Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 және
2001 жылғы 25 мамырдағы № 718 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
31 желтоқсандағы № 1466 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 29-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 53-жолмен толықтырылсын:
"51. "Азаматтық авиация академиясы" АҚ (Алматы қаласы) 80 %";
2) "Азаматтық авиация академиясы" мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 мамырдағы № 718 қаулысында:
2-тармақтағы 4) тармақша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы