3. Адамның қамауға алынғаны туралы ұстап беру туралы өтiнiштi, қамау туралы өтiнiштi жiберген немесе жiберуi мүмкiн шетел мемлекетiнiң мекемесiне ұстап беру уақыты мен орны ұсыныла отырып, дереу хабарландырылады.
4. Егер отыз тәулiк iшiнде ұстап берiлмесе, қамауда отырған адам прокурордың қаулысы бойынша босатылуға тиiс. Осы баптың екiншi бөлiгiне сәйкес тұтқындалған адам оны ұстап беру туралы талап Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тұтқындалу мерзiмiнiң iшiнде келiп түспесе, босатылуы тиiс. Қайта қамауға алуға осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес ұстап беру туралы жаңа талапты қараған соң ғана жол берiледi.
5. Осы Кодекстiң 531-бабына сәйкес ұсталған адамды әдеттен тыс қамауды прокурор бiр айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырады.
6. Бұл мерзiмде iздеу жариялаған мемлекеттiң құзыреттi органынан ұстап беру туралы өтiнiш түспеген жағдайда, бiрақ қамауға алу туралы өтiнiш және ұстап беру туралы кейiннен өтiнiш жiберуге кепiлдiк болған ретте, қамауды жүзеге асырған прокурордың өтiнiшi бойынша әдеттен тыс қамау мерзiмiн облыс прокуроры немесе оған теңестiрiлген прокурор екi айға дейiн ұзартуы мүмкiн, бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе уәкiлеттi прокурорға хабарланады.
7. Осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған жағдайлар болған ерекше реттерде облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың өтiнiшi бойынша әдеттен тыс қамау мерзiмiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкiлеттi прокурор үш айға дейiн ұзартуы мүмкiн.
8. Қамауда ұстау орнының әкiмшiлiгi қамалушының қамауда ұстау мерзiмi өткенге дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей бұл жөнiнде әдеттен тыс қамауды жүзеге асырған прокурорға хабарлауға мiндеттi.
9. Қамалған адамды оны ұстап беру үшiн босату әдеттен тыс қамауды жүзеге асырған прокурордың қаулысы негiзiнде, соның iшiнде осы бапта аталған мерзiм өткеннен кейiн де, егер бұл мерзiмде адам ұстап берiлмеген болса, жүзеге асырылып, бұл жөнiнде дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе уәкiлеттi прокурорға хабарланады.
535-бап. Транзиттiк тасымалдау
1. Шетел мемлекетi мекемесiнiң осы мекемеге үшiншi бiр мемлекеттiң ұстап берген адамын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттiк тасымалдау жөнiндегi өтiнiшi оны ұстап беру туралы талап қаралған тәртiппен қаралады.
2. Транзиттiк тасымалдаудың тәсiлiн тиiстi ведомстволардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
536-бап. Заттарды беру
1. Адамды шет мемлекеттiң мекемесiне ұстап беру кезiнде қылмыс жасау құралдары болып табылатын заттар, сондай-ақ қылмыс iзi бар немесе қылмыстық жолмен алынған заттар берiледi. Бұл заттар өтiнiш бойынша және адамды ұстап беру оның қайтыс болуы салдарынан немесе басқа себептер бойынша iске аспаған жағдайда берiледi.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген заттар басқа қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу үшiн қажет болса, белгiлi бiр уақытқа кiдiртiлуi мүмкiн.
3. Үшiншi адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшiн осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған заттарды беру шетел мемлекетi мекемесiнiң iс бойынша iс жүргiзудi аяқтаған соң заттарды қайтару туралы кепiлдiктерi болған ретте ғана жүргiзiледi.
56-тарау. Жазасын өзі азаматы болып табылатын
мемлекетте өтеу үшін бас бостандығынан
айыруға сотталған адамды беру
537-бап. Жазасын өзi азаматы болып табылатын мемлекетте
өтеу үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған
адамды беру негiздерi
Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған адамды жазасын өзi азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшiн беруге, нақ сол сияқты шетел мемлекетiнiң соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматын жазасын Қазақстан Республикасында өтеу үшiн беру Қазақстан Республикасының тиiстi шетел мемлекетiмен халықаралық шарты не Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шетел мемлекетiнiң құзыреттi органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара шарттағы жазбаша келiсiмi негiз болып табылады.
538-бап. Өзi азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын
өтеу үшiн сотталушыны берудiң шарттары мен тәртiбi
1. Өзi азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу үшiн Қазақстан Республикасында сотталған адамды беруге сотталушының, оның заңды өкiлiнiң немесе жақын туған-туыстарының өтiнiшi бойынша, сондай-ақ сотталушының келiсiмiмен тиiстi мемлекеттiң құзыреттi органының өтiнуi бойынша оның бас бостандығын айыру туралы жазасын өтеуiне дейiн жол берiледi.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамды беру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының шешiмi бойынша үкiм заңды күшiне енген соң ғана жүзеге асырылуы мүмкiн, олар үкiм шығарған сотқа осы адамның берiлгенiн хабарлайды.
539-бап. Бас бостандығынан айыруға сотталушыны жазасын
өтеу үшiн беруден шет мемлекетке бас тарту
Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған адамды ол азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу үшiн беруден, егер:
1) адам сол үшiн сотталған әрекеттерiнiң бiрде бiрi сотталушы азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңдары бойынша қылмыс болып танылмаса;
2) жаза шет мемлекетте ескiру мерзiмiнiң өтуi салдарынан немесе осы мемлекеттiң заңдарында көзделген өзге негiз бойынша орындалмайтындай болса;
3) сотталушыдан немесе шет мемлекеттен азаматтық талап бөлiгiнде үкiмнiң орындалуына кепiлдiк алынбаса;
4) сотталушыны халықаралық шартта көзделген жағдайларда беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлмесе;
5) сотталушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болса, бас тартылуы мүмкiн.
540-бап. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу
үшiн қабылдау туралы өтiнiштi қарау
1. Шет мемлекеттiң соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматы, оның заңды өкiлi немесе жақын туған-туыстары, сондай-ақ шет мемлекеттiң құзыреттi органдары сотталушының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына сотталушының жазасын Қазақстан Республикасында өтеуi туралы өтiнiш жасай алады.
2. Өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекет сотының үкiмiн атқару туралы облыстық немесе оған теңестiрiлген сотқа сотталушының Қазақстан Республикасынан кеткенге дейiнгi тұрақты тұрғылықты жерi бойынша ұсыныс енгiзедi. Сотталушының тұрақты тұрғылықты жерi болмаған кезде ұсыныс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына енгiзiледi.
541-бап. Соттың шет мемлекет сотының үкiмiн атқаруға
байланысты мәселелердi шешу тәртiбi
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынысын судья сот отырысында сотталушыны қатыстырмай үкiмдi атқаруға байланысты мәселелердi шешуге байланысты осы Кодекспен белгiленген тәртiп пен мерзiмдерде қарайды.
2. Шет мемлекет сотының үкiмiн атқару туралы судьяның қаулысында:
1) шет мемлекет сотының атауы, үкiмнiң шығарылған уақыты мен жерi;
2) сотталушының Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жерi, оның жұмыс орны және сотталғанға дейiнгi айналысқан кәсiбi туралы мәлiметтер;
3) азамат жасағанына кiнәлi деп таныған қылмыстың саралануы және оның қандай қылмыстық заңның негiзiнде сотталғандығы;
4) сотталушының жасаған қылмысы үшiн жауаптылық көздейтiн Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы;
5) жазаның (негiзгi және қосымша) түрi мен мерзiмi, сотталушы Қазақстан Республикасында өтеуi тиiс жазаның басталу және аяқталу мерзiмi; қылмыстық түзеу мекемесiнiң түрi, қуыным бойынша залалды өтеудiң тәртiбi көрсетiлуi тиiс.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңы бойынша осы қылмыс үшiн бас бостандығынан айырудың шектi мерзiмi шет мемлекет судьясы тағайындаған үкiм бойынша тағайындалғаннан аз болса, судья осы қылмысты жасағаны үшiн бас бостандығынан айырудың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген ең жоғары мерзiмiн белгiлейдi. Егер бас бостандығынан айыру жаза ретiнде көзделмеген болса, судья Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде белгiленген шекте осы қылмыс үшiн және шет мемлекет сотының үкiмi бойынша тағайындалғанға мейлiнше сәйкес келетiн жазаны айқындайды.
4. Егер үкiм екi немесе бiрнеше әрекетке қатысты болса, Қазақстан Республикасында бәрi бiрдей қылмыс деп танылмаса, судья шетел мемлекетi сотының үкiмi бойынша қылмыс болып табылатын әрекетке жазаның қай бөлiгi қолданылатындығын айқындайды.
5. Судьяның қаулысы ол шығарылған күннен бастап күшiне енедi және орындалуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жiберiледi.
6. Шет мемлекеттiң соты үкiмнiң күшiн жойған немесе өзгерткен жағдайда не шет мемлекетiнде шығарылған рақымшылық ету немесе кешiрiм жасау актiсiн жазасын Қазақстан Республикасында өтеп жүрген адамға қолданылған ретте қайта қаралған үкiмдi орындау, сондай-ақ рақымшылық етудi немесе кешiрiм жасауды қолдану мәселелерi осы баптың ережелерi бойынша шешiледi.
Қазақстан Республикасының