Әйелдермен бiрге еркектердiң де коммерциялық жыныстық қатынастары орын алуда. 1999 жылы Алматыда әйелдермен бiрге еркектерге де жыныстық қызмет көрсетудi ұсынатын еркектердiң саны мыңға жуық адамды құрады. Еркектермен жыныстық қатынасқа түсетiн еркектер, жалпы алғанда, халықтың мiнез-құлқы қауiптi топтардың бiрi болып табылады (12). Алматы қаласында жүргiзiлген 100 ЕЖЕ-ге сұрау салу, олардың 35% есiрткiнi немесе басқа да психоактивтi құралдарды тұтынатынын көрсеттi. Сұрау салынғандардың 52%-да соңғы 12 ай iшiнде ЖЖБИ не сифилис, гонорея немесе урогениталдық хламидиоздың нышандары байқалған. Бұл ретте, сұрау салынғандардың 21 жастан жасы төмендердің 70% және 21 жастан ересектердiң 53% кездейсоқ әрiптестермен жыныстық қатынас жасау кезiнде презервативтi пайдаланбайды немесе тұрақты пайдаланбайды. Алайда, ЖЖБИ кезiндегi мемлекеттiк медициналық қызмет көрсетудiң шарттары сұрау салынғандардың көпшiлiгi үшiн қолайсыз. Осы себептен олар көлеңкедегi сектордың қызметiне жүгiнедi немесе өз бетiнше емделедi, мұның өзi ЖЖБИ-ден сауығу мүмкiндігiн төмендетедi және АҚТҚ жұғуы қатерiн арттырады. ЕЖЕ-нiң АҚТҚ жыныстық трансмиссиясының профилактика жолдары туралы бiлiм деңгейi шектеулi. Соның салдарынан, 70% ғана алдын алуды презервативпен байланыстырады.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар ИЕТ пен КЖҚҚ мiнез-құлық қатерінің деңгейi бойынша халықтың айрықша топтарына жатады. Алматы және Шымкент қалаларында ИЕТ-ке арналған сенiм пункттерiне жасырын келушілердің арасында жүргiзiлген сұрау салу пенитенциарлық мекемелердегi адамдардың 30% -ға дейiнi не бiр шаралар қолданылғанымен, есiрткiге қол жеткiзетiн нашақорлар екенiн айғақтады. Бұл ретте, инъекциялық құралдар тазаланбайды және әбден жарамсызданғанға дейiн пайдаланылады. 2001 жылы Қаз 99/02 жобасы шеңберiнде Қарағанды облысының пенитенциарлық мекемелерiнде жүргiзiлген эпидемиологиялық қадағалаудың нәтижесi сотталғандардың арасында (400-ден астам - адам тексерiлдi, қадамдық iрiктеу) С гепатитiнiң қоздырғышын 42% жұқтырғанын көрсеттi.
Нақ осы сұрау салудың мәлiметтерiне сәйкес бас бостандығынан айырылған адамдардың жартысынан астамы бiртектес жыныстық қатынастарға түседi және бұл ретте презерватив пайдаланылмайды. Пенитенциарлық мекемелердiң халқы арасында ЖЖБИ-дің кеңiнен таралуы қауiптi жыныстық мiнез-құлықты көрсетедi. Мысалы, 200 адамды қамтитын Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргiзген Алматы облысы қылмыстық атқару жүйесi мекемелерiнiң бiрiн зерттеудiң нәтижесiнде (1998 ж.) 10% -да сифилис анықталды.
Сонымен бiрге, 2000 жылдың аяғында пенитенциарлық мекемелердегi АҚТҚ бар адамдардың саны 300 адам құрады немесе бас бостандығынан айырылған 10 000 адамның 38-i, мұның өзi жалпы санындағы олардың бағалау үлесiнен 5 есе жоғары. Қабылданған рәсiмдерге сәйкес бас бостандығынан айырылған адамдар мiндеттi түрде АҚТҚ-ға тестiден өткізiледi және оң нәтиже берген адамдар оқшауландырылады. Алайда, АҚТҚ жұғуы мен қоздырғыш көрiнуi кезеңiнiң ұзақтығына байланысты аталған сүзгiнiң сенiмдiлiгi кеми түседi. Тесттiң жалған терiс нәтижесінiң саны күрт көбейедi.
Қаз 99/02 жобасы шеңберiнде Қарағанды облысының үш түзеу мекемесiнде жүргiзiлген социологиялық зерттеулер сотталғандар арасында ЖҚТБ/АҚТҚ профилактикасы мәселелерiн бiлу деңгейi төмен екенiн айғақтады. АҚТҚ таралу жолдары, құралдарды пайдалану ережесi мен презервативтердi пайдаланудың ережелерi туралы сұрақтар кешенiне сұрау салынғандардың небәрi 4% ғана дұрыс жауап бердi (120 адамға сұрау салынды).
────────────────────
(8) Морган Р. Қазақстан, Алматыдағы коммерциялық жыныстық қатынасты бағалау. - Алматы, 1997.
(9) Құрманова Г. Қазақстан, Шымкент қаласындағы коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысатындар арасында ЖЖБИ/ЖҚТБ/АҚТВ таралуын шектеу саласындағы ахуалды бағалау жөнiндегі есеп. - Шымкент, 1999.
(10) Құрманова Г. Астана қаласындағы коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысатындар арасында жыныстық жолмен таралатын инфекциялардың таралуы саласындағы ахуалды бағалаудың нәтижелерi туралы есеп. - Астана, 2001.
(11) Құрманова Г. Қазақстан, Шымкент қаласындағы коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысатындар мен олардың клиенттерi арасында ЖЖБИ/ЖҚТБ/АҚТВ таралуын шектеуге бағытталған алдын алу бағдарламаларын дамытуға техникалық көмек көрсетудi қамтамасыз ету туралы есеп. - Алматы, 1999.
(12) Жүсiпов Б. Алматы қаласындағы еркектермен жыныстық қатынасқа түсетiн еркектердiң мiнез-құлқын бағалаудың нәтижелерi туралы есеп. - Алматы, 2001.
3.1.5. Жастар және АҚТҚ
КЖҚҚ мен ИЕТ-тiң қатарын жастар толықтыратыны күмәнсiз. Қазақстан Республикасында 15-23 жастағы адамдардың жалпы саны 2,9 миллион адам немесе ел халқының 20% жуығын құрайды. Әлбетте, нақ осы жаста жетiлу процестерiмен бiрге дүниетанымы, адамдармен қатынастары және жыныстық қатынастарының да қалыптасуы қатар жүредi. Осыған байланысты, ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралуы олармен байланыстырылатын өздерi үшiн жаңа әлеуметтiк құбылыстарға жастардың дайындығы маңызды көрсеткiш болып табылады. 1997 жылы Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргiзген Алматы қаласы мектеп оқушылары - жасөспiрiмдерге сұрау салудың мәлiметтерi бойынша 400 жауап берушiнiң 13% 15 жасқа дейiн-ақ жыныстық қатынасқа түсiп үлгерген. 4% есiрткiнiң дәмiн татқан, 23% алкогольдің дәмiн татқан жыныстық қатынасқа белсендi жастардың 9% ЖЖБИ-ге шалдыққаны туралы хабарлады. 2000 жылы жасөспiрiмдердiң инъекциялық нашақорлықтың тiркелген жағдайларының таралуы 10 000 адамға 107, 1997 жылмен салыстырғанда 1,3 есе өскен. 1800 жасөспiрiмнiң 2000 жылы әрбiреуiнде алғаш рет сифилис анықталған (13). 1997 жылдан берi Қазақстан Республикасында жасөспiрiмдердің сифилиспен тiркелген ауыруы ұдайы төмендеп отырғанымен, осы құбылыстың табиғаты келушiлер санының азаюымен байланысты болуы мүмкiн. Жоғарыда аталған сұрау салудың мәлiметтерi 1997 жылы ЖЖБИ кезiнде медициналық көмек көрсетудiң жағдайлары сұрау салынғандардың 64% үшiн қолайсыз екенiн айғақтады.
Социологиялық зерттеулерге қатысқан жауап берушiлердiң пiкiрiнше, есiрткi тұтыну жастар мәдениетiнiң құрамдас бөлiгiне айналды. Қазақстанның 5 аймағындағы есiрткiнi тұтыну ахуалы туралы мәлiметтер бойынша жоғары оқу орындары студенттерiнiң үштен бiрiне жуығының есiрткi тұтыну тәжiрибесi бар.
Қазақстандағы демография және денсаулықты қадағалау жөнiндегi есептiң мәлiметтерiне сәйкес (14) 15-19 жастағы ерлердiң 16,9% және әйелдердің 33% АҚТҚ инфекциясын қалай болдырмау керек екенiн бiлмейдi (барлығы 226 ер адам мен 791 адамға сұрау салынды). Сұрау салынған ер адамдардың 27,4% және әйелдердің 65% кездейсоқ әрiптесiмен жыныстық қатынас жасау кезiнде презервативтi пайдаланбайды.
────────────────────
(13) Кешилева З.Б., Косухин А.Б., Мурзанова Р.С. және т.б. Жасөспiрiмдер: жыныстық жолмен берiлетiн аурулар, олардың бiлiммен және мiнез-құлық ерекшелiктерiмен байланысы//Қазақстандағы денсаулық сақтау, 1997, N 9, 71-73б.
(14) Шарман А., Құрманғалиева Е. ЖҚТБ/АҚТВ және жыныстық жолмен берілетiн басқа да инфекциялар//Қазақстан: демография мен денсаулыққа шолу, 1999.
3.1.6. Қорыту
Сөйтiп, қазiргi уақытта, Қазақстанда АҚТҚ-ның инъекциялық және жыныстық жолмен таралу жолдары неғұрлым маңызды болып табылады. Қазiргi таңда, инфекция таралуының негiзгi жолы - есiрткi енгiзiлетiн инъекция. АҚТҚ-ның басым таралуындағы осы жолдың маңыздылығы АҚТҚ-ның таралуының анықталған басқа жолдарының бәрiн қоса алғанда, 5,5 есе жоғары. АҚТҚ-ның таралуының маңыздылығы бойынша екiншi жолы - жыныстық жолмен таралуы. 250000 адамға дейiн жететiн инъекциялық есiрткi тұтынуды практикаға енгiзген халықтың тобы АҚТҚ-ның таралуы тұрғысынан алғанда, оларды енгiзуi қауiптi және жұқтырмау жолдары туралы түсiнiктерi тайыз, мұның өзi олардың өкiлдерiне саналы таңдау жасауға мүмкiндiк бермейдi. Бұдан басқа, ИЕТ-тiң қауiптi жыныстық мiнез-құлқын практикаға енгiзген және өздерiн неғұрлым мiнез-құлықпен ұстауға баламалы бiлiмi жоқ.
Көптеген кездейсоқ әрiптестермен жыныстық қатынастарға жиi түсетiн халықтың тобы - коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысушылар да АҚТҚ-ның жұғуы мен таралуы ықтималдығын арттыратын презервативтi пайдаланусыз әрi ЖЖБИ-дi емдемеуi сияқты АҚТҚ-ның жұғуы тұрғысынан алғанда, қауiптi мiнез-құлық ұстануда. Халықтың осы тобының АҚТҚ инфекциясының практикасы туралы мағлұматтануы қанағаттанғысыз. Соның салдарынан, бiрқатар коммерциялық түрде жыныстық қатынаспен айналысушылардың ИЕТ тобында да болуына, көшеде айналысушылардың ғана құрамының көп - 20 000 адам, болуына және жыныстық қызметке сұраныстың жоғары болуына таяу болашақта байланысты АҚТҚ-ның таралуында осы топтың маңызы артатынын нық сенiммен болжауға болады.
Жастар алдыңғы екi топты толықтыратын халық тобын құрайды. Ахуалды талдау, күнi бүгiн жастар мен жасөспiрiмдер арасында инъекциялық есiрткiнi тұтыну мен қауiптi жыныстық қатынастан бас тарту үшiн санаға жетерлiк уәж жоқ екенiн көрсеттi. Мұның өзi, АҚТҚ-ның таралуы ықтималдығын арттырады.
3.2. ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне қарсы iс-шараларды шолу
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-мен күрестiң бағыттарын айқындайтын бiрқатар заңи және нормативтiк кесiмдер қолданылуда. Бұл кесiмдердiң iшiнде "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" 1994 жылы қабылданған Заң бар. ЖҚТБ/АҚТҚ-мен күресу мәселелерi "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығымен бекiтiлген "Халықтың денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында Нашақорлықпен және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығында көрсетiлген. Елде денсаулық сақтау саласы шеңберiнде ерекше үлгiдегi мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң құрылымы - ЖҚТБ-ның профилактикасы және онымен күресу жөнiндегi орталықтар құрылды. Бұл орталықтар наркологиялық, венерологиялық қызметтермен, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қан құю қызметтерiмен өзара iс-әрекет жасап, салауатты өмiр салтын қалыптастыру және т.б. жөнiндегi өз қызметiн үйлестіредi.
3.2.1. ЖҚТБ/АҚТҚ iндетiне байланысты денсаулық сақтауда қабылданған практика
Ахуалдық талдаудың мәлiметтерiн ескере отырып, Қазақстанда АҚТҚ таралуының негiзгi себепшiсi ИЕТ>>КЖҚҚ>> жастар тiзбегiнде АҚТҚ-ның таралу мәнi азаятын белгiлi бiр қауымдастықтардағы адамдардың қауiптi мiнез-құлқы болып табылады. АҚТҚ инфекциясының таралуына қисынды жауап осы себепшiнiң әсерiн әлсiретуге бағытталған iс-шаралар болуы тиiс. Алайда, халықтың осал топтары арасындағы профилактикалық шаралар осы қауымдастықтар өкiлдерiнiң 1% азын қамтыған шектеулi ауқымда жүргiзiлдi.
3.2.1.1. АҚТҚ таралуын болдырмау үшiн дәстүрлi қарсы шаралардың тиiмдiлiгiн талдау
Күнi бүгiнге дейiн пайдаланылып келген АҚТҚ инфекциясының профилактикасының тактикасы басқа инфекциялық ауруларға қатысты қабылданған тактикадан елеулi түрде ерекшеленген жоқ. Ол АҚТҚ бар адамдарды неғұрлым көбiрек анықтау, эпидемиологиялық тiзбектi табу, олардың байланыстарын анықтау және эпидемиологиялық процеске араласу арқылы инфекцияны тоқтату әрекетiмен тұйықталды. Бұл ретте, халықтың осал топтарының неғұрлым қауiпсiз мiнез-құлықты ұстануы арқылы ЖҚТБ/АҚТҚ-ның тиiмдi профилактикасының халықаралық тәжiрибесi назарға алынбауда. Өзiнiң оң АҚТҚ-сы бар екенi туралы ақпарат алған сәттен бастап адам басқа адамдарға жұқтыруы мүмкiн әрекеттерi үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылуы ықтимал. Пенитенциарлық мекемелерде АҚТҚ-сы бар адамдар бас бостандығынан айырылған адамдардан қатаң оқшауландырылады.
Сөйтiп, оң АҚТҚ-сы болуы адамға қосымша жауапкершiлiк жүктейдi. Сондықтан, адамдар өзiнiң АҚТҚ-сы туралы ақпарат алуға мүдделi емес. 2000 жылы АҚТҚ-ға тексерiлу мақсатында өз еркiмен ниет бiлдiрген адамдардың үлесi осындай келушiлердің 0,008%-де АҚТҚ анықталуы кезiнде жалпы келушiлердiң 1,5% ғана құрады. Мұның өзi, ИЕТ қауымдастығында АҚТҚ анықталуынан шамамен 60 есе кем.
Қазақстанда АҚТҚ инфекциясы бар адамдарды анықтау жасырын емес, мiндеттеу әрi мәжбүрлеп тестiден өткiзiлiп жүргiзiлуде. Мұндай практикадан бас тартылған жағдайда АҚТҚ инфекциясы анықталған адамдардың саны екi есе дерлiк аз болар едi. ЖҚТБ-ның профилактикасы және онымен күресу қызметiнiң мүдделерi инфекция таралуының ауқымын қоғамдық сананың түйсiнуiн талап етедi. Сонымен бiрге, халықтың осал топтарына, ең алдымен ИЕТ топтарына ену проблемасы елде шешiлмеуде. Сонымен бiр мезгiлде, инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында АҚТҚ-сы бар адамдардың жеке тәртiбiне бақылау орнатудың тиiмдi екенiне ешқандай дәлел жоқ, табиғаты бойынша шектеу сипатында болғандықтан, мәжбүрлеп тестіден өткiзу ИЕТ-тi одан әрi оқшаулауға әкеп соғады. Нәтижесiнде, АҚТҚ таралуын болдырмау тәсiлдерi туралы мағлұматтануы (3.1.-бөлiмдi қараңыз) мейлiнше нашар болғандықтан, ИЕТ профилактикалық бағдарлама ала алмайды әрi өзi үшiн тиiмдi тәртіпті саналы түрде таңдай алмайды.
Эпидемиологиялық қадағалау теориясы тұрғысынан алғанда, АҚТҚ-ға тестiден өткiзу практикасы, оның үстiне таңдап алынуы мен қатысуы бойынша тексерiлетiн топтағы жүйесiз өзгерiстерден туындайтын бағалау мен мониторингтегi өрескел қателерге әкеп соғады. Бұл жүйе профилактикалық бағдарламаларға бағытталған ЖҚТБ-ның профилактикасы және онымен күресу қызметiнiң ресурстарын жұтып қоятын нәтижесiз шығындарға әкеп соғады.
3.2.1.2. ИЕТ-тiң қатерлi тәртiбiн төмендетуге бағытталған тәсiлдердi iске асыру
1997 жылдан бастап елде БҰҰ/ЖҚТБ-ның бiрiктiрiлген бағдарламасының әрi БҰҰ-ның басқа да агенттiктерiнiң, сондай-ақ Сорос қорының қолдауымен ИЕТ-тiң неғұрлым қауiпсiз тәртiбiне көмек көрсетуге, оларды ақпаратпен қамтамасыз етуге, неғұрлым қауiпсiз өмiр сүруге үйретуге, консультация беруге, шприцтер мен инелер, презервативтер, дезинфекциялау құралдарын, ЖЖБИ-дi емдеудi алмасу бағдарламаларымен қамтамасыз етуге бағытталған тәсiлдер iске асырылуда. Осы жобаны сынақ ретiнде Темiртау қаласында енгiзу наркологиялық диспансерге есепке алғаш рет алынған ИЕТ-тiң арасында АҚТҚ-сы бар адамдардың үлесiнің алты есе кемiгенiн және НЭҚ-нiң нұсқамасы бойынша 1999 жылы тексерiлген топтардың арасында АҚТҚ-сы бар адамдардың үлесiнің 1998 (15) жылмен салыстырғанда бiр жарым есе кемiгенiн көрсеттi. 2000 жылы жүргiзiлген эпидемиологиялық қадағалаудың мәлiметтерi инъекциялық есiрткiнi 3 жылдан артық тұтынатын әрi бiр жылдан астам уақыт сенiм пункттерiнiң клиенттерi болып табылатын адамдар арасында есiрткiнi 3 жыл бойы тұтынатын, бiрақ осы пункттердiң клиентiне айналғанына 3 ай толмаған адамдарға қарағанда АҚТҚ-сы болуы деңгейi төмен екенiн көрсеттi. Сонымен бiр мезгiлде, тұтас алғанда Қазақстанда 2001 жылдың алғашқы 5 айында 2000 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда, АҚТҚ инфекциясының бiр сәттiк таралуы 5 есе өстi, ал Темiртау қаласында 1,5 есе кемiдi. ИЕТ-тің профилактикалық бағдарламалармен жүйелi түрде қамтылу деңгейi өте төмен және олардың бағалау санының 5%-нан аспайтынын атап өту қажет.
Мысалға келтiрiлген тәжiрибенiң тиiмдiлiгіне қарамастан, оны жалпы ұлттық ауқымда қолданудың тетiгi күнi бүгiнге дейiн әзiрленген жоқ. Донорлар Алматы және Шымкент қалаларында қолдап отырған жобалардың практикасы оларды iске асыру ашылатын сенiм пункттерiн үй-жайлармен және кадрлармен қамтамасыз ету жөнiндегi денсаулық сақтау ұйымдарының iшкi ресурстарын жұмылдыру арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн екенiн көрсеттi, мұның өзi қосымша қаржы шығындарын талап етпейдi.
ИЕТ-тiң оннан бiр бөлiгi ғана оның болжамды нәтижелiлiгi жоғары болмай отырған кезде қолайлы медициналық оңалту көрсетiлген жағдайда есiрткi тұтынудан бас тартып отырғанына қарамастан, нашақорлықты алмастыру терапиясын қолдану туралы мәселе шешiлген жоқ. Оң халықаралық тәжiрибе мен Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының ұсыным бергенiне қарамастан, АҚТҚ жұғуы тұрғысында қауiптi инъекциялық есiрткi тұтынуды пероральдық есiрткi енгiзумен ауыстыру стратегиясы сынап байқалмауда.
─────────────────────
(15) "Қарағанды облысында және бүкiл республика бойынша ЖЖБИ, ЖҚТБ/АҚТВ-ның таралуына, сондай-ақ есiрткi қолдануға қарсы iс-қимыл жасау жөнiндегi сектор аралық күш-жiгерге көмек көрсету" 97/018 АД Қаз 98/Д 40 жобасы бойынша қорытынды есеп. - Алматы, 2000.
3.2.1.3. АҚТҚ-сы бар адамдармен байланыс жасау деңгейiн төмендету жөнiндегi шаралар
АҚТҚ инфекциясы жұққан адамдар, әдетте мемлекеттiк бюджет есебiнен қоздырғышқа қарсы терапиямен қамтамасыз етiлмейдi. АҚТҚ-сы бар жүктi әйелдер жатырындағы ұрықтың анасынан АҚТҚ жұқтыруынан профилактикамен толық қамтылмауда. Сөйтiп, мәлiм болған АҚТҚ инфекциясы бар азаматтардың АҚТҚ жүктемесi жоғары деңгейде қалуда, мұның өзi олармен байланыс жасаудың жоғары деңгейде болуына алғышарт жасайды.
АҚТҚ-сы бар адамдар үшiн психологиялық қолдау бағдарламалары жасалған, олар презервативпен, шприцтермен және инелермен алмасуды тегiн қамтамасыз ету бағдарламаларына қатысуға шақырылады. Алайда, АҚТҚ-сы бар адамдардың мұндай бағдарламаларға қатысуы уәждену деңгейi төмен болуда. Мысалы, 2000 жылы сенiм пункттерiнiң клиенттерi арасында шолушы эпидемиологиялық қадағалау жүргiзу кезiнде 450-ге жуық АҚТҚ инфекциясы бар ИЕТ тұрып жатқан Темiртау қаласында үш күн iшiнде жиналған 420 шприцте жұғып қалған қанның 109-да ғана оң АҚТҚ болған. Мұның өзi, есiрткiге тәуелдi АҚТҚ-сы бар адамдардың 20% ғана профилактикалық бағдарламалармен жүйелi түрде қамтылғанын бiлдiредi.
АҚТҚ-сы бар адамдар стигмацияланған. Әдепкi сана соның iшiнде оған өздерi де жататын тәртiбi қауiптi нақ сол топтардың басқа өкiлдерi де оларды оқшаулап, кемсiтедi. Заң АҚТҚ-сы бар адамдарды басқа халыққа қатысты қолданылмайтын мiндеттi бақылау шараларынан (атап айтқанда, медициналық бақылаудан) оларды қорғамайды. Қолданыстағы заңнамада өзi жұқтырып алған әрi басқа адамдарға да қауiп төндiрушi адамдарды қуғындауды көздейтiн арнайы баптар бар. Мұның бәрi АҚТҚ-сы бар адамдардың томаға тұйықталуына әкеп соғып, олар мен басқа халықтың арасында кедергi туғызады.
3.2.1.4. ЖЖБИ-дiң профилактикасы мен бақылау жөнiндегi iс-шаралар
ЖЖБИ-дiң елдi шарпыған iндетiне қарсы Қазақстанның Yкiметi 1999 жылы осы iндеттерге қарсы күрестiң екi жылдық бағдарламасын қабылдап, iске асырды. Практикалық iс-әрекет элементiнiң бiрi ретiнде Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы қолдап отырған ЖЖБИ-ге бақылау жүргiзудiң синдромдық тәсiлiмен қаруланды. Синдромдық тәсiлдi қабылдау денсаулық сақтау реформасына қосылған үлес болып табылды. Алайда, мұның өзi ахуалдық талдауға сәйкес қауiптi мiнез-құлық топтары өкiлдерiнiң сұранысын қанағаттандыратын амбулаториялық жағдайда аурудың жасырын келетiн күнi қол жетiмдi тиiмдi ем берiлуiн қамтамасыз ететiн синдромдық тәсiлдi кеңiнен енгiзу жүзеге асырылмады.
Синдромдық тәсiлдi қолдану ЖЖБИ кезiнде медициналық көмектi орталықтандыру, ЖЖБИ ауруларын стационарларға жатқызудан, байланыстары туралы жаза арқылы қорқытып мәжбүрлеуден бас тарту мүмкiндiгiн қарастырады, мұның өзi терi-венерологиялық диспансерлердiң қазiргi түрiнің негiзiн бұзады. Терi-венерологиялық ұйымдарын қаржыландырудың қазiргi жүйесi неғұрлым үнемшiл технологиялардың көмегiмен ЖЖБИ ауруларының неғұрлым көп санын емдеудi қамтамасыз етуге емес, оның негiздiлiгiне қарамастан, стационарлық және амбулаториялық пациенттердi емдеудi стационарлық емдеудiң пайдасына шешу көзделген сараланған ақы төлеуге негiзделген. Осы себептен терi-венерологиялық диспансерлердiң экономикалық мүдделерi осал топтардың қажеттiлiктерiне кереғар емдеудiң қымбат тұратын протоколдарын сатып алуға негiзделген. 1999 жылы Қазақстанда бастапқы сифилис жұққан аурулар стационарда 400000 күн жатып, ауруханаларға жатқызылды (16), мұның өзi нәтижесi жоқ көптеген миллион шығындарға әкеп соқты. Бастапқы сифилистiң халықаралық протоколдарына сәйкес осы аурулардың барлығы амбулаториялық жағдайда жүзеге асырылатын G бензаттинпенициллиннiң жалғыз инъекциясына мұқтаж едi.
ЖЖБИ-дi емдеудi орталықтандыру медициналық қызмет көрсету рыногындағы терi-венерологиялық диспансерлердiң тиiмдi монополиялық жағдайын қамтамасыз етуде. Осы себептен синдромдық тәсiлдi олар терi-венерологиялық диспансерлер (бөлiмшелер, кабинеттер) жоқ жерлерде, яғни ауылдарда ғана орынды деп таниды. Бiрақ, бұл ымыра АҚТҚ профилактикасы тұрғысынан алғанда, мүлде жетiспейдi, өйткенi осал топтардың өкiлдерiнiң басым көпшiлiгi қалаларда тұрады.
Пациенттердi оларға қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету (атап айтқанда, жасырын сипатта) дәрiгерге ресми, ал кейде ресми емес қосымша ақы төлеу арқылы жүргiзiледi. Соңғы практика медициналық қызметтер көрсетудiң көлеңкелi рыногының құрамдас бөлiгi болып табылады. Алайда ахуалдық талдау көрсеткенiндей, табысы төмен мiнез-құлқы қауiптi топтар өкiлдерiнің көпшiлiгi үшiн ЖЖБИ кезiнде ақылы медициналық көмек алуға қолы жетпейдi. Терi-венерологиялық диспансерлерiндегi медициналық көмек жағдайларының қолайсыздығы халықтың оның көмегiне сирек жүгiнуiн туындатты. Мысалы, 1999 жылы осы медицина ұйымдарына сифилиске байланысты өз бетiмен барған адамдардың үлесi тұтас алғанда, елде 30%-дан кем болды. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi ДСҰ-мен, БҰҰ-ның ЖҚТБ Бiрiктiрiлген Бағдарламасымен, ЮСАИД-пен және Гейдельберг университетiмен (Германия) бiрлесiп сынау ретiнде отбасылық медицина практикасына ЖЖБИ-дiң профилактикасы мен емдеудi бiрiктiрудi енгiздi. Нәтижесiнде, ЖЖБИ-ге байланысты медициналық қызметтер көрсетуге халықтың жүгiнуi елеулi түрде өстi, оның iшiнде сифилис пен гонореяға шалдыққан пациенттер өз еркiмен терi-венерологиялық диспансерлерiнен гөрi отбасылық медицина амбулаториясына артықшылық бердi (17).
Қазақстанда Алматы қаласындағы Терi-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты мен Шымкент қаласындағы терi-венерологиялық диспансердiң базасында халықтың мiнез-құлқы қатерлi топтары өкiлдерiне арналған достық сипаттағы емхананың шектеулi ғана жұмыс тәжiрибесi бар. Аталған клиникалардың ашылуы өзгеше жағдайларда медициналық көмектен бас тартқан КЖҚҚ, ЕЖЕ және халықтың басқа да топтарының оларға баруын қамтамасыз еттi. Алайда, бұл клиникалардың жұмыс iстеуi, көбiнесе донор ұйымдардың көмегiне негiзделген. ЖЖБИ кезiнде мiнез-құлқы қатерлi топтарының өкiлдерiне оларға қолайлы жағдаймен медициналық көмек көрсетудi мемлекеттiк қаржыландырудың тетiгi жасалмаған.
─────────────────────
(16) Қазақстан Республикасындағы жыныстық жолмен таралатын инфекциялар. З.Б. Кешилева мен В.А. Козловскийдiң редакциясымен. - Алматы, 2000.
(17) Рейднер Г. Жезқазғанда ЖЖБИ-дi болдырмау жөнiндегi бiрiгу және отбасыларға көмек көрсету қызметтерiн қолдау жобасының баяндамасы. Копенгаген, 2000.
3.2.2. Бiлiм беру секторының қарсы шаралары
Қазақстан Республикасында ЖҚТБ/АҚТҚ мәселелерi бойынша жастарды оқу-ағарту мақсатында оқушыларды оқытудың бiрқатар бағдарламасы ұсынылды, Салауатты өмiр салты проблемаларының ұлттық орталығы бiлiм беру секторымен ынтымақтастық жасап, оқу құралдарын әзiрледi. Әдiстемелiк материалдарды денсаулық сақтаудың басқа да секторлары, сондай-ақ "Медициналық-педагогикалық қауымдастық" үкiметтiк емес ұйымы ұсынды. Тиiстi бейiндегi бiрқатар құралдар жергiлiктi деңгейде де басып шығарылды. 1997-1998 жылдары Сорос қорының есебiнен мектеп мұғалiмдерiн тиiсiнше даярлау жүзеге асырылды. Салауатты өмiр салты проблемаларының ұлттық орталығының белсендi түрде қатысуымен елдiң орта жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына оның құрамдас бөлігi қауiпсiз мiнез-құлық болып табылатын валеология пәнi енгiзiлдi.