Қазiргi уақытта Заозерное кентiнде есептелген 7000 адамның 1000-ы тұрады, ешқандай өндiрiс орыны ұйымдастырылмаған. N 3 кен басқармасы 2000 жылдың ақпанынан бастап, тау-кен өндiрiсiн тоқтатқан 7 жылдан берi және инфрақұрылымның толық құлауынан кейiн, банкроттық жағдайға тартылуда.
Әрине, бұл жағдайда жобадағы шешiмдердiң басым бөлiгiн орындау жөнсiз болып табылатыны анық, бiрақ кейiнiрек, тау-кен iсiн қайта жаңғыртқанда, бұл шаралардың түгел орындалуы дұрыс деп табылуы мүмкін.
Қазiргi жағдайда, Бағдарлама авторларының пiкiрiнше, N 3 кен басқармасының ауданы үшiн маңызды мәселенiң бiрi балансты және баланстан тыс кендер қалдықтарының әсерiн шектеу, тұрғындардың кәсiп алаңшаларының және карьерлердiң аймағына рұқсатсыз келуiне тосқауыл қою және ескерту болып табылады.
Сондықтан N 3 кен басқармасының аймағын экологиялық сауықтыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар мыналар (Заозерное және Тастыкөл кен орындары - әсiресе):
- N 8 кенiшiнiң теңгерiмнен тыс қалдықтарын өңдеу;
- N 9 кенiшiнiң теңгерiмнен тыс қалдықтарындағы радонға қарсы жаппаны қайта орнату (Тастыкөл кен орны);
- N 8 (Заозерное кен орны) және N 9 (Тастыкөл кен орны) кенiштердегi тауар кендерiнiң қалдықтарын РҚЖО-ға көму;
- N 8 кенiшiнiң кәсiп алаңшасын қоршау және бүкiл периметрiнiң бойына ескерту белгiлерiн қондыру;
- N 9 кенiшiнiң карьерi мен кәсiп алаңшасын қоршау және бүкiл периметрiнiң бойына ескерту белгiлерiн қондыру.
Осы жұмыстардың бағасы шамамен 1 136 953 мың теңгенi құрайды.
3.1.1.3. Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
Барлық төрт кен орындарындағы радиоактивтiк қалдықтар теңгерiмдiк және теңгерiмнен тыс кен қалдықтарымен (Шат және Ағаш) және аралас қалдықтармен (Глубинное және Көксор) айқындалады.
1990 жылы ЦГКХ-ның жоба конструкторлық бөлiмi N 14 кенiшiнiң өндiрiстiк алаңдарын (Глубинное кен орны) және N 6 карьерiн (Шат кен орны) өңдеу жобасын әзiрлеген болатын. Жобада Шат кен орнының тауарлы және баланстан тыс кендерiн, сонымен бiрге ластанған топырақты N 6 карьерге тасымалдап және төсеп, бетiн қалыңдығы 1,0 метр болатын саздықпен жабу қамтылған.
Қазiргi уақытта бұл жұмысты атқаруға мүмкiндiк болмай отыр, өйткенi карьер iшi айнасы шамамен 12 м тереңдiкте жатқан суға толы.
Шат кен орнының қалдықтарының астында қалыңдығы 1,0 метр саз және полиэтилен пленкасынан тұратын жасанды сүзгiш экран сазды көпшiкке салынған. Глубинное кен орнындағы сүзгiш экран қалыңдығы 3-10 м табиғи балшық шөгiндiлерiнен тұрады, оның сүзу коэффициентi тәулiгiне 0,05 м болып табылады.
Бұл жағдай қалдықтарды өз орындарында сақтауға қалдыруға мүмкiндік бередi.
Мұндағы жұмыстар опырымдарды тегiстеуден, ластанған жерлерiн 0-25 см тереңдiкке дейiн тазалаудан және карьердi қоршаудан тұрады.
Шат кен орнының карьерiнен 1 шақырым жерде, Глубинныйдан 6 шақырым жерде, Ағаштан 2,5 шақырым жерде орналасқан жақын арадағы елдi мекен (Дальний кентi) қазiр жоқ, сондықтан ең басты қауiптi - кен қалдықтарын құрылыс материалдарына пайдалану - алдағы 3-5 жылдың iшiнде елемеуге болады. Кен орындарының маңындағы жерлер пайдаланылмайды.
Осыған байланысты, бұл кен орындары екiншi кезектегi объектiлер деп қаралады, мұндағы атқарылатын қайта қалпына келтiру жұмыстарын кен қалдықтарын және карьердi қоршаумен, ескертпе белгілерiн қоюмен бiтiруге болады.
Жұмыстың құны шамамен 172 879,0 мың теңгенi құрайды.
3.1.1.4. Есiл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
Есіл кен орнында 1992 жылға дейiн ЦГХК-ның N 4 кен басқармасына қарасты N 1 және N 2 кенiштерi жұмыстарын атқарды. Бұл кен орнының теңгерiмдiк қорлары толығымен сарқылды. 1993-94 жылдары жерасты кешенiнiң жабдықтарды бөлшектенiп, өндiрiмдер жойылды, яғни сумен толтырылды.
1994-1998 жылдары уранды өңдеу толығымен аяқталғандықтан, алдымен кәсiпорынның өзi, соңынан берекесiздiкпен жер бетiндегi кешеннiң жабдықтары бөлшектенген. N 1 және N 2 кенiштерiнiң жер қабатындағы өңдеу жұмыстары орындалмады, қазiр сол жұмыстарға жобалар әзiрленуде.
Шоқпақ және Қамыс кен орындарында N 3 кенiшi бiр шахталық алаңнан аталу ретiне сәйкес 1977 және 1986 жылдардан бастап жұмыс iстедi. Бұл кен орындарын пайдалану 1992 жылы, теңгерiмдiк қоры бiтпесе де, толығымен тоқтатылды.
Радиоэкологиялық зерттеулер нәтижесiне сай қоршаған орта элементтерiнiң ұзақ уақыт аралығында ұйғарынды мөлшерден мандымды ластану мүмкiндiгi шамалы.
Есiл өзенiнiң радионуклидтермен, қышқылды жауын-шашынмен ластанғаны кен қалдықтары орналасқан маңнан өзен арнасына қарай жер бедерiнiң төмендеуiмен радиоактивтiлiктiң жоғарылауы растайды. Алайда, осы кен орындарының өзен алқабында орналасуы, Солтүстiк Қазақстанның iрi су артериясының ластануын болдырмау шараларын қабылдауды шарттайды.
Жобаға сәйкес N 1 және N 2 кенiштерiнiң қалдықтары мен кәсiп алаңшаларын қалпына келтiру шараларының жиынтығы көзделуде, оның құны 309,0 млн. теңге.
N 3 кенiшiн сақтауға қою жобасында Шоқпақ кен орнының кәсiп алаңшалары мен қалдықтарын өңдеу жұмысы көзделуде. Екi кен орындарында да жер бетiнде пайда болған диаметрлерi 15 метрден 30 метрге және тереңдiгi 15 метрге дейiн жететiн, алып жатқан алаңы 0,5-тен 0,8 га болатын шұңқырларды жою, сонымен бiрге опырылуы мүмкін белдеу аймақтарын қоршау жобаланып отыр.
Шоқпақ және Қамыс кен орындарын сақтап қою жұмысының құны 51,9 млн. теңге.
Солтүстiк Қазақстан аймағындағы уран кен орындары мен кен байқалу орындарының басым көпшiлiгi 1953-1959 жылдар аралығында ашылып, бағаланғандықтан, қалдықтардың көп бөлiгi осы уақытқа дейiн табиғи жағынан өзiнен-өзi мүжiлдi және өсiмдiктермен жабылды. Жоғарыда аталып өтiлген объектілердiң қалдықтарының көлемi аз, радиоактивтiк деңгейiнiң төмен болғандығынан, сонымен бiрге елдi мекендерден алыста орналасқандықтарынан тұрғындарға және қоршаған ортаға қауiп келтiрмейдi.
3.1.2. Оңтүстiк Қазақстан
Ботабұрым, Қызылсай және Қордай кен орындары жиналған қалдықтарының көптiгiнен Оңтүстiк Қазақстан аймағында орналасқан 48 кен орындары мен байқалған кендердiң iшiндегi ең радиациялық қауiп төндiретiндерi болып табылады. Өз кезегiнде, Ботабұрым және Қордай кен орындарын iстейтiн өндiрiс орындары мен елді мекендерге қатысты орналасуына орай бiрiншi кезектегi объектiлерге жатқызуға болады.
Оңтүстiк Қазақстандағы өндiрiстiк емес объектiлердi қалпына келтiру оларды кешендi зерттегеннен кейiн, Солтүстiк Қазақстан мен Жамбыл облысының кен орындарында қолданған жұмыстарға сәйкес атқарылатын болады (6).
3.1.2.1. Қордай кен орны
Қордай кен орнының радиоактивтiк қалдықтарының қоршаған ортаға әсер етуiн бағалауға арналған, 1997 жылы жүргiзiлген, экологиялық зерттеулер нәтижесiнде, қоршаған ортаның кейбiр элементтерiнiң (жер құйқасы мен судың) радионуклидтермен байытылғанына қарамастан, бұл қалдықтардың тұрғындар мен қоршаған ортаға қауiп келтiрмейтiнi анықталды: баланстан тыс қалдықтар ауқымы 1,1 км2 аймаққа шашылған, қалдықтар аумағы 0,28 км2 құрайды, қойылымдық мөлшер күштілiгi 1000 мкр/сағ жетедi. Теңгерiмнен тыс кендер мен қалдықтар алаңы 0,18 км2 жетедi.
Көптеген ұқсас объектілердей, мұнда да тұрғындардың баланстан тыс кендерді әртүрлi құрылыс материалдары ретiнде қараусыз пайдалануынан шын қауіп төнуі мүмкін.
Осыған қатысты, ең аз дегенде, қалдықтарды жергілікті тұрғындардың қараусыз қолдану мүмкіндігін, олардың шаңдануын және атмосфераға радонның тарауын болдырмайтын шаралар керек.
Шамамен алғанда, қалдықтарды қоршау, оларды радонға қарсы экранмен жабу, кәсiп алаңшаларының аймақтарын ластанған топырақтан тазалау жұмыстарынан тұратын шараларға қажеттi қаражат 370 000 мың теңгенi құрайды.
Сараптаушылардың бағалауы бойынша (6), Қордай кен орнындағы радиоэкологиялық жағдайды жақсарту жұмыстарын атқару үшiн 550 мың АҚШ доллары қажет (79 750 мың теңге). Бұл тұрғыда, карьердi баланстан тыс кендермен және ластанған топырақ құрамымен жабу көзделуде.
Мұндай жұмыстарды орындауға оның қымбатшылығынан мүмкiндiк туындамай отыр.
3.1.2.2. Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
1956 жылдан жұмыс істеген Ботабұрым кен орнының теңгерiмдiк қорлары 1991 жылы таусылды. Осы жылы Жусандала кен орнын техникалық-экономикалық себептермен пайдалану жөнсiз деп табылды.
1992 жылы "Южполиметалл" ӨБ орталық конструкторлық бөлiмшесi тау кенiштерi объектiлерiн жою, Жусандала саласының тау өнiмдерiн сақтауға қою, кәсiп алаңшаларының радиоактивтiк ластануын жою жұмыстарын қамтитын "Восточный кенiшiн жою" жобасын әзiрледі.
Жұмыстың толық сметалық құны 2000 жылғы баға бойынша - 2 741 711,4 мың теңге.
Жамбыл облысының уран өндiретiн кәсiпорындарын 1997-98 жылдары экологиялық зерттеу барысында Восточный кенiшi де мұқият зерттелдi.
Осы жұмыстардың нәтижесiнде экологиялық жағдайды қалпына келтiру үшiн сараптаушылардың көрсетуi бойынша "Восточный" кенiшiнiң мына объектiлерi ерекшелендi:
- Дайковой кенiшiнiң үстiндегi карьер мен ойылымдар;
- Капитальная, "Вентиляционная" және "Д-1" шахталары;
- үймелеп қышқылдандыру қалдықтары, теңгерiмнен тыс кендер мен бос жыныстар;
- сүзгiш алаңдары;
- кәсіптік алаңшалар.
Осыған байланысты, карьердi теңгерiмнен тыс кен материалдарымен (3 680 мың м3) және сүзгiш алаңдардың түп тұнбаларымен (300 мың м3) көму жөнділiгi мойындалады, Восточный кенiшiн қайта өңдеу жұмыстарының құны 30 712 мың АҚШ долларына бағаланады (4 453 240 мың теңге).
Қазiргi уақытта Восточный кенiшiндегi бұрынғы уран өндiрiсi Шығанақ кен орнының негiзiнде барит өнiмдерiн шығаруға қайта жарақталды. Осы жұмыстарға "Капитальная" шахтасының қайта өңделген кәсiптiк алаңшасы, кен байыту фабрикасының дезактивацияланған ғимараты, бұрынғы кен қоймасы, тиеу торабы және ұсақтау кешенi пайдаланылады.
Өндiрiстiк кешен жақын қашықтықта (100-200 м) орналасқан және бетi жабылмаған теңгерiмнен тыс кен қалдықтарының, үйiндiлеп қышқылдандыру қатарының және кен байыту фабрикасының қоқыс тұндырғышының қоршауында орналасқан.
Мұндағы сәулелердiң қойылымдық мөлшер күштiлiгi 100-500 мкр/сағ болуда.
1992 жылдан 1999 жыл аралығына дейiн "Д-2" шахтасының технологиялық шүмегi жойылды (көмiлдi) және "Д-1" шахтасының шүмегi ұзақ мерзiмге сақтауға қойылды; N 3 және Вентиляционная шахталарының өзектерi уақытша жабылған, Капитальная шахтасының өзегi ашық, бiрақ қоршалған; жер бетi кешендерiнiң жабдықтары бөлшектенген немесе кеңейген барит өндiрiсi мақсатында пайдаланылуда.
Межелер жиынтығы бойынша Восточный кенiшiнiң кен орындарын алғашқы кезектегi объектілер санына қосуға болады. Бiрақ, Восточный кенiшiн жою жобасы шынайы деректермен есептесе отырып, салмақты түзетулер енгiзудi талап етеді.
Дәлдеп айтқанда, теңгерiмнен тыс кен материалдарын және сүзгiш алаңдардың түп тұнбаларын карьерге көмгеннен гөрi, олардың жатқан жерiнде көму әлдеқайда арзан және пайдалы болатын едi.
Теңгерiмнен тыс кендердiң қалдықтарын, сүзгiш алаңдарды және барит өндiрiсiнiң кәсiп алаңшаларына жалғасып жатқан аймақтарды қайта өңдеу тоқтаусыз кiрiсетiн бiрiншi кезектегi жұмыстар болып табылады.
Өңiрдiң ауа-райы жағдайын ескере отырып, қайта өңдеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде радонға қарсы экранның саздағын жел эрозиясынан сақтау үшiн iрi жыныс кесектерiмен жабылуын қарастыру қажет.
Бiрiншi кезектегi жұмыстардың құны 327 505,0 мың теңгенi құрайды.
3.1.2.3. Қызылсай кен орны
1997-98 жылдардағы экологиялық зерттеулер нәтижесiнде, екiншi кезектегi қауiптi радиациялық объектiлер есебiнде Ближний, NN 1, 3, 4, 7, 11 және Жамантас салаларының кәсiп алаңшалары, сонымен бiрге N 2 кәсiп алаңшасы мен кен байыту фабрикасы бөлiп қаралды. Ең әсер ететiнi, барлық кәсiп алаңшаларында бар баланстан тыс кен мен үйiндiлеп қышқылдандыру қалдықтары.
ТАСIS сарапшыларының бағалауы бойынша, Батыс кен басқармасындағы объектiлердi өңдеу жұмыстарының құны 4 341 мың АҚШ доллары немесе 629 445 мың теңге.
"Южполиметалл" ӨБ жобасына сәйкес бұл жұмыстарды орындау құны 2 100 мың АҚШ доллары немесе 304 500 мың теңге.
Ауданның елсiз екенiн ескере отырып және үйiндi материалдарын қолдану ықтималдығының аздығына байланысты, баланстан тыс кен мен үйiндiлеп қышқылдандыру қалдықтарын, радиоактивтiк үйiндiлердiң шаңдануын болдырмайтын, бос жыныс қабатымен (iрi фракциялар) жабу, сонымен бiрге үйiнділер мен карьерлердiң айналасына ескертпе белгiлерiн қою сияқты қорғау шараларымен шектелуге болады. Карьерлердi тереңдiгi 1,0 метр болатын ормен қоршау қажет.
3.2. Пайдаланылған иондаушы сәуле көздерi
Республикадағы жинақталған радиоактивтiк қалдықтар уран өндiретiн және оны өңдейтiн кәсiпорындардың қалдығымен шектелмейдi. 2001 жылғы 1 қазанда елiмiзде 39 000 қабырлауға жататын және 342 кәсiпорындар мен ұйымдардың балансында тұрған иондаушы сәуле көздерi (ИСК) есептелдi (3 кесте).
Радиоактивтi шикiзаттарды iздестiру мен барлауға маманданған бiрқатар уран өндiретiн кәсiпорындар мен геологиялық ұйымдардың жұмыстарын тоқтатуына, өз жұмыстарында иондаушы сәуле көздерiн пайдаланатын кәсiпорындар санының қысқаруына (экономикалық мәселелерге байланысты) байланысты ол көздердiң көпшiлiгi талапсыз қалды. ОСП 72/87 (3.11 т) талаптарына сәйкес мұндай көздер басқа иеленушiлерге берiлуi керек едi. Бiрақ, республикада ИСК-не сұранысты зерттеп және сақтауда тұрғандарын сататын бiрде-бiр ұйымның болмауы кедергi келтiруде.
Iстеп тұрған көптеген кәсiпорындардың, әсiресе, банкроттық процедурасы жүрiп жатқан кәсiпорындардың ИСК-нiң жұмыс iстеп бiткендерiн немесе қолданылмағандарын қабырлауға қаражаттары жоқ. Олардың көпшілiгiнде сақтаулы тұрған иондаушы сәуле көздерiнiң жағдайы үрей туғызады, көпшiлiгiнiң қолдану мерзiмi бiткен және төлқұжаттары жоғалған.
Бұдан әрi пайдалануға жатпайтын радионуклидты көздер радиоактивтi қалдықтар ретiнде қаралуы тиiс, бұлар өңделуге жатады және жерленуi тиіс (ОСП 72/87 5.21 т).
Бiрақ, республикамызда радиоактивтi қалдықтарды қабырлайтын лицензиясы бар кәсiпорындар жоқ. Дәл қазiр радиоактивтi қалдықтарды (иондаушы сәуле көздерiн) уақытша сақтауға қоятын лицензиясы бар бiр ғана кәсiпорын Курчатов қаласындағы "Байкал-1" торабы болып табылады.
Пайдаланушыларда сақтаулы ИСК-нiң санына, оларды жаңарту уақытына, қаржылық мүмкiншiлiгiне байланысты жыл сайынғы қабырландыруға жататындарының саны, радиациялық мәлiмдеу құралдары мен белсендiлiгi ең аз көрсеткiштен төмен көздердi санамағанда, 450-500 дана болып бағаланады.
Бiрақ мұндай көлемде жұмыс істеу сақтаудың жұмыс құнын арттырады екен.
Бұған қоса, уақыт өткен сайын, қауiпсiздiк талаптарының артуына байланысты, қабырландыру және сақтауға қою жұмыстарының құны артады. Шығындардың артуы кәсiпорындардың ИСК-нен құтылу әрекеттерiн ынталандырмайды.
Ұзақ мерзiмдi сақтау өз пайдасын бермедi, өйткенi радиоактивтiк қалдықтар көмiлуi тиiс.
Қалыптасқан жағдай қолданылған көздермен жұмыс тәртiбiн реттейтiн ұйымдық және техникалық шаралардың шұғыл түрде қабылдануын талап етедi.
Бағдарламаның бұл тұрғыдағы мақсаты мыналарды көздейдi:
- иондалған сәуле көздерін түгендеп, жылжуын бақылап отыратын бір орталық құрылуы тиіс; оларға деген сұранымдарды есепке алу, көму және қолданыста емес көздерді жалға беру;
- елдегi барлық иондаушы сәуле көздер мүлкiн түгендеп, бiр жүйеге келтiрілген (қалыпқа) мәлiметтерден тұратын деректер қорын жасау;
- иондалған сәуле көздерiн көму жұмыстарымен айналысатын немесе айналыспақшы болған кәсiпорындардың аяларында жинау, уақытша сақтау және тасымалдау жұмыстарын атқаратын аумақтық орталықтар құру;
- кәсiпорындарға сатылатын иондалған сәуле көздерiнiң сату құнына оларды көму құны (тасымалдау құнынсыз) қосылсын; сонымен бiрге, көмуге (ұзақ уақыт сақтауға) қажет қаржыны арнайы есеп-шотқа (қорға) жинап, кәсiпорын жойылған, банкрот болған, меншiк нысанын өзгерткен және басқа жағдайларда қолданылсын;
- антимонопольдық комитетпен келiсе отырып, радионуклидтiң белсендi бiр данасын немесе иондалған сәуле көзiнiң түрiн жерлеу (ұзақ мерзiмге сақтау) бағасын анықтау.
2001 жылы аяқталуы тиiс ұйымдық шаралар арнайы аумақтық орталықтардың иондалған сәуле көздерiн жерлеу мәселелерiнiң 2002-2005 жылдарға арналған әрбiр аумақ бойынша нақты шараларымен жалғасуы тиiс.
Бұл жағдайда, аталған шаралар жоспарында бiрiншi кезекте банкрот болған және арнайы сақтау қоймалары жоқ кәсiпорындардың иондалған сәуле көздерi болуы керек.
Облыс әкiмдерiмен, мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың және қоршаған ортаны қорғаудың облыстық басқармаларымен келiсiлген жоспар-графигi жиынтық жоспардың негiзi болып, "Байкал-1" кешенiмен келiсуге жатады.
2 Кесте
ИСК-нің жер бетіндегі қалдықтарын жабу жөніндегі көрсеткіштері
(уақытша жабу жұмыстары)
___________________________________________________________________________
N ! Облыс !ИСК бар кә.! ИСК саны ! ИСК белсен.
р/с! !сіпорындар !______________________! ділігі ГБк
! !саны ! өңдеуге !оның ішін.! (жиынтығы)
! ! ! жататыны !де, жануды!
! ! ! !болдырмау !
___________________________________________________________________________
1 Ақтөбе 35 326 200 1 168 ГБк
2 Атырау 13 44 н/с н/с
3 Алматы 23 1 180 1 177 4,45 ГБк
4 Шығыс Қазақстан 8 1 673 1 640 44,75 ГБк
5 Жамбыл 29 4 043 2 309 18 670 ГБк
6 Қарағанды 86 816 390 26 893 ГБк
7 Қостанай 38 7 369 6 600 407 444 ГБк
8 Қызылорда 10 609 600 274 ГБк
9 Маңғыстау 11 2 767 2 243 2 017 ГБк
10 Батыс Қазақстан 6 271 255 597 ГБк
5
1 194х10 м/сек
11 Павлодар 13 1 268 740 н/с
12 Оңтүстік Қазақстан 9 2 674 354 95 839 ГБк
5
27,45х10 м/сек
13 Солтүстік Қазақстан 11 598 355 7 888 ГБк
14 Ақмола 24 473 142 2 999,79 ГБк
5
5 802х10 м/сек
15 Алматы қ. н/с 14 959 14 434 1 183 ГБк
5
0,5х10 м/сек
16 Астана қ. 26 94 42 2 ГБк
Жиынтығы: 342 39 164 31 481 565 024 ГБк
5
7 024х10 м/сек
__________________________________________________________________________
Ескерту: ҚР ҰЯО Бас директоры бекіткен, 15.06.95 ж. жағдай бойынша нұсқама негізіндегі анықталған ұзақ мерзімді сақталу көздерінің құны, бағаның өзгеруіне байланысты есептелді, 290 млн. теңгені құрайды.
4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Осы бағдарлама шеңберінде сақтауға қойылуы және (немесе) жойылуы тиiс уран өндiретiн кәсiпорындар негiзiнен мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады, ал қазiргi кезде жекешелендiрiлген өндiрiс орындарының балансында жатқан радиоактивтiк қалдықтарды да олардың меншiк ауыстыруына дейiн пайда болған.
Осыған байланысты, барлық жұмыстардың қаржыландыру көзi негiзiнен республикалық бюджетке келiп тiреледi. Бiрақ, бұл бюджеттен тыс, жеке алғанда уран өндiрушi және қайта өңдеушi акционерлiк қоғамдардың арнайы қаражаттары қолданылмайды деген сөз емес.
Объектiлермен және көздер бойынша атқарылатын жұмыстардың шамаланған құны 3 және 4 кестелерде берiлген.
3 кесте
Радиоактивтік қалдықтар көлемі мен оларды өңдеу
шаралары құнының жинақталған
Кестесі
І кезектегі объекті
(2001-2005 ж.ж.)
__________________________________________________________________________
N ! Аймақ, объектілер !Жұмыс түрлері; ! РАҚ ! Жұмыс ! Орындалу
р/с! !жұмыс жосп. ! көлемі! құны ! кезеңі;
! !тіркеу нөмірі ! мың м3!млн.теңге! қаражат
! ! ! ! ! көздері
___________________________________________________________________________
Солтүстік Қазақстан сақтауға қою
1 N 12 кеніш РП Г-421 113,9 49,0 2001, респ.
(Грачев кен орны) бюджет
2 Косашы кен орны сақтауға қою 162,0 106,6 2002, респ.
бюджет
3 N 1 және N 2 жою 615,9 127,0* 2001-2002
кеніштері РП Г-426 (55,0+ респ. бюджет
(Есіл кен орны) 72,0)
4 N 3 кеніш сақтауға қою 51,9 118,0 2001-2002
(Шоқпақ, Қамыс РП Г-427 (46,0+ респ. бюджет
кен орындары) 72,0)
5 N 8 кеніш сақтауға қою 615,7 260,0 2002-2003
(Заозерное кен орны) РП А-12540 (120+ респ. бюджет
123-03"3" 140)
6 N 9 кеніш жою 1246,0 161,9 2002-2003
(Тастыкөл кен орны) (49,4+ респ. бюджет
112,5)
Оңтүстік Қазақстан жою 2003-2004
7 Восточный кеніші РП 2357 3686,3 327,5 респ. бюджет
(Ботабұрым және Тапсырыс 124 (187,5 "Восточный
Жусандала кен 140) кеніші" АҚ
орындары) қаражаты
8 Қордай кеніші жою 2911,5 370,0 2004-2005
(Қордай кен орны) (320+ респ. бюджет
50)
Жиынтығы: 9403,2 1520,0
соның
ішінде:
2001-150,0
2002-420,0
2003-440,0
2004-460,0
2005-50,0
___________________________________________________________________________
* Осы жерде және әрі қарай кесте бойынша жоғарғы жол - алдыңғы кезектегі жұмыстардың құны;
төменгі жол (жақша ішіндегі) - құнның жылдар бойынша бөлінуі
4 Кесте
ІІ кезектегі объектілер
(2006-2010 ж.ж.)
___________________________________________________________________________
N ! Аймақ, объектілер !Жұмыс түрлері; ! РАҚ ! Жұмыс ! Орындалу
р/с! !жұмыс жосп. ! көлемі! құны ! кезеңі;
! !тіркеу нөмірі ! мың м3!млн.теңге! қаражат
! ! ! ! ! көздері
___________________________________________________________________________
Солтүстік Қазақстан
1 Көксар, Шат, сақтауға қою 510,8 175,0 респ. бюджет
Глубинное, Ағаш кен және жою
орындары
2 Балкашин, Восток кен сақтауға қою 1316,6 900,0 респ. бюджет
орындары және жою
және
3 "ҚазСабтон" ЖАҚ ГМЗ пайдаланылмаған 27400,0 "ҚазСабтон"
қалдықтарды сақтау бөлігін қайта ЖАҚ қаражаты
орындары өңдеу
Орталық Қазақстан
4 Безымянное, Үлкен- жою 87,0 60,0 респ. бюджет
Ақжал, Қызыл, Ұлытау
кен орындары
5 Оңтүстік Қазақстан жою 1791,8 305,0 респ. бюджет
Қызылсай кен орны
(8 сала)
6 Батыс Қазақстан
"Қошқар-Ата" қайта өңдеу 120000,0 респ. бюджет
қалдықтарды сақтау
орны
Жиынтығы: 151106,2 1440,0
7 Өткен жылдары жою және 160,0 респ. бюджет
ұзақ мерзімге сақтау жөніндегі
аяқталған жұмыстар: жыныс
үйінділерін қайта өңдеу,
үйлер мен ғимараттарды жою,
өндірістік алаңдардың аумағын
көріктендіру; қоршаған ортаны
қорғау жөніндегі ұзақ мерзімді
мониторинг нәтижелері бойынша
қосымша жұмыстарды атқару
Жиынтығы: 1600,0
___________________________________________________________________________
Екінші кезектегі объектілерді оңалтуға арналған шығындарды жылдар бойынша бөлу жобалық-сметалық құжаттаманың әзірлену шамасына қарай 2005 жылдан бастап мүмкін болады.
Жүзеге асырылуы республикалық бюджеттен болжанып отырған жұмыстардың орындалу мерзiмдерi мен шығындар көлемi тиiстi жылға республикалық бюджеттi қалыптастыру кезінде түзетілуі мүмкін.
5. Бағдарламаны жүзеге асырудағы күтiлетiн нәтиже
Бағдарламада көзделген барлық оңалту шараларын жүзеге асырғанда күтілетiн нәтиже:
- республика аумағының көп бөлiгiндегi уран кенiштерiнiң кәсiп алаңшалары және оларға жалғасқан алаңдарындағы радиоактивтiк ластанудың деңгейiн қалыптық мәнiне дейiн төмендету;
- радиоактивтiк шаң-тозаңның мен радонның қоршаған ортаға араласуына жол бермеу;
- радиоактивтiк қалдық материалдарын бақылаусыз пайдалануға жол бермеу;
- мемлекеттiк ұлттық "Көкшетау" саябағын, Есiл, Иманбiрлiк өзендерiн радионуклидтермен ластануды тоқтату, Шоқпақ, Салқынкөл, Көксар көлдерiн оңалту;
- иондалған сәуле көздерiмен айналысуды реттеу, бұдан оларды ұрлау, жоғалту және қолдану кезiнде мүмкiн болатын радиациялық апаттарға жол бермеу;
- қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi орындалған мониторинг мәлiметтерiн алу және қоршаған ортаға радиоактивтiк қалдықтардың ұзақ әсерiне толығымен баға беру.
6. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------------
N ! Іс шаралар !Орындалу! Жауапты атқарушы ! Жұмыстардың
р/с! !мерзімі ! ! аяқталу нысаны
---------------------------------------------------------------------------
1 2 3 4 5
---------------------------------------------------------------------------
1 N 5 кен басқармасының 2001 РМК Мекемеаралық
N 12 кенішін сақтауға "Уранликвидрудник" комиссияның
қою жұмыстарын аяқтау қабылдап алу
актісі
2 Косашы кен орнын 2001 РМК Жобалауға
сақтауға қою "Уранликвидрудник" тапсырма
жобаларындағы
көрсеткіштерді әзірлеу
3 N 4 кен басқармасының 2001 РМК Бітірілген
N 3 кенішін сақтауға қою "Уранликвидрудник" жұмыстардың ф-2,
жұмыстарын аяқтау ф-3 түріндегі
аралық актілері
4 N 4 кен басқармасының 2001 РМК Бітірілген
N 2 кенішінің N 8 "Уранликвидрудник" жұмыстардың ф-2,
шахтасының өндірістік ф-3 түріндегі