Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 14 қазандағы № 1050 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңiнде берiлетiн әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 261-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңiнде берiлетiн әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы нұсқаулықта:
3-тармақтағы:
бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын;
бесiншi абзацтағы:
"Бұл ретте," және "көрсетiлген санаттағы" деген сөздер алынып тасталсын;
"Тамақтануға арналған шығыстар" деген сөздердiң алдынан "Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетiлгендерден басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Тамақтануға арналған шығыстар жергілiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жабылуы мүмкiн.";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасынан шыққан балалар; көп балалы отбасынан шыққан балалар; қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы балалар жалпы білiм беретiн мектепте оқыған кезеңiнде мемлекеттік жалпы білім беретiн мектептердiң жанындағы Жалпыға мiндеттi орта білім қорының қаражаты есебiнен бiр мәрте тамақтануға мектеп және спорт киiмiн алуға құқығы бар, сондай-ақ жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен оқулықтармен тегiн қамтамасыз етiледi.";
5-тармақтағы "үшiн" деген сөздiң алдынан "қатарындағы азаматтар" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы "балаларға" деген сөзден кейін "бастауыш кәсіптiк," деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Даму мүмкiндiктерi шектеулі балалар (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан басқа), мүгедек балалар, мінез-құлқы ауытқымалы балалар, көп балалы отбасынан шыққан балалар, атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасынан шыққан балалар мен қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуші балалар, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және сауықтыру орталықтарындағы балалар, орта арнаулы музыка және көркем сурет мектептерiнiң оқушылары мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының студенттерi үшiн:
3-қосымшаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
5-қосымшаға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары белгіленедi.
Жалпы және санаторийлік үлгідегi мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар үшiн жұмсақ мүкәммалмен, тамақтандырудың заттай нормаларымен қамтамасыз етудiң нормалары 5 және 12-қосымшаларға сәйкес белгiленедi.
Балалар яслилерiнде, бала бақшаларда, ясли-бақшаларда және мектепке дейiнгi санаторийлік ұйымдарда тәрбиеленушi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн тамақтандырудың заттай нормалары 4-қосымшаға сәйкес белгiленедi";
2) көрсетiлген қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшалар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 қазандағы
№ 1050 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік мектепке дейiнгi және жалпы орта білім беру
ұйымдарында (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан)
тәрбиеленетiн және оқитын жетiм балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтарды киiммен,
аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету
Нормалары
Атауы | Өлшем бірлігі | Мектеп жасындағы бір тәрбиеленушіге | Мектеп жасына дейінгі бір тәрбиеленушіге |
саны | киілу мерзімі (жыл) | саны | киілу мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескерту: Білiм беру ұйымдарының басшыларына сән мен
тәрбиеленушiлердің мүдделерiн ескере отырып, көрсетілген құн шегінде осы
тізбеге жекелеген өзгерістер енгізу құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 қазандағы
№ 1050 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
2-қосымша
Мемлекеттік бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк білім беру
ұйымдарында оқитын (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан)
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
қатарынан студенттер мен оқушыларды киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ
мүкәммалмен қамтамасыз ету
Нормалары
Атауы | Өлшем бірлігі | Беру мөлшері | Киілу мерзімі (жыл) |
ер балалар үшін | қыздар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескерту: Оқу орындарының басшыларына көрсетілген құнның шегінде осы
тiзбеге жекелеген өзгерістер енгізу құқығы беріледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 қазандағы
№ 1050 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
3-қосымша
Даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды (жетiм балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардан басқа) мүгедек балаларды және
мiнез-құлқы ауытқымалы балаларды, көп балалы отбасынан шыққан балаларды
арнаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылардың балаларын және
қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы, интернат
ұйымдарында тәрбиеленетiн балаларды киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ
мүкәммалмен қамтамасыз ету
Нормалары
Атауы | Өлшем бірлігі | Бір тәрбиеленушіге арналған норма | Киілу мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 қазандағы
№ 1050 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
4-қосымша
Балалар яслилерiнде, бала бақшаларда, және мектепке дейiнгі
санаторийлiк ұйымдарда тәрбиеленуші балаларға арналған Tамақтандыру
нормалары
(бiр балаға күнiне граммен)
Тағамдар | Балалардың жас мөлшері | Санаторийлік мекемелерде |
3 жасқа дейін | 3-7 жасқа дейін |
Мекемелерде болу ұзақтығы | 3 жасқа дейін | 3-7 жасқа дейін |
9-10,5 сағат | 12-24 сағат | 9-10,5 сағат | 12 сағат | 24 сағат | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 қазандағы
№ 1050 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
5-қосымша
Балалар үйлерiнде және интернат ұйымдарында тәрбиеленуші балалар,
орта арнаулы музыка және көркем сурет мектептерінде оқитын балалар,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының студенттерi,
сондай-ақ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу
және оңалту орталықтарындағы балалар үшiн
Tамақтандыру нормалары
Атауы | Бір балаға арналған норма (күніне граммен) |
мектеп жасына дейінгі | мектеп жасындағы |
1 | 2 | 3 |
Ескерту: 1. Жазғы сауықтыру кезеңiнде (90 күнге дейiн), жексенбi,
мереке күндерi, каникул күндерi тамақтандыруға арналған шығыстардың
нормасы 10 пайызға көбейтiледi.
2. Негiзгi тағам өнiмдерi бойынша азық-түлікті ауыстыру кестесiне сәйкес жекелеген тамақ өнiмдерiн алмастыруды жүргiзуге рұқсат етiледi.
3. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан балалар үйлерi мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерiн бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білім беретiн оқу орындарына оқуға түсуге жiберген кезде оларға балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарды ұстауға бөлiнетiн қаражаттың есебiнен жолда болу уақытына қызметтiк iссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәулiктік шығыстары төленедi. Бұл ретте осы тәрбиеленушiлер үшiн тамақтандыруға арналған белгiленген шығыстар жүргiзiлмейдi.
4. Бар үлгiдегi балалар үйлерiнің, интернаттық ұйымдардың басшыларына жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндерi, жексенбi, мереке күндерi туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру мөлшерiне сәйкес азық-түлiк немесе тағамның құны шегiнде қолма-қол ақша беруге рұқсат етiледi.
5. Даму мүмкіндіктерi шектеулi балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарында оқитын (тұрмай) оқушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күнiне бiр оқушыға арналған тағам құнының 75 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 қазандағы
№ 1050 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
6-қосымша
Жекелеген пәндер тереңдетiле оқытылатын мамандандырылған
мектеп-интернатта, дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернатта оқитындарды
Тамақтандыру нормалары
Атауы | Бір оқушыға арналған норма (күніне граммен) |
1 | 2 |
Ескерту: Тамақтандыру мөлшерiнің нәрлiлiгiн сақтай отырып, негiзгi
тағамдар бойынша азық-түлiктердi алмастыру кестесiне сәйкес жекелеген
тағам өнімдерiн алмастыруды жүргiзуге рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 қазандағы
№ 1050 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
7-қосымша
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
қатарынан бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк білім беру ұйымдарының
оқушылары мен студенттерін Tамақтандыру нормалары
Атауы | Бір адамға арналған норма (күніне граммен) |
1 | 2 |
Ескерту: 1. Жазғы сауықтыру кезеңiнде (90 күнге дейiн), жексенбi,
мереке күндерi және каникул күндерi тамақтандыруға арналған шығыстар
нормасы 10 пайызға көбейтiледi.
2. Студенттер мен оқушыларға ыстық тамақ болмаған кезде, сондай-ақ бiр-екi рет тамақтандырылған кезде тамақтың орнына алынған ыстық тамақтың өтелмеген құнының мөлшерiнде (саудалық үстеме бағасы ескерiле отырып) толық немесе iшiнара ақшалай өтемақы төленедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 қазандағы
№ 1050 қаулысына
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
8-қосымша
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
қатарынан олар бастауыш, орта және жоғары кәсiптік білім беру
ұйымдарына (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) оқуға
түскен кезде мемлекеттік білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiне
берiлетiн киiмдер мен аяқ киiмдердiң
Тізбесі
Атауы | Өлшем бірлігі | Бір тәрбиеленушілерге арналған саны |
1 | 2 | 3 |
Ескерту: Киiмнің және аяқ киiмнің жоғарыда аталған тiзбесiмен жетiм
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, азаматтардың
қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) патронаттағы азаматтар қамтамасыз етiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 14 қазандағы
№ 1050 қаулысына
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
9-қосымша
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар
жұмысқа жiберiлген және жұмысқа орналасқан кезде берiлетiн киiмдердiң,
аяқ киiмдердiң, жұмсақ мүкәммалдың, жабдықтардың
Тізбесі
Атауы | Өлшем бірлігі | Заттар саны |
жігіттерге | қыздарға |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескерту: Бастауыш кәсiптік, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білім
беру оқу орындарының басшыларына көрсетiлген құнның шегінде осы тiзбеге
жекелеген өзгерістер енгізу құқығы берiледi. Оқушылар мен студенттердің
қалауы бойынша киiмнің, аяқ киiмнің, жұмсақ мүкәммалдың және жабдықтың
орнына (ерекшелік ретiнде) қолма-қол ақша беруге немесе оны киiмдi, аяқ