ҚР 16.05.03 ж. N 416-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 4-баптың редакциясы
ҚР 15.01.01 ж. N 139-II Заңымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Аудит және оның түрлері
1. Аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес қаржылық есептiлiктiң дұрыс және объективтi жасалғаны туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында заңды тұлғалардың (бұдан әрi аудиттелетiн субъектiлер) қаржылық есептiлiгiн тексеру (бұдан әрi - аудит) болып табылады.
2. Аудиттiң түрлерi мiндеттi аудит және бастамашылық аудит болып табылады.
Мiндеттi жыл сайынғы аудитке:
банктер;
кредиттiк серiктестiктер;
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет iстейтiн ұйымдар;
сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар, инвестициялық қорлар;
табиғи монополия субъектiлерi;
шетел қатысатын кәсiпорындар;
ашық халықтық қоғамдар жатады.
Аудит жүргiзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге жағдайларда да мiндеттi болып табылады.
Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң бастамасы бойынша аудиттелетiн субъектiнің және аудитордың, аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген нақты мiндеттер, аудит мерзiмi мен көлемi ескерiле отырып жүргiзiледi.