ҚР 03.06.03 ж. N 427-ІІ Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 6-баптың мәтіні
6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi
1. Бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған бағалы қағаздар кепiлiн тiркеуге осы Заңның 8-бабының ережелерi қолданылады.
Қара: Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы N 77-1 Заңың; Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы N 78-1 Заңың
2. Қоғам үшiн елеулi тарихи (оның iшiнде археологиялық), көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар мүлiк кепiлiн тiркеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.