Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндер туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 ж. 20 қаңтардағы N 3827 Жарлығы
Осы редакция ҚР Президентінің 15.11.03 ж. N 1226 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстандық патриотизм мен кәсiптiк мақтанышты, сондай-ақ жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1998 жылғы 20 қаңтардағы
N 3827 Жарлығымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер
мен атаулы күндердiң
ТIЗБЕСI
Отан қорғаушылар күнi - 7 мамыр
Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын
еске алу күнi - 31 мамыр
Баспасөз күнi - 28 маусым
Спорт күнi - 13 тамыз
Бiлiм күнi - 1 қыркүйек
Қазақстан Республикасы халықтарының
тiлдерi күнi - 22 қыркүйек
Ұлттық валюта-теңге күнi - 15 қараша