Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік
көмектің мөлшерлері мен көздері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 17 мамырдағы N 738 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.01.01 ж. N 139; 09.08.01 ж. N 1046
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. N 1050 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әлеуметтік қорғау кепілдіктерінің орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) "Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шұғыл шаралар туралы және білім беру мекемелерінің балаларын, тәрбиеленушілерін, оқушылары мен студенттерін киіндіруге және тамақтандыруға арналған шығындардың заттай мөлшері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 31 наурыздағы N 376 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 11, 130-бет);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгертулердің 16-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
N 738 қаулысымен
бекітілген
Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде
берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы
нұсқаулық
1. Жалпы бөлім
1. Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы осы нұсқаулық "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес әзірленді.
Осы Нұсқаулық, сондай-ақ сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді де көздейді.
2. Мемлекет азаматтардың мынадай санаттарын:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды;
даму мүмкіндіктері шектеулі, мүгедек және интернаттық мекемелерде тұратын бала кезінен мүгедек балаларды олардың білім алуы кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді.
Мемлекет, сондай-ақ сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді.
Толық мемлекеттік қамтамасыз ету: тұруды, тамақтандыруды, киіндіруді, медициналық көмек алуды, оқулықтармен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтиды.
3. Мемлекет азаматтардың мынадай санаттарын:
көп балалы отбасылар балаларын;
атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар балаларын;
қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы балаларды білім алу кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды ішінара көтереді.
Бұл ретте, интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін көрсетілген санаттағы балалардың тұруы, медициналық көмек алуы, жұмсақ мүкәммал және оқулықтар үшін шығыстарды мемлекет көтередi. Тамақтануға арналған шығыстар тамақтану құнының 20 пайызы мөлшерiнде ата-аналардың төлеуi есебiнен жабылады.
Отбасында тұратын аталған санаттағы балалар жалпы бiлiм беретiн мектепте оқыған кезеңде мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердiң жанындағы Жалпыға мiндеттi орта бiлiм қорының қаражаты есебiнен бiржолғы тамақ, мектептiк және спорттық үлгiдегi киiм алуға құқығы бар, сондай-ақ оқулықтармен тегiн қамтамасыз етiледi.
Жоғары, орта және бастауыш кәсіптік оқу орындарының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы студенттері мен оқушылары, сондай-ақ кәсіптік мектептер (лицейлер) оқушылары оқу процесі кезеңінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған бір күнгі тағам мөлшері құнының 40 пайызы есебімен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 3-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 139
қаулысымен.
Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.09. N 1046
қаулысымен.
4. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, мемлекеттік бiлiм ұйымдары демеушiлiк және қайырымдылық көмектерден алатын және қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлген, бiлiм беру және өзге де ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан мемлекеттiк ұйымдарға түсетiн қаражаттар әлеуметтiк көмек көздерi болып табылады.
2. Мұқтаж азаматтарға олардың бiлiм алуы кезеңiнде
берiлетiн әлеуметтiк көмектің мөлшерлерi мен көздерi
5. Мемлекеттік мектепке дейiнгi, жалпы орта, бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетiн және оқитын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн:
1, 2-қосымшаларға сәйкес киіммен, аяқ-киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
4, 5, 7-қосымшаларға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары;
жабдықтар, мүкәммал сатып алуға және үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеудi жүргiзуге арналған шығыстарды есептемегендегi барлық тәрбиеленушiлер мен оқитындарды ұстау құнының кемiнде 3 пайызы мөлшерiнде шаруашылық заттарын, жеке бастың гигиенасына қажетті заттарды, ойыншықтар, көркем әдебиет қорын сатып алуға, мәдени-көпшiлiк iс-шараларға арналған шығыстардың сомасы белгіленедi.
6. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) бітірген, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм ұйымдарына оқуға түскен кезде 8-қосымшаға сәйкес жаңа киiмнiң, аяқ киiмнiң жиынтығы, сондай-ақ екi айлық есептi көрсеткiштер сомасында бiржолғы ақшалай жәрдемақы берiледi.
7. Оқу кезеңiнде толық мемлекеттiк қамтамасыз етуде болған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы бiтiрушілер жұмысқа жiберiлген және еңбекке орналастырылған кезде тиiстi мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының қаражаты есебiнен, 9-қосымшаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен, сондай-ақ төрт айлық есептi көрсеткiштер сомасында бiр жолғы ақшалай жәрдемақымен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының басшыларына бiлiм ұйымын (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) бiтiрушi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тiлегi бойынша, 9-қосымшада көзделген киiмнiң, аяқ киiмнiң, жұмсақ мүкәммалдың және жабдықтардың орнына, қажет болған жағдайда, екiншi деңгейдегi банкке бiтiрушiнiң атына салым аудару арқылы ақшалай өтемақы беру құқығы берiледi.
Жергiлiктi атқарушы органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, бiлiм мекемелерiнiң (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы бiтiрушiлерiн мiндеттi түрде еңбекке орналастыруды қамтамасыз етедi және оларға тұрғын үй бередi.
8. Жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектептен тыс мемлекеттiк ұйымдарда бiлiм алуы аталған ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
9. Бiлiм алу кезеңiнде толық мемлекеттiк қамтамасыз етуде болған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруге байланысты шығыстары оқушылардың және студенттердiң жол жүру билеттерiнiң құны есебiмен мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы балалар, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi негiзiнде, жол жүруге байланысты жеңiлдiктер мен шығыстарды пайдаланады.
10. Интернаттық мекемелерде тәрбиеленушi даму мүмкiндiктерi шектеулi (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан басқасы), мүгедек және бала кезiнен мүгедек балалар, тәрбиелеудiң ерекше жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспiрiмдер, көп балалы отбасынан шыққан балалар, атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылардан шыққан балалар мен қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы балалар үшiн:
3-қосымшаға сәйкес киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
4, 5-қосымшаларға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары белгiленедi.
11. Толықтай және iшiнара мемлекеттiк қамтамасыз етудегi жекелеген пәндердi тереңдетiп оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттарда, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын оқушылар үшiн тамақтандырудың заттай нормалары 6-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
12. Сәбилер үйiнде тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн:
10-қосымшаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
11-қосымшаға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары белгiленедi.
3. Бiлiм беру ұйымдары басшыларының әлеуметтiк
көмек көрсетудегi құқықтары
13. Бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының басшыларына:
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан оқушылар мен студенттерге каникул кезеңiнде заңнамада белгiленген тәртiппен оқу орны қаражатының есебiнен олар тәрбиеленген ұйымдарға және отбасыларына жол жүру ақысын, тәулiктiк шығыстарды төлеуге;
каникул кезiнде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан оқушылар мен студенттерге, тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегiнде, қолма-қол ақша беруге құқық берiледi.
14. Мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының басшыларына мүмкiндiктер болған жағдайда жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек және бала кезінен мүгедек балаларды еңбек лагерьлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерьлеріне, ал дәрігерлік көрсеткіштері болған жағдайда тиісті бейіндегі санаторийлерге жолдамамен тегін қамтамасыз ету құқығы беріледі.
1-қосымша
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін, барлық түрлердегі
мектеп-интернаттардағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды (мектеп-интернаттардағы мектеп жасына дейінгі
тәрбиеленушілерді қоса алғанда) киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ
мүкәммалмен қамтамасыз етудің
Нормалары
------------------------┬----------┬-------------------┬-------------------
Атауы │ Өлшем │Мектеп жасындағы │Мектеп жасына
│ бірлігі │бір тәрбиеленушіге │дейінгі бір
│ │ │тәрбиеленушіге
│ ├──────┬────────────┼──────┬─────────-
│ │Саны │ киілу │Саны │ киілу
│ │ │ мерзімі │ │ мерзімі
│ │ │ (жыл) │ │ (жыл)
────────────────────────┼──────────┼──────┼────────────┼──────┼──────────-
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6
────────────────────────┴──────────┴──────┴────────────┴──────┴──────────-
Киім-кешек
Қысқы пальто дана 1 2 - -
Қысқы пальто, тон " - - 1 2
Маусымдық пальто, " 1 2 1 2
күртке
Мектеп киімі жиынтық 1 1 - -
Балалар ұйымының киім " 1 1 - -
үлгісі (жүннен тоқылған)
Балалар ұйымының киім " 1 1 - -
үлгісі (мақта-матадан
тігілген)
Ер балалардың мақта- дана 2 2 - -
матадан тігілген ақ
мектеп көйлектері
Қыз балалардың үлгілік
көйлегіне алжапқыш:
қара түсті " 1 1 - -
ақ түсті " 1 1 - -
Спорттық үлгідегі жиынтық 2 2 - -
киімдер, кедалар
Ер балалар костюмі " 3 2 3 1
Қыз балалардың дана 3 2 3 1
көйлектері
(юбкалар, кеудешелер)
Қыз балаларға арналған " 2 2 2 2
үйде киетін халаттар
Ер балалардың мақта- " 3 1 3 1
матадан тігілген
сыртқы көйлектері
Жүннен тоқылған дана 2 1 2 1
көйлектер
(мерекелік)
Жүн матадан тігілген жиынтық 1 1 1 1
мерекелік костюм
Жүннен тоқылған дана 1 2 2 2
свитерлер (жемпірлер)
Жазғы көйлектер " 2 1 2 1
(мерекелік)
Қыз балалардың " 2 1 2 1
бүрмелі ішкиімі
Жазғы бас киім " 1 1 1 1
Қысқы бас киім " 1 2 1 2
Қыз балалардың жағалары
(манжеттері) жиынтық 3 1 - -
Қол орамалдар дана 4 1 4 1
Ер балалардың шалбарының
белбеуі " 1 1 - -
Жартылай жүнді шарф " 1 2 1 2
Қолғап (биялай) жұп 4 2 5 2
Іш киім жиынтық 4 2 5 2
Қыз балалардың белдігі дана 1 1 - -
Қыз балалардың " 3 1 - -
бюстгальтері
Қыз балалардың трикосы " 5 1 5 1
Сәтеннен тігілген " 2 1 3 1
спорттық трусилер
Майкалар " 3 1 3 1
Мақта-матадан тоқылған жұп 5 1 6 1
шұлық, ұйық, гольфтар
Жүннен тоқылған шұлық, " 2 1 2 1
ұйық, гольфтар
Бәтеңкелер, туфли " 3 1 3 1
(сандалдар)
Кроссовкалар " 1 1 1 1
Шәркей " 3 1 3 1
Пима (қысқы етік, жұп 1 1 1 1
бәтеңкелер)
Резеңке етіктер " 1 2 1 1
Галоштар " - - 1 2
Шаңғы костюмі дана 1 2 1 2
Спорттық бас киім " 1 2 1 2
Түнгі көйлектер, пижамалар " 2 1 2 1
Колготкилер " 5 1 6 1
Алжапқыштар (ер балалар " - - 2 1
көкірекшелері)
Құмда жату, шомылу, малту " 1 1 1 1
іш киімдері
Бас киім " 1 2 1 2
Жұмыс киімі жиынтық 1 2 1 2
Арнаулы киім " 1 1 - -
Портфельдер, сөмкелер дана 2 2 - -
Шамадан " 1 5 1 5
Жұмсақ мүкәммал
Ақ жайма дана 3 2 5 2
Көрпетыс " 2 3 3 3
Жастықтың ішкі тысы " 1 4 1 4
Жастықтың сыртқы тысы " 3 2 3 2
Мақта-матадан жасалған " 3 2 3 2
вафельді сүлгі
Түкті сүлгі " 3 3 3 2
Жүннен немесе мақтадан " 1 6 1 6
жасалған көрпе
Бәйкі көрпе " 1 4 1 4
Матрац " 1 4 1 3
Мамық қауырсынды жастық " 1 8 1 8
Төсек жапқыш " 1 6 1 6
Кереует алдындағы кілемше " 1 4 1 4
--------------------------------------------------------------------------
Ескерту:
1. Балалар үйлері мен интернаттық ұйымдарының басшыларына сән және тәрбиеленушілердің мүдделерін ескере отырып, осы тізбеге, оның құнының шегінде жекелеген өзгертулер енгізу құқығы беріледі.
2. Мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, облыстар мен аудандарда қыстық пальтомен, аяқ киіммен, бас киімдермен қамтамасыз етіледі. Қыстық киім, аяқ киім беру қарастырылмаған аудандарда маусымдық пальто бір жылға, бәтеңке (туфли) 7 айға беріледі.
2-қосымша
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың
қатарынан бастауыш, орта және жоғары кәсіптік оқу орындарының
студенттері мен оқушыларын киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ
мүкәммалмен қамтамасыз етудің
Нормалары
----------------------------┬----------┬------------------┬----------------
Атауы │ Өлшем │ Беру мөлшері │Киілу мерзімі
│бірлігі │ер балалар│қыздар │ (жыл)
│ │ үшін │ үшін │
────────────────────────────┼──────────┼──────────┼───────┼─────────────-
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5
────────────────────────────┴──────────┴──────────┴───────┴──────────────-
Киім кешек
Жылы балон күртке дана 1 1 2
Жүннен тігілген жасөспірім. " 1 - 2
дердің костюм-үштігі
Жүннен тігілген қыздардың " - 1 2
костюмдік-үштігі
Қыздар кеудешесі " - 1 1
Жасөспірімдердің көйлегі " 1 - 1
Қыздардың көйлегі " - 1 1
Қыздардың кеудешесі мен " - 1 1
юбкасы
Жасөспірімдердің мақта- " 1 - 1
матадан тігілген костюмі
Жасөспірімдердің майкасы " 1 - 1
Қыздардың іш көйлегі " - 1 1
Қыздардың трикосы " - 2 1
Трусилер " 2 2 1
Бас киім:
қысқы " 1 1 2
күзгі " 1 1 2
Туфлилер жұп - 1 1
Бәтеңкелер " 1 - 1
Жылы етік (қысқа қонышты етік) " 1 1 1
Керзі етік* " 1 1 1
Жасөспірімдердің қысқа " 2 - 1
жеңді көйлегі дана 2 - 1
Қыздардың жазғы көйлегі " - 2 1
Спорттық шәркейлер жұп 1 1 1
Қолғаптар (биялайлар) " 1 1 1
Мақта-матадан тоқылған
шұлықтар " 4 - 1
Жүннен тоқылған шұлықтар " 2 - 1
Колготкилер дана - 4 1
Жартылай жүннен тоқылған " - 2 1
колготкилер
Орамал (мойын орағыш) " 1 1 1
Қол орамалдар " 4 4 1
Жаттығу костюмі " 1 1 1
Мақта-матадан тоқылған " 1 1 1
шаңғы костюмі
Бюстгальтер " - 2 1
Қыздар көйлегі " - 1 1
---------------------------------------------------------------------------
Ескерту: Оқу орындарының басшыларына осы тізбеге, оның құнының шегінде, жекелеген өзгертулер енгізу құқығы беріледі.
* Керзі етік ауылдық кәсіптік мектептің оқушыларына беріледі.
3-қосымша
Жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, даму мүмкіндігі шектеулі
балаларға (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалардан басқа) арналған мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін,
сондай-ақ мемлекет толық қамтамасыз ететін мектептердің жанындағы
интернаттардағы, мүгедек балаларға арналған интернат-үйлердегі
тәрбиеленушілерді және тәрбиенің ерекше жағдайына мұқтаж балалар мен
жасөспірімдерге арналған мектептердегі оқушыларды киіммен, аяқ киіммен
және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз етудің
Нормалары
----------------------------┬----------┬-----------------┬-----------------
Атауы │ Өлшем │Бір тәрбиелену. │ Киілу мерзімі
│ бірлігі │шіге арналған │ (жыл)
│ │ норма │
────────────────────────────┼──────────┼─────────────────┼───────────────-
1 │ 2 │ 3 │ 4
────────────────────────────┴──────────┴─────────────────┴───────────────-
Киім кешек
Қысқы пальто дана 1 3
Маусымдық пальто, күртке " 1 3
Мектеп киімі жиынтық 1 2
Ер балалардың мақта-матадан " 1 2
тігілген костюмі
Қыз балалардың мақта-матадан " 4 3
тігілген көйлегі
(белдемше, кеудеше)
Қыз балалардың формалы
көйлегіне алжапқыштар:
қара мақта-матадан тігілген дана 1 2
ақ мақта-матадан тігілген " 1 4
Ер балалардың мақта-матадан " 4 2
тігілген сырт көйлектері
Жүннен тоқылған свитер " 1 2
(жемпір)
Қыз балалардың рейтуздары " 2 2
Жағалар " 3 1
Қол орамалдар " 4 1
Ер балалар шалбарының белбеуі " 1 2
Жазғы бас киім " 1 2
Қысқы бас киім " 1 3
Жартылай жүннен тоқылған " 1 3
мойын орағыш
Қолғаптар (биялайлар) жұп 1 1
Ішкі киім жиынтық 3 3
Қыз балалар бюстгальтерлері " 3 2
Сәтеннен тігілген трусилер " 2 1
Қыздар трикосы " 3 2
Спорт формасы және кедалар жиынтық 1 2
Майкалар дана 2 1
Мақта-матадан тоқылған жұп 3 1
шұлық, ұйық, гольфтар
Бәтеңкелер, туфлилер жұп 1 8 ай
Жүннен тоқылған шұлық, ұйық, " 1 1
гольфтар
Шәркейлер " 1 8 ай
Пима немесе жылы аяқ киім " 1 2
Шаңғы костюмі дана 1 2
Түнгі көйлек, пижама " 2 2
Колготкилер " 2 1
Жұмыс комбинезоны " 1 2
Жұмсақ мүкәммал
Ақ жаймалар " 3 3
Көрпе тыстары " 3 4
Жастықтың сыртқы тысы " 3 3
Жастықтың ішкі тысы " 1 5
Сүлгі (аяқ сүртетін сүлгіні қоса) " 3 1
Түкті сүлгі " 1 2
Жүннен, мақтадан жасалған көрпе " 1 6
Бәйкі көрпе " 1 5
Матрац " 1 8
Мамық қауырсынды жастық " 1 8
Төсек жапқыш " 1 6
---------------------------------------------------------------------------
4-қосымша
Яслидегі, балалар бақшасындағы, ясли-балабақшалардағы
және мектепке дейінгі санаториялық мекемелердегі балаларды
тамақтандырудың нормалары
(бір балаға күніне граммен)
----------------------┬----------------------------------┬-----------------
Тағамдар │ Балалардың жас мөлшері │ Санаториялық
├───────────────┬──────────────────┤ мекемелерде
│3 жасқа дейінгі│ 3-тен 7 жасқа │
│ балалар үшін │дейінгі балалар │
│ │ үшін │
├───────────────┴──────────────────┼──────┬────────-
│ мекемелерде болу ұзақтығы │ 3 │ 3-7
│ │жасқа │жасқа
├───────┬──────┬───────┬─────┬─────┤дейін │дейін
│ 9-10,5│ 12-24│ 9-10,5│ 12 │ 24 │ │
│ сағат │сағат │ сағат │сағат│сағат│ │
──────────────────────┼───────┼──────┼───────┼─────┼─────┼──────┼────────-
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │ 8
──────────────────────┴───────┴──────┴───────┴─────┴─────┴──────┴────────-
Бидай наны 55 60 80 110 110 70 110
Қара бидай наны 25 30 40 60 60 80 60