Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 1997 ж. 13 желтоқсандағы
N 209-I Заңы
Осы редакция 2003 ж. 31 желтоқсандағы N 514-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда күшіне енгізудің өзге мерзімдері белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілсін.
2-бап. Мыналар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды деп танылсын:
1. "Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексін бекіту туралы" 1971 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексі (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1971 ж., N 51, 1973 ж., N 29, N 34, 1977 ж., N 14, N 29, N 45; 1981 ж., N 22, 71-құжат; 1982 ж., N 2, 24-құжат; 1983 ж., N 15, 156-құжат; N 46, 117, 118-құжаттар; 1985 ж., N 49, 514-құжат; 1986 ж., N 28, N 49, 507-құжат; 1987 ж., N 45, 542-құжат; 1988 ж., N 35, 323-құжат; 1989 ж., N 23, 174-құжат; 1991 ж., N 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 319-құжат; 1993 ж., N 17, 418-құжат);
2. "Қазақ КСР-інің Еңбекпен түзеу кодексін күшіне енгізу тәртібі туралы" 1972 жылғы 11 мамырдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1972 ж., N 21);
3. "Қазақ КСР еңбекшілер депутаттары аудандық, қалалық және облыстық Кеңестері атқару комитеттерінің жанындағы байқау комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" 1965 жылғы 28 сәуірдегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1967 ж., N 34; N 1971 ж., N 12; 1972 ж., N 23; 1987 ж., N 24, 313-құжат; N 32, N 49 66-құжаттар).
3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес келтірілуге тиіс.
Алдағы уақытта аталған заңдар мен нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді.
ҚР 05.05.00 ж. N 47 заңымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің бостандығын шектеу және қамау түріндегі жазалар туралы ережелері жазалаудың бұл түрлерін атқару үшін қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 2003 жылдан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының заңымен күшіне енгізіледі. Осы Кодекстiң қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау туралы ережелерi 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
5-бап. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің жалпы және қатаң режимдегі түзеу колонияларында, сондай-ақ тәрбиелеу колонияларында жазасын өтейтін сотталған адамдарды ұстаудың жеңілдікті жағдайлары туралы ережелері бұл үшін қажетті жағдайлар жасалуына қарай, бірақ 2000 жылдан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының заңымен күшіне енгізіледі.
6-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуші сотталған адамдар Қылмыстық-атқару кодексі күшіне енгізілгеннен кейін жасаған жазасын өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін ұстаудың қатаң жағдайларына ауыстырылуы мүмкін.
7-бап. 1998 жылғы 1 қаңтарға қарай ұстаудың жақсартылған жағдайларына ауыстырылған сотталған адамдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде жазасын өтеудің жеңілдетілген жағдайларындағы сотталғандар үшін көзделген ережелер қолданылады.
8-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикалық бюджеттің жобаларында түзеу мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға орталықтандырылған күрделі қаржылар мен ақша қаражатын қарастыратын болсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті