2. Кез келген мүдделi тұлға осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша тауар таңбасының тiркелуiне қарсы Қазпатентке қарсылық бере алады.
Тауар таңбасының тiркелуiне қарсы қарсылықты ол түскен күннен бастап алты ай iшiнде апелляциялық кеңес қарауға тиiс. Қарсылық берушi тұлғаның, сондай-ақ тауар таңбасы иесiнiң даудың қаралуына қатысуға құқығы бар.
24-бап. Тауар таңбасының тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану
1. Тауар таңбасының тiркелуiн қолдану:
1) осы Заңның 15-бабында көзделген оның қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты;
2) заңды тұлғаның таратылуына немесе жеке тұлғаның - тауар таңбасы иесiнiң кәсiпкерлiк қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;
3) тауар таңбасы иесiнiң одан бас тартуы туралы берген жазбаша арызы негiзiнде;
4) осы Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес тауар таңбасы пайдаланылмаған жағдайда;
5) араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас тауар шығарылған жер атауы осы Заңның 19-бабының 5-тармағына сәйкес тiркелген жағдайда тоқтатылады.
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмiмен, тауар таңбасының тiркелуi толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
3. Қазпатент Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне тауар таңбасын тiркеудiң қолданылуы тоқтатылуына немесе оның, жарамсыз деп танылуына байланысты оның күшiн жою туралы жазба енгiзедi.
7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық
қорғау және оларды тіркеу шарттары
25-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау
1. Қазақстан Республикасында тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау осы Заңда көзделген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай оларды тiркеу негiзiнде берiледi.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдаланудың ерекше құқығы айрықша қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен табиғи жағдайларды және (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға байланысты осы географиялық объектiде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, тауарлар өндiретiн бiр немесе бiрнеше заңды немесе жеке тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
26-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелетiн белгiлер
Тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретiнде тарихи атауларын қоса алғанда, елдердiң, елдi мекендердiң, жерлердiң атаулары, сондай-ақ басқа да географиялық объектiлердiң атаулары немесе олардың тауарларының көрiнiс атауларымен ұштасымы тіркелуі мүмкін.
27-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелмейтiн белгiлер
Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде:
1) тауар шығарылған жерге қатысты жаңылысуға әкеп
соқтыратындай географиялық көрсеткiштер болып табылатын;
2) тауар өндiрiлген нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнiнде қате түсiнiк беретiн белгiлер;
3) тауар жасалған жермен байланысты емес және Қазақстан Республикасында белгiлi түрдегi тауарлар белгiсi ретiнде жалпыға ортақ қолданысқа енген белгілер тiркелмейдi.
28-бап. Өтiнiм беру
Өтiнiм берушi тауар шығарылған жер атауын тiркеуге және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiмдi (бұдан әрi өтінiм) Қазпатентке бередi.
29-бап. Өтiнімге қойылатын талаптар
1. Өтiнiм тауар шығарылған жердiң бiр атауына қатысты болуға тиіс.
2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:
1) өтінім иесi, сондай-ақ оның тұрғылықты жерi немесе мекен-жайы көрсетiлген, тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тiркеу және (немесе) беру туралы өтiнiштi;
2) мәлiмделген белгiнi;
3) тауардың түрiн;
4) тауардың айрықша қасиеттерінің сипаттамасын;
5) тауар өндiрiлген жердің нұсқамасын (географиялық объектiнiң шекарасы) қамтуға тиiс.
3. Өтінімге:
1) өтінiм беру ақысы төленгенін растайтын құжат;
2) құзыреттi органның өтiнiм берушiнiң аталған географиялық объектiде тұрып жатқаны және ерекше қасиеттерi сол географиялық объектiге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауар шығаратыны туралы қорытындысы;
3) мәлiмделген тауар шығарылған жер атауын тауар шығарылған елде пайдалану жөнiндегi шетелдiк өтiнiм берушiнiң құқығын растайтын құжат;
4) iс жүргiзу өкіл арқылы жүргiзiлген жағдайда сенiмхат қоса тiркелуге тиiс.
4. Өтiнiм мен оған қоса тiркелетiн құжаттар мемлекеттік тiлде немесе орыс тiлінде тапсырылады. Етер құжаттар басқа тiлде тапсырылса, онда өтiнiм берушi екi ай iшiнде олардың мемлекеттік тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсыруға тиiс.
8-тарау. Тауар шығарылған жер атауына сараптама
30-бап. Сараптама жүргiзу тәртiбi
1. Өтiнiм берiлген күннен бастап алты ай iшiнде Қазпатент сараптама жүргiзедi, оның барысында оның осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
2. Сараптама барысында Қазпатент қосымша материалда сұратуға құқылы, олар өтiніш берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде тапсырылуға тиiс.
Қосымша материалдарды не осы мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда іс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.
31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер
1. Сараптама нәтижелерi бойынша Қазпатент:
1) өтінімдi тиiстi нөмiр берiп, қарауға қабылдау не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы дәлелдi қорытынды түрiнде;
2) тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы;
3) тауар шығарылған жер атауын тiркеуден және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы тиістi шешiм қабылдайды.
2. Өтiнiм берушi өзiне тiркеуден бас тарту туралы шешiм жiберілген күннен бастап үш ай мерзiмде сараптама шешiмiн қайта қарау туралы өтiнiш бiлдiрiп, дәлелдi қарсылық тапсыруға құқылы.
Қайта шығарылған сараптама шешiмiмен келiспеген жағдайда өтiнiм берушi осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көзделген тәртiппен қарсылық бере алады.
32-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
Тауар шығарылған жер атауына сараптама жүргiзiлген кезде өтiнiм берушiге осы Заңның 13-бабында көрсетiлген құқықтар берiледi.
9-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану
құқығын тіркеу және беру
33-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу тәртiбi
1. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру сараптама шешiмiнiң негiзiнде Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде жүргiзiледi.
2. Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне тауар шығарылған жердiң атауы, тiркелу нөмiрi мен күнi, тауардың айрықша қасиеттерiнiң сипаттамасы, тұрған жерлерi көрсетiле отырып, тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының барлық иелерi туралы мәлiметтер, өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнi және аталған мәлiметтердегi барлық бұдан былайғы өзгерiстер, сондай-ақ тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтер енгiзiледi.
3. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тiркеу туралы мәлiметтерге қатысты өзгерiстер жайында Қазпатентке хабарлап отыруға мiндеттi. Өзгерiстер туралы жазбаны Қазпатент Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне және куәлiкке түсiредi.
4. Мүдделi тұлғалардың өтiнiштерi бойынша Қазпатент Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзілiмiнен көшiрме бередi.
34-бап. Тауар шығарылған жер атауын тiркеудiң және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері
1. Аталған географиялық объект аумағында өндiрiлетiн тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда тауар шығарылған жер атауларын тiркеу мерзiмсiз қолданылады.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы Қазпатентке өтінім берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
3. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне қатысты тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда оның қолданылуының соңғы жылында берiлген иесiнiң өтiнiшi бойынша әр жолы он жыл ұзартылып отырады.
4. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш осы Заңның 29-бабына сәйкес құзыреттi органның қорытындысымен бiр мезгiлде тапсырылады. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне және куәлiкке енгiзiледi.
5. Осы баптың 3-тармағында белгiленген өтiнiм беру мерзiмi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң алты айдың iшiнде берiлген иесiнiң арызы бойынша қалпына келтiрiледi.
35-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
Тауар шығарылған жер атауын тiркеуге және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге қатысты мәлiметтердi, сондай-ақ бұдан былайғы өзгерiстердi Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiміне тiкелей жазылған соң Қазпатент бюллетеньде жариялайды.
36-бап. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығына берiлетiн куәлiк
1. Осы Заңға сәйкес тiркелген тауар шығарылған жер атауына белгiленген үлгiдегi куәлiк берiледi.
2. Куәлiк тауар шығарылған жер атауының тiркелу фактiсiн және куәлiкте көрсетiлген тауар иесiнiң осы тауарды пайдалану жөнiндегi айрықша құқығын куәландырады.
3. Куәлiктiң нысанын Қазпатент белгiлейдi.
10-тарау. Тауар шығарылған жер атауын
пайдалану
37-бап. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану шарттары
1. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесiне оны пайдаланудың айрықша құқығы берiледi.
2. Тiркелген тауар шығарылған жер атауымен бiрдей немесе араласып кету дәрежесiне дейiн ұқсас географиялық көрсеткiштi тiркемей, оны бiртектес тауарларға қатысты пайдалануға жол берiлмейдi.
3. Минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық көрсеткiштер болып табылатын немесе соларды қамтитын тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын, егер бұл орайда тауар шығарылған нақты жер көрсетiлсе не аударма пайдаланылса немесе белгiде "түрiнде", "үлгiсiнде", "стилiнде" деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, осы жерден шығарылмаған осындай тауарларды белгiлеу үшін пайдалануға жол берiлмейдi.
4. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын иелiктен айыру, оны бiреуге беру туралы өзге де мәмiлелер және лицензиялық шарт негiзiнде тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруге жол берiлмейдi.
38-бап. Ескертпе таңбалау
Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тауар шығарылған жер атауымен қатар тұстан латынның (R) әрпi түрiндегi ескертпе таңбалауды, "тiркелген тауар шығарылған жердiң атауы", "зарегистрированное наименование места происхождения товара" немесе "ТШЖА тiрк." деген сөз белгiлерiн соға алады.
11-тарау. Тауар шығарылған жер атауын құқықтық
қорғаудың қолданылуын тоқтату
39-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының берiлуiне дау айту
1. Егер тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған болса, оған дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкін.
2. Кез келген мүдделi тұлға тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының берiлуiне қарсы Қазпатентке осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiз бойынша қарсылық бере алады.
Наразылық осы Заңның 23-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қаралуға тиiс.
40-бап. Тауар шығарылған жер атауының тiркелуiн және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуын тоқтату және оларды жарамсыз деп тану
1. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу:
1) осы географиялық объектiге тән жағдайлардың жойылуына және Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде осы тауар шығарылған жер атауы жөнiнде көрсетiлген қасиеттерi бар тауар өндiрудiң мүмкiн болмауына байланысты;
2) тауар шығарылған жер атауын құқықтық қорғаудың шығарылатын елде тоқтатылуына байланысты доғарылады.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылуы:
1) осы Заңның 34-бабында белгiленген оның қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты;
2) осы тауар шығарылған жер атауына қатысты Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген айырықша қасиеттердi тауардың жоғалтуына байланысты;
3) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнің Қазпатентке берген өтiнiшi негізiнде;
4) заңды тұлға таратылған немесе жеке тұлға - тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң кәсіпкерлiк қызметi тоқтатылған кезде доғарылады.
3. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмi бойынша жарамсыз деп танылады.
4. Тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы қолданылуын тоқтатқан немесе олар жарамсыз деп танылған кезде Қазпатент Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне оларды жою туралы жазба енгiзедi.
12-тарау. Тауар таңбаларын иелерінің құқықтарын
және тауарлар шығарылатын жерлердің
атауларын пайдалану құқықтарын қорғау
41-бап. Апелляциялық кеңес
1. Апелляциялық кеңес осы Заңның 12-бабының 5-тармағына, 19-бабының 4-тармағына, 23-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi Қазпатенттiң бөлiмшесi болып табылады. Апелляциялық кеңес туралы ереженi, Апелляциялық кеңеске қарсылықтар беру және қарау ережелерiн Қазпатент белгiлейдi.
2. Берiлген қарсылық апелляциялық кеңестiң алқа мәжiлiсiнде осы Заңмен белгiленген мерзiмде қаралуға тиiс. Қарсылықты қарау мерзiмi қарсылық берушi тұлғаның, тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесінің арызы бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол қарсылықты қарау үшін белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауға тиiс.
3. Қарсылық берушi тұлға, тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауының иесi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде апелляциялық кеңестiң шешiмiне сотқа шағымдануға құқылы.
42-бап. Дауларды қарау
1. Сот тәртiбiмен қарауға:
1) куәлiк берудiң заңдылығы туралы;
2) тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу туралы;
3) тауар таңбасын пайдалануға лицензиялық шарттар жасасу және оларды орындау туралы;
4) куәлiктен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар жатады.
2. Қазпатент сот шешiмi негiзiнде тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы мәлiметтердi жариялайды.
43-бап. Заңды және жеке тұлғалардың тауар таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi
1. Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын немесе араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлерді бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты азаматтық айналымға рұқсатсыз енгiзу тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылады.
2. Қорғалатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi осы Заңның талаптарын бұза отырып бiртектес тауарларға пайдаланғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
44-бап. Тауар таңбасы иелерiнiң құқығын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын бұзған тұлғалардың мiндеттерi
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын не араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi заңсыз пайдаланған тұлға:
1) жолсыздықты тоқтатуға және тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiне ол шеккен залалдың орнын толтыруға;
2) дайындалған тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауының кескiнiн жоюға, тауардан, оның бумасынан, бланкілерден немесе басқа құжаттамадан заңсыз пайдаланылатын тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiнi алып тастауға мiндеттi. Осы талапты орындау мүмкiн болмаған кезде тиiстi тауар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жойып жiберiлуге тиiс.
13-тарау. Қорытынды ережелер
45-бап. Қазпатенттiң iс-әрекетiне ақы төлеу
Тауар таңбасын тiркеуге өтiнiмдер, тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тiркеуге және беруге өтiнiмдер қабылдауды, сараптама жүргiзудi, куәлiктер берудi және оларға қатысушылар үшiн құқықтар мен мiндеттер жүктейтiн өзге де iс-әрекеттердi қамтитын осы Заңда көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асырғаны үшiн Қазпатент заңдарға сәйкес ақы алады.
46-бап. Патенттiк сенiмдi өкiлдер
1. Бiлiктiлiк деңгейi қойылатын талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оның азаматы патенттiк сенiмдi өкiл бола алады. Патенттiк сенiмдi өкiлдерге бiлiктiлiк талаптарын, оларды аттестаттаудан және тiркеуден өткiзу тәртiбiн Қазпатент белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар Қазпатентте тiркелген патенттiк сенiмдi өкiлдерi арқылы тауар таңбаларын және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын тiркеуге байланысты iстер жүргізеді, апелляциялық кеңеске қарсылықтар береді және оны қарауға қатысады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ уақытша одан тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар тауар таңбаларын және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге байланысты істерді Қазақстан Республикасы шегінде хат-хабарлар алысуға арналған мекен-жайларын көрсетіп, патенттік сенімді өкілдерсіз жүргізе алады.
3. Патенттік сенімді өкілдің өкілеттігі сенімхатпен куәландырылады.
47-бап. Шет елдерде тіркеу
1. Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары тауар таңбасын шет елдерде тіркеуге немесе оны халықаралық тіркеуден өткізуге құқылы.
Тауар таңбасын халықаралық тіркеуден өткізуге өтінім Қазпатент арқылы беріледі.
2. Тауар шығарылған жер атауын шет елдерде тіркеу ол Қазақстан Республикасында тіркеліп, осы тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы алынғаннан кейін жүргізіледі.
48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда көзделген құқықтар мен міндеттерді Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бірдей пайдаланады және атқарады.
Қазақстан Республикасының