|----------------------------------------------
| мына жылдары жасалған автомобильдер үшiн:
------------------------------------------------------------------
| 01.07.| 01.07. | 01.01| 01.01.1988 кейiн
| 1978 | 1978 | 1980 | цилиндрлер бар
| дейiн | бастап |бастап| двигательдер үшiн
| | 01.01. |01.01.|----------------------
| | 1980 | 1988 | | 4-ке | 4 көп
| | дейiн | дейiн| | дейiн,|
| | | | | қоса |
| | | | |алғанда|
------------------------------------------------------------------
Бос жүрiс режимiн- | 3,5 | 2,0 | 1,5 | 1,5 | 1200 | 3000
дегi двигательдiң | | | | | |
иiндi бiлiгi | | | | | |
айналысының ең | | | | | |
төменгi жиiлiгi | | | | | |
------------------------------------------------------------------
Бос жүрiс режимiн- | 2,0 | 1,5 | 1,0 | 2,0 | 600 | 1000
дегi двигательдiң | | | | | |
иiндi бiлiгi | | | | | |
айналысының жоғары,| | | | | |
0,6 номиналдыға | | | | | |
тең жиiлiгi | | | | | |
------------------------------------------------------------------
Ескертпе. Автомобильдердi жолда бақылау тексеруi кезiнде
(01.07.1978 ж. кейiн жасалған) 3 % дейiнгi бос жүрiс режимiнде
иiндi бiлiктiң ең төменгi айналыс жиiлiгiнде көмiртегi тотығының
болуына жол берiледi.
Дизельдi автомобильдер үшiн 21393-78 МЕМСТ Мемстандарттың
11.12.1985 ж. N 3919 қаулысы бойынша
------------------------------------------------------------------
Автомобиль моделi | Түтiндiлiгi, %
|---------------------------------------
| еркiн жылдамдықта | бiлiктiң жиiлiгi
| | ең жоғары айналысы
------------------------------------------------------------------
КамАЗ, АМЗ, КрАЗ және | 40 | 15
олардың жетiлдiрiлген | |
түрлерi | |
------------------------------------------------------------------
Бұл да үрлемесiмен | 50 | 15
------------------------------------------------------------------
МАЗ, КрАЗ 1976 ж. | 60 | 15
1 шiлдесiне дейiн | |
шығарылған дизелi бар | |
------------------------------------------------------------------
6.2. Қоректену жүйесiнiң герметикалығы бұзылған.
6.3. Пайдаланылған газды шығару жүйесiнiң ақаулы болуы.
7. Құрылымының басқа да элементтерi
7.1. Көлiк құралының құрылымында көзделген артқы көрiнiс айналысының, әйнегiнiң болмауы.
7.2. Дыбыс сигналы жұмыс iстемейдi немесе көлiк құралының конструкциясында көзделмеген дыбыс сигналы орнатылған.
7.3. Жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн, әйнектiң мөлдiрлiгiн нашарлататын, жол қозғалысына қатысушыларға зақым келтiру қаупiн төндiретiн қосымша заттар орнатылған немесе әйнек жабылған.
Ескертпе. Автомобильдер мен автобустардың желқағар әйнегiнiң жоғарғы бөлiгiне түрлi-түстi мөлдiр үлдiрлер жапсыруға болады. Жарық өткiзуi 5727-88 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес келетiн, желқағар әйнектер үшiн кемiнде 75 %, ал басқа әйнектер үшiн кемiнде 70 % болуға тиiс, өндiрiстiк әзiрленген күңгiрттелген әйнектер (айналардан басқа) қолдануға рұқсат етiледi. Автобустардың терезелерiнде пердешелер, сондай-ақ екi жағында артқы көрiнiске арналған сыртқы айналары болған жағдайда жеңiл автомобильдердiң артқы әйнектерiнде жалюзи және пердешелер ұстауға рұқсат етiледi.
7.4. Автокөлiк құралының желқағар әйнегiнiң жүргiзушi жағындағы әйнек тазалағышпен тазалайтын бөлiгiнде сызаттың болуы.
7.5. Қораптың немесе кабинаның конструкцияда көзделген есiк құлыптары, жүк платформасы борттарының тiрегiштерi, цистерна аузының тiрегiштерi мен отын бактарының тығындары, жүргiзушi отырғышының жағдайын реттеушi тетiк, авариялық жағдайда шығатын жерлер мен оларды iске қосу құрылғылары, есiктердi басқару баулары, спидометр, тахограф, көлiктi айдап әкетуге қарсы құрылғылар, жылыту және әйнектi үрлеу құрылғылары жұмыс iстемейдi.
7.6. Конструкцияда көзделген артқы қорғаныс құрылғысының, ластан қорғаушы шалғыштар мен шашыратқыштардың болмауы.
7.7. Тартқыштың және тiркеме буынның тарту-қосу және тiреу-қосу құрылғыларының ақаулы болуы, сондай-ақ олардың конструкциясында көзделген сақтандыру тростарының (шынжырларының) ақаулы болуы. Мотоцикл рамасының бүйiрдегi тiркеме рамасымен қосылған жерiнде люфттердiң болуы.
7.8. Мыналардың:
автобуста, жеңiл және жүк автомобильдерiнде, доңғалақты тракторларда медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, өрт сөндiргiштiң, авариялық тоқтап тұру белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызыл фонарь);
рұқсат етiлген ең үлкен салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк автомобильдерiнде және ең үлкен салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда кейiн кетуге қарсы тiреуiштердiң (кемiнде екi);
бүйiрiнде тiркемесi бар мотоциклде медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының, авариялық тоқтату белгiсiнiң (жанып-сөнiп тұратын қызыл фонарь) болмауы.
Ескертпе. Медициналық дәрi-дәрмек қобдишасының дәрiлiк заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының ең аз құрамын Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлейдi.
7.9. Жедел және арнайы қызметтерге тиесiлi емес көлiк құралдарында Р 50574-93 ГОСТ-пен көзделген жарыққа шағылысатын бағдаршалар, реңктерi алма кезек өзгерiп тұратын дыбыстық сигналдар және түстi-графикалық схемалар пайдаланылады.
Бұл ретте мемлекеттiк тiл және Қазақстан Республикасының нышандары қолданылады.
7.10. Көлiк құралының конструкциясында бекiтiлуi көзделген қауiпсiздiк белбеулерiнiң болмауы.
7.11. Қауiпсiздiк белбеулерi жұмыс iстемейдi немесе олардың таспасында көзге көрiнетiн жыртықтардың болуы.
7.12. Көлiк құралының тiркеу белгiсi стандарт талаптарына сәйкес келмейдi.
7.13. Мотоциклде конструкцияда көзделген қауiпсiздiк доғасының болмауы.
7.14. Мотоцикл мен мопедтерге конструкцияда көзделген табан тiрегiштердiң, олардың орындықтарында жолаушыларға арналған тұтқалардың болмауы.
7.15. Тежегiш жүйелерiнiң, руль басқаруының және басқа да тораптар мен агрегаттардың конструкцияда көзделген, оларға қойылатын талаптар осы Тiзбемен регламенттелетiн қосымша элементтерiнiң болмауы немесе олардың көлiк құралын жасаушы кәсiпорынмен немесе уәкiлеттiгi бар басқа ұйыммен келiспей орнатылуы.
7.16. Белгiленген нормалар мен ережелердi бұза отырып немесе Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы органдарының рұқсатынсыз және жасап шығарушы кәсiпорынмен немесе өкiлеттiгi бар басқа ұйыммен келiспей көлiк құралдарын қайта жабдықтау (двигателiн, қорабын, отын бактарын және т.с.с. ауыстыру) жүргiзiлген.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 25 қарашадағы
N 1650 қаулысына
3-қосымша
Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша
арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға
және боялуға жататын жедел және
арнайы қызметтердiң, көлiктiң
ТIЗБЕСI
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметi
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жедел қызметi
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң жедел қызметi
5. Әскери полиция
6. Авариялық қызмет
7. Медициналық жедел жәрдем қызметi
Ескертпе: 1. Түстiк-графикалық бояу, айырым белгiлерi, жазулар, арнаулы жарық және дыбыс сигналдары Қазақстан Республикасының стандарттарымен реттеледi.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң жедел қызметтерiнiң арнаулы түстiк-графикалық бояулар, айырым белгiлерi мен жазулары болмауы да мүмкiн.