2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағында аталған қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:
1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;
2) iзеттiлiк пен қонақжайлылықтың жалпыға бiрдей қабылданған нормаларына сәйкес немесе хаттамалық және өзге де ресми шараларды өткiзу кезiндегi мезiреттiк iлтипат көрсету белгiлерi мен мезiреттiк кәдесыйларды қоспағанда, өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардың сыйлықтарын алу немесе қызметiн қабылдау.
Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiнде арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;
3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;
егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;
жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) қаражаты есебiнен шетелдiк (халықаралық) ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде олардың шетелдiк әрiптестерiнiң шақыруы бойынша осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;
4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күн мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, қызметiн төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.
Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтарды қайталап жасау заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде оларды Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.
14-бап. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақылар бергенi үшiн жауаптылығы
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер берген не қызмет көрсеткен жеке тұлғаларға, егер жасаған әрекетiнде қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, осы Заңның 6-бабының 2-тармағында аталған органдардың және оған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да органдар мен лауазымды адамдардың ұсынуы (хаттамалары) бойынша сот әкiмшiлiк тәртiппен жиырма бестен елуге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, жеңiлдiктер берген не қызмет көрсеткен заңды тұлғаларға осы Заңның 6-бабының 2-тармағында аталған органдардың және оған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да органдар мен лауазымды адамдардың ұсынуы (хаттамалары) бойынша сот әкiмшiлiк тәртiппен жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салады. Алғашқы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған күннен бастап үш жылдың iшiнде қайталап жасалған нақ сондай iс-әрекет соттың шешiмi бойынша заңды тұлғаның қызметiн заңда белгiленген тәртiппен тоқтатуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызмет көрсеткен немесе артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер оларға қатысты мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан бопсалау орын алған болса немесе бұл жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы он күн мерзiм iшiнде осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдарға өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.
15-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны және заңсыз табыстар алған үшiн жауапкершiлiгi
1. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген мiндеттерден тыс кәсiпкерлiк қызметпен айналысуы не қаржыландырудың белгiленген көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтарды қабылдауы осы Заңның 6-бабының 2-тармағында аталған органдардың және осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да органдар мен лауазымды адамдардың ұсынуы (хаттамалары) бойынша соттың бұл органдардың басшыларына әкiмшiлiк тәртiппен елуден жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуына әкеп соғады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген құқық бұзушылықты қайталап жасау аталған органдардың кiнәлi басшысын қызметiнен босатуға, мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.
ҚР 09.08.02 ж. N 346-II Заңымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбағаны үшiн жауаптылығы
1. Өздерiне бағынысты, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi адамдар жөнiнде осы Заңда көзделген шараларды өз өкiлеттiктерi шегiнде қолданбаған не аталған шараларды осы Заңда бұза отырып қолданған, не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша құқықтық статистика және ақпарат органдарына, салық органдарына тиiстi ақпарат бермеген мемлекеттiк органдардың басшыларына осы Заңның 6-бабының 2-тармағында аталған органдардың ұсынуы бойынша сот әкiмшiлiк тәртiппен отыздан елуге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасау аталған органдардың кiнәлi басшысын қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.
17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамға сот отыз тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алу жазасын қолданады не жүзден екi жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салады.
3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың
зардаптарын жою
18-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.
2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызмет құнын төлеуден бас тартылған жағдайда прокурордың, салық қызметiнiң не оған заңмен уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талабы бойынша соттың шешiмiмен мемлекеттiң кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Аталған органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкке сот шешiм шығарғанға дейiн тыйым салады.
3. Егер мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасалған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылығы үшiн қызметiнен босатылғаннан, тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша салық органына заңсыз алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң күшiн жою
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан мәмiлелердi сот заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жоюы мүмкiн.
4-тарау. Қорытынды ережелер
20-бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану
Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сәйкес келтiруге тиiс.
Қазақстан Республикасының