"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы 2001 жылғы 15 қаңтардағы № 139-II
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 2-бапта:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аудиторлық қызмет дегенiмiз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептiлiк аудитiн жүргiзу жөніндегі кәсiпкерлiк қызметi. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар өз қызметiнiң бағыты бойынша қаржылық есептiлiк аудитiнен басқа мынадай:
бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру, қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық және статистикалық есептiлiктер жасау;
салықтық жоспарлау, бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеу салық декларацияларын толтыру;
қаржы-шаруашылық қызметтi талдау;
қаржы, салық, банк және өзге де шаруашылық заңдары мәселелерi бойынша консультация беру және ақпараттық қ ызмет көрсету;
қосымша кәсiби білім ретiнде бухгалтерлiк есепке, салықтық есепке, аудитке және қаржы-шаруашылық қызметке талдау жасауға оқыту;
оқытушылық, ғылыми қызмет;
бухгалтерлiк есептi автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар жасау, автоматтандырылған есеп жүргiзудi оқыту;
бухгалтерлiк есеп, салық салу, шаруашылық құқық бойынша ғылыми талдама жасау, әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар шығару;
бизнестi бағалау;
бағалау қызметi;
бағалы қағаздар рыногындағы қызмет;
адвокаттық қызметпен байланысты емес заң қызметтерiн көрсету жөнiнде қызметтер көрсете алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы тармақта көзделген жекелеген қызмет түрлерiн көрсету тиiстi лицензия алуды қажет етсе, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың осындай лицензиясыз бұл қызметтердi көрсетуге құқығы жоқ.";
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсiпкерлiк қызметтiң осы бапта көзделмеген өзге түрлерiмен айналысуға тыйым салынады.".
2. 4-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аудит Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес қаржылық есептiлiктiң дұрыс және объективтi жасалғаны туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында заңды тұлғалардың (бұдан әрi аудиттелетiн субъектiлер) қаржылық есептiлiгiн тексеру (бұдан әрi аудит) болып табылады.
2. Аудиттiң түрлерi мiндеттi аудит және бастамашылық аудит болып табылады.
Мiндеттi жыл сайынғы аудитке:
банктер;
кредиттiк серiктестiктер;
банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет iстейтiн ұйымдар;
сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі компаниялар, инвестициялық қорлар;
табиғи монополия субъектiлерi;
шетел қатысатын кәсiпорындар;
ашық халықтық қоғамдар жатады.
Аудит жүргiзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге жағдайларда да мiндеттi болып табылады.
Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң бастамасы бойынша аудиттелетiн субъектiнің және аудитордың, аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген нақты мiндеттер, аудит мерзiмi мен көлемi ескерiле отырып жүргiзiледi.".
Күшіне енетін мерзімін қара
3. 6-бап мынадай мазмұндағы 3-5-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемiнде екi адамнан құралуға тиiс.
4. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесiлі үлес кемiнде 51 процент болуға тиiс.
5. Аудиторлық ұйымның басшысында Қазақстан Республикасы аудиторының біліктiлiк куәлiгiнiң болуы мiндеттi.".
4. 8-бапта:
1) 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
"2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз етедi;";
2) 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) халықаралық практика негiзiнде аудит стандарттарын әзiрлейдi және аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауын қамтамасыз етедi;";
3) 2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) уәкiлеттi мемлекеттік органдарға аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензияны керi қайтарып алу немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныс айтады және нақты себептерiн көрсетiп, аудитордың біліктiлiк куәлiгiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi;".
5. 9-бапта:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аттестаттауға жоғары білімi және экономика, қаржы, есептiк-талдау, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында соңғы жетi жылдың бес жылы iшіндегі жұмыс тәжiрибесi бар адамдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және осы аталған салаларда соңғы бес жылдың iшiнде кемiнде екi жыл практикалық жұмыс стажы бар адамдар жiберiледi.";
2) 4-тармақтағы "бiр жылдан" деген сөздер "алты айдан" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 10-бапта:
1) 2-тармақ "бiр өкiлден" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, саны Бiлiктiлiк комиссиясы құрамының жалпы санының үштен бiрiн құрауы тиiс мемлекеттік органдардың өкiлдерi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-тармақ "мүшелерiнiң iшiнен" деген сөздерден кейiн "аудиторлық қызметпен айналысатын" деген сөздермен толықтырылсын.
7. 11-баптың 1-тармағында:
1) 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға жiберу үшiн берiлген мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;";
2) 3) тармақшадағы "жалған" деген сөзден кейiн "немесе біліксiз" деген сөздермен толықтырылсын, "қорытынды" деген сөз "есеп" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 4) тармақшадағы "және" деген сөзден кейiн "кәсiби қызметтi жүзеге асыру кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
8. 12-баптың 7-тармағындағы "жариялауды" деген сөзден кейiн ", аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және аудиттелетiн субъектiлердiң аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға байланысты өтiнiштерiн қарауды" деген сөздермен толықтырылсын.
9. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"15-бап. Аудиторлық есеп
1. Жүргiзiлген аудиттiң нәтижелерi бойынша аудиторлық есеп жасалады, ол аудит стандарттарына сәйкес келуге тиiс.
2. Аудиторлық есеп заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге мiндеттi аудиттелетiн субъектiлердiң қаржылық есептiлiгiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
3. Жеке кәсiпкер болып табылатын аудитор жасаған аудиторлық есепке ол қол қояды және оны өзiнiң жеке мөрiмен куәландырады.
Аудиторлық есепте, сондай-ақ аудитор лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiледi.
4. Аудиторлық ұйымның аудиторлық есебiне атқарушы-аудитор қол қояды, оның жеке мөрiмен куәландырылады, оның аудиторлық ұйымның басшысы бекiтедi және ұйымның мөрiмен куәландырылады.
Аудиторлық есепте, сондай-ақ аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiледi.".
10. 16-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Аудитке бiрыңғай талаптар белгiлейтiн және аудит жүргiзудiң принциптерiн, тәртібін айқындайтын нормативтiк құжаттар аудит стандарттары деп түсiнiледi.".
11. 17-бапта:
1) 1-тармақтың 4) тармақшасындағы "қорытынды" деген сөз "есеп" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қазақстан Республикасы заң актілерінiң негiзiнде тексерулер тағайындау жөнiнде тиiстi өкiлеттiктерi бар мемлекеттік органдардың бастамашылығы бойынша көрсетiлетiн аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне ақы төлеу осы органдардың есебiнен жүргiзiледi.".
12. Мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
"18-1-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру
1. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар аудиттi жүзеге асыру кезiнде залал келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.
2. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актілерінде айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.".
13. 20-бапта:
1) үшiншi абзацта:
"соңғы екi жыл iшiнде" деген сөздер алып тасталсын;
"қаржылық есептiлiк" деген сөздердiң алдынан "аудиттелетiн кезең үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"баланс активтерiнiң сомасы жылына орта есеппен айлық есептiк көрсеткiштiң 40000 еселенген мөлшерiнен асып түсетiн немесе аудит мiндеттi болып табылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жеке кәсiпкерлер санатындағы аудиторлардың аудит жүргiзуiне тыйым салынады."; бесiншi абзацтағы "аудит жүргiзуге тыйым салынады" деген сөздер алып тасталып, "аудиторларға" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын.
2-бап. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн құрылған аудиторлық ұйымдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде өздерiнiң құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерістер енгiзуге мiндеттi.
3-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған аудиторлық ұйымдар үшін осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 2001 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының