз ету.
Шешiлуге тиiстi мiндеттер:
АҚТҚ-сы бар адамдарды ақпараттармен, психологиялық қолдаумен, презервативтермен, отбасы құруды жоспарлау бағдарламаларымен қамтамасыз ету;
АҚТҚ-сы бар адамдардың әлеуметтiк бейiмделу мәселелерiн шешудi профилактика және ЖҚТБ-ға қарсы күрес жөнiндегi орталықтардың қызметiне негiзгi бағыттардың бiрi ретiнде енгiзу және ЖҚТБ/АҚТҚ салдарынан ауыртпалығын азайту жөнiндегi iс-шаралар әзiрлеу;
АҚТҚ-сы бар адамдарға қоздырғышқа қарсы ем беру жолымен қоздырғыш жүктемесінің азаюын қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердiң шешiлуi ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi мемлекеттiк саясат тұжырымдамасында айқындалған стратегиялық бағыттар шеңберiнде жүруi тиiс.
5. Негізгі бағыт және бағдарламаны іске асырудың тетігі
5.1 ЖҚТБ/АҚТҚ-ның проблемасына және құқық қолдану практикасына
байланысты құқықтық қатынастар бойынша заңнамалық базаны
жетiлдiру, мiнез-құлқы қатерлi және АҚТҚ-сы бар адамдардың
конституциялық кепiлдік берiлген құқықтары мен бостандықтарын
қорғау
Профилактикалық бағдарламалар үшiн олардың неғұрлым ашықтығына қол жеткiзу мақсатында тәртiптiң девианттық нысандарындағы адамдардың - ИЕТ, КЖҚҚ, МСМ және басқалары, сондай-ақ ЖҚТБ/АҚТҚ-сы бар адамдардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын қамтамасыз ету ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы күрес саясатын жүзеге асыру кезiндегi ең басты мiндеттердің бiрi болып табылады. Заңнамалық база және құқықтық қолдану практикасы жоғары қатерлi топ өкiлдерiне өздерiнің тәртiбiн одан гөрi қауiпсiз тәртiпке өзгертуге тиiмдi көмек көрсету мүмкiншiлiгiне қайшы келмеуi тиiс, яғни, олардың мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардан тұйықталуына түрткi болмауы тиiс. АҚТҚ инфекциясының олардың ортасында төмендеуi, яғни АҚТҚ-ның осы топтардан халықтың қалған бөлiгiне берiлу мүмкiншiлiгiнiң кемуi мiнез-құлқының қатерi жоғары топтар өкілдерiнiң одан гөрi қауiпсiз тәртiптi саналы таңдауының салдары болады.
АҚТҚ-сы бар және мiнез-құлқы қатерлi адамдардың әлеуметтiк бейiмделуiне қолдау көрсету, мемлекет және қоғам тарапынан оларға қажеттi көмек көрсету үшiн жағдайлармен қамтамасыз етiлуi тиiс. Мемлекеттiк құрылымдар мен мiнез-құлқы қатерлi адамдар арасында өзара төзiмдiлiк қатынасын қамтамасыз ететiн құқықтық шаралар әзiрлеу, медициналық және әлеуметтiк қызметкерлердiң АҚТҚ-сы бар адамдар туралы мәлiметтердi таратқаны үшiн жауапкершіліктi күшейту қажет.
Құқықтық және құқық қорғау секторларының басымдықты iс-шаралары мыналар болуы тиiс:
жауапкершiлiк туған сәттен бастап нақты бiржолғы дозаларды назарға ала отырып, шағын, iрi және өте iрi ретiнде сақталатын есiрткiлердiң мөлшерiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қайта қарау;
мiнез-құлқының қатерi жоғары топтарға қатысты полиция қызметiн тек шектеушi практикада ғана емес олардың заңды құқықтарын қорғауға бағыттау; олардың мiнез-құлқының ықтимал қатерiн ескере отырып, бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды ЖҚТБ/АҚТҚ-ге профилактикалық бағдарламалармен қамтамасыз ету;
АҚТҚ-сы бар адамдарды басқа адамдардан бөлетiн мемлекеттiк актiлердiң тиімдiлiгiн талдау, соның iшiнде бас бостандығынан айыру орындарында да.
5.2 Мемлекеттiк құрылымдар, азаматтық қоғамдар және халықтың
мiнез-құлқы қатерлi топтарының арасында түсiнушілiк пен қолдау
қатынастарын қалыптастыру
Қазақстанда осы сәтте орын алып отырған ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiнiң сатысында АҚТҚ ауруының өсуiн, негiзiнен есiрткiнi инемен қабылдаушы және жыныстық өмiрдің тәртiпсiз түрiмен жүргiзушi адамдар айқындайды. Есiрткiнi тамырға қабылдайтын адамдардың секс-бизнеспен айналысуы неғұрлым кең тарауда. Дегенмен, жоғарыда көрсетiлген мiнез-құлқы ауытқыған нысандардағы адамдар олардың мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардан жасырынуына әкеп соғатын әлеуметтiк қысымға және стигматизацияға душар болады. Нәтижесiнде, халықтың басым топтарының өкiлдерi бiлiм беру және ақпараттық бағдарламалар алмайды, ЖҚТБ/АҚТҚ және оның профилактикалық жолдары туралы сауатсыз боп қалады және мiнез-құлқын саналы түрде өзгерте алмайды.
Мiнез-құлқы қатерлi қоғамдастықтармен байланыс орнату, ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелерi бойынша олардың құлағдарлығын арттыру және қауiпсiз мiнез-құлықты таңдауды ынталандыру кейiнге қалдырмайтын шара болып табылады.
Жергiлiктi жерлердегi мемлекеттiк басқару органдарына:
басым топтардың өкілдерiнің қатерлi мiнез-құлықты азайту жөнiндегi сындарлы бастамаларын мемлекеттiк қолдау мен ынталандыруды күшейту, АҚТҚ-сы бар адамдар төңiрегiнде төзiмдiлiк ортасын қалыптастыру, олардың iс жүзiнде кемсiтiлуiн жоюға және қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарды тартып, әлеуметтiк бейiмделу көмегiн көрсетуге бағытталған мемлекеттiк органдардың басым топтардың өкiлдерiмен ынтымақтастығы;
мiнез-құлқы қатерлi адамдармен тiкелей қатынас жасауға арналған құрылымдарды халықтың тиiстi топтарына жақындату мақсатында, психологиялық-әлеуметтiк қолдау көрсету функцияларымен бiрге шприцтер алмасу, қорғау құралдарымен және қажеттi ақпараттармен жабдықталған сенiм пункттерiнiң жүйесiн дамытуы;
қолда бар өндiрiстiк алаңдар мен персоналды пайдалану есебiнен барлық мемлекеттiк емдеу-профилактикалық ұйымдарда, сондай-ақ емдеу-профилактикалық ұйымдардан тыс ИЕТ үшiн сенiм пунктiлерiн ашуы;
жергілiктi әлеуметтiк қызметтер, сондай-ақ ЖҚТБ профилактикасы және есiрткiге қарсы күрес қызметтерiнiң қызмет басымдықтары ретiнде ИЕТ-пен дала жұмысын жүргiзу, iшкi еңбек ресурстарын қайта бөлу есебiнен осы қызмет түрiмен айналысатын қолда бар бөлiмшелердi нығайтуы;
жұртшылықты халықтың мiнез-құлқы қатерлi топтарына арналған профилактикалық бағдарламаларды қолдауын қамтамасыз етуге жұмылдыруы, ИЕТ пен КЖҚҚ-ны профилактикалық бағдарламаларға тартуға бағытталған олардың қызметiне үкiметтiк емес ұйымдардың қолдау көрсетуi;
ИЕТ, КЖҚҚ, халықтың басқа да осал топтарында ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы саласында жұмыс iстейтiн үкiметтiк емес ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен және жергiлiктi үкiметпен, сондай-ақ медицина қызметтерiмен тұрақты ынтымақтастық жасауы;
АҚТҚ-сы бар адамдармен байланыс орнату; оларды АҚТҚ iндетiнiң профилактикасы жөнiндегi жұмыстарға тартуы;
көпшiлiк акциялар, соның iшiнде АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратындардың пайдасына қайырымдылық акцияларын жүргiзуге;
басымдық тәртiппен АҚТҚ жұқтырғандарды жұмысқа орналастыруға және тұрмыстық жайластыруға, өздерiнiң iстерiн бастау үшiн олардың отбасыларына шағын несиелер беруге көмек көрсетуi;
Сонымен бiр мезгiлде, КЖҚҚ болып табылатын, есiрткi пайдаланушы, қорғанышсыз жыныстық қатынасқа түсетiн АҚТҚ-сы бар адамдардың, олардың клиенттерiнiң iшiндегi жолбасшы топтардың құрылуына, мiнез-құлқы қатерлi өзге де адамдарға ерекше назар аудару қажет; профилактикалық бағдарламаларды беру есебiнен олардың мiнез-құлқын өзгертуге көмек көрсетуi қажет.
5.3 Бiлiм беру бағдарламаларын өмiрге енгiзу және қатерлi өмiр салтын
жүргiзудiң қауiптi екендiгiн түсiнуге бара-бар ЖҚТБ/АҚТҚ
проблемаларын дұрыс қабылдауға әсер ететiн ақпараттық орта құру
АҚТҚ жұқтыруға әкелетiн халықтың мiнез-құлқына қарсы әрекет ету бүгiнгi күнi АҚТҚ-ға қарсы күрестің негiзгi құралы болып табылады (АҚТҚ-мен ластанған инъекциялық құралдарды және ерітiндiнi қолдану, қорғанышсыз жыныстық қатынас). Ақпараттық-бiлiм беру қызметi АҚТҚ жұқтыруға кедергi болатын халықтың мiнез-құлқының стереотипiн қалыптастыруға жеткiзуi тиiс. Оны iске асыру үшiн бiлiм беру, ақпараттық және жастар секторлары:
жалпы бiлiм беру мектептерiнiң, алғашқы, орта және жоғарғы кәсiби оқу орындарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен IIМ-нің жеке құрамын есiрткi тұтыну, ЖҚТБ/АҚТҚ және ЖЖБИ профилактикасы жөнiндегi мәселелердi оқу жоспарына мiндеттi түрде енгiзу;
ЖҚТБ/АҚТҚ (атап айтқанда, оқушылар сарайындағы, клубтардағы, жастар сарайындағы секцияларда) профилактикасы мәнiсiнде қауiпсiз өмiрдiң мәселелерiн мектептен тыс оқытуды дамыту;
АҚТҚ профилактикасының бiлiм беру бағдарламаларының ондағы көрсетiлген тақырыпты терең пысықтап, толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету. Оқыту нәтижелерiн нақты бiлiм деңгейiнiң, ниетiнiң және мiнез-құлқының өзгеруi көрсеткiштерi бойынша ғана бағалау;
прогрессивтi жұмыс нысандарын енгiзу жолымен ақпараттарды жеткiзу сапасын жақсарту (сахналық қойылымдар, рөлдiк ойындар, "тең-теңiмен" қағидаты бойынша оқытудың интерактивтiк әдiстерi және басқалар);
елiмiздiң бүкіл халқы үшiн тиiстi ақпаратқа қол жететiндей, қазақ, орыс және Қазақстан халықтарының басқа тілдерiнде көпшiлiк оқырмандарға арналған ақпараттық материалдарды әзiрлеудi және басып шығаруды қамтамасыз ету;
жастар арасында презервативтi насихаттауды қамтамасыз ету, жастардың презервативке қол жеткiзуiн арттыру;
жастардың назарын ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы тұру қажеттiлiгiне аудару. ЖҚТБ/АҚТҚ-ға қарсы тұру ұранымен мәдениет және спорт саласында жастар арасында көпшiлiк iс-шараларын жүргiзу;
"Есiрткiсiз өмiр" жастар науқанын өткiзу. Жастар арасындағы беделдi адамдарды жұмылдыру, бәрiнен бұрын өнер қайраткерлерiн, спортшыларды есiрткiге қарсы үгiтке жұмылдыру;
ЖҚТБ/АҚТҚ-ға қарсы күрестi насихаттау үшiн жастар ұйымдарын және жастардың жиналатын орындарын пайдалану;
отбасылық қатынастарды нығайтуға бағытталған моральдық және этикалық құндылықтарды насихаттауға көмек көрсету;
педагогтар мен ата-аналар үшiн оқыту семинарларын, тренингтер өткiзу;
әскери қызметкерлердi бiлiм беру бағдарламаларымен, қажеттi ақпараттармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету;
мiнез-құлығы қатерлi адамдар үшiн тазалық-ағарту әдебиеттерiн жеткiлiктi көлемде жеткiзу, қоғамдық бiрлестiктер және мiнез-құлығы қатерлi топтар өкiлдерiнiң белсендiлерiмен бiрлесiп түсiндiру жұмысын жүргiзу. Осы топтар өкiлдерiнiң жиналуы орындарында көрнекi үгiт құралдарын орналастыруды ұйымдастыру.
5.4 Медициналық қызметтi, медициналық және тазалық мақсаттағы
бұйымдардың сапасын бақылауды, ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне байланысты
ахуалды бағалау мен мониторингiн ұйымдастыру
Денсаулық сақтау секторы:
АҚТҚ көзқарасынан алғанда, оларды қауiпсiз енгiзу әдiстерiне, есiрткiнi инъекциялық қолданатын адамдарды оқыту жөнiндегi шараларды қабылдауы. ИЕТ-тi тазартылған бiр жолғы шприцтермен, инелермен, презервативтермен, дезинфекциялау құралдарымен жарақтандыруды ұйымдастыруы;