Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын
өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 25 шілдедегі N 1006 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 25.02.03 ж. N 119 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
25 шілдедегі N 1006
қаулысымен бекітілген
Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен
орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған
Бағдарламасы
Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен
орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға
арналған бағдарламасының төлқұжаты
Бағдарламаның аталуы Уран шығаратын кәсiпорындарды
сақтау және шығарылған уран кен
орындарының зардаптарын жою
Бағдарламаны даярлаудың Қазақстан Республикасы Президентiнiң
негiздемесi "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы
туралы" Жарлығы. Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы
10 сәуiрдегi N 10 хаттамалық шешiмi
Бағдарламаның мемлекеттiк Қазақстан Республикасының Энергетика
тапсырыс берушiсi және минералдық ресурстар министрлiгi
Бағдарламаның негiзгi Қазақстан Республикасының Энергетика
әзiрлеушiсi және минералдық ресурстар министрлiгi
Бағдарламаның мақсаттары Бұрынғы уран шығарған кәсiпорындардың
радиациялық қалдықтарының әсерiнен халықты
қорғау;
радиациялық қауiптi объектiлердi түгендеу
және олардың қауiптiлiк дәрежесiне қарай
жерлердi қалпына келтiру;
пайдаланудағы иондаушы сәуле құтылық
көздерiн есепке алу мен сақтауды және
таусылғандарын көмудi жүйелеу;
шұғыл оңалту жұмыстарының түрлерi мен
көлемiн және қажеттi қаржы қаражатын
анықтау
Iске асыру мерзiмi Бiрiншi кезектi объектiлердi 2001-2005
жылдары, екiншi кезектiлерiн 2006-2010
жылдары оңалту
Бағдарламаның негiзгi "Уранликвидрудник" республикалық
орындаушылары мемлекеттiк кәсіпорны
Кіріспе
Қазақстан аумағындағы уран кен орнын барлау және жедел iздестiру қырқыншы жылдардың ортасында басталған болатын және 1951 жылы аяқталды, мұнда алғашқы өндiрiстiк кен орны ашылды. Одан кейiн, бiрнеше кен орындары ашылды. Осылардың негiзiнде 3 комбинат құрылды, олар уран кендерiн өндiредi және қайта өңдейдi. Атап айтқанда: Оңтүстiк Қазақстанда - Қырғыз тау-кен комбинаты (1953 ж.), Солтүстiк Қазақстанда - Тың тау-кен химиялық комбинаты (1957 ж.), Батыс Қазақстанда - Каспий тау-кен металлургия комбинаты (1959 ж.).
Соңғы қырық жыл iшiнде Қазақстанда 20 уран шығаратын кен орындары (6) белгiлi болды. Осы жыл аралығында бұрынғы КСРО уранының 40 пайызы өндiрiлдi. 1992 жылы Қазақстан уран өндiруден 3-шi орын (Канада және Нигериядан кейiн) және жалпы уран өндiру ауқымынан 7-шi орынды алды. Осындай кен ауқымды тау-кен жұмыстарын жүргiзуде уран кен орындарының атқарған жұмыстары ауқымды болды: жалпы алаңдары уран өндiретiн кәсiпорындардың радиоактивтiк қалдықтарының әсер етуi қазiргi жағдайда былай бағаланады: 10 000 га, жалпы әсерi - 250 000 Ки, 50-шi жылдан бастап Қазақстан аумағында 170 млн. ш.м. жуық радиоактивтi қалдықтар жинақталды, бұлар кен байыту фабрикалары түрiнде жұмыс iстедi. Гидрометаллургиялық зауыттар өз қалдықтарын және тауар рудаларын тиiстi жерлерге көмудi (сақтауды) жүргiздi.
Осы Бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiлiгi алда тұрған ауқымды жұмыстарға баға берiп, уран өндiрiлетiн аудандардағы радиациялық жағдайларды қалпына келтiруге себеп болады. Осы мақсатта оларға зерттеу жұмыстарын жүргiзу және баға беруде атқарылатын жұмыстардың мерзiмдерi және көлемдерi, сонымен бiрге талап етiлетiн қаржы қаражаты көзделдi.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң 2000 жылғы 1 маусымдағы бұйрығымен әзiрлендi. Осы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығы заңдық негiзi болып табылады (N 4153 16.11.98 ж.), мұның 1.2-бөлiгiнде былай делiнген:
Кен алынған қабаттарды және радиоактивтік кен өндіру мен ұқсату жөніндегі кәсіпорындардың қалдық сақтау орындарын зарарсыздандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілмейді.
Радиоактивтiк қалдықтарды көму үшiн жағдайдың жоқтығынан олардың жинақталу процесi жалғасуда, сәуле шығаратын көздердiң ұрлануымен, жоғалуымен және пайдаланылмауымен байланысты радиациялық авариялар саны өсуде.
Бағдарлама 2001-2010 жылдар кезеңiн қамтиды. Мұнда ТАСIS желiсi бойынша соңғы жылдардың зерттеу жұмыстары пайдаланылды, яғни орындалатын жұмыстар, сондай-ақ геологиялық барлау және тау-кен жұмыстарымен шұғылданатын кәсiпорындардың атқарған жердi өңдеу жұмыстарының және осы маңайды сақтау жобаларды қарастырылды.
1 Кесте. Аймақтар бойынша уран кен орындары объектілерін
және радиоактивтік қалдықтарды бөлу
___________________________________________________________________________
Жабылатын жер ! Өлшем !Солтүстік! Орталық !Оңтүстік ! Батыс ! ҚР
объектісінің ! бірлігі !Қазақстан!Қазақстан!Қазақстан!Қазақстан! бойынша
аталуы ! ! ! ! ! ! барлығы
___________________________________________________________________________
Кен орны дана 34 6 23 2 65
Кендер дана 19 17 25 - 61
Қалдықтарды дана 1 1 - 1 3
сақтау орны
Теңгерімдік
кендер қалдықтары мың м3 785,6 - - - 785,6
Теңгерімнен тыс
кендер қалдықтары мың м3 1 972,7 468,3 4 948,1 - 7 389,1
Теңгерімдік және
теңгерімнен тыс
араласқан кендер мың м3 41,9 - - - 41,9
қалдықтары
Теңгерімнен тыс
кендер және бос
жыныстардың аралас
қалдықтары
(+- теңгерімдік мың м3 262,8 48,3 1 928,4 - 2 239,5
кендер қалдықтары)
Қалдықтар* мың м3 194,2 76,7 37,8 - 308,7
Кен байыту
фабрикаларының
қалдықтары мың м3 749,8 - - - 749,8
Үймелеп
қышқылдандыру
штабельдері мың м3 1 045,8 - 2 210,0 - 3 255,8
Е қалдық мың м3 5 052,7 593,3 9 124,3 - 14 770,4
Қалдықтар мың м3 49 450,0 420,0 - 104 000,0 153 870,0
Е қалдық мың м3 54 502,8 1 013,3 9 124,3 104 000,0 168 640,4
__________________________________________________________________________
* - қалдықтардың құрамы туралы мәліметтер жоқ
1. Проблеманың қазiргi жағдайын талдау
Стратегиялық мiндеттердi орындаудағы соңғы он жылдың iшiнде елiмiздiң қалқанын қажеттi шикiзат мәселелерiмен қамтамасыз етудегi уран өндiретiн және оны өңдейтiн кәсiпорындардың радиоактивтiк қалдықтарын адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерiн келтiрмеу мәселелерi екiншi кезекке қалып қойды және жүйелi зерттелмедi. Бұған тиiстi экологиялық заңдардың болмауы және қоршаған ортаны қорғаудағы нақты атқарылатын жұмыстардың жоқтығы өз кезегiнде салқындығын тигiздi.
Осыларға қарамастан, радиоактивтiк қалдықтардың әсерiн азайту жөнiндегi кейбiр шаралар өткiзiлдi. Уран өндiретiн және өңдейтiн объектiлердi түгендеу жұмыстары жалпыодақтық "Радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу жөнiндегi 1991-1995 жылдары және 2005 жылдың болашағында мемлекеттiк Бағдарлама" шеңберiнде жүргiзiлдi. Бағдарлама КСРО-ның Атом энергоөнеркәсiп министрлiгi 1991 жылы әзiрлеген болатын, бiрақ белгiлi саяси жағдайларға байланысты ары қарай дамуын таппады. 1991 жылы КСРО аумағында 23 қоймаларда әртүрлi оңалту шаралары жүргiзiлген болатын. Бұлардың басты мақсаты - қалдықтың бетiн 1,5 метрлiк қалыңдықта жер қабатымен тегiстеу болатын. Мұндай жұмыстар жер асты рудниктерiнiң аумағында да атқарылды.
Осындай жұмыстардың атқарылуынан қалдықтарды жабу жұмыстары негiзгi қауiптi радиациялық уран өндiретiн өнеркәсiп объектiлерiнің маңайын сақтау болатын. Өйткенi, гидрометаллургиялық шаралар кезiнде барлық өңдеу жұмыстары қалдықтарға айналып кететiн болған. Уран өнiмдерiмен қоса, өңделетiн рудалардың жалпы 15 пайызы сыртқа шығарылады. Сөйтiп, кейбiр табиғи радондардың таралуынан алғашқы радиоактивтi зақымдану 70 пайызға жетедi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда 2 қалдықты сақтау орындары пайдаланылуда - Өскемен қаласындағы Yлбi металлургия зауыты және Степногорск қаласына жақын Заводской поселкесi "ҚазСабтон" ЖАҚ гидрометаллургиялық зауыты. Бұрынғы Ақтау қаласындағы Каспий кен металлургиялық комбинатында қалдықтарды сақтау 1994 жылдан бастап пайдаланылмайды. Ал, 2000 жылы 57.00 Бағдарламасы шеңберiнде Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi осы алаңдардағы қалдықтарды сақтаудағы радиоактивтi алаңдарды оңалту жобасын қаржыландыруда.
Бұл мақсатты жұмыстарды жүргiзуде қоршаған ортаның жағдайын, әсiресе радиологиялық жағдайдың өзгеруi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi (N 103 31.12.92 ж.) "Қазақстан Республикасындағы радиологиялық жағдайды өзгерту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы шешiмi" қабылданған болатын, бұдан кейiн Қазақстан аумағында радиациялық зерттеу жұмысы жандана түстi. Бұл Бағдарламадағы маңызды жұмыстар уран өңдейтiн өнеркәсiп аумақтарында радиоактивтiк көздердiң әсер ету сипаттамасын сараптау көзделген. Бұл жоспар 1993-1995 жылдары атқарылуы тиiс едi.
Радиоэкологиялық зерттеулер көлемiн жүргiзудегi кең ауқымды жұмыстарды "Жарыс" МХК бөлiмшелерi орындады. Олар мынадай нәтижеге қол жеткiздi:
- радиогидрохимиялық аумақты суретке түсiру 1:1 000 000 орындалған жұмыстар 615 мың км2 атқарылды, 150 мың км2 алаңдарда радиоактивтiк ластану анықталды (Семей сынақ полигоны қызметiнiң нәтижесi), бұл алаңдар ауыр металдармен және органикалық қосындылармен ластанған болатын;
- Шу-Сарысу уран-руда өндiру жерлерiнде жердiң бетi табиғи радонның сәулелерiмен зақымданғаны анықталды, оның зақымдануы 16 800 Бк/кг;
- Оңтүстiк, Орталық және Солтүстiк Қазақстанда геологиялық барлау объектiлерiнiң 18-де осындай өңделетiн жұмыстарға зерттеулер жүргiзiлдi;
- ірi масштабты радиометрикалық суретке түсiруден 18 облыс орталықтары, 60 өндiрiстiк тораптар, елдi мекендер мен көпшiлiк демалатын орындар зерттелдi. Зерттелгендердiң 10 мың км2 алаңында, оның iшiнде 2,7 мың км2 алаңында Батыс Қазақстандағы мұнай өндiру жұмыстарының кезегi; мұнда 509 радиоактивтiк оқиғалар тексерiлдi, оның iшiнде 279-ы бiлiктi радиоактивтi техногендiк учаскелерде өңдеу жұмыстарымен атқарылды.
8 қалада 18 бақыланбаған немесе зерттелмеген көздер анықталды. 1000 мектептердегi алаңдарды зерттегенде мектепке дейінгi және өзге мекемелерде 607 радиоактивтiк көздер анықталды. Бұлар алғашқы жүздiктен 35 000 мкр/сағ. дейiн болды.
Бiрақ, нақты жұмыстардың атқару нәтижелерiне қарамастан, экономикамызды жақсартуда дәл осы жұмыстарға 1996 жылдан жете көңiл бөлiнбедi.
Сонымен, 1993-96 жылдары уран өндiретiн кәсiпорындарға жете көңiл бөлiнiп қоймай, сонымен бiрге сынақ полигондарының ауқымды алаңдарына да көңіл бөлiндi.
Уран өндiрушi және уранда мамандандырылған геологиялық барлау ұйымдары осы кезеңде барлық Оңтүстiк және Солтүстiк Қазақстан рудниктерiн өңдеу жобаларын әзiрледi. Жезқазған облысындағы (қазiргi Қарағанды) облысы Жиделi кен орындарының уран объектiлерi өңделдi.
Бұл кезде Волковгеология (Оңтүстiк Қазақстан) және Степгеология (Солтүстiк Қазақстан) геологиялық барлау кәсiпорындарында өңдеу жұмыстары басталды пайдалануға берiлмеген уран кенорындарында. Осындай жұмыстарды мұқият атқару үшiн 57 объектілер зерттелдi.
1993-1996 жылдары Тың тау-кен химиялық комбинаты Заозерное, Восток, Звездное, Туша, Мыңбай, Шат, Тастыкөл, Глубинное кен орындарын өңдеу және оны сақтау жобаларына тапсырыс бердi. Солтүстiк Қазақстандағы жабық уран рудниктерiне радиациялық-экологиялық кешендi баға беруде жер қабатындағы ластанған жерлерге ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды.
Өкiнiшке орай, кәсiпорындар әзiрлеген осы жобалардың бiрде-бiреуi iс жүзiнде жүзеге аспады. Жоғарыда аталған жұмыстар кейiнiрек зерттеулер нәтижесiнде ТАСIS шеңберiнде және NUCREG (1996 ж.) және ВISTRО (1999 ж.) бағдарламалары орындалды. Алғашқы жобада уран саласының 100 объектiсi қаралды. Осылардың 6 объектiсi мұқият зерттелдi:
- Өскемен қаласындағы Үлбi металлургия зауытының қалдықты сақтау жерлерi;
- Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия комбинатының қалдықты сақтау жерлерi;
- Ботабұрым (Жамбыл облысы Ақсүйек кентi) кен орындарының маңы;
- Қордай (Жамбыл облысы) кен орындарының маңы;
- Қызыл (Қарағанды облысы) кен орындарының барлау маңы;
- Косашы (Солтүстiк Қазақстан облысы Сарытүбек кентi) кен орындарының барлау маңы.
Толық зерттеулер мынаны көрсеттi, радиоактивтiк деңгейдiң өсiмдiктерде және суларда анықталғандарына қарамастан бұрынғы уран объектiлерiнiң көпшiлiгi қоршаған ортаға аса қауiп туғызбайды. Осы ретте бұлар осы жерден құрылыс материалдарына және басқа жұмыстарға пайдаланған алынған материалдар зиянды болуы мүмкiн.
Бұрынғы 100 уран объектiлерiнiң радиациялық қауiптiлерi 13 объект болып отыр:
- УМЗ (Өскемен қаласы) қалдықты сақтау орны;
- ГМЗ ЦГХК (Заводской кентi, Ақмола облысы) қалдықты сақтау орны;
- Панфилов (Алматы облысы) кенорны;
- Қордай (Жамбыл облысы) кенорны;
- Есiл (Красногорск кентi, Ақмола облысы) кен орны;
- Косашы (Солтүстiк Қазақстан облысы, Сарытүбек кентi) кен орны;
- Ботабұрым (Жамбыл облысы, Ақсүйек поселкесi) кен орны;
- Восход (Ақмола облысы) кен орны;
- ПГМК (Ақтау қаласы, Қошқар Ата өз.) қалдықты сақтау орны;
- Мыңбай (Ақмола облысы, Степногорск қаласы) кен орны;
- Глубинное (Ақмола облысы) кен орны;
- Балкашин (Ақмола облысы, Шаңтөбе) кен орны;
- Маяк (Ақмола облысы, Күйген жар а.) кен басқармасы.
Екiншi жоба жан-жақты қарастырылған Жамбыл облысының ғана уран өңдеу саласының объектiлерiне арналды. Ал ең басты назар, алғашқы жобадағы iрi қауiптi Ботабұрым, Қордай және Қызылсай кен орындарына аударылды. Осы iрi уран кен орындарында қырық жылдан берi жұмыстар атқарылғандықтан оларға радиологиялық жағдай талдамасы жүргiзiлдi. Рудниктер мен оның маңындағы аумақтарда материалдар бойынша қосымша зерттеулерден топырақ бетiн, суды және ауаны радионуклеидтермен ластану дәрежесiне сипаттама берiлдi.
Ластанған объектiлердiң ластану дәрежесiне баға беруде әдiстеме әзiрленiп, Шығыс Европадағы тәжiрибелер қолданылды. Соның салдарынан 80-шi жылдардың аяғында 90-шы жылдардың басында жабық уран өңдеу кәсiпорындарында оңалту шаралары жүзеге асырылды. Мұның басты маңызы - оның қауiптілiгiне бал көрсеткiшi бойынша уран объектiлерiне баға беру. Бұдан әрi осылардың аясында басымды жұмыстарды анықтауға көңiл бөлiндi. Тұрғындарға аса қауiптi болатын жағдай адамдарда дейінгі аралықтағы ластану көздерінің ара қашықтығы болып табылады.
Кешендi баға беру әдiстемесiнде жеке алғанда Оңтүстiк Қазақстандағы Восточный және Западный кен басқармаларына және Қордай кен орнына көңiл бөлiндi. Бұлардың ішiнде алғашқы кезекте Ботабұрым кен орнының N 2 учаскесi, Қызылсай және Қордай кен орындары болып табылады.
Қауiп туғызатын дәреже бойынша (есеп беру авторларының) сараптаушылардың экологиялық жағдайды кен орны учаскелерiнде қалыпқа келтiру жөнiндегi алғашқы кезектегi мiндеттер жинақталды:
- тау-кен орындарын ашу (карьерлер, ойпаттар, шахтылар);
- кендер мен бос қалыптарының жинақталған жерлерiн анықтау;
- алаңдарды өңдеу;
- өнеркәсiп алаңдарын өңдеу.
Барлық салалардағы (кен орындарында) Оңтүстiк Қазақстандағы қалған объектiлерде жоғарыда аталғандардан басқа, "... олардың адамдардан алыс жерлерде орналасуы және бұрынырақтағы жұмыстар атқарылғандығы, мұндағы тау бөктерiндегi қалдықтардың өзiнен-өзi тегiстелуi, өйткенi мұнда бос кеннiң жиынтықтары жинақталған болатын". Осындай объектiлер бұдан әрi айтылатын болса Солтүстiк және Орталық Қазақстанда бар.
Жабық уран өңдеу кәсiпорындарына қатысты стратегиялық iс-қимылдарды әзiрлеу осы Бағдарламада Оңтүстiк Қазақстан кен орындары үшiн жасалған ұсыныстарда басқа аумақтардың объектiлерiне қолдануға жатады. Осы аумақтар үшiн ТАСIS сараптаушылары әзiрлеген әдiстемелiк кешендi жұмыстарға баға беру және олардың басымдықтарын анықтау жан-жақты өзiнiң ерекшелiктерiмен қоса ескерiлген болатын.
2. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты бұрынғы уран өндiрген кәсiпорындардың аумақтарын өңдеу болып табылады. Осы тұрғыда осы жерлердегі экологиялық жүйе элементтерiн қалыпты жағдайға келтiру, яғни оның (суын, топырағын, ауасын) бiрiншi кезекте радиоактивтi ластануды адамдардың денсаулығына зиян келтiрмейтiн деңгейге жеткiзу.
Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Бағдарламаны әзiрлеген кезде мынадай мiндеттер қойылады:
- Қазақстанның кен басқармалары мен кен орындарында барлық уран мәселелерi жөнiнде толық мағлұматтар;
- радиациялық қауiптi объектiлердi түгендеу және олардың қауiптілік дәрежесiне қарай өңдеу;
- пайдаланудағы иондаушы сәуле құтылық көздерiн есепке алу мен сақтауды және таусылғандарын көмудi жүйелеу;
- шұғыл атқарылатын жұмыстар көлемiн анықтау және радиациялық қауiптi объектiлердi оңалту үшiн қажеттi қаражат бөлу.
3. Бағдарламаның негiзгі бағыттары мен іске асыру жолдары
Бағдарламаның басты мақсатын орындау үшiн - радиоактивтік ластануды халық денсаулығына зиян келтiрмейтiн деңгейге жеткiзу, қамтылатындар:
- тау-кен, шахта әдiстерi арқылы кен өндiрудiң экономикалық тиiмсiздiгiне байланысты жабылған кәсiпорындарды сақтау;
- баланстық кен қорының таусылуына байланысты өндiрiс жұмыстары тоқтатылған кәсiпорындарды жою.
Уран өңдеу кәсiпорындарына қарасты болған жерлердi өңдеу үшiн қамтылатындар:
- радиоактивтiк қалдықтарды көму;
- радиациялық ластанған объектiлердi дезактивациялау;
- бүлiнген жерлердi қайта шұрайландыру.
2001-2005 жылдары, мөлшерленген шығын мен күтiлетiн нәтижелердi салыстыру көзқарасын басшылыққа ала отырып, әсiресе өте қауiптi радиациялық, негiзiнен алғанда, тұрғындары көп аудандарға қатысты және қауіптілігi жөнiнен бiрiншi кезектегi объектiлердi санациялау жоспарланып отыр (3 кесте). Экономикалық мақсаттылықты басшылыққа ала отырып, нормалық актiлердегi ережелерге сай жұмыстарды орындау iрi қаржы көздерiн тартуды қажет еткенiмен, осы кезеңдерде алғашқы шұғыл жұмыстарды атқару көзделуде.
Сақталатын және жойылатын кенiштердiң басты объектiлерi:
- теңгерiмдік және теңгерiмнен тыс кендердiң қалдықтары, қышқылдандырылған үйiндiлер қалдықтары;
- өндiрiстiк алаңдардың ластанған аумағы;
- жойылмаған (сақталмаған) тау-кен қазбалары (шахта өзектерi, кенiштер, беттiк ойылымдар т.б.).
Екiншi кезектегi объектілердi оңалту жұмыстары және бiрiншi кезектегi объектілердiң екiншi дәрежедегi мiндеттердi аяқтаудағы жұмыстары 2006-2010 жылдары мониторингтiң көрсеткiшi бойынша қоршаған ортаны сақтау мақсатында өте қажетті деп тапқан объектiлерде орындалады және бұл жерлердегi жұмыстар қоршаған ортаны сақтай отырып, радиациялық сәулелердiң әсерлерiн жоюға баға беру болып табылады.
3.1. Кен орындары бойынша басым объектiлер
3.1.1. Солтүстiк Қазақстан
Солтүстiк Қазақстандағы тау-кен шахтасы әдiсiмен уран шығарылған және барланған 34 кен орындарын сақтап қою (өңделмеген кен орындарын) және жер бетiн өңдеу (барлық кен орындарында) жұмыстары бiрiншi кезекте N 5 кен басқармасының кен орындарында (Грачевское, Косашы), N 4 кен басқармасында (Есiл, Шоқпақ, Қамыс), N 3 кен басқармасында (Заозерное, Тастыкөл), N 1 кен басқармасында (Балкашин, Аққанбiрлiк, Восток) жүргiзiлетiн болады.
N 1 кен басқармасының аумағындағы радиоактивтiк қалдықтардың мәртебесi (тәнділігi) анықталмағандықтан, мұнда "ҚазСабтон" ЖАҚ, қазiргi уақытта Восток кен орнын пайдалану жұмыстарын жалғастыруда, N 4 үйiндiлеп қышқылдандыру қатары, сонымен бiрге үйiндiлеп қышқылдандыру ерiтiнділерiн қайта өңдеу кенiшi N 1 және N 2 карта-тұндырғыштарымен, осы Бағдарлама шеңберiнде санацияға жататын объектiлер ретiнде есептелмейдi. Өйткенi, бұл Бағдарламада жұмыс iстемейтiн кенiштер қамтылады.
3.1.1.1. Грачев және Косашы кен орындары
Бұл кен орындары "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық саябағының аумағында тұрғындар көп тұратын жерде орналасқан және жыл сайын астық егілетін құнарлы жерлерде орналасқан.
2000 жылы Грачев кен орнын 15 жылға сақтауға қоюды, кеніштің кен алынған қабаттары мен кәсіп алаңшасын санитарлық-тазалық бағытта қайта баптауды, жер асты кешендерін және жер бетіндегі кешенді ғимараттарды сақтауды қамтитын "N 5 кен басқармасының N 12 кенiшiн сақтауға қою және қайта шұрайландыру жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi жұмыс жобасы" әзiрлендi.
Жоба бойынша жұмыстар үстiмiздегi жылы басталды. 2000 жылы бөлiнген 20 млн. теңге жер бетiнде бүтiн қалған жабдықтарды бөлшектеуге, төрт опырымның екеуiн iшiнара қайта шұрайландыруға, екi пайдалану өзегiн сақтауға және кәсiп алаңшасының бiр бөлiгiнiң ластанған топырағын алып тастауға жұмсалды.
Жұмыстың толық сметалық құны жоба бойынша 65 583.7 мың теңге құрайды (оның iшiнде 7 млн. теңге қайтарылады).
Бiрақ осы объектiлердi қайта радиометрлiк суретке түсiру нәтижесiнде бұл қаражаттың жеткiлiксiз екенi анықталды.
Грачев кен орнын сақтауға қою жөнiндегi (анықталған) жұмыс құны (N 12 кенiш) 71 575,99 мың теңгеге бағалануда (қайтарылмайтын сомасыз).
1997 жылдарда өткiзiлген зерттеулерге сәйкес, "... Косашы кен орнының радиоактивтi қалдықтарының әлеуеттi қауiптiлiгi оларды құрылыс материалдары өндiрiсiнде немесе басқа мақсатта пайдаланғандықтан" болып табылады (6). N 2 және N 3 шахтылардың кәсiптiк алаңшалары мен опырымдарын қайта шұрайландыру жұмыстарына 1993 және 1995 жылдары "Степгеология" ӨГБ-де атқарылған есептер мен жобаларға сәйкес, 243 975,0 мың теңге қажет (2000 ж. бағасы бойынша).
N 5 кен басқармасының объектiлерiн сақтауға қою және қайта шұрайландыру жұмыстарының жалпы құны 315 551,0 мың теңгенi құрайды.
3.1.1.2. Заозерное және Тастыкөл кен орындары
Заозерное кен орындарындағы N 8 руднигiнде 1956-дан 1992 жылдар аралығында 2.24 млн. м3 жер қойнауы өңделдi, жер бетiнде 536 мың м3 теңгерiмнен тыс және 79,705 мың м3 теңгерiмдiк кендер сақтаулы, 2.75 мың м3 тауарлы кендер жерүстi маңындағы қорымға жерленген.
"3-КБ N 8 кенiшiн сақтауға қою және қайта шұрайландыру жұмыс жобасы" 1992 жылы өндiрiстiк технологияның Бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу жобалау институтында әзiрлендi. Жоба кенiштi 10 жыл сақтауға қоюды, жыныстық және баланстан тыс қалдықтарды, сонымен бiрге кәсiптiк алаңшаларды қайта шұрайландыруды, тауарлы кендердi радиоактивтi қалдықтарды жерлеу орнына (РҚЖО) көмудi, жерүстi кешенiн сақтауға қоюды, жабдықтарды бөлшектеудi қамтиды. 1994 жылы жоба бойынша жерастылық кешенді жою, тау-шахта жабдықтарын бөлшектеу, шахта өзектерiн тоқтатып қою жұмыстары орындалды.
Жобадағы орындалмаған жұмыстың бөлiгi 2000 жылдың бағасы бойынша 1 576 331.6 мың теңге құрайды және мына жұмыстардан тұрады:
- автомашиналар мен жабдықтарды дезактивациялау, жуу орнын салу;
- ғимараттарды дезактивациялау жұмыстары;
- ғимараттарды сақтауға қою жұмыстары;
- Көксар көлiн қайта қалпына келтiру;
- қалдықтарды өңдеу жұмыстары;
- балансты кендердi РҚЖО-ға көму;
- автожолдар мен саздақ карьерлерiн салу;
- жанар-жағар май тұндырғышы мен резервуары құрылысы;
- Көксар көлiне автожолын салу;
- iшкі алаңдар автожолдарын және кiрме темiр жолдарын қалпына келтiру;
- көрiктендiру және көгалдандыру.
Тастыкөл кен орнында басты ластаушы радиоактивтi объектiлерi болып көлемi 1 246 мың м3 болатын 4 баланстық және баланстан тыс кендер қалдықтары; белгiлi қауiптi қоршалмаған карьердiң 15 га алаңы туғызуда.
1986 жылы N 9 шахта сақтауға қойылып, N 5 карьердегi баланстан тыс қалдықтарды өңдеу жұмыстары 1989 жылы орындалды. Өткен 12 жыл iшiнде жер бетiне жабылған зат қабаты (саздақ және павлодарлық балшық) үйiндiнiң көпшiлiк бөлiгiнде сумен шайылған, өсiмдiктер тамыр алмаған, яғни мұндағы жұмыстар дұрыс орындалмаған немесе толық атқарылмаған болып есептеледi.
N 8 кешенін қайта қалпына келтіру және сақтауға қою, экологиялық жағдайды жақсартумен қоса, сол кездегі энергетикалық мүмкіндіктерді, өнеркәсіптік құрылысты, көлік жолдарын және инженерлiк коммуникацияны пайдалана отырып, тау-кен өндірісін басқа өнім түрлерін шығаруға бағыттап, осы арқылы кәсiпорын жұмыскерлерiнiң көп бөлiгін жұмыспен қамтамасыз етудi жорамалданған болатын.