Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің
мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 24 мамырдағы N 626 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.07.99 ж. N 951; 01.03.00 ж. N 338; 18.07.00 ж. N 1084;
12.06.01 ж. N 813; 26.08.03 ж. N 862; 24.06.04 ж. N 695 қаулыларымен енгізілген
өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 29 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 наурыздағы N 207 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 695 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті туралы ереже бекітілсін.
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің құрылымы бекітілсін.
3) Комитеттiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылық туралы ережені бекіту" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі N 1114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 37, 352-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қазандағы N 1028 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 36, 327-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Қазынашылық комитеті туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 01.03.00 ж. N 338 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (бұдан әрi - Қазынашылық) республикалық бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсету мемлекеттiк бюджеттiң мемлекеттiк мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөнінде салааралық үйлестірудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi құзыретінің шегiнде арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қазынашылық аумақтық бөлiмшелерi болады.
2. Қазынашылық өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Yкiметінің актілерiн және өзге де нормативтік құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Қазынашылық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Қазынашылық азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Қазынашылыққа заңдарға сәйкес уәкілеттік берiлген болса, онда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Қазынашылық өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күші бар.
5. Қазынашылықтың құрылымын және штаттық санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 18.07.00 ж. N 1084 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Қазынашылықтың заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52.
7. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Қазынашылық комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Қазынашылықтың құрылтай құжаты болып табылады.
9. Қазынашылықтың қызметi тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Қазынашылықтың өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлермен шартта қатынастарға түсуге құқығы жоқ.
Егер Қазынашылыққа заң актiлерiмен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген болса, мұндай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Қазынашылықтың негiзгi міндеттерi, функциялары және
құқықтары
ҚР Үкіметінің 09.07.99 ж. N 951; 01.03.00 ж. N 338; 12.06.01 ж. N 813 қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Қазынашылықтың негiзгi мiндеттерi:
1) республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыруды және бақылауды жақсарту;
2) мемлекеттiк бюджетке есеп айырысу-кассалық, оның iшiнде ақылы қызметтердi, депозиттiк сомаларды сатудан және демеушiлiк пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттiк ұйымдар алатын қаражаттар бойынша шоттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi жақсарту;
3) бюджет жүйесiндегi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi және қазынашылық органдары жүйесiндегi iшкi аудиттi дамытуға және жетiлдiруге қатысу;
4) өз құзыретiнiң шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының ұтымды және мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету;
5)
6) Қазынашылық мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 09.07.99 ж. N 951; 01.03.00 ж. N 338; 12.06.01 ж. N 813 қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
11. Қазынашылық заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету;
2) кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік тағайындауларға сәйкес республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру;
3) реcпубликалық бюджеттiң қолма-қол ақша ағындарын болжайды;
4) мемлекеттік мекемелердің кассалық шығыстарын, сондай-ақ ақылы қызметтерді, депозиттік сомаларды сатудан және демеушілік пен қайырымдылық көмек түрінде мемлекет және мемлекеттік мекемелер алатын қаражаттар бойынша шоттарды есепке алуды қамтамасыз ету;
5) республикалық және жергілiктi бюджеттер арасында мемлекеттiк салықтар мен төлемдердi бөлудi және оларды әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге есептеудi қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік мекемелерді тапсырмалары бойынша ұлттық және шетел валютасымен ақша аударуды жүзеге асырады, мемлекеттiк мекемелер ұсынған төлем құжаттарына бақылау жасайды;
7) мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдар мен мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды өтеген кезде ақша аударуды және оған қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
8) екінші деңгейдегі банктер және банктік қызметтердің тиісті түрлерін көрсетуге арналған лицензиясы бар ұйымдар арқылы мемлекеттік мекемелерді қолма-қол ақшамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
9) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы бухгалтерлiк есеп пен есептiліктi жүргізудің және жүзеге асырудың тәртiбiн әзiрлейді, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жергiлiктi бюджеттердiң кассалық атқарылуы туралы ақпарат тапсырады;
10) бағдарламалардың республикалық бюджеттiк мекемелерiне-әкiмшiлерiне бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және ерекшелiктер бойынша бөлінген лимиттер мен жүргiзiлген кассалық шығыстар туралы ай сайын ақпарат берiп отырады;
11) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде шетелдiк валютадағы Қазынашылықтың тиiстi банктiк шоттары арқылы мемлекеттiк мекемелердің валюталық операцияларын жүргiзедi және есепке алады, оларды жүргiзген кезде заңдардың сақталуы жөнiнде тексерулер ұйымдастырады;
12) бюджет жүйесiнде бухгалтерлiк есептi және қазынашылық органдарында iшкi аудиттi жүргiзудiң тәртібі әзiрлейдi және бекiтедi.
13) халықаралық шарттар, келiсiмшарттар және келiсiмдер жобаларын даярлауға қатысады;
14) Қазынашылықтың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша есептеме жасаудың тәртiбiн белгiлейдi;
15) Қазынашылықтың шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды банктiк салымдарға және бағалы қағаздарға орналастыру жолымен кiрiс алу мақсатында басқарады;
16) бюджеттiк ақша есебiнен мемлекеттiк мекемелермен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асырады;
17) құнды металдар рыногының жай-күйiне талдау жасайды, құнды металдармен және асыл тастармен ішкi және сыртқы рыноктарда операциялар жасайды;
18)
19) республикалық бюджеттiң және өз құзыретiнiң шегінде жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
20) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi пайдаланудың нәтижелерi туралы ақпаратты дайындауға қатысады;
21) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс және шығыс шоттарының жай-күйi туралы күн сайынғы ақпаратты жасайды;
22) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы оперативтiк, айлық, тоқсандық және жылдық есептеменi даярлайды;
23)
24)
25)
26) қаржы тәртiбiн сақтауға бағытталған мемлекеттiк қаржының тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына арналған ұсыныстарды даярлайды;
27)
28) аумақтық Қазынашылық органдарының жұмыс тәжiрибесiн талдап, жинақтайды және оны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзірлейді, олардың қызметiн тексередi, анықталған кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдайды;
29)
30) шетел қазынашылықтары қызметінің ұйымдастырылу тәжiрибесiн зерделейдi және оны практикалық пайдалану жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi;
31) Қазынашылық және оның аумақтық органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлігiн арттыруды ұйымдастыруға қатысады;
32) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 01.03.00 ж. N 338; 12.06.01 ж. N 813 қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
12. Қазынашылықтың заңдарда белгіленген тәртiппен негiзгi мiндеттерiн iске асыруды және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн:
1) мемлекеттiк мекемелерден, сондай-ақ бюджет ақшаларын алатын мемлекеттiк кәсiпорындардан республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру және жергiліктi бюджеттерге үшiншi қажеттi ақпарат пен мәлiметтер алуға, ал олар өз уақытында ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлiк есеп-қисап талап етуге;
2) Бiрыңғай қазынашылық шотының теңгеде және шетел валютасында банктiк шоттарының болуына;
3) Қазынашылық органдарының шоттарындағы қаражаттың ағымдағы қалдықтарын оларды тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;
4) республикалық бюджеттiң шығыстарын нормативтiк-құқықтық қаржыландыруды жүзеге асыруға;
5) Қазынашылықтың қызметтерiн және оның мiндеттерiн орындауды ұйымдастыруға арналған актілердi жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
6) мемлекеттiк қаржы болжамдарын қалыптастыруға;
7) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беруге және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiнде ақпарат беруге;
8) мемлекеттiк қаржы қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
8-1) ұсынылған есептілікке сәйкес бекітілген сметадан тыс қаражат жұмсау туралы мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауларына ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
8-2) мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп туралы заңнаманың сақталуы үшін ағымдағы бақылауды жүзеге асыруға;
8-3) мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінде жолсыздықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға және оларды қаржы бақылау органдарының қарауына жіберуге;
9)
10)
11)
12)
13) мемлекеттiк мекемелер заңсыз және мақсатсыз пайдаланған жағдайда, қаржы бақылау органдарының ұсынысы бойынша оларды бюджетке даусыз тәртiппен ақшалай өндiрiп (қайтарып) алуды жүргiзуге;
14) бюджет ақшаларын мақсатсыз пайдалану фактiлерi анықталған жағдайда, қазынашылықтың төлем операцияларын атқаруды тоқтатуға, қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға;
15)
16)
17)
18)
19) бюджет жүйесiндегi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк және қазынашылық органдарындағы iшкi аудит бойынша басшылықты жүзеге асыруға;
20) Қазынашылық қызметi органдарының мамандарын қайта даярлау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруға қатысуға;
21) мемлекеттiк органдардың өкілдерін өз келісімдері бойынша құрамына кіргізе отырып, тұрақты жұмыс істейтін кеңес және уақытша жұмыс топтарын құруға;
22) өз құзыретiнiң шегінде нормативтiк құқықтық актiлер, оның iшiнде бюджет жүйесiндегі бухгалтерлiк есеп пен есептілік және қазынашылық органдарындағы iшкi аудит, есептiк операциялар жүргiзу, сондай-ақ олардың атқарылуын бақылау мәселелерi бойынша, қабылдауға.
22-1) тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және оның қаражаты есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетел валютасында мынадай жекелеген банктік операцияларды:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
аударым операцияларын: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
есеп операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алуды (дисконттауды);
ақшалай нысанда несиелерді ұсынудың заемдық операцияларын;
заңды және жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруды;
аккредитивті ашу (қою) және растау және ол бойынша міндеттемелерді орындауды жүзеге асыруға;
23) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Қазынашылықтың мүлкі
13. Қазынашылықтың жедел басқару құқығында оқшауланған мүлiгi болады.
14. Қазынашылыққа бекiтiліп берілген мүлiк республикалық меншікке жатады.
15. Қазынашылықтың өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
Қазынашылыққа заңдармен белгіленген жағдайлар мен шектеулерде мүлiкке билiк жасау құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Қазынашылықтың қызметiн ұйымдастыру
16. Қазынашылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
ҚР Үкіметінің 12.06.01 ж. N 813; 26.08.03 ж. N 862 қаулыларымен 17-тармақ өзгертілді
17. Төрағаның өз ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын үш, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
18. Төраға Қазынашылықтың жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Қазынашылыққа жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 01.03.00 ж. N 338; 12.06.01 ж. N 813 қаулыларымен 19-тармақ өзгертілді
19. Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарларының, Қазынашылықтың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерін белгiлейдi;
2) Заңдарға Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жүйесiндегi органдарының қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Қазынашылықтың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Қазынашылықтың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Қазынашылықтың бұйрықтарына қол қояды;
5) Қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдары туралы Ережелерді бекітеді;
5-1) бекiтiлген құрылым мен штат саны лимитiнiң шегiнде штаттық кестенi бекiтедi.
5-2) Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінің құрылымын және штат кестесін бекітеді;
6) Барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Қазынашылықтың өкілі ретінде болады.
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
5. Қазынашылықты қайта құру және тарату
20. Қазынашылықты қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 09.07.99 ж. N 951; 01.03.00 ж. N 338 қаулыларымен Құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 12.06.01 ж. N 813 қаулысымен Қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің
құрылымы
Басшылық
Жиынтық қаржылық жоспарды қалыптастыру және республикалық бюджеттiң шығыстарын қаржыландыру басқармасы
Бюджет жөнiндегi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiк басқармасы
Бюджеттердiң атқарылуын ұйымдастыру және бухгалтерлiк есеп басқармасы
Қолма-қол ақша және мемлекеттiк мiндеттемелердi есепке алу басқармасы
Ұйымдастыру және кадр жұмыстары басқармасы
Төлем операциялары басқармасы
Түсiмдердi бөлу басқармасы
Қазынашылық жүйесiн сүйемелдеу және технологиялық қамтамасыз ету басқармасы
Iшкi бақылау басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 24 мамырдағы
N 626 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 695 қаулысымен Қаулы қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Қазынашылық комитетi аумақтық органдары-мемлекеттiк
мекемелерiнiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментi
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Ақкөл аудандық қазынашылық бөлiмi
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Аршалы аудандық қазынашылық бөлiмi
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Астрахан аудандық қазынашылық бөлiмi
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Атбасар аудандық қазынашылық бөлiмi
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Бұланды аудандық қазынашылық бөлiмi
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Зерендi аудандық қазынашылық бөлiмi
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Еңбекшiлдер аудандық қазынашылық бөлiмi
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Ерейментау аудандық қазынашылық бөлiмi
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Егiндiкөл аудандық қазынашылық бөлiмi
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Есiл аудандық қазынашылық бөлiмi
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Жақсы аудандық қазынашылық бөлiмi
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi-Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Жарқайың аудандық қазынашылық бөлiмi
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитеті Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Қорғалжын аудандық қазынашылық бөлiмi
15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Сандықтау аудандық қазынашылық бөлiмi
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Степногорск қалалық қазынашылық бөлiмi
17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Шортанды аудандық қазынашылық бөлiмi
18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Щучье аудандық қазынашылық бөлiмi
19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінiң Целиноград аудандық қазынашылық бөлiмi
20. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментi
21. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Алға аудандық қазынашылық бөлiмi
22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитеті Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Әйтеке би аудандық қазынашылық бөлiмi
23. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Байғанин аудандық қазынашылық бөлiмi
24. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Ырғыз аудандық қазынашылық бөлiмi
25. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Қарғалы аудандық қазынашылық бөлiмi
26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Мұғалжар аудандық қазынашылық бөлiмi
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Мартөк аудандық қазынашылық бөлiмi
28. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Темiр аудандық қазынашылық бөлiмi
29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Ойыл аудандық қазынашылық бөлiмi
30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Хромтау аудандық қазынашылық бөлiмi
31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Қобда аудандық қазынашылық бөлiмi
32. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетi Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Шалқар аудандық қазынашылық бөлiмi
33. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментi
34. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Алакөл аудандық қазынашылық бөлiмi
35. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Ақсу аудандық қазынашылық бөлiмi
36. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментiнiң Балқаш аудандық қазынашылық бөлiмi