"Азаматтық авиация академиясы" мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25
мамырдағы N 718 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Білім беру саласындағы "Азаматтық авиация академиясы" мекемесі - коммерциялық емес ұйымы жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Азаматтық авиация академиясы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) жарғыны бекіту кезінде Қоғам қызметінің негізгі бағыттары азаматтық авиация саласындағы мамандарды даярлау және қайта даярлау деп белгілесін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін;
4) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін акциялардың мемлекеттік пакетін жарғылық капиталының 40 пайызы мөлшерінде сатуды жүзеге асырсын;
5) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
6) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншіктің түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада реттік нөмірі 286-жол алынып тасталсын;
2) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
"Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-47-жолмен толықтырылсын:
"123-47. "Азаматтық авиация академиясы" ААҚ";
3) "Республикалық меншіктегі ұйымдарда акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігіне" деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне";
реттік нөмірі 427-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-12-жолмен толықтырылсын:
"222-12. "Азаматтық авиация академиясы" ААҚ".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі