3.7 "Тiркемемен қозғалуға тыйым салынады". Жүк автомобильдерi мен тракторлардың кез-келген тiркемемен қозғалысына, сондай-ақ механикалық көлiк құралдарын сүйретуге тыйым салынады.
3.8 "Көлiк-арба қозғалысына тыйым салынады". Көлiк-арбаның (шананың), адам мiнген және жүк артылған малдардың қозғалуына, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады.
3.9. "Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады". Велосипедтер мен мопедтердiң қозғалысына тыйым салынады.
3.10 "Жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына тыйым салынады".
3.11. "Массаны шектеу". Нақты жалпы массалары белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдары, оның iшiнде көлiк құралдары составтарының қозғалысына тыйым салынады.
3.12 "Оське түсетiн жүктеменi шектеу". Қандай болса да оське түсетiн нақты жүктемесi белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.13. "Биiктiктi шектеу". Көлемдiк биiктiгi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.14 "Енiн шектеу". Көлемдiк енi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.15 "Ұзындықты шектеу". Көлемдiк ұзындығы (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының (көлiк құралдары составының) қозғалысына тыйым салынады.
3.16 "Ең төменгi аралықты шектеу". Олардың арасындағы аралық белгiде көрсетiлгеннен кем көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.17 "Кеден", Кеден (бақылау пунктiнiң) жанында аялдамасыз өтуге тыйым салынады.
3.17.2 "Қауiптiлiк", Жол-көлiк оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауiптiлiктерге байланысты, әрi қарай барлық көлiк құралдарының қозғалысына ерекшелiксiз тыйым салынады.
3.18.1 "Оңға бұрылуға тыйым салынады".
3.18.2 "Солға бұрылуға тыйым салынады".
3.19 "Керi бұрылуға тыйым салынады".
3.20 "Басып озуға тыйым салынады". 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа, барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады.
3.21 "Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы".
3.22 "Жүк автомобильдерiне басып озуға тыйым салынады". Рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдерiне 30 км/сағ кем жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлiк-арба және велосипедтен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады.
3.23 "Жүк автомобильдерiнiң басып озуына тыйым салу аймағының аяқтаулы".
3.24 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу". Белгiде көрсетiлгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) қозғалуға тыйым салынады.
3.25 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу аймағының аяқталуы".
3.26 "Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынады". Сигнал жол-көлiк оқиғаларын болдырмау үшiн берiлгеннен басқа жағдайларда дыбыс сигналына тыйым салынады.
3.27 "Аялдауға тыйым салынады". Көлiк құралдарының аялдауына және тұруына тыйым салынады.
3.28 "Тұруға тыйым салынады". Көлiк құралдарының тұруына тыйым салынады.
3.29 "Айдың дақ күндерi тұруға тыйым салынады".
3.30 "Айдың жұп күндерi тұруға тыйым салынады". 3.29 және 3.30 белгiлерiн бiр мезгiлде қолданғанда көлiк құралдарын бiр жақтан екiншiсiне орын ауыстыру уақыты - 19-дан 21 сағатқа дейiн.
3.31 "Барлық шектеу аймақтарының аяқтаулы". Бiр мезгiлде 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгiлерiнiң бiр мезгiлде бiрнешеуiн қолдану аймағының аяқталуы.
3.32 "Көлiк құралдарының қауiптi жүкпен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған көлiк құралдарының қозғалуына тыйым салынады.
3.33 "Көлiк құралдарының жарылғыш және оңай тұтанатын жүктермен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған және 19433-88 ГОСТ-ы бойынша, 1.2.2-2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптарының қауiптi жүктерiн тасымалдауға арналған көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.2-3.9, 3.32 және 3.33 белгiлерi тиiстi көлiк құралдары түрлерiнiң екi бағытқа қозғалуына тыйым салады.
Мына белгiлердiң күшi қолданылмайды:
3.1-3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 - маршруттық көлiк құралдарына;
3.2-3.8 - белгiленген аймақта орналасқан кәсiпорындарға қызмет етедi, сондай-ақ белгiленген аймақта тұратын немесе жұмыс iстейтiн азаматтарға қызмет көрсетедi немесе солардың меншiгi. Мұндай жағдайларда көлiк құралдары белгiленген аймаққа белгiленген жерге жақын қиылыстан кiруi немесе содан шығуы керек;
3.28-3.30 - таксометрi iске қосылу таксиге;
3.2, 3.3, 3.28-3.30 - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.
3.18.1, 3.18.2 белгiлерiнiң күшi жүрiс бөлiгiнiң алдына белгi қойылған қиылысына қолданылады.
3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26-3.30 белгiлерi қолданылатын аймақтар белгi қойылған жерден бастап жақын жердегi қиылысқа дейiн, ал елдi мекендерде қиылыс жоқ болса - елдi мекен аяқталғанға дейiн қолданылады. Жолға жанасып жатқан аумақтан шығатын жерде белгiлердiң күшi сақталады.
5.22 белгiсiмен белгiленген елдi мекеннiң алдына қойылған 3.24 белгiсiнiң күшi осы белгiге дейiн қолданылады.
Белгiлердiң күшi қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда кiшiреуi мүмкiн:
7.2.1 табличкасын қолданумен 3.16 және 3.26 белгiлерi үшiн;
3.20, 3.22, 3.24 белгiлерi үшiн аймақтың соңына қойылғанда немесе 7.2.1 табличкасын қолданумен олардың күшi 3.21, 3.23, 3.25 белгiлерiне сәйкес келедi. 3.24 белгiсiнiң қолданылу аймағы 3.24 белгiсiн қозғалыстың ең жоғары жылдамдығының басқа мәнiмен кiшiреюi мүмкiн;
3.27-3.30 белгiлерi үшiн 7.2.3. табличкасымен 3.27-3.30 қайталама белгiлерiнiң немесе 7.2.2. табличкасын қолданумен олардың күшi жүретiн аймақтың соңында қойылғанда;
3.27 белгiсi 1.4 таңбасымен бiрге қолданылуы мүмкiн, ал 3.28 белгiсi - 1.10 таңбалауымен, мұндайда белгiлердiң қолданылу аймағы таңбалау сызығының ұзындығымен айқындалады.
3.10, 3.27 - 3.30 белгiлерiнiң күшi жолдың олар қойылған жағына ғана қолданылады.
4. Алдын ала жазылатын белгiлер
4.1.1 "Тiке қозғалыс", 4.1.2 "Оңға қозғалыс", 4.1.3 "Солға қозғалыс", 4.1.4 "Тiке немесе оңға қозғалыс", 4.1.5 "Тiке немесе солға қозғалыс", 4.1.6 "Оңға және солға қозғалыс". Белгiлерде бағыттауыштармен көрсетiлген бағыттарда ғана қозғалуға рұқсат етiледi. Солға бұрылуға рұқсат ететiн белгiлер керi бұрылуға да рұқсат бередi (4.1.1 - 4.1.6 белгiлерi нақты кесiп өтулерде қозғалыстың тиiстi талап етiлетiн бағытына бағыттаушы кескiндердiң үйлесiмiмен қолданылуы мүмкiн).
4.1.1-4.1.6 белгiлерiнiң күшi маршруттық көлiк құралдарына қолданылмайды.
4.1.1-4.1.6 белгiлерiнiң күшi жүрiс бөлiгiнiң алдына белгi қойылған өтпелерге қолданылмайды.
Жол учаскесiнiң басталысында қойылған 4.1.1 белгiлерiнiң күшi жақын жердегi қиылысқа дейiн қолданылады. Белгi жолға жанасып жатқан аумаққа оңға бұрылуға тыйым салмайды.
4.2.1 "Кедергiнi оң жағынан айналып өту", 4.2.2 "Кедергiнi сол жағынан айналып өту". Бағыттауышпен көрсетiлген жағынан ғана айналып өтуге рұқсат етiледi.
4.2.3 "Кедергiнi оң немесе сол жағынан айналып өту". Кез келген жақтан айналып өтуге рұқсат етiледi.
4.3 "Айналма қозғалыс". Бағыттауыштармен көрсетiлген бағытта қозғалуға рұқсат етiледi.
4.4. "Жеңiл автомобильдер қозғалысы". Жеңiл автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, маршруттық көлiк құралдары мен рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3.5 т аспайтын жүк автомобильдерiнiң қозғалысына рұқсат етiледi.
Белгi белгiленген аймақта орналасқан кәсiпорындарға қызмет көрсететiн, сондай-ақ белгiленген аймақта тұратын немесе жұмыс iстейтiн азаматтарға қызмет көрсететiн немесе олардың меншiгiндегi басқа көлiк құралдарының қозғалысына да рұқсат бередi.
4.5. "Велосипед жолы". Велосипедпен және мопедпен ғана қозғалуға рұқсат етiледi. Велосипед жолымен сондай-ақ жаяу жүргiншiлер де қозғала алады (тротуар, жаяу жүргiншi жолы немесе жол жағалауы болмағанда).
4.6 "Жаяу жүргiншiлер жолы". Тек қана жаяу жүргiншiлердiң қозғалуына рұқсат етiледi.
4.7 "Ең төменгi қозғалысты шектеу". Тек қана көрсетiлген немесе көбiрек жылдамдықпен (км/сағ) қозғалуға рұқсат етiледi.
4.8. "Ең төменгi жылдамдықты шектеу аймағының соңы".
4.9. "Қауiптi жүгi бар көлiк құралдары қозғалысының бағыты". "Қауiптi жүк" деген айырым белгiмен жабдықталған көлiк құралына 4.9.1 - солға, 4.9.2. - тiке, 4.9.3. - оңға белгiлерiнде көрсетiлген бағыттарда қозғалуға рұқсат етiледi.
5. Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер
Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер қозғалыстың белгiлi бiр режимдерiн енгiзедi немесе күшiн жояды, сондай-ақ елдi мекендер мен басқа да объектiлердiң орналасуы туралы хабарлайды.
5.1. "Автоарна". Ережелердiң талаптары қолданылатын, автоарналар бойынша қозғалыстың тәртiптерiн белгiлейтiн жол.
5.2. "Автоарнаның аяқталуы".
5.3. "Автомобильдерге арналған жол". Автомобильдер мен мотоциклдердiң ғана қозғалысына ғана арналған жол.
5.4. "Автомобильдерге арналған жолдың аяқталуы".
5.5. "Бiржақты қозғалыстағы жол". Көлiк құралдарының қозғалысы бүкiл енi бойынша бiржақты бағытта жүзеге асырылатын жол немесе жүргiн бөлiк.
5.6. "Бiржақты қозғалыстағы жолдың аяқталуы".
5.7.1., 5.7.2. "Жолға бiржақты қозғалыспен шығу". Жолға немесе жүргiн бөлiкке бiржақты қозғалыспен шығу.
5.8.1. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағытты". Жол Жолақтарының саны және қозғалыстың оның әрбiрiне рұқсат етiлген бағыттары.
5.8.2. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағыттары". Қозғалыстың жол жолақтары бойынша рұқсат етiлген бағыттары.
Шеткi сол жол жолағынан сол жаққа бұрылуға рұқсат ететiн 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi осы жол жолағынан айналыс жасауға да рұқсат етедi.
Қиылыстың алдында орнатылған 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi, егер онда орнатылған басқа 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi өзге нұсқаулар бермейтiн болса бүкiл қиылысқа қолданылады.
5.8.3. "Жол жолағының басталуы". Көтерiлуде қосымша жол жолағының немесе тежеу жол жолағының басталуы.
Егер қосымша жол жолағының алдында "Ең төменгi жылдамдықты шектеу" деген 4.7. белгiсi бейнеленген болса, онда қозғалыста көрсетiлген негiзгi жол жолағы бойынша немесе жоғары жылдамдықты жалғастыра алмайтын көлiк құралының жүргiзушiсi қосымша жол жолағына қайта шығуы тиiс.
5.8.4. "Жол жолағының басталуы". Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш жол жолақты жолдың орта жол жолағы учаскесiнiң басталуы.
5.8.5. "Жол жолағының аяқталуы". Көтерiлудегi қосымша жол жолағының немесе екпiндеп айдаудың аяқталуы.
5.8.6. "Жол жолағының аяқталуы". Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш жол жолақты жолдың орта жол жолағы учаскесiнiң аяқталуы.
5.8.7, 5.8.8. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағыты".
Егер 5.8.7. белгiсiнде қандай да болмасын көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салатын белгi бейнеленген болса, онда осы көлiк құралдарының тиiстi жол жолағы бойынша қозғалысына тыйым салынады.
5.8.7. және 5.8.8. белгiлерi көрсеткiштердiң тиiстi санымен жолдарда төрт жол жолағымен және одан да көп қолданыла алады.
5.8.7. және 5.8.8. ауысымдық бейнеленуiнiң көмегiмен реверсивтiк қозғалыс ұйымдастырылуы мүмкiн.
5.9. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағы". Көлiк құралдарының жалпы легiмен жолай қозғалатын тек маршруттық көлiк құралдарының қозғалысына ғана арналған жол жолағы.
Белгi өзi қойылған жол жолағына қолданылады. Жолдың оң жағына орнатылған белгi оң жол жолағына қолданылады.
5.10.1. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жол". Маршруттық көлiк құралдарының қозғалысы көлiк құралдарының жалпы легiне қарсы арнайы бөлiнген жол жолағында жүзеге асырылатын жол.
5.10.2, 5.10.3. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жолға шығу".
5.10.4. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жолдың аяқталуы".
5.11.1. "Айналыс жасауға арналған орын". Солға бұрылуға тыйым салынады.
5.11.2. "Айналыс жасауға арналған белдеу". Айналыс жасауға арналған белдеудiң ұзындығы. Солға бұрылуға тыйым салынады.
5.12. "Автобус пен (немесе) троллейбустың аялдау орны".
5.13. "Трамвайдың аялдау орны".
5.14. "Жеңiл таксилердiң тұрақ орны".
5.15. "Тұрақ орны".
5.16.1, 5.16.2. "Жаяу өтпе".
Өтпеде 1.14.1.-1.14.3. таңбалары болмаған кезде 5.16.2. белгiсi жолдың оң жағына өтудiң жақын шекарасына, ал 5.16.1. - жолдың сол жағына өтудiң шегiне орнатылады.
5.17.1, 5.17.2. "Жер асты жаяу өтпесi".
5.17.3, 5.17.4. "Жер үстi жаяу өтпесi".
5.18. "Ұсынылатын жылдамдық". Жолдың осы учаскесiндегi ұсынылатын қозғалыстың жылдамдығы. Белгiнiң қолданылу белдеуi жақын маңайдағы қиылысқа дейiн, ескертушi белгiмен бiрлесiп 5.8. белгiсi қолданылу кезiнде қауiптi учаскенiң ұзындығымен айқындалады.
5.19.1. - 5.19.3. "Тұйық". Тура жол жүру жоқ жол.
5.20.1. "Бағыттардың алдын ала көрсеткiшi", 5.20.2. "Бағыттардың алдын ала көрсеткiшi". Белгiде белгiленген елдi мекендер мен басқа да объектiлерге қарай қозғалыстың бағыттары. Белгiлерге 5.29.1. белгiсiнiң бейнесi, автоарналардың, әуежайдың, спорттық рәмiздер мен өзге де пиктрограммалар енгiзiлуi мүмкiн. 5.20.1. белгiсiне қозғалыстың ерекшелiктерi туралы хабарлайтын басқа белгiлердiң бейнелерi енгiзiлуi мүмкiн. 5.20.1. белгiсiнiң төменгi бөлiгiнде белгiнi орнату орнынан бастап қиылысқа немесе тежеу жол жолағының басталуына дейiнгi ара қашықтық көрсетiледi.
5.20.1. белгiсi, сондай-ақ 3.11-3.15 тыйым салу белгiлерiнiң бiрi орнатылған жолдардың учаскелерiн айналып өтудi нұсқау үшiн де қолданылады.
5.20.3. "Қозғалыс схемасы". Жекелеген маневрлер қиылысындағы тыйым салу кезiндегi қозғалыс маршруты немесе қозғалыстың күрделi қиылысындағы рұқсат етiлген бағыттары.
5.21.1. "Бағыт көрсеткiш", 5.21.2. "Бағыттар көрсеткiшi". Қозғалыстың маршрут бағыттарына қарай бағыттары. Белгiлерге ондағы белгiленген объектiлерге дейiнгi арақашықтық (км) көрсетiлуi, автоарналар, әуежай, спорттық рәмiздер мен өзге де пиктограммалар енгiзiлуi мүмкiн.
5.22. "Елдi мекеннiң басталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртiбiн белгiлейтiн Ережелердiң талаптары қолданылатын елдi мекеннiң атауы және басталуы.
5.23. "Елдi мекеннiң аяқталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртiбiн белгiлейтiн Ережелер талаптарының күшi жоғалатын осы жолдағы орын.
5.24. "Елдi мекеннiң басталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртiбiн белгiлейтiн осы жолда Ережелердiң талаптары қолданылмайтын елдi мекеннiң атауы және басталуы.
5.25. "Елдi мекеннiң аяқталуы". 5.24. белгiсiмен таңбаланған елдi мекеннiң аяқталуы.
5.26. "Объектiнiң атауы". Елдi мекенге қарағанда өзге объектiнiң атауы (өзен, көл, асу, назар аударарлық орындар және соған ұқсастар).
5.27. "Арақашықтықтардың көрсеткiшi". Маршрутта орналасқан елдi мекендерге дейiнгi арақашықтық (км).
5.28. "Километрлiк белгi". Жолдың басына немесе аяғына дейiнгi ара қашықтық (км).
5.29.1, 5.29.2. "Маршруттың нөмiрi". 5.29.1- жолға (маршрутқа) берiлген нөмiр; 5.29.2.- жолдың (маршруттың) нөмiрi мен бағыты.
5.30.1.-5.30.3. "Жүк автомобильдерiне арналған қозғалыстың бағыты". Жүк автомобильдерiне, тракторлар мен өзi жүретiн машиналарға арналған, егер олардың қозғалысының бағыттарының бiрiне қиылыста қозғалуына тыйым салынған болса, қозғалыстың ұсынылатын бағыты.
5.31. "Айналып өту схемасы". Қозғалыс үшiн уақытша жабылған жол учаскесiн айналып өту маршруты.
5.32.1-5.32.3. "Айналып өту бағыты". Қозғалыс үшiн уақытша жабылған жол учаскесiнiң бағыты.
5.33. "Тоқтау сызығы". Көлiк құралдарының бағдаршамның (реттеушiнiң) тыйым салған белгiсi кезiндегi аялдау орны.
5.34.1, 5.34.2. "Басқа жүргiн бөлiкке түсудiң алдын ала көрсеткiшi". Бөлектеушi жол жолағы бар жолда жүргiн бөлiктiң учаскесiн қозғалыс үшiн жабылған учаскесiн айналып өтудiң бағыты немесе оң жақтағы жүргiн бөлiкке оралуға арналған қозғалыстың бағыты.
5.35. "Реверсивтi қозғалыс". Қозғалыстың бағыты бiр немесе бiрнеше жол жолақтарында қарама-қарсыға өзгеруi мүмкiн жол учаскесiнiң басталуы.
5.36. "Реверсивтi қозғалыстың аяқталуы".
5.37. "Реверсивтi қозғалысты жолға шығу".
5.38. "Тұрғын аймақ". Тұрғын аймақтағы қозғалыстың тәртiбiн белгiлейтiн Ережелердiң талаптары қолданылатын аумақ.
5.39. "Тұрғын аймақтың аяқталуы".
Елдi мекеннен тысқары орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгiлерiндегi жасып немесе көк рең көрсетiлген елдi пунктке немесе объектiге қозғалыстың тиiсiнше автоарна немесе басқа жол бойынша жүзеге асырылатындығын бiлдiредi. Елдi мекенде орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгiлерiндегi жасыл немесе көк рең қозғалыстың көрсетiлген елдi мекенге немесе объектiге осы елдi мекеннен өткен соң тиiсiнше автоарналар немесе басқа жол бойынша жүзеге асырылатындығын бiлдiредi; ақ рең көрсетiлген объектiнiң осы елдi мекенде екендiгiн бiлдiредi.
6. Сервис белгiлерi
Сервис белгiлерi тиiстi объектiлердiң орналасуы туралы хабардар етедi.
6.1. "Алғашқы медициналық көмек пунктi".
6.2. "Аурухана".
6.3. "Автомай құю станциясы".
6.4. "Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету".
6.5. "Автомобильдердi жуу".
6.6. "Телефон".
6.7. "Тамақтану пунктi".
6.8. "Ауыз су".
6.9. "Қонақ үй немесе мотель".
6.10. "Кемпинг".
6.11. "Демалыс орны".
6.12. "МАИ посты".
7. Қосымша ақпарат белгiлерi (табличкалар)
Қосымша ақпарат белгiлерi (табличкалар) өздерi қолданылатын белгiлердi нақтылайды немесе шеттейдi.
7.1.1. "Объектiге дейiнгi арақашықтық". Белгiден қауiптi учаскенiң, тиiстi шектеу енгiзу орнының немесе жолдың үстiнде алдағы белгiлi бiр объектiнiң (орнының) басталуына дейiнгi арақашықтықты көрсетедi.
7.1.2. "Объектiге дейiнгi арақашықтық". 2.4. белгiсiнен қиылыстың тiкелей алдында 2.5. белгiсi орнатылған жағдайдағы қиылысқа дейiнгi арақашықтықты көрсетедi.
7.1.3., 7.1.4. "Объектiге дейiнгi арақашықтық". Жолдан тысқарыдағы объектiге дейiнгi ара қашықтықты көрсетедi.
7.2.1. "Қолданылу белдеуi". Белгiлермен таңбаланған жолдың қауiптi учаскесiнiң ұзындығын, немесе тыйым салынатын iс-әрекет белдеуiн және ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлердi көрсетедi.
7.2.2.-7.2.6. "қолданылу белдеуi". 7.2.2. 3.27-3.30. тыйым салушы белгiлердiң қолданылу белдеуiн көрсетедi; 7.2.3. 3.27-3.30 белгiлерiнiң қолданылу белдеуiнiң аяқталғанын көрсетедi; 7.2.4. жүргiзушiлердi олардың қолданылу белдеуiнде 3.27-3.30 белгiлерiнiң бар екендiгi туралы хабарландырады; 7.2.5, 7.2.6. алаңының, ғимарат фасадының және соған ұқсастардың бiр жағының бойында аялдауға немесе тұруға тыйым салу кезiндегi 3.27-3.30. белгiлерiнiң бағытын және қолданылу белдеуiн көрсетедi.
7.3.1.-7.3.3. "Қолданылу бағыттары". Қиылыстың алдында орнатылған белгiлердiң қолданылу бағытын, немесе жолдағы тiкелей тұрған таңбаланған объектiлерге қозғалыстың бағытын көрсетедi.
7.4.1.-7.4.8. "Көлiк құралының түрi". Белгiнiң қолданылуы жүретiн көлiк құралының түрiн көрсетедi.
7.4.1. табличкасы жүк автомобильдерiне арналған белгiге, ал 7.4.2. табличкасы оның iшiнде және тiркемелiсiне, 3,5 т астам салмағы барларға рұқсат етiлгендерге, 7.4.3. табличкасы - жеңiл автомобильдерге, сондай-ақ 3,5 т дейiн салмағы бар рұқсат етiлген жүк автомобильдерiне, 7.4.8. табличкасы - "Қауiптi жүк" деген айырым белгiлерiмен жабдықталған көлiк құралдарына қолданылады.
7.5.1. "Сенбi, жексенбi және мереке күндерi", 7.5.2. "Жұмыс күндерi", 7.5.3. "Апта күндерi". Белгi қолданылатын аптаның күндерiн көрсетедi.
7.5.4. "Қолданылу уақыты". Белгi қолданылатын тәулiктiң уақытын көрсетедi.
7.5.5.-7.5.7. "Қолданылу уақыты". Белгi қолданылатын аптаның күндерi мен тәулiктiң уақытын көрсетедi.
7.6.1.-7.6.9. "Көлiк құралын тұраққа қоюдың тәсiлi". 7.6.1. барлық көлiк құралдарын жүргiн бөлiктiң бойында тротуарға қойылуы тиiс екендiгiн көрсетедi; 7.6.2.-7.6.9. жеңiл автомобильдер мен мотоциклдердi тротуар маңындағы тұраққа қоюдың тәсiлiн көрсетедi. 5.15. белгiсiмен қолданылады.
7.7. "Жұмыс iстемейтiн двигателi барларға арналған тұрақ". 5.15. белгiсiмен таңбаланған тұраққа тек двигателi жұмыс iстемейтiн көлiк құралдарын тұраққа рұқсат ететiндiгiн көрсетедi.
7.8. "Ақылы қызмет көрсетулер". Қызмет тек қана ақыға ғана көрсетiлетiндiгiн көрсетедi.
7.9. "Тұраққа қоюдың уақыт ұзақтығын шектеу". Көлiк құралының 5.15. белгiсiмен таңбаланған тұрақта болуының ең жоғары уақыт ұзақтығын көрсетедi.
7.10. "Автомобильдердi қарауға арналған орын". 5.15. немесе 6.11. белгiсiмен таңбаланған алаңшада эстакада немесе қарау шұңқыры бар екендiгiн көрсетедi.
7.11. "Рұқсат етiлген барынша жоғары массаны шектеу". Белгiнiң табличкада көрсетiлген рұқсат етiлген жоғары массадан астам көлiк құралдарына ғана қолданылатындығын көрсетедi.
7.12. "Қауiптi жиек". Жиекке жүрудiң онда жөндеу жұмыстары жүргiзiлуiне байланысты қауiптi екендiгiн ескертедi. 1.23. белгiсiмен қолданылады.
7.13. "Басты жолдың бағыты". Қиылыстағы басты жолдың бағытын көрсетедi.
7.14. "Қозғалыс жол жолағы". Бөлiгiнiң немесе бағдаршамның қолданылатын жолдың қозғалысының жол жолағын көрсетедi.
7.15. "Зағип жаяу жүрушiлер". Жаяу жүргiншiлердiң өтпесiн зағиптардың пайдаланатындығын көрсетедi. 1.20, 5.16.1, 5.16.2. белгiлерiмен және бағдаршаммен қолданады.
7.16. "Ылғалды жабын". Белгiнiң жүргiн бөлiктiң жабыны ылғал уақыт кезеңiнде қолданылатындығын көрсетедi.
7.17. "Мүгедектер". 5.15. белгiсiнiң "Мүгедек" деген айырым белгiлерi орнатылған мотобесiктер мен автомобильдерге ғана қолданылатындығын көрсетедi.
7.18. "Мүгедектерден басқа". Белгiлердiң "Мүгедек" айырым белгiлерi орнатылған мотобесiктер мен автомобильдерге қолданылмайтындығын көрсетедi.
7.19. "Қауiптi жүк сыныбы". 19433-88 ГОСТ бойынша қауiптi жүктердiң сынып (сыныптарының) нөмiрiн көрсетедi. 3.32., 4.9.1-4.9.3. белгiлерiмен қолданылады.
Табличкалар олар қолданылатын белгiнiң тiкелей астында орналастырылады. 7.2.2.-7.2.4., 7.13. табличкалары жүргiн бөлiктiң, жиектiң немесе тротуардың үстiндегi белгiлердiң жанында орналасуы кезiнде белгiнiң бүйiрiне орналастырылады.
Уақытша жол белгiлерi (көшiрiлетiн бағандағы) және стационарлық белгiлердiң мәндерi бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда, жүргiзушiлер уақытша белгiлердi басшылыққа алуы тиiс.
2-сурет. ЖОЛ БЕЛГIЛЕРI
1. Ескерту белгiлерi
2. Басымдылық белгiлерi
3. Тыйым салатын белгiлер
4. Алдын-ала қойылатын белгiлер
5. Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер
6. Сервис белгiлерi
7. Қосымша ақпараттық белгiлер (табличкалар)
2-қосымша
Жол белгiлерi және оның сипаттамалары
(13508-74 ГОСТ және 23457-86 ГОСТ бойынша)
1. Көлденең белгi
Көлденең белгi (сызықтар, бағыттаушы сызықтары, көлiк жүретiн бөлiкте жазулар және басқа белгiлеулер) қозғалыстың белгiлi режимдерi мен тәртiбiн белгiлейдi.
Көлденең белгiлердiң түсi, 1.4, 1.10. және 1.17. сары түстi сызықтардан басқасы, ақ болады.
Көлденең белгi:
1.1. - қарама-қарсы бағыттағы көлiктердiң легiн бөлiп тұрады және жолдардағы қауiптi жерлердегi қозғалыс жолағының шекарасын белгiлейдi; кiруге тыйым салынған көлiк жүретiн бөлiктiң шекарасын белгiлейдi; көлiк құралдары тұрақ орындарының шекарасын және автоарнаға жатқызылмаған жолдардың көлiк жүретiн бөлiгiнiң шетiн бiлдiредi;
Белгiлердiң нөмiрленуi 13508-74 ГОСТ-қа сәйкес келедi. Жол белгiсiнiң атауы мен бейнеленуi 3-суретке келтiрiлген
1.2. (жалпақ тұтас сызық) - автоарналардағы көлiк жүретiн бөлiктiң шетiн бiлдiредi;
1.3. - төрт және одан да көп қозғалыс жол жолағы бар жолдардағы қарама-қарсы бағыттардағы көлiк легiн бөледi;
1.4. - аялдама жасауға тыйым салынған орындарды бiлдiредi. Дербес немесе 3.27. белгiсiмен қоса қолданылады және көлiк жүрiсi бөлiгiнiң шетiнен немесе бордюрдiң жоғары жағынан қойылады;
1.5. - екi немесе үш жолағы бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлiк легiн бөлiп тұрады; бiр бағытта қозғалуға арналған екi немесе одан көп қозғалыс жолағы болған кезде шекараны бiлдiредi;
1.6. (жақындау сызығы - сызықтарының ұзындықтары олардың арасындағы бос жерлерден 3 есе ұзын болатын үзiк сызықтар) - қарама-қарсы немесе iлеспе бағыттағы көлiк легiн бөлетiн 1.1. немесе 1.11. таңбасына жақындағанын ескертедi;
1.7. (арасындағы бос жерлерi олармен тең болатын қысқа сызықты үзiк сызықтар) - жол қиылысы шегiндегi қозғалыс жол жолағының шекарасын бiлдiредi;
1.8. (жалпақ үзiк сызықтар) - қозғалу немесе тоқтау жол жолағы мен жүрiс бөлiгiнiң негiзгi жолағы арасындағы шекараны бiлдiредi (түрлi деңгейдегi жолдардың қиылысындағы, өтпелерiндегi, автобустар аялдамалары және сол сияқты аймақтағы);
1.9. - реверсивтi реттеу жүзеге асырылатын қозғалыс жол жолағы шекараларын бiлдiредi; реверсивтi реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлiп тұрады (реверсивтi бағдаршам жұмыс iстеп тұрғанда);