5. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, кооператив мүшелерi пайларының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң пайларын енгiзу құрамы мен тәртiбi және пай енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғандығы үшiн олардың жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы, соның iшiнде шешiмдi бiрауыздан немесе басым көпшiлiк дауыспен қабылдау мәселелерi туралы; кооператив мүшелерiнiң оларға келтiрiлген шығынның орнын толтыру тәртiбi туралы шарттар болуға тиiс.
6. Адвокаттар алқасының жарғысында мүшелiктi тоқтата тұру тәртiбi, заң консультацияларын құрудың және олардың қызметiнiң тәртiбi, мүлiктi құрайтын көздер және оларға билiк ету тәртiбi, мүшелiк жарналарды төлеу тәртiбi, адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi және соттың, анықтау және алдын ала тергеу органдарының тағайындауы бойынша адвокаттар арасында заң көмегiн реттеп бөлу тәртiбi, адвокаттарды аттестациядан өткiзу тәртiбi, адвокаттар алқасы мүшелерi мен тағылымдамадан өтушi адвокаттардың тәртiптiк жауапкершiлiгi және жауапкершiлiкке тарту тәртiбi, адвокаттың лицензиясын керi қайтарып алу туралы өтiнiш қозғау тәртiбi болуға тиiс.
7. Қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында олардың органдарының құрамы және құзыретi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы және қауымдастық (одақ) таратылғаннан кейiн қалған мүлiктi бөлу тәртiбi туралы шарттар да болуға тиiс.
8. Коммерциялық емес ұйымның жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар оның жоғары органының (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) шешiмi бойынша енгiзiледi. Қор жарғысына өзгерiстер мен толықтыруларды, егер қор жарғысында оған осындай құқық берiлген болса, қордың басқару органы енгiзедi.
9. Коммерциялық емес акционерлiк қоғам жарғысында қоғамның коммерциялық емес ұйым екендiгi де, дауыс беру рәсiмi, дивидендтердi төлемеу туралы ережелер де, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген басқа талаптар да көрсетiлуге тиiс.
23-бап. Құрылтай шарты
1. Құрылтай шарты - коммерциялық емес ұйым құру туралы құрылтайшылардың келiсiмi, мұнда оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбi, оның меншiгiне (жедел басқару) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу шарттары айқындалады. Мұнда, егер коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерi туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, коммерциялық емес ұйымның қызметiн басқару, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарты мен тәртiбi де белгiленедi.
Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн басқа да ережелер енгiзiлуi мүмкiн.
2. Құрылтай шартына барлық құрылтайшылар немесе олар уәкiлеттiк берген адамдар қол қояды.
3. Қорды, жеке меншік мекемені бiр адам құрған жағдайда құрылтай шарты жасалмайды.
24-бап. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерi
1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар құрып, өкiлдiктер аша алады.
Қоғамдық және дiни бiрлестiктер, мекемелер осы ұйымдар туралы заң актiлерiне сәйкес өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн құра алады.
2. Коммерциялық емес ұйымның филиалы оның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiктiң мiндетiн жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлiмшесi болып табылады.
3. Коммерциялық емес ұйымның өкiлдiгi оның тұрған жерiнен тыс орналасқан және коммерциялық емес ұйымның мүдделерiн қорғауды және оның өкiлдiгiн жүзеге асыратын, оның атынан мәмiлелер және өзге де құқықтық iс-әрекеттер жасайтын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлiмшесi болып табылады.
4. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болып табылмайды. Олар өздерiн құрған коммерциялық емес ұйымның мүлкiн иемденеді және ол бекiткен ереже негiзiнде әрекет етедi. Филиалдың немесе өкiлдiктiң мүлкi жеке баланста және оларды құрған коммерциялық емес ұйымның балансында ескерiледi.
5. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қоспағанда) басшыларын коммерциялық емес ұйымның уәкiлеттi органы тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде әрекет етедi. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдар мен өкiлдiктер) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады.
Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдар мен өкiлдiктер) басшылары дiни бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалы мен өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады.
6. Филиал және өкiлдiк өздерiн құрған коммерциялық емес ұйымның атынан қызметiн жүзеге асырады. Өз филиалының не өкiлдiгiнiң қызметi үшiн оларды құрған коммерциялық емес ұйым жауапкершiлiкте болады.
7. Коммерциялық емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерi есептiк тiркелуге, ал атауын өзгерткен жағдайда - қайта тiркелуге жатады.
Есептiк тiркелуден, қайта тiркелуден өтудiң тәртiбi мен мерзiмi заңды тұлғаларды тiркеу туралы заңдармен реттеледi.
25-бап. Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру
1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы заңда, басқа да заң актiлерiнде көзделген тәртiппен қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.
2. Коммерциялық емес ұйымды қайта ұйымдастыру қосу, бiріктіру, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру нысанында және заңдарда көзделген басқа да нысандарда жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым, бiрiктiру нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жаңадан пайда болған ұйымның (ұйымдардың) мемлекеттiк тiркеуден өткен кезiнен бастап қайта ұйымдастырылған болып есептеледi.
Коммерциялық емес ұйымға басқа ұйымды бiрiктiру нысанында оны қайта ұйымдастыру кезiнде олардың алғашқысы заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiне бiрiктiрiлген ұйымдардың қызметiн тоқтату туралы жазба енгiзiлген кезден бастап қайта ұйымдастырылған болып есептеледi.
4. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде жаңадан пайда болған ұйымды (ұйымдарды) мемлекеттiк тiркеу және заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелiмiне қайта ұйымдастырылған ұйымның (ұйымдардың) қызметiн тоқтату туралы жазба енгiзу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
26-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату
1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда және басқа да заң актiлерiнде көзделген негiзде және тәртiппен ерiктi түрде (оның мүлкiн иеленушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның шешiмi бойынша, сондай-ақ бұған құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген заңды тұлға органының шешiмi бойынша) және мәжбүрлеп (сот шешiмi бойынша) таратылуы мүмкiн.
2. Коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған коммерциялық емес ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) немесе орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асырған әдiлет органына дереу жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған құрылтайшылар немесе орган тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға сәйкес коммерциялық емес ұйымды таратудың тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi.
3. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған коммерциялық емес ұйымның мүлкiн және iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк көшедi. Тарату комиссиясы таратылатын коммерциялық емес ұйымның атынан сотта әрекет етедi.
27-бап. Коммерциялық емес ұйымды тарату тәртiбi
1. Тарату комиссиясы орталық әдiлет органының ресми басылымдарында заңды тұлғаның таратылуы туралы, сондай-ақ оның кредит берушiлерiнiң талаптарын мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпарат жариялайды. Талаптарды мәлiмдеудiң мерзiмi коммерциялық емес ұйымды тарату туралы жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмауға тиiс.
Тарату комиссиясы кредит берушiлердi айқындауға және берешектерiн алуға шара қолданады, сондай-ақ кредит берушiлердi коммерциялық емес ұйымның таратылғандығы туралы жазбаша хабардар етедi.
2. Кредит берушiлердiң талаптар қоюына арналған мерзiм аяқталған соң тарату комиссиясы аралық тарату балансын жасайды, мұнда таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлiк құрамы туралы мәлiметтер, кредит берушiлер мәлiмдеген талаптардың тiзбесi, сондай-ақ олардың қаралу нәтижелерi туралы мәлiметтер болады.
Аралық тарату балансын коммерциялық емес ұйымның мүлкiн иеленушi немесе коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.
3. Егер таратылған коммерциялық емес ұйымның (мемлекеттiк мекемелерден басқа) ақшасы кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiппен, коммерциялық емес ұйымның мүлкiн ашық сауда арқылы сатуды жүзеге асырады.
4. Таратылатын коммерциялық емес ұйымның кредит берушiлерiне ақша төлеудi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 51-бабында белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен, аралық тарату балансына сәйкес, ол бекiтiлген күннен бастап тарату комиссиясы жүргiзедi.
5. Кредит берушiлермен есеп айырысу аяқталған соң тарату комиссиясы тарату балансын жасайды, оны коммерциялық емес ұйымның мүлкiн меншiктенушi немесе коммерциялық емес ұйымды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi.
6. Таратылатын мекеменiң ақшасы кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, соңғысы талаптардың қалған бөлiгiн осы мекеменiң мүлкiн меншiктенушiнiң есебiнен қанағаттандыру туралы шағыммен сотқа жүгiнуге құқылы.
ҚР 16.05.03 ж. N 416-II Заңымен 28-бап өзгертілді
28-бап. Таратылатын коммерциялық емес ұйымның мүлкi
1. Коммерциялық емес ұйымның таратылған кезде кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлкi, егер заң актілерiнде өзгеше тәртiп көзделмесе, құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.
Коммерциялық емес ұйым салық жеңiлдiктерiн және басқа да жеңiлдiктердi пайдаланған және мүшелерiнiң және (немесе) құрылтайшыларының жарналары мен өз қызметiнен түскен кiрiстерi, жұртшылықтың қайырмалдықтары есебiнен жұмыс жасаған, мемлекеттен немесе мемлекеттiк емес ұйымдардан гранттар алған жағдайда, таратылған кезде кредит берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлiктi ұйымның мүшелерi, құрылтайшылары, лауазымды адамдары немесе жалдамалы қызметкерлерi арасында қайта бөлуге болмайды, ол ұйымның жарғысына сәйкес оның жарғылық мақсаттарына пайдаланылуға тиiс. Егер ұйымның жарғысында мұндай тәртiп көзделмесе, тарату туралы шешiм қабылдаған органның ұйғаруы бойынша қалған мүлiк таратылатын ұйымдiкi сияқты мақсаттарды немесе оларға жақын мақсаттарды ұстанатын коммерциялық емес ұйымға берiлуi мүмкiн.
2. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда оның тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен үлесiн өз пайына бара-бар бөлiп алуға құқығы бар.
Селолық тұтыну кооперативiнен шыққан жағдайда оның мүшесi селолық кооперативтiң мүлкiндегi өзiнiң үлесiн бөлiсуге және оның құнын немесе кооперативтiң барлық мүшелерiнiң келiсiмi бойынша өз пайына барабар заттай мүлiк алуға құқылы.
Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер заң актiлерiнде және кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға бiрiншi кезекте құқығы болады. Заң актiлерiнде және кооператив жарғысында өзгеше көзделген жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативi мүлкiнен оның пайына бара-бар үлесiн төлейдi.
3. Құрылтайшылар мекеменiң мүлкiне меншiк құқығын сақтайды.
4. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның кредит берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкi барлық акционерлер арасында оларға тиесiлi акциялардың санына бара-бар бөлiнедi.
29-бап. Коммерциялық емес ұйымды таратудың аяқталуы
Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзiлгеннен кейiн коммерциялық емес ұйымның таратылуы аяқталған, ал коммерциялық емес ұйымның жұмыс iстеуi тоқтатылған болып есептеледi.
ҚР 24.12.01 ж. N 276-II Заңымен 30-бап өзгертілді
30-бап. Коммерциялық емес ұйым қызметiнiң тоқтатылуы туралы жазба
Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзілiмiне коммерциялық емес ұйым қызметiнiң тоқтатылуы туралы жазбаны заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган, мынадай құжаттар:
1) коммерциялық емес ұйымның таратылуы (ерiктi түрде таратылған жағдайда) немесе қызметiнiң тоқтатылуы туралы жазбаны енгiзу жөнiндегi коммерциялық емес ұйымның уәкiлеттi адамы қол қойған өтiнiш;
2) коммерциялық емес ұйымның таратылуы (қызметiнiң тоқтатылуы) туралы тиiстi органның шешiмi;
3) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттары мен оны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
4) тарату балансы немесе өткiзу актiсi не бөлу балансы;
5) коммерциялық емес ұйымның мөрiн жою туралы құжат;
6) бюджет алдында берешектерiнiң (банкроттық жағдайларды қоспағанда) жоқтығы туралы салық органдарының анықтамалары;
7) Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзу үшiн төленетiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат және заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәлiметтердiң жарияланғанын растайтын құжат табыс етiлген кезде енгiзедi.
31-бап. Коммерциялық емес ұйымды мемлекеттiк тiркеу
және қайта тiркеу
Коммерциялық емес ұйымды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4-тарау. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі
32-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызмет түрлерi
1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған және коммерциялық емес ұйымның мақсаттарына сәйкес келетiн, оның құрылтай құжаттарында көзделген бiр немесе бiрнеше қызмет түрiн жүзеге асыра алады.
2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдар айналысуға құқылы қызмет түрлерiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйымдар заң актiлерiне сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялар негiзiнде ғана жүзеге асыра алады.
33-бап. Коммерциялық емес ұйымның кәсiпкерлiк
қызметпен айналысуға құқығы
1. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей ғана кәсiпкерлiк қызметпен айналыса алады.
2. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлiк қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебiн жүргiзедi.
4. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметiнен алынатын кiрiстердi коммерциялық емес ұйымдардың мүшелерi (қатысушылары) арасында бөлiсуге болмайды, ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi.
34-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкi
1. Коммерциялық емес ұйымның меншiгiнде немесе оралымды басқаруында оның жарғысында көзделген қызметiн материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажеттi, заң актiлерiне сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың меншiгiнде болуға болмайтын мүлiктiң жекелеген түрлерiн қоспағанда, объектiлер, мүлiк, сондай-ақ өзiнiң қаражаты есебiнен құрылған ұйымдар болуы мүмкiн.
Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебiнен иемденiп алған немесе өздерi құрған, азаматтар, ұйымдар қайырмалдық ретiнде берген, немесе мемлекет берген және заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша иемденiп алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
Мекеменің өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе өзгеше әдiспен оған билiк етуге құқығы жоқ.
2. Коммерциялық емес ұйым (мекемелердi қоспағанда) өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.
35-бап. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн құрау көздерi
1. Мыналар:
1) құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түскен түсiмдер;
2) ерiктi мүлiктiк жарналар мен қайырмалдықтар;
3) заңдарда белгiленген жағдайларда тауарлар сатудан, жұмыстардан, қызмет көрсетуден түскен түсiмдер (кiрiс);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынған дивидендтер (кiрiстер, сыйақы (мүдде);
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсiмдер, заң актілерiне сәйкес, коммерциялық емес ұйымның мүлкін ақшалай және өзге де нысандардағы құрау көздерi болып табылады.
2. Коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң кiрiс көздерiне заң актiлерiмен шектеулер қойылуы мүмкiн.
3. Құрылтайшылардан (қатысушылардан, мүшелерден) түсетiн қаржы және өзге де қаражат түсiмдерiнiң тәртiбi коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.
4. Коммерциялық емес ұйымның мүлкiн, ақшалай нысаннан басқа, заттай және өзге нысандарда құрауға құрылтайшылардың салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiшке тең сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз аудитор растауға тиiс.
36-бап. Мүдделер қайшылығы
1. Коммерциялық емес ұйым мен мүдделi адамдардың арасындағы ұйымның мүлкiн пайдалануға байланысты мәмiлелер мүдделер қайшылығы орын алуын ұйғарымдайды.
2. Коммерциялық емес ұйымның басқару органының (басшылық етушi органының) мүшелерi, сондай-ақ осы өз ұйымымен жеке өзi немесе өкiлi арқылы мәмiлелер жасасатын, ұйыммен қатынастарына орай өз мүлкiмен ұйымға билiк етуге ықпал ете алатын адамдар мүдделi адамдар деп танылады.
3. Коммерциялық емес ұйым мүдделi адамдардың туыстарымен, сондай-ақ олардың кредит берушiлерiмен мәмiлелер жасаса да мүдделер қайшылығы ұйғарымдалады.
37-бап. Мүдделер қайшылығын шешу
Мүдделер қайшылығы ұйғарымдалған мәмiленi коммерциялық емес ұйымның уәкiлеттi органы бекiтуге тиiс. Мүдделi адам осындай мәмiле жасасудың ұйғарымдалғаны туралы ұйымның уәкiлеттi органын хабардар етуге тиiс.
Егер мәмiленi уәкiлеттi органдар бекiтпеген болса, мүдделер қайшылығы орын алған мұндай мәмiленiң жасалуы нәтижесiнде коммерциялық емес ұйымға келтiрiлген шығындардың орнын толтыруға мүдделi адам жауап бередi.
Шығындардың орнын толтыруға қоса, осындай мүдделi адам осындай мәмiленi жасау нәтижесiнде алған сол адамның бүкiл кiрiсiн коммерциялық емес ұйымға қайтаруға тиiс.
Егер шығындар бiрнеше мүдделi адамның iс-қимылдары нәтижесiнде туындаған болса, олар коммерциялық емес ұйымның алдында ортақ жауап беруi тиiс.
5-тарау. Коммерциялық емес ұйымды басқару
38-бап. Коммерциялық емес ұйымды басқару негiздерi
Коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құрылымы, құзыретi, құрылу тәртiбi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi, олардың шешiмдер қабылдау мен коммерциялық емес ұйымның атынан әрекет жасау тәртiбi заңдарда және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленедi.
39-бап. Коммерциялық емес ұйымның басқару органдары
1. Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, құрылтай құжаттарына сәйкес олардың басқару органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары басқару органы (жалпы жиналыс, съезд, конференция, құрылтайшы) - коммерциялық емес ұйым қызметiнiң кез келген мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы;
2) басқарудың атқарушы органы (алқалы немесе дара басқару) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен жоғары басқару органының ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымның қызметiн ағымдағы басқаруды жүзеге асырады, жоғары басқару органына есеп бередi;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы (тексеру комиссиясы, тексерушi);
4) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар.
2. Коммерциялық емес ұйымның жоғары басқару органының ерекше құзыретiне:
1) коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
2) коммерциялық емес ұйымды ерiктi түрде қайта ұйымдастыру және тарату;
3) коммерциялық емес ұйымның басқару органдарының құзыретiн, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртiбiн айқындау;
4) атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртiбiн және олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындау;
5) заң актiлерiнде белгiленген шекте коммерциялық емес ұйымның басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерi жатады.
Жоғары басқару органының ерекше құзыретiне заң актiлерiне сәйкес коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарымен осы ұйым қызметiнiң басқа да мәселелерi жатқызылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым өзiнiң жоғары басқару органының мүшелерiне, жоғары басқару органының жұмысына қатысуына тiкелей байланысты шығыстардың өтемiн қоспағанда, өздерiне жүктелген мiндеттердi олардың орындағаны үшiн сыйақы төлеудi жүзеге асыруға құқылы емес.
4. Коммерциялық емес ұйымның жалдамалы жұмыс iстейтiн, штаттағы қызметкерлерiне еңбек, сақтандыру, әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заңдар қолданылады.
6-тарау. Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар
40-бап. Мемлекет және коммерциялық емес ұйымдар
1. Мемлекет коммерциялық емес ұйымдарды құруды және олардың белсендi қызмет етуiн көтермелейдi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға салық, кеден жеңiлдiктерi және басқа да жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
2. Коммерциялық емес ұйымдар өз қызметiнiң мақсаттарына сәйкес мемлекеттiк органдармен келiсiмдер жасасын, ынтымақтасуы және олар үшiн белгiлi бiр жұмыстарды орындауы мүмкiн.
41-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн бақылау
1. Коммерциялық емес ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген бухгалтерлiк есеп пен статистикалық есептеме жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына және коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес коммерциялық емес ұйым мемлекеттiк статистика және салық органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметi туралы ақпарат бередi.
3. Коммерциялық емес ұйым кiрiстерiнiң мөлшерi мен құрылымы, сондай-ақ коммерциялық емес ұйым мүлкiнiң мөлшерi мен құрамы, оның шығыстары, қызметкерлерiнiң саны мен құрамы, олардың еңбегiне ақы төлеу, коммерциялық емес ұйымның қызметiнде азаматтардың тегiн еңбегiн пайдалану туралы деректер коммерциялық құпияның мәнi бола алмайды.
42-бап. Коммерциялық емес ұйымның қызметiн тоқтата тұру
1. Коммерциялық емес ұйымның қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған немесе коммерциялық емес ұйымның жарғысында белгiленген қызметтiң мәнi мен мiндеттерi шегiнен шығатын әрекеттердi бiрнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура органдарының ұсынуы негiзiнде шығарылған сот шешiмiмен үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделгендей, коммерциялық емес ұйымның қызметi тоқтатыла тұрған жағдайда оған құрылтай құжаттарында көзделген қызметпен айналысуға тыйым салынады. Оның банк шоттарын пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары бойынша есеп айырысу, өз қызметi салдарынан келтiрiлген шығындардың орнын толтыру мен айыппұл төлеу қосылмайды.