8. Егер ол iс қозғалған қылмыстық жазаланатын әрекеттiң мәнiмен байланысты болса, айыпталушы айыптаушыға қарсы айыптау бiлдiруге құқылы. Айыптау және қарсы айыптау бiр мезгiлде шешiлуге тиiс. Айыптауды қайтарып алу қарсы айыптау бойынша iс жүргiзуге ықпал етпейдi.
9. Қайтарып алынған жеке айыптау бойынша қылмыстық iс қайта қозғалмайды.
391-бап. Судьяның жеке айыптау iсi бойынша сот талқылауы
басталғанға дейiнгi iс-әрекеттерi
1. Егер берiлген шағым осы Кодекстiң 390-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес келмесе, судья оны берген адамға шағымды сол талаптарға сәйкес келтiрудi ұсынады және бұл үшiн мерзiм белгiлейдi. Нұсқау орындалмаған жағдайда судья өзiнiң қаулысымен шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартады және оны берген адамды бұл туралы хабардар етедi.
2. Жеке айыптау iсi бойынша шағымды қарап, судья үш тәулiк iшiнде:
1) шағымды өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдау туралы;
2) шағымды тергелуi немесе сотталуы бойынша беру туралы;
3) шағымды iс жүргiзуге қабылдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
3. Шағым бойынша қабылданған шешiм туралы қаулының көшiрмесi өтiнiш иесiне, ал осы баптың екiншi бөлiгiнiң 1-тармағында көзделген жағдайда, сол сияқты айыпталушыға жiберiледi.
4. Сот мәжiлiсiн тағайындау үшiн негiздер болған ретте судья шағымның сотқа келiп түскен күнiнен бастап жетi тәулiкке дейiн мерзiмде үстiнен шағым берiлген адамды шақыруға, оны iс материалдарымен таныстыруға, берiлген шағымның көшiрмесiн тапсыруға, осы Кодекстiң 69-бабымен көзделген сот отырысындағы сотталушының құқықтарын түсiндiруге және осы адамның пiкiрi бойынша сотқа қорғаудың куәгерлерi ретiнде кiмдi шақыру қажет екендiгiн анықтауға мiндеттi, ол туралы қолхат алынады. Үстiнен шағым берiлген адам сотқа келмеген жағдайда, шағымның көшiрмесi сотталушының құқықтары, сондай-ақ бiтiмге келу мүмкiндiктерi түсiндiрiле отырып почтамен жiберiледi.
5. Судья тараптарға бiтiмге келу мүмкiндiктерiн түсiндiруге мiндеттi. Олардан бiтiмге келу туралы өтiнiш түскен жағдайда осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 6-тармағы негiзiнде судьяның қаулысымен iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылады.
6. Егер тараптардың арасында бiтiмге келуге қол жеткiзiлмесе, судья осы баптың төртiншi және бесiншi бөлiктерiндегi талаптар орындалғаннан кейiн, осы Кодекстiң 302-бабының ережелерi бойынша iстi сот мәжiлiсiнде қарауды тағайындайды.
392-бап. Тараптардың бастамашылығы бойынша
дәлелдемелердi табыс ету және жинау
1. Жәбiрленушi, қылмыстың жасалғаны туралы шағым берген өзге адам, қылмыстық мән-жайлар және оны жасауға күдiк келтiрiлген адамның кiнәлiлiгi сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкiн екендiгiн шағымда көрсетуi қажет.
2. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер өзi немесе өкiлi арқылы қандай адамдардың (тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi) куәлiк етумен, құжаттармен, өзге де дәлелдермен өздерiнiң мүддесiн қорғауы үшiн мәнi бар мән-жайларды белгiлеуге болатынын iс қаралғанға дейiн судьяға хабарлайды. Егер шағым анықтау органына, анықтаушыға, прокурорға, тергеушiге берiлсе, бұл мәлiметтер шағым берiлген лауазымды адамға немесе органға iс сотқа жiберiлгенге дейiн хабарланады.
3. Сезiктi, оның заңды өкiлi, қорғаушы сезiктiнiң пайдасына кiм (тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi) куәлiк бере алатынын, қандай құжаттар мен өзге де дәлелдемелер бұл мақсатқа қызмет ете алатынын iс қаралғанға дейiн судьяға хабарлауға құқылы.
4. Заттар мен құжаттар, мүмкiн болғанынша, судьяға немесе шағым берiлген өзге адамға (органға) берiледi.
5. Сезiктi, оның қорғаушысы, заңды өкiлi, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi барлық жағдайларда дәлелдемелердi тiкелей сотқа беруге және дәлелдемелер жинауға қызмет етуi мүмкiн мәлiметтердi судьяға хабарлауға құқылы.
6. Судья тараптарға олардың өтiнiшi бойынша дәлелдемелердi жинауға жәрдемдесуге тиiс.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңымен 393-бап өзгертілді
393-бап. Жеке айыптау iсiн сот мәжiлiсiнде қарау
1. Жеке айыптау iсiн сот мәжiлiсiнде қарау, осы баппен белгiленген алынып тасталатындарды қоспағанда сот талқылауының жалпы ережелерi бойынша жүргiзiледi.
2. Сот талқылауы шағымның сотқа түскен сәтiнен бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары түсiндiрiле отырып шағымның көшiрмесiн алған кезiнен бастап үш тәулiктен ерте басталмауға тиiс.
3. Сот талқылауына жеке айыптаушы мен айыпталушының жеке өздерi қатысуға немесе өз өкiлдерiнiң өкiлдiк етуiне құқылы.
4. Жеке айыптау iсi бойынша шағымды қарау қарсы шағымды қараумен бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлуi мүмкiн. Бiрiктiруге судьяның қаулысы бойынша сот тергеуi басталғанға дейiн жол берiледi. Шағымдарды бiр iс жүргiзуге бiрiктiрген кезде оларды берген адамдар iске бiр мезгiлде жеке айыптаушы және сотталушы ретiнде қатысады. Қарсы шағымның түсуiмен және iс жүргiзулердiң бiрiктiрiлуiмен байланысты қорғауға дайындалу үшiн үстiнен қарсы шағым берiлген адамның өтiнiшi бойынша iс үш тәулiктен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Өздерiнiң шағымдарында баяндалған мән-жайлар туралы бұл адамдардан жауап алу жәбiрленушiден жауап алу ережелерi бойынша, ал қарсы шағымдарда баяндалған мән-жайлар туралы - сотталушыдан жауап алу ережелерi бойынша жүргiзiледi. Сот отырысында айыптауды жеке айыптаушы немесе оның өкiлi қолдайды.
5. Сот тергеуi басталудан бұрын төрағалық етушi тараптарды бiтiмге келтiруге шара қолдануға мiндеттi. Тараптардың бiтiмге келуi соттың кеңесу бөлмесiне кетуiне дейiн бола алады.
6. Сот тергеуi жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң шағымын баяндаумен басталады. Жеке айыптау iсi бойынша қарсы шағымды бiр мезгiлде қарау кезiнде, оның дәлелдерi негiзгi шағымның дәлелдерi баяндалғаннан кейiн, нақ сол ретпен баяндалады. Айыптаушы дәлелдерiн ұсынады, ол оларды зерттеуге қатысуға, сотқа айыптаудың мәнi бойынша сотталушыға қылмыстық заңды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге құқылы. Айыптаушы сот мәжiлiсiнде, егер мұнымен сотталушының жағдайы нашарламайтын және оның қорғауға деген құқығы бұзылмайтын болса, айыптауды өзгерте алады, сондай-ақ айыптаудан бас тартуға құқылы.
7. Жеке айыптаушының немесе оның өкiлiнiң осы Кодекстiң 208-бабының бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген дәлелдi себептерсiз сот отырысына келмей қалуы iстiң тоқтатылуына әкеп соғады, алайда сотталушының өтiнiшi бойынша iс мәнi бойынша олардың қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
394-бап. Жеке айыптау iсi бойынша соттың шешiмi
1. Жеке айыптау жөнiндегi iстi қарап, судья осы Кодекстiң ережелерiн басшылыққа ала отырып, мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) айыптау немесе ақтау үкiмiн шығарады;
2) жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан және тараптар бiтiмге келген жағдайда iстi тоқтатады;
3) iс бойынша анықтау немесе алдын ала тергеу жүргiзу туралы мәселенi шешу үшiн iстi прокурорға жiбередi. Бұл ретте сот айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы.
2. Жеке айыптау iсi бойынша сот шешiмiне тараптар осы Кодексте көзделген тәртiп пен мерзiмде жалпы негiздерде шағым жасай алады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңымен 395-бап өзгертілді
395-бап. Жеке айыптау iсiн қысқарту
1. Жеке айыптау қылмыстық iсi осы Кодекстiң 37-бабында көзделген мән-жайлар бар болған кезде, сондай-ақ, жәбiрлеушiнiң не айыпталушының жақын туыстары iстi қарауды талап еткеннен басқа жағдайларда, жеке айыптаушының қайтыс болуымен байланысты қысқартылуға жатады. Iс, сондай-ақ осы Кодекстiң 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша да қысқартылуы мүмкiн.
2. Жеке айыптау iсi бойынша iс жүргiзудi қысқарту тәртiбi, осы тараумен белгiленген алынып тасталатындарды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы ережелерiмен айқындалады.
8-бөлім. Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері
мен қаулыларын қайта қарау
ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 46-тараудын тақырыбы өзгертілді
46-тарау. Апелляциялық шағымдар мен заңды
күшіне енбеген сот шешімдеріне наразылық білдіру
ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 396-бап өзгертілді
396-бап. Үкiмге апелляциялық шағым беру, наразылық
бiлдiру құқығы
1. Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшiне енбеген сот үкiмдерiне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының үкiмдерiн қоспағанда,тараптар апелляциялық тәртiппен шағымдануы және наразылық бiлдiруi мүмкiн.
2. Үкiмге шағымдану құқығы сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкiлдерiне, жәбiрленушiге және оның өкiлiне тиесiлi. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi үкiмге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлiгiнде шағым жасауға құқылы.
3. Наразылық бiлдiру құқығы iстi қарауға мемлекеттiк айыптаушы ретiнде қатысушы прокурорға тиесiлi. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары iстi қарауға қатысуына қарамастан өз құзыретi шегiнде үкiмге наразылық бiлдiруге құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 397-бап жаңа редакцияда
397-бап. Заңды күшiне енбеген үкiмдерге шағымдарды, наразылықтарды
қарайтын соттар
1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы қарайды.
2. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi алқасы қарайды.
ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 398-бап өзгертілді
398-бап. Үкiмге шағымдар, наразылықтар беру тәртiбi
1. Шағымдар, наразылықтар үкiм қабылдаған сот арқылы берiледi. Апелляциялық сатыларға тiкелей келiп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң 401-бабының және 402-бабының екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындау үшiн үкiм қабылдаған сотқа жiберуге жатады.
2. Iстi екiншi қайтара қараған кезде шығарылған үкiмге жалпы тәртiпте шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 399-бап өзгертілді
399-бап. Үкiмге шағымдану, наразылық бiлдiру мерзiмдерi
1. Бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiне шағымдар, наразылық бiлдiрулер апелляциялық тәртiпте үкiм жарияланған күннен бастап он тәулiк iшiнде, ал қамауда ұсталған сотталушыларға оған үкiм көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап нақ сол мерзiмде жасалуы мүмкiн.
2. Үкiмге шағым жасау үшiн белгiленген мерзiм iшiнде iс соттан талап етiле алмайды.
3. Мерзiмi өткеннен кейiн берiлген шағым, қарсылық қараусыз қалдырылады.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II Заңымен 400-бап өзгертілді
400-бап. Шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған
мерзiмдi қалпына келтiру тәртiбi
1. Шағым беруге, наразылық бiлдiруге арналған мерзiм дәлелдi себептермен өтiп кеткен жағдайда шағым беруге, наразылық бiлдiруге құқығы бар адамдар үкiмдi қабылдаған сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасай алады. Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi iстi сот талқылауы кезiнде төрағалық етушi судья, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы сот мәжiлiсiнде қарайды, ол өтiнiштi қозғаған адамды түсiнiк беру үшiн шақыртуға құқылы.
2. Өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiруден бас тарту туралы судьяның қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн, ол өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiруге және осы Кодекстiң 401-бабында және 402-бабының екiншi бөлiгiнде баяндалған талаптарды сақтай отырып шағым, наразылық бойынша iстi қарауға құқылы.
401-бап. Шағым беру және наразылық бiлдiру
туралы хабардар ету
1. Үкiмдi қабылдаған сот шағым беру немесе наразылық бiлдiру туралы сотталушыны немесе ақталушыны, қорғаушыны, айыпталушыны, жәбiрленушiнi және оның өкiлiн, сондай-ақ, егер шағым, наразылық олардың мүдделерiн қозғайтын болса, азаматтық талапкердi, азаматтық жауапкердi немесе олардың өкiлдерiн хабардар етедi. Шағымның, наразылықтың көшiрмесi аталған адамдарға беру мерзiмi көрсетiле отырып оларға жазбаша түрде қарсылық беру мүмкiндiгi түсiндiрiлiп жiберiледi.
2. Шағымға, наразылыққа келiп түскен қарсылық iске тiгiледi.
3. Тараптар шағым, наразылық негiздерiн не басқа тараптың шағымына, наразылығына қарсы жазылған қарсылық негiздерiн растау үшiн сотқа жаңа материалдар табыс етуге немесе, егер iс апелляциялық тәртiпте қаралатын болса, өздерi атаған куәгерлер мен сарапшыларды сотқа шақыру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 11.07.01 ж. N 238-II Заңдарымен 402-бап өзгертілді
402-бап. Шағым берудiң және наразылық бiлдiрудiң салдарлары
1. Шағым беру және наразылық бiлдiру үкiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.
2. Бiрiншi сатыдағы сот үкiмге (қаулыға) шағымдану, наразылық келтiру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей, осы Кодекстiң 401-бабының талаптарын орындайды, содан кейiн істi келіп түскен шағымдармен, наразылықпен және оларға қарсылықтармен қоса апелляциялық сатыға жiбередi және процеске қатысушыларға iстiң апелляциялық сатыда қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды.
3. Үкiмге шағымданған, наразылық бiлдiрген адам өзiнiң шағымын, наразылығын апелляциялық сатыларда сот отырысы басталғанға дейiн қайтарып алуға құқылы. Прокурордың наразылығын жоғары тұрған прокурор да керi қайтарып алуы мүмкiн.
4. Үкiмге шағымданған, наразылық бiлдiрген адам сот отырысы басталғанға дейiн өзiнiң шағымын, наразылығын өзгертуге не жаңа дәлелдермен толықтыруға құқылы. Бұл ретте прокурордың қосымша наразылығында немесе оның наразылықты өзгерту туралы мәлiмдемесiнде, сол сияқты жәбiрленушiнiң, жеке айыптаушының немесе олардың өкiлдерiнiң үкiмге шағымдану және наразылық бiлдiру мерзiмi өткеннен соң берiлген қосымша шағымында, егер мұндай талап бастапқы наразылықта немесе шағымда болмаса, сотталушының жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылмауға тиiс.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 11.07.01. N 238-II Заңдарымен 403-бап өзгертілді
403-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына шағымдану,
наразылық бiлдiру
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген алынып тасталатындарды қоспағанда, бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына осы Кодекстiң 396-бабында көрсетiлген адамдар жеке шағым жасауы, наразылық бiлдiруi мүмкiн.
2. Осы тараудың ережелерi бойынша дәлелдердi тексеру тәртiбiне, процеске қатысушылардың өтiнiштерiне, сондай-ақ сот мәжiлiсi залында тәртiп сақтауға, осы Кодекстің 10-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелерге қатысты, ақшалай айып салу туралы қаулыны қоспағанда, сот талқылауы барысында шығарылған қаулылар шағымдануға, наразылық бiлдiруге жатпайды. Жоғарыда аталған шешiмдерге қарсылық бiлдiру үкiмге апелляциялық тәртiпте шағымдану немесе наразылық бiлдiру кезiнде жазылуы мүмкiн.
3. Бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешiм шығарылған күннен бастап он тәулiк iшiнде берiледi және апелляциялық iс жүргiзу ережелерi бойынша қаралады. Қарау нәтижелерi бойынша шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы не шағымданған шешiмдi жою немесе өзгерту туралы қаулы шығарылады.
4. Үкiм шығарумен аяқталған сот талқылауы кезiнде шығарылған қаулыға шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген жағдайда, iс жоғары тұрған сот сатысына үкiмге шағымдану үшiн белгiленген мерзiм өткен соң ғана жiберiледi. Бұл ретте, егер үкiмге апелляциялық шағым берiлген, наразылық бiлдiрiлген болса, жеке шағымды, наразылықты тексеру iстi апелляциялық тәртiпте қарайтын сол сот сатысы жүргiзедi.
5. Сот қаулысына шағымдануға сондай-ақ, егер қаулы олардың мүдделерiне қатысты болса, бұл iсте тараптар болып табылмайтын адамдар да құқылы.
ҚР 05.05.00 ж. N 47-II; 11.07.01. N 238-II Заңдарымен 404-бап өзгертілді
404-бап. Iстi апелляциялық сатыда қараудың шектерi
1. Апелляциялық тәртiпте iстi қарайтын сот үкiмнiң заңдылығын, негiздiлiгiн, әдiлдiгiн тек үкiмге шағым берiлген немесе наразылық бiлдiрiлген бөлiгiнде және тек шағым немесе наразылық бiлдiрiлген сотталушыларға қатысты ғана тексередi.
2. Егер iстi қараған кезде заңсыз үкiмнiң қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы белгiлi болса, сот осы Кодексте көзделген ережелердi сақтай отырып, үкiмдi сондай-ақ шағым берiлмеген, наразылық бiлдiрiлмеген бөлiгiнде де және шағым бермеген, наразылық бiлдiрмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы.
ҚР 11.07.01 ж. N 238-II Заңымен 47-тарау жаңа редакцияда
47-тарау. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар
бойынша істерді қарау
405-бап. Апелляциялық қараудың мәнi
Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстiң нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, iс жүргiзудi жүзеге асыру кезiнде қылмыстық iс жүргiзу заңы нормаларының сақталуын, iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша бiрiншi сатыдағы сот үкiмiнiң немесе қаулысының заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемiнде тексередi.
406-бап. Iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмдерi
Iс апелляциялық тәртiппен ол келiп түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс. Дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiм iс жүргiзiп жатқан апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бiр айға ұзартылуы мүмкiн. Қажет болған жағдайда iстi апелляциялық сатыда қарау мерзiмiн одан әрi ұзарту қылмыстық iстер жөнiндегi тиiстi сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
407-бап. Апелляциялық шағым, наразылық
1. Апелляциялық шағымда, наразылықта:
1) шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы;
2) iс жүргiзiлгендегi жағдайы, тұрғылықты жерi немесе жүрген жерi көрсетiле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтiрген адам туралы деректер;
3) шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырған үкiм немесе қаулы және осы шешiмдi шығарған соттың атауы;
4) үкiмге, қаулыға толық немесе оның бiр бөлiгiне шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырғанын көрсету;
5) шағым, наразылық келтiрген адамның пiкiрiнше сот үкiмiнiң, қаулысының дұрыс еместiгi неде екендiгi жөнiндегi дәлелдерi және оның өтiнiшiнiң мәнi;
6) арыз берушi өз талаптарына негiз ететiн, соның iшiнде бiрiншi сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7) шағымға, наразылыққа қоса тiркелiп отырған материалдардың тiзбесi;
8) шағым, наразылық келтiрiлген күн және шағым, наразылық келтiрген адамның қолы болуға тиiс.
2. Жасалған шағым, келтiрiлген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берiлген деп есептеледі, бiрақ аяғына дейiн ресiмдеу үшiн мерзiмi көрсетiлiп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейiн апелляциялық шағым, наразылық аталған мерзiм iшiнде сотқа табыс етiлмесе, олар берiлмеген болып есептеледi.
408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгiлеу
1. Бiрiншi сатыдағы сот апелляциялық шағым мен наразылық келтiруге арналған мерзiм бiткен соң және осы Кодекстiң 401-бабының талаптары орындалғаннан кейiн iстi қараудың жоғары тұрған сотпен келiсе отырып белгiленетiн уақыты мен орнын көрсетiп, iстi тиiстi апелляциялық сатыға жiбередi.
2. Бiрiншi сатыдағы сот iстiң қаралатын уақыты мен орны туралы тараптарға хабарлайды. Қамауда отырған сотталғанды сот отырысына шақыру туралы мәселенi апелляциялық сатыдағы сот шешедi.
Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған адам жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылса, оның апелляциялық сатыға қатысу туралы өтiнiшi қанағаттандырылуға тиiс.
3. Апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабарланған адамдардың келмеуi iстi қарауға кедергi болмайды.
Апелляциялық сатыға прокурордың қатысуы мiндеттi.
4. Осы Кодекстiң 396-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес үкiмге шағымдану құқығы берiлген адамдар, сондай-ақ үкiм шығарылғаннан кейiн тапсырма алушы сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбiрленушiнiң өкiлi соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жiберiледi. Оларға өздерiнiң өтiнiштерi бойынша келтiрiлген шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негiздеп сөйлеу үшiн сөз берiледi.
409-бап. Апелляциялық сатыда iстi қарау тәртiбi
1. Төрағалық етушi сот отырысын ашады, қандай iс және кiмнiң апелляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Содан кейiн төрағалық етушi сот құрамын, iс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды.
2. Төрағалық етушi отырысқа қатысушы адамдарға олардың апелляциялық сатыда iстi қараған кездегi iс жүргiзу құқықтарын түсiндiредi.
3. Төрағалық етушi тараптардан олардың бас тартуы мен өтiнiмдерiнiң бар-жоғын сұрайды, ал егер олар мәлiмделсе, оларды қараудың нәтижелерi бойынша қаулы шығарады.
4. Iстi қарау баяндамашы судьяның iстiң мәнiн, апелляциялық шағымдардың мазмұнын баяндауымен басталады. Апелляциялық наразылықтың себептерi мен дәлелдерiн прокурор баяндап бередi. Осыдан кейiн сот тараптардың шағымдарда келтiрiлген өз дәлелдерiн негiздеп, қарсы тараптың оларға қарсылықтарын айтып сөйлеген сөздерiн тыңдайды. Сөз сөйлеу ретiн iске қатысушы тараптардың пiкiрлерiн ескере отырып, сот белгiлейдi.
5. Апелляциялық шағымдарда немесе наразылықта келтiрілген дәлелдердi растау немесе терiске шығару үшiн сөз сөйлеушiлер iстi қарау басталғанға дейiн апелляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материалдарды тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материалдар берген адам олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету қажеттiгi неге байланысты туындағанын көрсетуге мiндеттi. Қосымша материалдардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәлiметтер бiрiншi сатыдағы соттың қосымша тексеруi мен бағалауын керек етпесе, үкiмдi, қаулыны өзгертуге негiз болуы мүмкiн. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкiмiнiң, қаулысының күшiн жойып, iстi бiрiншi саты бойынша жаңадан қарауға жiберуге негіз бола алады.
6. Сот отырысының тәртiбi және оны бұзушыларға қатысты қабылданатын шаралар осы Кодекстiң 326,327-баптарының ережелерiмен белгiленедi. Судьялардың кеңесуi мен шешiмдер қабылдау тәртiбi осы Кодекстiң 370 және 373-баптарының ережелерiмен белгiленедi.
410-бап. Апелляциялық сатының өкiлеттiктерi
1. Апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен түскен iстi қарау кезiнде сот тараптардың өтiнiш жасауы бойынша немесе өз бастамасымен:
1) сот-психиатриялық сараптама тағайындауға;
2) егер iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша жүргiзу мүмкiн болса, өзге де сараптама тағайындауға;
3) сотталғанның, жәбiрленушiнiң және iске қатысушы басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы соттылығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етiп алуға құқылы.
2. Сот отырысының хаттамасында ашылмаған жайлар болған және куәлардың (жәбiрленушiлердiң) әртүрлi түсiнуге мүмкiндiк беретiн айғақтары баяндалған жағдайда, сот өз бастамасымен немесе тараптардың өтiнiш жасауы бойынша ол адамдардан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда сотталғанның сот отырысына қатысуы мiндеттi. Жауап алудың алдында куәға, жәбiрленушiге жалған айғақтар бергенi және айғақтар беруден бас тартқаны үшiн осы Кодекстiң 351-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiппен жауапты болатыны ескертiледi, олардың айғақтары хаттамаға түсiрiлiп, одан әрi дәлелдеме ретiнде қарастырылады.
411-бап. Апелляциялық саты қабылдайтын шешiмдер
1. Істi апелляциялық тәртiппен қараудың нәтижесiнде сот өз қаулысымен апелляциялық шағымдарды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген қосымша материалдармен бiрге бiрiншi сатыдағы сот зерттеген дәлелдемелерге негiзделген мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) үкiмдi, қаулыны өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
2) үкiмнiң күшiн жойып, iстi қысқартады;
3) үкiмдi (қаулыны) өзгертедi;
4) үкiмнiң (қаулының) күшiн жойып, iстi бiрiншi сатыдағы сотқа соттың жаңадан қарауына жiбередi;
5) үкiмнiң (қаулының) күшiн жойып, iстi осы Кодекстiң 303-бабында көрсетiлген негiздер бойынша қосымша тергеуге жiбередi;
6) осы Кодекстiң 387-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталғанда жеке қаулы шығарады.